Лабораториялық жұмыс № 7
Принс реакциясы
Ацетат 3-амилтетрагидропиран-4-ол синтезі
Дөңгелек түпті колбаға, механикалық араластырғышпен жабдықтылған, кері мұздатқышпен және тамшылағыш воронкамен, 200 мл мұздатылған уксус қышқылын құяады, 3 мл концентрлі күкірт қышқылы және 0,5М параформды алады. Колбаны қыздырады, параформ түгел ерітіндіге өткенше, содан кейін қоспаны 40-450С салқындатады және тамшылы воронкадан 0,25М октен тамызады. Тамшылау кезінде температура 65-700С дейін көтеріледі. Тамшылау аяқталғаннан кейін реакциялық массаны қайтадан 90-950С қыздырады, осы температурада 2 сағат устайды және түнге қалдырады. Ертеңіне реакциялық қоспадан уксус қышқылын вакуумда су насосымен айдайды, қалдығына 200 млсу қосады, 50 мл бензолды үш рет қосып экстракциялайды. Бензолды ерітінділерді 10% сода ерітіндісімен жуады, сумен және сульфат магниін қыздырып кептіреді. Бензолды айдайды, ал қалдықты екі рет вакуумдағы май насосын пайдаланып айдайды. Алынған ацетат 3-амил-4-окситетрагидропиран (шығымы 64%) қайнау температурасы 175-2090С, n25D= 1.4586.
Методикалық нұсқау
Вакуумдағы су насосымен айдау приборын жинау.
Жоғары температурада айдайтын сұйықтарды айдауды жүргізу,
Таза заттарды бөліп алу және оларды идентификациялау.
Практикалық жұмыстың мазмұны
Химико-технологиялық процестер. Анықтау және мағынасы. Мағынасы және химико-технологиялық процестерді анықтау, олардың классификациясы. Кинетикалық және диффузиялық аумақта өтетін процестер, олардың негізгі айырмашылығы.
Реагенттердің жүйелік классификациясы. Агрегаттық күйі, гидродинамикалық және температуралық режимі бойынша әрекеттесуі реагенттердің жүйесі. Адиабаталық және политермиялық процестер.
Химико-технологиялық процестердегі тепе-теңдік. Технологиялық процестердегі сандық тепе-теңдік (қайтымды және қайтымсыз). Масса әрекеттесу заңы (МӘЗ). Тепе-теңдік константасының есептеулері (гомогенді және гетерогенді жүйелерде). Тепе-теңдік константасын қолданып жаттығулар мен есептеулер жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |