Карта обеспеченности учебно-методической литературой по дисциплине



бет9/28
Дата25.04.2024
өлшемі2.23 Mb.
#499842
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28
Карта обеспеченности учебно-методической литературой

Эфирлену.
Эфирлену реакциясы деп-барлық күрделі эфирлер түзетін процестерді атаймыз.Эфирленуді қышқылмен спирттің бірге дегидратация процесі деп қарастыруға болады.
RCOOH+R/OH=ROOR/ +H2O
Жалпы әдістерден басқа күрделі эфирлерді алуды келесіден көрсетуге болады:
1.Карбон қышқылдарының хлорангедридімен спирттердің әрекеттесуінен
СН3-СОСL+C2H5OH→CH3-COOC2H5+HCL
2.Жоғарғы қысымда,H2SO4 қатысында карбон қышқылдарының олефиндермен әрекеттесуінен.
СН3СООН+СН3-С=CH2→CH3COOCH2-CH-CH3
│ │
CH3 CH3
Карбон қышқылдарының,олефиндердің спирттермен бірге эфирленуі келесі жағдайларда жүреді.
а)Олефиндерден спирт алу стадиясы болмайды;
б)Судың бөлінуі қажет емес;
в)Олефиннің мөлшері карбон қышқылына қарағанда көп болса,тазалық дәрежесі жоғары эфир алуға болады;
г)Реакция жылдамдығы жоғарылайды.
3.Кейбір эфирлену процестерінің көрсеткіштері.



Алынатын эфир.

Этилен:қышқыл қатынасы, моль:моль

Температура, 0С

Қысым, атм

Реакция уақыты, сағ

Эфирге қышқылдың конверсия дәрежесі

Этилацетат

3,89:1

150

77,3

3

86,9

Этилпропионат

7,33:1

185

105,5

1

79,4

Этилбутират

10,20:1

185

133,6

3

81,5

Үшінші кестеден көбіне сірке қышқылының жеңіл эфирленетіні көрінеді.Қышқыл молекуласындағы көміртек атомының көбеюнен,эфирдегі қышқылдың конверциялану дәрежесі төмендейді.
3.СО-нің спирт және олефинмен әрекеттесуінен .
СО+СН3ОН+СН2=СН2→СН3-СООС2Н5
Бұл синтезді екі жолмен жүзеге асыруға болдады.Газ тәрізді СО-н және қышқылдық катализаторды қолданып,процесті 700-1000атм. және 200-3000С-та жүргізеді.Егер көміртегі оксидінің көзі ретінде карбонилдерді қолдансақ мысалы Ni(CO)4онда реакция сол температурада қысымды 150 атм-ға дейін төмендеткенде жүреді.
4.Альдегидтің екі молекуласын Тишенко реакциясы бойынша конденсацияланады.
2CH3COH →CH3COOC2H5
Бұл жолмен зауықтық маштабта этилацетатын алады.Катализатор-алюминий этилаты мен хлористі алюминий қоспасы және кішкене мөлшердегі мырыш этилаты.Процесті 00С-та этилацетатың этил спиртіндегі қоспасына ацетальдегид және катализатор қосып жүргізеді
Альдегидтің конверсия дәрежесі 98%-ке жетіп шығын 97-98%-ті құрайды.
5. Кетеннің спиртпен әрекеттесуі.

СН2=С=O+C4H9OH→ CH3COOC4H9


Реагирлеуші зат массасынан 0,25% мөлшерінде күкірт қышқылын акатализатор ретінде қолданып,жоғарғы шығынды эфир алады.
6.Күрделі эфирлерді карбон қышқылының ангидридіне әрекеттесу қабілеті төмен спирттерді қосып алу.
(R-CO)2O+2R-OH→2RCOOR+H2O
(R-CO)2O+R-OH→RCOOR+RCOOH
Бұл әдіспен кең қолданылатын ацетат,пропионат және целлюлзаның ацетобутиратын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет