Органикалық заттар технологиясының теориясына негіздеріне кіріспе.
Күнделікті тұмыста, экономикада қолданысқа ие заттардың бәрі де жаратылыс дүниенікі болып табылады. Олардың көптеген бөлігі өзіміздің қоршаған ортада ұшырасады, ал біршама бөлігі ауыл шаруашылығы өнімдері, түрлі шикізаттар кені жер қойнауында табылса, осылардан тіршілікке қажетті өнімдер алынады.
Шикізаттың табиғатына, алынатын өнімнің түріне қарай өндірістік процестер түрліше аталына береді. Мысалы, бейорганикалық заттар технологиясының - цемент, шойын, болат, күкірт қышқылы сияқты бейорганикалық заттар алады.
Органикалық заттар технологиясы мұнай, жанармайлар, парафиндер, көмірсутектерден түрлі полимерлер алады.
Өндірісте органикалық заттар технологиясында «негізгі органикалық синтез» - барлық органикалық заттар технологиясының салаларын біріктіретін, үлкен ауқымда өнім шығаруды қамтиды.
«Основной органический синтез», яғни «Негізгі органикалық синтез» термині - барлық органикалық заттар технологиясының салаларын біріктіретін үлкен ауқымда өнім шығаруды қамтитын түсінік. Ал осыдан жеке бөлініп шыққан «Дәрілік заттар технологиясы», «Бояғыш заттар технологиясы», «Химиялық талшықтар технологиясы» және т.б. «Негізгі органикалық синтез» тармақтары болады. «Мұнай - химия синтезі де негізгі органикалық синтездің» белгілі бір бөлігі болып табылады.
Органикалық заттар технологиясында өндірілетін өнімдер қолдану аясына қарай, негізінен «аралық» және «қажетті» өнімдер деп екіге бөлінеді.
Аралық өнімдер – тікелей қолданысқа ие емес, экономиканың өзге саласына қажетті өнімдер алуда пайдаланатын заттар. Мысалы, этилен, пропилен тұрмысқа қажетті өзге заттар – полиэтилен, полипропилен алуға қажет.
Қажетті өнім – тікелей қолданысқа ие заттар. Мысалы, мұнайды айдау арқылы алынған бензин, керосин, жанармай ретінде іштен жану двигательдерінде пайдаланылады.
Бір зат аралық та, қажетті өнім де болуы ықтимал. Мысалы, метан газ отын ретінде пайдаланылса, ол «қажетті өнім», ал метаннан алынатын хлороформ «аралық өнім» болып табылады.
Ендеше, химиялық технологияда маңызды айқындауыш шама болып саналатын жоғарыда айтылған дүниеліктермен танысуымыздан басталық.
Достарыңызбен бөлісу: |