Кардиология



бет5/9
Дата01.03.2024
өлшемі2.84 Mb.
#493432
1   2   3   4   5   6   7   8   9
ТЕРАПИЯ-БОЙЫНША-ДИПЛОМНАН-КЕЙІНГІ-ДАЙЫНДАУ-КАФЕДРАСЫ-ТЕСТІЛІК-ТАПСЫРМАЛАР

Гастроэнтерология
Науқас Б 32ж.., дәрігерге келесі шағымдармен келді: тамақтанудан 1 сағ кейін эпигастрий аймағында интенсивті ауру сезімі, қышқыл жеңілдік әкелетін құсу. Қарағанда: эпигастрий аймағын пальпациялағанда аурусыну сезiмi анықталады, нәжісі жасырын қанға-оң. Сіздің диагнозыңыз:
* Глютенды энтеропатия
* Асқазанның ойық жара ауруы
* 12-елі ішектің ойық жарасы
* Гастроэзофагеалды рефлюкс ауруы
* Созылмалы холецистит

54 жастағы еа адамды жұтудың қиындауы мазалайды. Кейде тамақ жеген кезде мойынында ісіну пайда болады. Оны басқан кезде бүлкілдейтін дыбыстар шығып, кейін ісінуі кетеді. Ауыз қуысында тамақ қалдықтарының, ауызынан жағымсыз иістің пайда болуын байқады.


Диагнозды нақтылау үшін көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?
* Медиастиноскопияны
* Эзофагоманометрияны
* Бариймен рентгенографияны
* Өңештің электрокимографиясын
* Өңештің тәуліктік рН-метриясы

78 жастағы ер адам тағам қабылдағаннан кейін толу және ауырлық сезіміне, ауамен кекіруге, жалпы әлсіздікке, бас айналуға шағымданады. Қарағанда – тері жабындылары боз, эпигастриде шамалы ауыру сезімі. ЖҚА: Нв – 98 г/л, эрит. – 2,8 мың. ЭФГДС: асқазанның шырышты қабатының атрофиясы.


Науқаста анемияның дамуына көрсетілген факторлардың қайсысы БАРЫНША мүмкін алып келді?
* Қан сары суында темір құрамының азаюы
* Кастл ішкі факторының болмауы
* Асқазан сөлінің қышқылдығының төмендеуі
* Трансферриннің төмен концентрациясы
* Сүйек миының гипоплазиясы

24 жастағы әйел тағамнан кейін эпигастриде толу сезіміне, ауамен кекіруге, жүрек айнуға шағымданады. Зерттеу кезінде дерт анықталмады.


Көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?
* Функциональді жаралы емес диспепсия
* Өт шығару жолдарының дискинезиясы
* Ішектің тітіркену синдромы
* Созылмалы дуоденит
* Созылмалы гастрит

32 жастағы ер адамды екі апта бойы эпигастриде түнгі және аш қарындық ауыру сезімі мазалайды. ЭФГДС алғаш рет он екі елі ішектің алдыңғы қабырғасында өлшемі 1,2 см. ойық жара анықталды. Биоптатта Helicobacter pylori анықталды.


Осы науқасқа көрсетілген дәрілік қосындылардың қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?
* Париетті, амоксициллинді, кларитромицинді
* Квамателді, ампициллинді, метронидазолды
* Де-нолды, амоксиклавты, азитромицинді
* Ранитидинді, висмутаты, тетрациклинді
* Алмагелді, доксицилинді, нифурателді

21 жастағы жас ер адам эпигастриде тағам қабылдағаннан 1,5 – 2 сағаттан кейін пайда болатын, түнгі, аш қарындық, сыздаған ауыру сезіміне, қыжылдауға шағымданады. Қарағанда: тамақтануы төмендеген, пальпация кезінде эпигастриде ауыру сезімі анықталады.


Жараның БАРЫНША мүмкін орналасуын көрсетіңіз?
* Кіші иін
* Кардиальді бөлік
* Субкардиальді бөлік
* Өңештің төменгі үштен бөлігі
* Он екі елі ішек пиязшығы

40 жастағы ер адам алкогольді эксцесстармен тікелей байланысы бар ішіндегі белбеу ауыратын ауыру сезіміне, бір жылда 10 кг азуына, жалпы әлсіздікке шағымданады. Екі жыл ауырады.


Диагнозды нақтылау үшін көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы БАРЫНША ақпаратты?
* Рентгенография
* Компьютерлік томография
* Дуоденальді зондтау
* Фиброгастродуоденоскопия
* Интрагастральді рН-метрия

Бір жыл бұрын өт тас ауруы бойынша холецистэктомияны өткерген 45 жастағы әйел ем дәмді шамалы бұзғанда эпигастридегі ауыру сезіміне, жүрек айнуға шағымданады. Қарағанда Эпигастридің сол жағында ауыру сезімі анықталды. ЖҚА: лейк. - 8,9 мың., ЭТЖ-15 мм/с, нәжісте эластаза -1 құрамы 150 мкг/г.


Көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?
* Муковисцидоз
* Холедохолитиаз
* Созылмалы гастрит
* Созылмалы панкреатит
* Одди сфинктерінің 1 тип дисфункциясы

24 жастағы ер адам оң қабырға астындағы сыздаған ауыру сезіміне, қозғалыс кезінде балтыр тобық және иық буындарында ауыру сезімі, шамалы әлсіздікке шағымданады. Қарағанда: астеникалық, тамақтануы төмендеген. Тері жабындылары және шырышты қабаттары ақшыл қызыл, терісі ылғалды, асnаe vulgaris. Бауыры қабарға доғасында. Қанда: АЛТ - 408 бір/л, АСТ - 220 бір/л, гаммаглютамилтранспептидаза - 60 МЕ/л, сілтілі фосфатаза - 152,1 МЕ/л. Вирусты гепатит маркерларына ИФА - теріс.


Көрсетілген қандай қан көрсеткіштерінің жоғарлауы цитолитикалық синдромды БАРЫНША мүмкін сипаттайды?
* Холестерин
* Билирубин
* Трансаминаза
* Фибриноген
* Сарысу темірі

42 жастағы әйелде тері жабындыларының және шырышты қабаттарының сарғаюы, кешке терісінің қышуы, ксантоматоздар пайда болды. Анамнезінде: 6 жыл бұрын босанудан кейін қан кету кезінде гемотрансфузияны алды. Қанда – билирубин – 60,2 мкмоль/л, сілтілі фосфатаза – 280 мкмоль/л, холестерин – 7,2 мкмоль/л.


Диагнозды нақтылау үшін көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы БАРЫНША ақпаратты?
* Бромсульфалеинді сынама
* Антинуклеарлы антиденелерге ИФА
* Вирусты гепатиттер маркерына ИФА
* Қанда креатинин және мочевинаны анықтау
* Антимитохондриальді антиденерге ИФА

44 жастағы әйел тұрақты жүрек айнуға, ауызындағы қыжылдауға, мұрыннан жиі қан кетулерге, азуға, еттекірінің болмауына шағымданады. Қарағанда: тері жабындыларының және шырышты қабаттарының сарғаюы, мойын аймағында телеангиэктазиялар; пальмарлы эритема, гепатоспленомегалия. Иық және балтыр терісінде петехиялар. УДЗ бауыр паренхимасының диффузды өзгерістері. Қанда: жалпы белок- 50 г/л, альбумин – 25 г/л, билирубин- 86 мкмоль/л, фибриноген - 2,1 г/л, протромбин - 1,8 мкмоль/л, протромбинді уақыт-55%.


Көрсетілген синдромдардың қайсысы БАРЫНША мүмкін клиникалық суретте орын алады:
* Диспепсиялық
* Холестатикалық
* Бауырлық энцефалопатия
* Бауырдың мезенхимальді қабынуы
* Бауырлы-жасушалық жетіспеушілік

Бауыр циррозымен ауыратын 52 жастағы ер адам тері қышынуына және әлсіздікке шағымданады. Дәрігер нұсқауларын орындамайды. Об-ті: тері жабындылары сарғыш, тырнақ іздері бар. Қанда - билирубин 60 мкмоль/л, тура фракциясы – 52 мкмоль/л, АСТ- 30 Бір., АЛТ-25 Бір., сілтілі фосфатаза-200 МЕ/л, холестерин-8 ммоль/л.


Клиникалық көріністе көрсетілген синдромдардың қайсысы БАРЫНША мүмкін орын алады?
* Холестатикалық
* Астеновегетативті
* Бауырлық энцефалопатия
* Бауырдың мезенхимальді қабынуы
* Баурлы - жасушалық жетіспеушілік

62 жастағы ер адам оң қабырғадағы ауырлық сезіміне, ішінің кебуіне, терісінің қышынуына және сарғайюына, ішінің ұлғаюы, селқостық, тітіркенгіштікке шағымданады. Жағдайы соңғы бірнеше айда нашарлады. Қанда тура фракция әсерінен гипербилирубинемия, трансаминаз, γ-глютамилтранспептидаза, сілтілі фосфатаза деігейлерінің жоғарлауы анықталды.


Көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?
* Ұйқы безінің басының ісігі
* Өт тас ауруы
* Фатеров емізігінің ісігі
* Созылмалы гепатит
* Бауыр циррозы

29 жастағы әйелді қайтпайтын 8-9 күнді іш қатулар, жүрек айну, бас ауыру, ұйқыныі бұзылуы, жалпы әлсіздік мазалайды. Іш жүргізетін дәрілер аз нәтижелі, жиі тазалау клизмасын жасауға мәжбүрлі. Об-ті: терісі құрғақ, дөрекілеу, гиперпигментация ошақтары бар. Іші жұмсақ, сигма тәрізді ішекте аз қозғалмалы тығыз өспе анықталды. Тік ішек ампуласын саусақпен тексергенде бос және ауыру сезімсіз.


Көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?
* Құрсақ ағзаларының УДЗ
* Компьютерлік томография
* Колоноскопия биопсиямен
* Ректальді манометрия
* Ирригоскопия

18 жастағы ер адамда саяхаттау кезінде кенет тәулігіне 4-5 рет сұйық нәжіс, ұстамалы ішінің ауыруы пайда болды. Бактериальді диарея диагностикаланып, доксициллин тағайындалды.


Көрсетілген дәрілердің қайсысын дисбактериозды алдын алу мақсатпен тағайындау БАРЫНША тиімді?
* Сульфасалазин
* Фуразолидон
* Сандостатин
* Линекс
* Смекта

Рефлюкс-эзофагиттің негізгі субъективті көріністері:


* Өңеш бойынша тағам өткенде күйдіру мен сыздау (саднение) сезімінің болуы
* Өңеш бойынша тағам өтуінің қиындауы
* Тағам қабылдағаннан кейінгі ауру сезімі
* Лоқсу
* Құсу

Кардияның ахалазиясы болып табылады:


* Өңештің қабынулық ауруы
* Жүйелі ауру
* Нервті-бұлшықетті ауру
* Жұқпалы ауру
* Аутоиммунды ауру

Прокинетиктерге келесі препараттар жатады:


* Омепразол
* Ранитидин
* Алмагель
* Метоклопрамид
* Метронидазол

Созылмалы гастритте қандай симптом алдыңғы қатарлы болады:


* Диарея
* Іш қату
* Аш қарынға ауру сезімінің болуы
* Ауызындағы қышқыл дәм
* Асқазан диспепсиясы

НР гастриттің басты морфологиялық ерекшелігі болып табылады:


* Алыпты қатпарлар (гигантские складки)
* Қалыңдаған қатпарлар
* Қабынулық процесс
* Пролиферативті процесс
* Асқазанның кілегей қабатында НР болуы
Ойық жараның кіші сальникке пенетрациясы кезінде ауру сезімі келесі сипатта болады:
* Ауру сезімі оң қабырға астына беріледі
* Нүктелі локализация
* Кіндік аймағындағы ауру сезімі
* Арқасына беріледі
* Диффузды ауру сезімі
Кіші иінінде орналасқан ойық жараларда ауру сезімінің локализациясы:
* Ауру сезімі диффузды
* Эпигастрий аймағында
* Семсер тәрізді өскіннің аймағында
* Ауру сезімі жоғары және солға беріледі
* Алдыңғы орталық линиядан оңға қарай

Керр синдромына тән:


* Семсер тәрізді өскінді басқанда ауру сезімінің болуы
* Қол басының қырымен оң қабырға доғасын соққанда ауру сезімінің болуы
* Оң жақта төс-бұғаналық бұлшықет аяқшаларының арасындағы ауру сезімді нүкте
* Оң қабырға доғасының астында өт қапшығы нүктесінде ауру сезімінің күшеюі
* Өт қапшығы аймағында қолды фиксациялағанда ауру сезімнің болуынан тыныс алудың кенет тоқталуы

Созылмалы энтеритте диарея келесінің әсерінен пайда болады:


* Жіңішке ішекте өт қышқылдарының абсорбциясының жетіспеушілігінен
* Жіңішке ішектің қуысының осмотикалық қысымның жоғарлауынан
* Ішек құрамының пассажының жылдамдануынан
* Өт шығаратын жолдардың дискинезиясынан
* Ішек экссудациясынан

Жильбер синдромына тән:


* Конъюгирленбеген гипербилирубинемия, сілтілі фосфатазаның жоғарлауы
* Конъюгирленген гипербилирубинемия, АЛТ, АСТ жоғарлауы
* АЛТ, АСТ жоғарлауы, қышқыл фосфатазының жоғарлауы
* Конъюгирленбеген гипербилирубинемия
* Конъюгирленген гипербилирубинемия

Мында көрсетілген синдромдардың ішінде терінің қышынуы, тікелей билирубиннің, сілтілі фосфатазаның, холестериннің жоғарлауы қайсысына тән:


* Бауырлық-клеткалық сарғаю
* Бауырішілік холестаз
* Криглер-Нояр синдромы
* Гемолитикалық сарғаю
* Жильбер синдромы

Гемохроматоз келесімен көрінеді:


* Тері жабындыларының қола тәріздес (бронзовым) боялуы, гепатоспленомегалия,
қант диабеті
* Тері жабындыларының сарғаюы, гепатолиенальдық сарғаю
* Гепатолиенальдық сарғаю , неврологиялық бұзылыстар
* Тері жабындыларының сарғаюы, цитолитикалық сарғаю
* Гепатоспленомегалия, сілтілі фосфатазаның жоғарлауы

Егде және кәрі жастағы созылмалы гастритке тән;


* Диффузды болуы
* Асқазан денесінде болуы
*Антральді бөлімде болуы
*Кардиальды бөлімде болуы
*Пилорикалық каналда болуы

Созылмалы атрофиялық гастриті бар егде және кәрі жастағы адамдарда ішек диспепсиясы бар синдромында емге қосу керек:


* Антисекреторлық препараттарды
* Ферменттерді
* Эубиотиктерді
* Тыныштандырғыштарды
* Іш айдағыштарды

Спазамолитиктер мен ауру сезімін басатын дәрілермен басылмайтын, дене қызуымен, тек етке ғана емес барлық тағамға тәбеттің төмендеуімен, сарғаюымен, дене қышынуымен болған эпигастрий аймағындағы және сол жақ қабырға астындағы тез үдейтін ауру сезімі бар ер адамда патологиялық сынулар (переломдар) пайда болды. Сынулардың болу себептеріне БАРЫНША жатады;


* Ұйқы безінің ісігі
* Сүйек тінінде калийдің азаюы
* Сүйек тінінде кальцийдің азаюы
* Сүйек тінінде фосфордың азаюы
* Сүйекке ұйқы безінің ісігінің метастаздалуы

50 жастағы әйел жалпы әлсіздікке, оң қабырға астындағы ауырлық сезімге, иектен қан кетуге, тері қышынуына шағымданады. 2жыл бұрын гепатиттің сарғаюлық формасымен ауырған. Об-ті: тері жамылғылары аздап сарғайған, құрғақ. Бауыры 2 см қабырға доғасынан шығып тұр, пальпацияда сезімтал. Қанда анемия, гипербилирубинемия, тікелей фракция есебінен, ПЦР В және С вирусқа теріс., альфа-фетопротеин деңгейі 20 Е/л.


Диагноз қоюда БАРЫНША дәлелді болып табылады:
* Қан сарысуында альфа-фетопротеинді анықтауы
* Иммуногистохимиялық зерттеу мәліметтері
* Морфометриялық зерттеу мәліметтері
* Гистологиялық зерттеу мәліметтері
* Иммунологиялық зерттеу мәліметтері

53 жастағы ер адам варикоздық кеңейген өңеш тамырдан қан кетумен түсті. 1 апта бұрын оң қабырға астында ауру сезімі, сарғаю пайда болды. Арақ-шарап қабылдайды. Об-ті: терісі сарғайған, телеангиэктазиялар. Іші кебулі. Бауыры қабырға доғасынан 3 см-ге шығып тұр, тығыз, ауру сезімді. Спленомегалия. Қанда: анемия, тромбоцитопения, ЭТЖ-36 мм/сағ, жалпы билирубин 56 мкмоль/л, тікелей фракция есебінен. Болжамалы диагноз:


* Бауырдың криптогендік циррозы
* Созылмалы токсикалық гепатит
* Созылмалы алкогольдік гепатит
* Созылмалы криптогенді гепатит
* Бауырдың алкогольді этиологиялы циррозы

27 жастағы ер адам тағам қабылдағаннан 1,5-2 сағаттан кейін, түнде пайда болатын эпигастрийдегі ауру сезімі, қышқылмен кекіру, лоқсуға шағымданады. Объективті: төмен тағамды, тілі ылғалды, түбірінде ақ жабындысы бар, пальпацияда - эпигастрийде ауру сезімі бар. Қан анализінде – патологиясыз.


Зерттеу жоспарында қандай әдіс БАРЫНША тиімді?
* Гастроскопия
* Ирригоскопия
* Эзофагоманометрия
* Асқазанның рентгенографиясы
* Құрсақ қуысындағы мүшелердің ультрадыбыстық зерттеуі

52 жастағы әйел тағам қабылдағаннан кейін пайда болатын оң қабырға астындағы ауырлық сезімі мен дискомфортқа, ауызда қышқылдық сезімнің болуына, периодты түрдегі құсуға шағымданады. Объективті – жоғары тағамды, тері жабындысы қалыпты, пальпацияда өт қапшығы проекциялау нүктесінде сезгіштік анықталынады.


Қандай зерттеу әдісі БАРЫНША тиімді?
* Гастроскопия
* Ирригоскопия
* Дуоденальді зондылау
* Бауырдың пункционды биопсиясы
* Құрсақ қуысындағы мүшелердің ультрадыбыстық зерттеуі

38 жастағы ер адам әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, айқын арықтауына, терінің, шырышты қабаттарының және сетчатканың қараюына (потемнение) шағымданады. Об-ті: тері жабындысы грифельді - сұр түсті қоңыр түспен; ірі буындардың ісінуі мен ауырсынуы. Қанда – гипергликемия. Десфералды сынама оң. БАРЫНША мүмкін диагноз:


* Аутоиммунды гепатит
* Біріншілік гемохроматоз
* Дабин - Джонсон синдромы
* Маркиафа-Миккели ауруы
* Вильсон – Коновалов ауруы

68 жастағы ер адам аш қарынға пайда болатын, тағам қабылдағаннан кейін басылатын эпигатсрийдегі сыздап ауратын сезімге шағымданады. Анамнезде 12 жыл бойы асқазанның ойық жарасымен ауруды. Объективті: қанағаттанарлық тағамды, эпигастрийде пальпация кезінде аздаған ауырсыну бар. ЭФГДС – кіші иіні бойынша формасы дұрыс емес, өлшемі 1,5 х 2 см, шеті тегіс емес ойық жара анықталынған, түбі бұдырлы, сұр жабындымен жабылған.


Қандай диагноздың болуы БАРЫНША мүмкін?
* Ойық жараның пенетрациясы
* Ойық жараның перфорациясы
* Ойық жараның малигнизациясы
* Ойық жарадан қанкету
* Привратниктің стеноздалуы

36 жастағы әйел іштің төменгі квадрантындағы ауру сезіміне, сұйық ботқа сияқты, күніне 2-3 рет болатын патологиялық қоспалары жоқ үлкен дәретке шағымданады. Объективті: төмен тағамды, ауыз қуысында көптеген афталар, пальпациялағанда ішектің бойымен ауру сезімі байқалынады. Ректороманоскопияда – анальді жарықтар (трещины). Ирригоскопияда – әр түрлі өлшемді және формалы ойық жаралар, ішек стриктуралары, кілегей қабаты «булыжная мостовая» типті.


Қандай диагноздың болуы БАРЫНША мүмкін?
* Крон ауруы
* Созылмалы колит
* Ішек туберкулезі
* Ішек амилоидозы
* Спецификалық емес ойық жаралы колит

Бұрын боксер болған 42 жастағы ер адамда гепатомегалия, жалпы әлсіздік, дене салмағының төмендеуі, сарғаю және асцит байқалынған. Қанда ЭТЖ жоғарлауы, СФ мен ГГТП активтілігінің жоғарлауы.


Қандай зерттеу әдісін жүргізу БАРЫНША тиімді?
* Ретроградты холецистография
* Бауырдың пункционды биопсиясы
* Панкреатохолангиография
* Дуоденальді зондылау
* Дуоденоскопия

Жіңішке ішектің ауруларындағы ауру сезімі қай жерде орналасқан:


* XI және XII кеуделік сегменттердің деңгейіндегі іштің оң төменгі жағында
* XI және XII кеуделік сегменттердің деңгейіндегі іштің төменгі жағында
* X және XI кеуделік сегменттердің деңгейіндегі іштің сол төменгі жағында
* ІX және X кеуделік сегменттердің деңгейіндегі іштің кіндік маңы аймағында
* X және XI кеуделік сегменттердің деңгейіндегі сол мықын аймағында

38 жастағы ер адам тамақ қабылдағаннан кейін, денені алдына еңкейгенде, жатқанда күшеетін төс артындағы күйдіріп ауратын сезімге шағымданады.


Диагнозды қою үшін қандай зерттеу әдісін жүргізу БАРЫНША тиімді?
* Эзофагоскопия
* Эзофагоманометрия
* Кеуде клеткасы мүшелерінің рентгенографиясы
* Күштеме сынамаларымен электрокардиография
* Құрсақ қуысындағы мүшелердің ультрадыбыстық зерттеуі




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет