Карталардың номенклатурасы.
3-ші кесте
Масштаб
|
Беттің өлшемі
|
Номенклатура үлгілері
|
Ендікте
|
Бойлықта
|
1 : 1000000
|
4
|
6
|
М-41
|
1 : 500000
|
2
|
3
|
М-41-А
|
1 : 200000
|
40
|
1
|
М-41-ХХХ
|
1 : 100000
|
20
|
30
|
М-41-60
|
1 : 5000
|
10
|
15
|
М-41-60-Б
|
1 : 25000
|
5
|
7 30”
|
М-41-60-Б-г
|
1 :10000
|
2”30
|
3”45”
|
М-41-60-А-а-1
|
1 : 5000
|
1”15”
|
1”52”,5
|
М-41-60(256)
|
1 : 2000
|
25”
|
37”,5
|
М-41-60(256-и)
|
1 :5000, 1 :2000, 1 :1000 және 1 :500 масштабтағы топографиялық пландарды жасаудың негізгі ережелеріне сәйкес ауданы 20 км-тан аз учаскелердің планын жасау үшін тікбұрышты жол-жол сызық қолданылады. Оның рамкасының өлшемі
17-ші сурет1:1 000 карта номенклатура беті
1 : 5000 масштаб үшін 40Х40 см, ал 1 :2000,1:1000 және 1 :500 масштабтар үшін 50Х50см болады. Бұл жағдайда жол-жол сызықтың негізі ретінде 1 :5000 масштабтағы картаның беті қабылдап,олар араб цифрімен белгіленеді. Оған 1 : 2000 масштабтағы картаның 4 беті сәйкес болады. Олардың әрқайсысы 1 :5000 масштабтағы беттің нөмеріне орыс алфавитінің бас әріптерінің (А, Б, В, Г) бірін қосып жазу арқылы белгіленеді.Мысалы: 41-Б. 1 : 2000 масштабты картаның бетіне рим цифрларымен ( 1, 2, 3, 4) белгіленген 1 : 1000 масштабтағы төрт бет және араб цифрымен (1, 2, 3,..., 16) белгіленген 1 :500 масштабтағы 16 бет сәйкес келеді.
Осыларға сәйкес, 1 :1000 масштабтағы карта бетінің номенклатурасы 14-Б-4 (17-сурет), ал масштабы 1 :5000 үшін 14-Б-16 болады.
Геологиялық барлау жұмыстарын келешекте жүргізілетін ауданның керекті карта беттерін табуға және олардың номенклатурасын тез анықтауға арналған карталардың құрама кестелері атты жинақтар бар. Олар меридиандар мен параллельдер арқылы осы масштабтағы карта бетіне сәйкес келетін торларға бөлінген ұсақ масштабты схемалық карталар болып табылады.
Дәріс № 6 Топографиялық карталар мазмұны
6.1.Топографиялық карталар шартты белгілері
Жер бетіндегі обьектілерді бейнелейтін шартты белгілер өздерінің кейбір ерекшелік сипаттарына қарай төмендегідей болып бөлінеді: а) түсті, ә) каріпті б) графикалық (геометриялық).
Топографиялық карталар бірнеше түсте жасалынады, жеке түстермен жер бетінің обьектілерінің біркелкі топтары боялады. Мысалы, (өзендер, көлдер, бұлақар, құдықгар және т.б.) Ормандар мен жеміс бақшалары орналасқан жерлер жасыл түспен, табиғи жер бедер пішіндері - қызыл-қоңыр түспен, ал жасанды жер бедер пішіндері (қазындылар, үйінділер, карьерлер, қорғандар және т.б.) қара түспен бейнеленеді. Шоссе жолдарын бейнелеуге қызыл түс, ал жақсартылған топырақ жолдарға —сары түс қолданылады.
Қаріптерді жазуда, олардың мөлшері, көлбеулігі, бас әрпінің ерекшеленуі немесе ерекшеленбеуі жазылған объекті бойынша кейбір ақпарат алуға мүмкіншілік жасайды. Мысалы, қалалар немесе қала типтес поселкелер аталуларының басәрпі ерекшеленбей жазылады (әріптердің бәрінің көлемі бірдей болады), мұнда қалалар тура қаріппен жазылса, поселкелер оңға қарай көлбеуленген қаріптермен жазылады.
Графикалық шартты белгілер а) масштабты (контурлық); ә) масштабтан тыс; б) сызықтық деп үшке бөлінеді.
Контурлық шартты белгілер картаның масштабына ілінетін объектілердің контурларын көрсету үшін қолданылады. Орманның, батпақтың, бақшаның, елді қоныстың, т.б.с.с. объектілердің жер бетіндегі пішін кескіні сақталып және элементіерімен контуры горизонт жақтарына сәйкес бағыттатлған қалпында картадан орын алады. Объектілердің контуры картада сызықтармен белгіленеді де, ортасы осы объектіге тиісті шартты белгілермен толықтырылады. Белгілердің орналасу тәртібімен мөлшерлері өте дәл берілген оған өзгешелік енгізуге болмайды.
Масштабтан тыс шартты белгілермен картаның масштабына ілікпейтін көлемі ұсақ объектілерді бейнелеу үшін қолданылады. Масштабтан тыс шартты белгілер объектінің мөлшерін көрсетпейді оның тек қана орналасқан орнын белгілейді. Бұл жағдайда объектінің орнына шартты белгілердің түрлі нүктелері сәйкес келеді. Геодезиялық пункттердің, су диірменнің, мұнай мұнарасының, бұлақтың, құдықгың. т.б.с.с. орнын олардың шартты белгілерінің ортасы көрсетеді. Жеке өскен ағаштардың, километр бағананың, жол көрсеткіштің, семофордың, жел диірменінің т.б. орнын шартты белгілерінің табанының ортасы белгілейді, бір немесе бірнеше сызықпен сызылатын сызықтық объектілердің (каналдың, жолдың т.б.) нақтылы орны сызықтың осімен белгіленеді., Масштабтан тыс шартты белгілердің бұл ерекшеліктері карта бойынша жеке объектілердің арасындағы қашықтықгы өлшегенде ескерілуі кажет. Шартты белгілерді контурлық және масштабтан тыс деп бөлу қажет. Өйткені көптеген объектілер бір масштабтағы карталарда контурлық шартты белгілермен белгіленсе, екінші масштабтағы картада масштабтан тыс шартты белгілермен белгіленеді. Мәселен, елді қоныстар ірі масштабтағы карталарда контурлық белгілермен түсіріліп, көшелер, жеке кварталдар, тіпті жеке үйлерде көрсетілсе, ал ұсақ масштабтағы карталарда олар масштабтан тыс шартты белгімен, пунсонмен белгіленеді.
Жер бетіндегі сызықтық объектілер үшін сызықтық шартты белгілер қолданылады. Сондай-ақ бір объектінің өзі белгілі масштабтағы картада бір бағытта масштаб бойынша, екінші бағытта масштабтан тыс белгіленуі мүмкін. Мәселен, әдетте түрлі жолдардың, өзендердің ұзындығы масштабқа сәйкес алынса, ені масштабтан тыс нақтылы мөлшерінен үлкейтіліп алынады.
6.2.Топографиялық карталарда жер бедерінің бейнеленуі
Жер бетіндегі қыраттар мен жазықтардың жиындысын жер бедері дейді. Жер бедерінің адам баласы өміріне әсері өте зор. Каналдардың және әуе жайлардың, гидротехникалық күрделі қүрылыстардың, электр және телеграф жолдарының, т.б. шаруашылық мүддеге сай жүргізілетін құрылыстардың жобаларын жүргізуде жер бедерін ескермеуге болмайды. Әсіресе, ауыл шаруашьлығында жерді дұрыс және нәтижелі пайдалануда жер бедері маңызды роль атқарады. Жер бетінде топырақтың пайда болуы мен дамуы, осымен қоса климат пен өсімдік және т.б. табиғи элементтер жер бедерімен тығыз байланысты. Сол себепті әр маманның жер бедері пішіндерінің ерекшеліктерін айыра отырып, алға қойған мақсатқа сай шеберлікпен пайдалана білуі кажетті іс.
Ал жер бедері топографиялық карталарда кескінделіп, арнаулы шартты белгілермен белгіленеді және оның даму заңдылықтарымен геоморфология ғылымы шұғылданады, сондықган жер бедерді картада, тура және дұрыс бейнелеу үшін осы айтылған пәнді жақсы білу қажет.
Жер бедерінің ерекше нүктелері мен сызықтары, оның жеке пішіндерін анықтауға және оларды план мен карталарда кескіндеуге жеңілдік туғызады. Жер бедерін картада бейнелеу көп ғасырлар бойы қолданьшып келеді. Жер бедерді бейнелеуге арналған әдістер мынандай талаптарға сай болуы керек: 1) нүктелердің биіктігін анықгау;
2) беткейдің құлама тіктігін анықтау және сызықтың көлбеулілігін анықтау; 3) карта бойынша жердің қимасын жасау; 4) су жиналу ауданының шегін анықтау және т.с.с.
Жер бедерді бейнелеудің негізгі әдістері: горизонтальдар, бояулар. Осы әдістердің ішінде жоғарыда қойылған мақсаттарға сай келетіні горизонтальдар әдісі. Картада горизонтальдарға қоса жер бедерінің айрықша нүктелерінде биікгік белгілері жазыльш көрсетіледі.
Горизонталь дегеніміз теңіз деңгейінен біркелкі биіктікте орналасқан нүктелерді қосатын қисық сызық.
Горизонтальды түсіну үшін мынандай мысал келтірейік: деңгей беті 850 м биіктікте орналасқан көлдің ортасында тау бар дейік. Мұнда жағалық сызықтың бойында жаткан жер нүктелерінің биіктіктері біркелкі белгіге тең. Ендігі жерде көлдегі судың деңгейі 5 метр көтерілді десек онда жағалық сызық 855 метрлік белгіге көтерілген. Сол сияқты судың деңгейі тағы да 5 метр көтерілсе, онда су деңгейі 860 м. биіктік белгіге жеткені.
Қорыта келгенде осылай бір қалыпты заңдылық түрінде орналасқан жағалық сызықтардың топографиялық карталарда масштабқа сай кішірейтілген тұйық сызықтары горизонтальдар болып саыалады. Жер бедерін бейнелеуде горизонтальдардың мынандай қасиеттері бар:
1. Бір горизонтальдың бойында жататын барлық нүктелер жергілікті жерде бірдей биіктікті көрсетеді.
2. Карталар мен пландарда тұйықталған горизонтальдар не төбені не қазан шұңқырды білдіреді, олар берхштрихтар немесе жазулар арқылы танылады. Қазан шұңқырларда көбіне тоған немесе көл болады.
3. Планның немесе картаның ішіндегі, соңдай-ақ оның сыртындағы барлық горизонтальдар үздіксіз болуы тиіс.
4. Жер бедерін кескіндегенде горизонтальдар еш уақытта қиылыспайды.
5. Горизонтальдардың өзара қашықтығы еңістің қаншалықты құлама тіктігін білдіреді.
6. Горизонтальдар арасындағы ең қысқа ара қашықтық, яғни горизонтальға перпендикуляр сызық неғұрлым тік құламаның биіктігіне сәйкес келеді.
7. Су айрық сызықтары және өзектердің осі горизонтальдар мен тік бұрыш арқылы қиылысады.
Нүктелердің биіктігін анықтау. Карталар мен пландарды қолданғанда көбінесе жергілікті жердегі нүктелердің биіктік белгісін анықтауға тура келеді. Осы есепті шешуде үш түрлі жағдай кездесуі мүмкін.
1.Нүкте горизонтальда орналасқан. Осы жағдайда нүктенің биіктігі горизонталь белгісіне тең болады.
2.М нүктесі әр түрлі Нк және НN (20-сурет) горизонтальдардың арасында орналасқан. Осы жағдайда нүктенің биіктігін интерполяциялаудың бірнеше әдістері арқылы анықтайды. Бұл үшін сызғыштың көмегімен М нүктесінен ең таяу жатқан горизонтальдарға дейінгі d1 және d2 қашықтықтарды өлшейді. М нүктесінің Нм биіктік белгісін жердің төмендеу бағытына байланысты екі рет табуға болады
Мұндағы НN,НК— горизонтальдардың биіктік белгісі, м; d1 және d2 ~М нүктесінен горизонтальдарға дейінгі ара қашықтықтар, мм; һ -жер бедерінің қима биіктігі,м.
3. Нүкте тұйық горизонтальдың ішінде орналаскан. Мысалы, Р нүктесі (21-сурет) тұйық горизонтальдың ішінде орналасқан, әр төбенің ұшар басы болып табылады. Әрине, осы нүктенің НР биіктігі нүктенің маңындағы горизонтальдың биіктік белгісінен, жер бедері қимасының биіктігінің шамасынан кем екені белгілі. Сондықган Р нүктесінің НР биіктік белгісі шамамен көршілес горизонтальдың биіктік белгісіне жер бедері қимасы биікгігінің жартысын қосқан кезде шығатын санға тең деп алуға болады, яши НР =151,25 м. Егер нүкте қазан шұңқырдың түбінде орналасса, онда оның биіктік белгісі көршілес горизонтальдың биіктігінен жер бедері қимасы биіктігінің жарты шамасын алған кезде шығатын санға тең деуге болады. Горизонтальдар арқылы орташа ойлы-қырлы жердегі нүктелердің биіктік белгісін анықтау дәлдігі шамамен жер бедері қимасы биіктігінің - -іне тең болады.
Беткейдің кұлама тіктігін анықтау. Беткейдің құлама тіктігі у және сызықтың еңістігі (22-сурет) беткей нүктелерінің биіктік айырымының табанына қатынасына тең болады және мына формула бойынша анықталады:
һ
а
мүкдағы һ -жер бедері қимасының биіктігі, м; d-табаны,м. Беткейдің тіктігі мен еңістігін картадан немесе планнан анықтау кезінде есептерді жеңілдету үшін табан графиктері деп аталатын арнайы графиктер қолданылады. Беткейдің еңістіктері бұрыштық шамамен немесе көлбеулік арқылы (ондық бөлшекпен, процентпен немесе профильмен) берілуі мүмкін.
Табан графигін салу үшін горизонталь сызықты кез келген сызықтың тең кесіндісіне бөледі, содан соң кесінділердің шетіне көлбеудің бұрыштық мәнін 30'-тан бастап жазады. График шкаласының бұрыштарының ең соңғы мәні берілген карта мен планда кескінделген беткейлердің максималь тіктігіне байланысты белгіленеді. Бұдан кейін жер бедері қимасының қабылданған биіктігіне және көлбеу бұрышының әрбір мәніне сәйкес табандарды мына формуламен есептейді:
4 = ҺІф (14)
Табанның карта (план) масштабында анықталған шамаларын горизонталь оське тұрғызылған перпендикулярларға қарсы көлбеу бұрыштарына сәйкес етіп салады. Алынған осы нүктелерін қосып табан графигін аламыз, ал бұл беткей графигін береді (15-сурет).
Егер горизонталь сызығы бөліктерінің нүкгелерінде көлбеу бұрыштарының орнына бұрыштардың мәндері жазылған болса және перпендикулярларда тиісінше табандар салынса, онда еңістер графигі алынады (23 сурег).
Беткейдің құлама тіктігін және көлбеулігін анықтау үшін циркульмен көршілес жатқан негізгі горизонтальдардың ара қашықтығын өлшеп, оны төсеу графигіке тақап ұстап шкаланың табанынан градус санын оқиды.
Картаның безендіру рамкасының сыртында көрсетілген табан графиктері жер бедері қимасының және берілген картаның немесе планның масштабына сәйкес есептеліп жасалатынын ұмытпау керек.
Карта бойынша жердің кескінін жасау. Топографиялық картада немесе планда АВ сызығы бойынша жердің кеекінін салу керек болсын. Кескінді кез келген берілген масштабта, демек карта масштабында да салуға болады.
Жергілікті жердің кескінін салу үшін берілген бағытқа жол-жол миллиметрлік қағазды салады. Оған шығып тұрған барлық горизонтальдарды, жер бетінің кедір-бұдырындағы және беткейлердегі нүктелерді, мысалы, АВ сызығын және 1,2,..., 11 нүктелерді (24-сурет) белгілейді. Содан соң жол-жол қағазды «горизонталь қашықтықтар графасына көшіріл олардың мәндерін жазады. Осымен қатар «биіктік белгісі графасына кескін сызығының горизонтальдарымен қиылысқан нүктелердің биіктік белгісінің мәндері жазылып қойылады.
Кескін нүктелерін биікгік белгісі арқылы тұрғызу шартты горизонттың сызығынан салынады. Көрнекілік үшін кескіннің вертикаль масштабы горизонталь масштабымен салыстырғанда 10 есе үлкейіп алынады, бірақ масштабтардың катынасы басқаша да болуы мүмкін. Шартты горизонттың биіктік белгісін ең кіші биіктік белгісі бар нүктеде берілген сызықтан 1 см жоғарырақ орналасатындай етіп таңдайды. Шартты горизонтың сызығынан әрбір нүктеге перпендикуляр тұрғызылып, оларға тандалған масштабта шартты горизонт сызығы мен нүктелердің биіктік белгілерінің айырымы салынады. Перпендикулярлардың ұштарын қисық сызықпен қосып, жергілікті жерді кескіндейді (24-сурет),
Су жиналу ауданының шегін анықтау. Жер бедерінің жағдайына байланысты су белгілі бір суағарға (өзен, қойнау және т.с.с.) ағып жиналуы тиіс; жер бетінің осы учаскесін су жиналу ауданы немесе алап деп атайды. Су жиналу ауданын контурлау жергілікті жердің жер бедерін есепке ала отырып картадағы горизонтальдар арқылы жасалынады.
Горизонтальдарды тік бұрышпен қиьш өтетін суайрық сызықтары су жиналу ауданының шегі болып саналады. Су жиналу ауданын, жауын-шашынның жылдық орташа мөлшерін, жердегі ылғалдың булану және сіңу жағдайын біле отырып су ағынының күш-қуатын есептеп шығаруға болады; ал мұның өзі көпірлердің, бөгендердің және тағы баска гидротехникалық ірі құрылыстардың аудандарын есептеу қажет.
Дәріс № 7 .Карталардың математикалық негізі.
7.1.Бұрмалану түрлері
Әр түрлі Картографиялық проекцияларда қүрылған карталар накты жер бетінің кескінін біраз бұрмалап көрсетеді.
Бұрмаланудың үш түрі болады:
а) бұрыштық картадағы бұрыштар глобустардағы бұрыштарға тең болмайды.
б) аудандық (аудандардың масштабты картаның әр аумағында әртүрлі); в)сызықтық (картаның бір сызығының әрбір нүктесінде масштаб әр түрлі).
Картографиялық проекция бұрмалану сипатына қарай :
Тең бұрышты (конформдық) картографиялық проекцияларға масштаб тең нүктенің орнына ғана тәуелді болады, ал бағытына қарай байланысты болады.Мұндай проекциялардағы бұрмалану эллипстері шеңберге айналды,мыс. Меркатор проекциясы мен стереография проекциясы;
Тең шамалы (эквиваленттік) картографиялық проекцияларда аудандар сақталады: мұндай проекцияларда жасалған карталардағы фигуралардың ауданы осы фигуралардың ауданына пропорционал, ал пропорционалдық коффициенті картаның бас масштабының квадратына кері шама болады. Бұрмалану эллипстерінің ауданы әр уақытта да өзгермейді, тек олардың пішіні мен бағдары жағынан ғана айырмашылығы болады.
Еркін Картографиялық проекциялар тең бұрышты да тең шамалы да проекцияларға жатпайды. Олардың ішінде тең аралық (бас масштабтары бір-біріне тең) және ортодромиялық (шарының үлкен шеңбері- ортодромиялары түзу сызықпен кескінделеді.
7.2. Картогафиялық проекция –Жер эллипсоидының немесе плпнетаның бетін математикалық тәсілдер арқылы жазықтықта бейнелеу. Картографиялық проекция теориясы –Жер элипсоидын қағаз бетінде кескіндеудегі жіберілетін бұрмаланудың барлық түрлерін зерттейді және өте аз бұрмаланумен ғана кескінделетін проекциялауды құру әдістерін қарастырады. Проекциялар ұсақ және орта масштабты карталар жасауға қолданылатындықтан, Жер эллипсоидысы бетінің сферадан айырмашьлығы ескеріліп сфера жазықтығындағы карта белгілі бір радиус R мөлшерінде ғана бейнеленеді. Картогафиялық проекциялардағы меридиандар (λ-const) болған жағдайында) мен параллель дерден (ω=сопst жағдайда) картографиялық тор құралады.
Картографиялық проекция теориясының дамуы геодезияның, астрономия-ның, географияның, математиканың дамуымен тығыз байланысты. Оның ғылыми негізі Ежелгі Грекияда (б.з.б. 6 — 1 ғ.) жасалды. Ең көне Картографиялық проекциялар — жұлдыздар картасын жасауға қолданылған милеттік Фалестің гномондық проекциясы. Картографиялық проекция, б.з.б. 3 ғ-да Гиппархтың, Птолемейдің, б.з. 16 ғ-нда Г.Меркатордың, 17 — 18ғасырларда Р.Бонның, Д.Кассинидің, И.Ламберттің, Л.Эйлердің, И.Лангранждың 19 ғ-да К.Гаусстың, А.Тиссоның еңбектерінде дамыды. Қазақстанның картографтары В.В. Каврайский, Н.А. Урмаев, т.б. еңбектері Картографиялық проекция теориясын одан әрі жетілдірді.
.Сфераның жазықтыққа (қағаз бетіне) жайғанда тең бұрыштық, тең шамалық, тең аралық және ортодромиялық қасиеттері пайдаланылмайды. Кескінделетін аймақтың әр жеріндегі бұрмалануды көрсету үшін төмендегі әдістер қолданылады:
а) карта торының немесе эскизінің әр жерінде бұрмалану эллипсі көрсетіледі; ә) изоколдар (мәні бірдей бұрмалану сызықтары) беріледі;
б) карталардың әр жерінде кейбір сфералық сызықтар (көбінесе, ортодромия "0" мен локсодромия "Л") сызылады. Қалыпты Картографиялық проекцияларды меридиандар мен параллельдердің кескінделуі жағынан жік-телімдеу — Картографиялық проеклардың тарихи дамуының нәтижесі
Цилиндрлік проекциялар — меридиандары тең қашықтықпен өтетін параллель түзу сызықтармен, параллельдері меридиандарға перпендикуль түзу сызықтармен кескінделетін проекциялар. Бұлар экватордың не белгілі бір пареллельдің бойындағы ауданды бейнелеуге қолайлы. Теңіз қатынасы карталарын сызуға М е р к атордың тең бұрышты цилиндрлік прое к ц и я с ы қолданылады. Гаусс — Крюгер проекциясы — тең бұрышты, көлденең, цилиндрлік
Картографиялық проекциялар — топографиялық карталар жасауға және триангуляция деректерін өндеуге пайдаланылады. Конустық проекциялар — параллельдері концентрлік шеңберлермен, меридиандары ортогональдік түзу сызықтармен кескінделетін проекциялар. Бұл проекцияларда бұрмалану бойлыққа байланысты болмайды, сондықтан параллельдер бойымен орна-ласқан аудандарды бейнелеуге қолайлы келеді, сондай-ақ, геодезиялық проекция ретінде де қолданылады.
Азимуттық проекция л а р — параллельдері коңцентрлік шеңберлер, мери-диандары параллельдердің радиустары болып келетін картографиялық проекция. Оларда меридиандардың арасындағы бұрыш тиісті бойлықтардың айырымына тең болады. Азимуттық проекциялардың жеке түріне перспективтік проекциялар жатады.
Ж а л ған конустық проекциялар — параллельдері концентрлік шеңберлермен, орта меридианы түзу сызықпен, қалған меридиандары қисық сызықпен бейнеленетін проекциялар.
Жалған цилиндрлік проекциялар — параллельдері параллель түзу сызықтар-мен, орта меридианы осы сызыққа перпендикуль түзумен, қалған меридиандары қисық сызықтармен кескінделетін проекциялар.
Ж а р тылай конустық проекциялар — параллельдері орта меридианды кескіндейтін түзу сызық бойындағы шеңберлермен бейнеленетін проекциялар. Картографиялық проекцияларды таңдау және қолдану — сызылатын картаның мақсатына және масштабына байланысты. Өлшеу есептерін шешуге арналған ірі, орта масштабты карталар тең бұрышты про-екцияларда, ал жалпы шолу және белгілі бір аумақтар аудандарының арақатысын анықтаушы ұсақ масштабты карталар тең шамалы проек-цияларда жасалады. Картографиялық проекцияларды таңдағанда қарапайым проекциялардан бастап, күрделі проекцияларға көшеді. Картографиялық проекциялар теңіз қатынасында, аспан денелерін картаға түсіруде, т.б. ғылым салаларда да пайдаланылады.
26.Сурет.Калыпты проекция жағдайындағы меридиандар мен параллельдер түрлері:А-цилиндрлік; Б-конустық; Вазимутальдық; Г-жартылай конустық; Д-жалған цилиндрлік; Е-жалған конустық(Т.С.Комиссарова бойынша)
Дәріс № 8 Картографиялық генерализация.
Географиялық объектілерді картада кескіндеудің толықтығы, дәлдігі масштабқа байланысты.Тіпті ірі масштабты карталардың өзінде де жер бетін екжей-текжейіне дейін түгел кескіндеу мүмкін емес.Өйткені,картадағы мөлшері диаметрінде 2 мм дөңгелекшенің өзі жер бетінде едәуір учаскені алады. Мәселен, 1:100 000 масштабты картадағы мұндай дөңгелекшеге жер бетінде 3 га артық аудан; мектеп атласында
1:25 000 000 масштабта 2 мың км2, яғни бірнеше ірі қала сыйып кететін территория сәйкес келеді. Мәселен, Москва 900 км2 ауданды қамтиды. Демек, картаның масштабы неғұрым ұсақ болған сайын, онда жер бетінің екжей-текжейі соғұрлым аз көрсетіледі. Карта жасағанда, біріншіден, сол картаның масштабында көрсетуге болатын объектілерді,екіншіден,жер жағдайын сипаттай алатын ең маңызды объектілерді таңдап алады. Геогрфиялық объектілер мен олардың пішіндері ірі масштабты карталарда барынша толық және екжей-текжейлі кескінделеді. Масштабты кішірейткенде жер бетіндегі екжей-текжейлерді қалдырып, жинақтауға тура келеді.Бұл қосымшадағы топографиялық карталардың үлгілерінен Баратоево поселкесі мен оның төңірегіндегі жер бетінің екжей-текжейін-объектілер мен әр түрлі құбылыстарды кескіндеудегі өзгерістерді қараңдар. Геогрфиялық объектілерді картада кескіндеу үшін іріктеп және жинақтап алуды картографиялық генерализация (жинақтау) дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |