www.kaspibank.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурста жаряланған ережелермен анықталады.
Шетел валютасындағы ақша тиісті Валюталық жинақ шотқа талап етілмелі салым талаптарында салынады. Бұл кезде:
-
Есептесу кезеңіндегі соңғы жұмыс күні Салым бойынша ақшаның күнделікті қалдығына Валюталық жинақ шотта Сыйақы есептеледі және салымды пайдаланған үшін (капиталдандыру ережесі) сыйақы есептелетін оң қалдық сомасын ұлғайта отырып, салымды пайдаланғаны үшін жинақ шотына сыйақы сомасын аудару арқылы есеп жүргізілетін есептік айдан кейінгі айдың бірінші жұмыс күні ай сайын төленеді.
-
Салым бойынша ақшаның шотта жатқан нақты күні үшін талап етілмелі салым мөлшерлемесі бойынша Сыйақы есептеледі.
-
Салым бойынша ақшаның Валюталық жинақ шотында жатқан нақты күні үшін салымның алынған бөлігіне талап етілмелі салым мөлшерлемесі бойынша Сыйақы есептеледі;
-
Салымның қалған бөлігіне, егер мұндай сома оң қалдықтың ең аз сомасы мөлшерінен асып кеткен жағдайда, талап етілмелі салым мөлшерлемесі бойынша Сыйақы есептеледі.
Клиент:
-
Валюталық жинақ шотына ақша салуға;
-
Кез келген уақытта салым сомасын, сондай-ақ Банк алдында орындалмаған міндеттемелер болмаған жағдайда Валюталық жинақ шотынан алынған салымды пайдаланғаны үшін есептелген және төленген сыйақы сомасын талап етуге;
-
Жеке басын куәландыратын құжатты міндетті түрде беріп, Банкке өзі барған кезде немесе кіру Кодын хабарлау арқылы немесе Банктің қалауы бойынша басқа да қашықтан байланысу арналары арқылы Банктің Call Center-і арқылы Валюталық жинақ шоты шарты, Валюталық жинақ шотындағы ақша қозғалысы және ондағы ақша қалдығы туралы ақпарат алуға құқылы.
Теңгеге ауыстыру және карт-шотқа аудару арқылы Валюталық шотты жапқан жағдайда, банктік қызмет көрсету шотына карт-шотты жапқан жағдайда, ал Клиенттің жазбаша өтінішінде берілген басқа да деректемелері бойынша Банктің Тарифтеріне сай комиссияларды ұстап қалу арқылы банктік қызмет көрсету шотын жапқан жағдайда, Валюталық шотқа қолма-қол жасалмайтын аударым арқылы салымды пайдаланғаны үшін Банк есептелген сыйақысы бар салым сомасын қайтарады.
Салымды пайдаланған үшін сыйақыны есептеген кезде, бір айдағы 30 күн, сәйкесінше бір жылдағы 360 күнге есепке алынады. Бұл кезде Валюталық жинақ шотына ақша салынған күн мен оларды шоттан алған күн бір күн деп қабылданады (есептеген кезде Валюталық жинақ шотына ақша салынған күн ескерілмейді).
Шоттар бойынша Операцияларды тоқтата тұрған немесе уәкілетті мемлекеттік органдар Шоттардағы ақшаға тыйым салған, акцептіні, инкассалық өкімді қажет етпейтін төлем талап-тапсырмасы Банкте сақталған, Банкке еңсерілмейтін күш жағдайлары (форс-мажор) әсерін тигізген кезеңде Банк салымды пайдаланғаны үшін сыйақы есептемейді және төлемейді.
Валюталық жинақ шоты шарты Банк Клиенттің тиісті офертасын акцепттеген күннен бастап күшінен енеді және банктік қызмет көрсету қызметін ұсыну шартының қолданылу кезеңіне дейін қолданылады.
Банктік қызмет көрсету шартының қолданылуы тоқтатылған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасның заңнамасында және осы Ережеде, Типтік Ережелерде, сондай-ақ мультивалюталық қызмет көрсету ережелерінде көзделген басқа да жағдайларда Валюталық жинақ шоты шарты қолданысын тоқтатады, ал жинақ шот жабылуы тиіс.
-
Тараптардың жауапкершілігі
-
Клиент осы Ережелер бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше оындамаған жағдайда, өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін Банктің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Клиенттің кез келген мүлкі мен мүліктік құқығынан мәжбүрлеп өндіріп алуды қосқанда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында көзделген кез келген шараларды қолдануға құқығы бар. Банк заемы шарты бойынша міндеттемелер орындалмаған кезде, шаралар Банк заемы шартының ережелерімен айқындалады.
-
Жасалған шарт бойынша міндеттемелердің орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайлары үшін, егер олар электр энергиясын сөндіру, байланыс желісінің бүлінуі, өрт және Банктің еркінен тыс жағдайлар сияқты еңсерілмейтін күш жағдайларының басталуы салдарынан болса, Банк жауапкершілік атқармайды. Жоғарыда аталған жағдайлар мен олардың салдары тоқтағаннан кейін, Банк Клиентпен жасалған шарттар бойынша өз міндеттемелерін дереу орындайды.
-
ЖСН, ДСЖК, және/немесе Клиенттің Кіру кодын хабарлап, Call Сenter арқылы өзге ақпарат үшінші тұлғаларға қолжетімді болған жағдайда, Банк ықтимал шығындар, шығыстар мен басқа да келеңсіз салдар үшін жауап бермейді.
-
Клиенттің қолы қойылған және берген тиісті жазбаша құжатының негізінде, ондағы ақпараттың шынайылығына қарамастан, өзі жасаған кез келген әрекет немесе әрекетсіздік үшін, Клиент берген құжаттардағы қолдың түпнұсқаға сай келуі үшін Банк жауап бермейді.
-
Банктің бақылау саласынан тыс орналасқан себептердің салдарынан туындаған, үшінші тұлғаның Операцияны жүргізу үшін Карточканы қабылдаудан бас тартуын қоса алғанда, сондай-ақ қандай да бір апаттар, бағдарламалық және/немесе техникалық құралдардың қызмет көрсетуіндегі жаңылыстар немесе кідірістер жағдайларында Банк жауап бермейді.
-
Кез келген жағдайларда Клиент алдындағы Банктің жауапкершілігі әдейі немесе дөрекі ұқыпсыздықпен жасалған, Клиентке Банктің әрекеті немесе әрекетсіздігімен келтірілген, құжатпен расталған тікелей нақты зиянның мөлшерімен шектеледі. Айырылып қалған пайда, жанама, үстеме немесе кездейсоқ шығындар немесе залалдың, соның ішінде Банк олардың туындау мүмкіндігі туралы хабардар болған жағдайда өтелмейді.
-
Клиент Осы Ережелер мен Типтік ережелер аясында ашылған Шоттарды пайдаланған жағдайда, Клиент кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған кезде, міндеттемелерді бұзумен байланысты Банкке келтірілген барлық/кез келген шығынды Клиент Банкке толық мөлшерде өтейді.
-
Құпиялылық
-
Тараптар банктік, коммерциялық және басқа Тараптан алынған өзге де ақпараттың құпиялылығын сақтауға міндеттенеді. Мұндай ақпарат үшінші тұлғаларға немесе басқа Тараптың тек жазбаша келісімімен Қазақстан Республикасының заңнамасында тура көзделген жағдайларда немесе Банкке Өтінішпен бірге берілген Клиенттің жазбаша келісімінде көзделген жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес беріледі (баспада жарияланады немесе жария етіледі және т.с.с.).
-
Клиент Банкке банк құпиясын құрайтын мәліметтер мен ақпаратты, егер, Банктің пікірінше, Клиенттің әрекеттерінде қылмыс белгілері бар болса, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында көзделген тәртіппен, сондай-ақ Клиенттің жазбаша көрсеткен жағдайларында анықтау және алдын ала тергеу органдарына жария етуге және беруге құқық береді.
-
Өзгерістер мен толықтырулар енгізу, мерзімінен бұрын бұзу, осы Ережелерге сәйкес жасалған шарттардан бас тарту
-
Осы Ережелерге сәйкес жасалған шарттардың ережелері осы Ережелерде және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда ғана біржақты өзгертіледі.
-
Банк осы Ережелерде көзделген тәртіппен Клиент үшін жақсару жағына қарай өзгертілуі мүмкін банк заемы шартының ережелерін өзгертуді қоспағанда, осы Ережелер аясында жасалған шарттардың ережелерін біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы.
-
Банк Кредитке қызмет көрсетуге байланысы жоқ комиссиялар мен Тарифтерді біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы. Бұл жағдайда қосымша келісім жасау талап етілмейді. Кредитке қызмет көрсетуге байланысы жоқ өзгертілген Банк Тарифі осы Ережелерге сай Банк мұндай өзгерістер туралы хабарлағаннан кейін бес күн өткенде өзгертілген түрінде күшіне енеді.
-
Клиент үшін жақсару жағына банк заемы шартының ережелерін Банк өз қалауы бойынша өз бетінше өзгертеді. Мұндай өзгерістер туралы Клиентке қашықтан байланысу арналары арқылы хабарланады. Клиент үшін жақсару жағына банк заемы шартын өзгерту, соның ішінде егер Клиент кез келген себептер бойынша мұндай өзгерістер туралы хабарлама алмаса, Банк пен Клиент арасындағы қатынастарға қолданылады.
-
Банктің жаңа Тарифтерін Банктің операциялық залында, сондай-ақ www.kaspibank.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурске орналастырған жағдайда, Банк Клиентке Банктің Тарифтерінің өзгерісі жайында лайықты түрде хабарлаған болып саналады.
-
Осы Ережелерде және/немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда Банктің Ережелер бойынша шарттық міндеттемелерін орындаудан бас тартуға құқығы бар.
-
Банктің шарттардың ережелерін біржақты өзгертуімен Клиент келіспеген жағдайда, Клиентпен шарт Ережелерде көзделген талаптарда бұзылады.
-
Өзге талаптар мен ережелер
-
Банк Клиентке оның сұранысы бойынша www.kaspibank.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурста жариялау арқылы банк операцияларын жүргізудің жалпы ережелері, сондай-ақ Банк Тарифтері туралы ақпарат беруге міндеттенеді.
-
Ережелерде көзделген жағдайларды қоспағанда, Клиенттің кез келген хабарламасы немесе сұранысы жазбаша түрде берілуі тиіс. Мұндай хабарлама немесе сұраныс, егер Банк мекенжайына пошта немесе курьерлік байланыс арқылы жіберілген жағдайда, Банкке лайықты түрде жіберілген болып саналады.
-
Мемлекеттік және орыс тілдері осы Ережелерге сәйкес жасалған шарттардың тілі болып табылады, бұл кезде Клиент Өтінішті өз қалауы бойынша мемлекеттік тілде, сол сияқты орыс тілінде де жіберуге құқылы. Ережелердің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің арасында сәйкессіздіктер туындаған жағдайда, орыс тілінде жасалған мәтін басым болады.
-
Тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетуге және Клиент пен ССК арасындағы қызметке қатысты даулы қатынастар Банктің қатысуынсыз шешіледі.
-
Тараптар арасында шарттардан немесе олармен байланысты туындайтын барлық дауларды Тараптар келіссөздер арқылы шешетін болады. Егер Тараптар келіссөздер барысында келісімге қол жеткізбесе, даулар Банктің қалауы бойынша, Банктің немесе оның филиалының орналасқан жеріндегі сотта қаралуы тиіс.
***
Достарыңызбен бөлісу: |