Бір рет Оңтайлы төлемді төлеу арқылы;
Есептесу кезеңінде кемінде бір рет Клиенттің таңдауы бойынша Төлемді төлеу арқылы;
Ай сайын Ұсынылған төлемдер жасау арқылы;
Ай сайын Ең аз төлемдер жасау арқылы.
Есептесу кезеңіндегі Төлемнің сомасын Клиенттің таңдауы бойынша Клиент өзі белгілейді. Егер Ережелерде өзгеше көзделмесе, мұндай сома Ең аз төлем сомасына тең немесе одан аз болмауы тиіс.
Банк Есептесу кезеңіндегі Ұсынылған төлемнің сомасын банктік қызмет көрсету шартының қолданылу кезеңінде бір жыл ішінде толығымен пайдаланған кредит лимитінің өтелуіне негізделіп есептейді. Клиентке Банк белгілеген Ұсынылған төлем мөлшері туралы хабарлау Шот-көшірмеде соманы көрсету арқылы немесе Банктің қалауы бойынша SMS-хабар жіберу арқылы немесе өзге де қашықтан байланысу арналары арқылы жүзеге асырылады. Қандай да бір Операциялар Артықшылықты блокқа қосылған жағдайда, бүкіл қосу кезеңінде Ұсынылған төлемнің мөлшері Оңтайлы төлемнің мөлшеріне тең болады және Шот-көшірмеде көрсетілмейді.
Банктік қызмет көрсету шартының қолданылуы кезеңінде Банк өз бетінше жүзеге асыратын Клиенттің кредиттік скорингінің нәтижелеріне байланысты Банк өз қалауы бойынша кредит лимитінің мөлшеріне немесе Берешек сомасына негізделіп, Есептесу кезеңіндегі Ең аз төлем сомасын есептейді, ол кредит лимитінің мөлшерінің 50%-нан аспайды (Соңғы шот-көшірмені берген жағдайларды қоспағанда). Банк белгілеген Ең аз төлемнің мөлшері туралы Клиентке хабарлау Шот-көшірмеде соманы көрсету арқылы, сондай-ақ, Банктің қалауы бойынша SMS-хабар жіберу арқылы немесе өзге де қашықтан байланысу арналары арқылы жүзеге асырылады.
Банктік қызмет көрсету шартының қолданысы кезеңінде Шот-көшірмедегі Ең аз төлемді төлеу күні ретінде көрсетілген мерзімде Ең аз төлемді төлеу міндеттемесін орындамау Клиенттің банк заемы шарты бойынша міндеттемелерін бұзғаны болып табылады, бұл кезде:
-
Нәтижелері бойынша Шот-көшірме жасалған Есептесу кезеңінен кейінгі Есептесу кезеңінде Ең аз төлемнің мөлшері мен Клиенттің Шотқа салған ақшасының нақты сомасының арасындағы айырма Ең аз төлемнің төленбеген бөлігі ретінде белгіленеді. Клиенттің салған ақшасының нақты сомасы дегеніміз – Нәтижелері бойынша Шот-көшірме жасалған Есептесу кезеңінен кейінгі Есептесу кезеңінде Шоттарға түскен бүкіл сома, сондай-ақ жоғарыда аталған Есептесу кезеңінің (ол болған кезде) басында Шоттардағы ақшаның қалдығы;
-
Ең аз төлемдерді төлемегені үшін немесе уақтылы төлемегені үшін Банк банк заемы шартына сәйкес өсімпұл төлеуін талап етуге құқылы.
Овердрафт болған кезде және/немесе Клиенттің Ең аз төлемнің төленбеген бөлігі болған кезде, келесі Ең аз төлем Банктің қалауы бойынша Овердрафт сомасына және/немесе Ең аз төлемнің төленбеген бөлігіне көбейтіледі.
Клиент қатарынан екі Есептесу кезеңінен артық Ең аз төлем төлеу міндеттемелерін орындамаған жағдайда, сондай-ақ Клиент міндеттемелерін тиісінше орындамаған өзге де жағдайларда Банк қандай да бір хабарлама жолдамай, Оңтайлы төлемнің мерзімін кейінге қалдыру қызметін көрсетуді тоқтатуға құқылы.
Клиенттің жинақ шотын ашу және жүргізу қызметін көрсетудің аясында Банк Клиентке жинақ шотын ашып, жүргізеді және ол бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ережелерде көзделген операцияларды жүзеге асырады. Жинақ шоты бойынша көрсетілген қызметтің ақысы жасалған операцияларға байланысты Банктің Тарифтеріне сай шот бойынша төленеді. Қызмет көрсету аясында жинақ шот пен салым шартының талаптарына сәйкес талап еткенге дейінгі мөлшерлеме бойынша салымды пайдаланғаны үшін төленетін сыйақыларды есептеу үшін Банк заемға қызмет көрсету шотындағы Оң қалдықты Клиенттің жинақ шотына аударады. Оң қалдықтың ақшасына карт-шотқа ақшаны автоматты түрде аудару арқылы қол жеткізіледі. Операциялардың бөлігі Артықшылықты блокқа қосылған жағдайда, Ең аз төлем мөлшеріндегі сома банктік қызмет көрсету шотына аударылады.
Клиент Кредитті банк заемы шартына сәйкес мақсатына сай пайдаланбауына жол берген жағдайда, Клиент Кредитті мақсатына сай пайдаланбағаны үшін комиссия төлеуге міндетті, ол шотта осындай операция көрсетілген күні Өтініште көрсетілген мөлшерде шотта көрсетілген операция сомасынан өндіріп алынады.
Банк валюталық жинақ шоттарын және валюталық шоттарды ашу туралы Клиенттің офертін акцептеген жағдайда, Мультивалюталық қызмет көрсетудің аясында Банк Клиентке валюталық шоттарды және валюталық жинақ шоттарды ашып, жүргізеді және ол бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ережелерде көзделген операцияларды жүзеге асырады. Мультивалюталық қызмет көрсету ақысы жүргізілген операцияларға байланысты Банктің Тарифтеріне сай төленеді.
Банк Мультивалюталық қызмет көрсету қызметін іске қосу тәртібін, сондай-ақ мультивалюталық қызмет көрсету ережелерін белгілеп, www.kaspibank.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурста жариялау арқылы Клиенттің назарына жеткізеді.
Клиент осы Ережелерде көзделген шарттар бойынша міндеттемелерін тиісінше орындамаған жағдайда немесе Клиенттің растамалары мен кепілдіктері шынайы болмаған жағдайда, немесе Клиенттің Өтініште не Сауалнамада шынайы емес ақпаратты бергені анықталған жағдайда, Банк банктік қызмет көрсету шартын бұзуға құқылы. Банк Клиентке тиісті жазбаша хабарлама немесе Телефон нөмірі бойынша SMS-хабар жіберу арқылы банктік қызмет көрсету шартын бұзу туралы хабарлайды.
Клиенттің бастамасы бойынша банктік қызмет көрсету шартын мерзімінен бұрын бұзған жағдайда, Клиент мерзімінен бұрын бұзатын күнге дейінгі ай үшін банктік қызмет көрсету шарты бойынша төленетін ақы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті.
Банктік қызмет көрсету шартын бұзу мынаған әкеп соқтырады:
-
Жеке қаржы менеджері қызметінің тоқтатылуы;
-
Электрондық банктік қызметтің тоқтатылуы;
-
Берешекті өтеу бойынша төлем жасау мерзімін кейінге қалдыру кезеңінің тоқтатылуы және Клиенттің таңдауы бойынша қарызды Төлемдермен, Ұсынылған төлемдермен, Ең аз төлемдермен өтеу құқығын тоқтатып, Оңтайлы төлемді өтеу мерзімін кейінге қалдырудың тоқтатылуы;
-
Жинақ шотын жауып және шоттағы ақшаны (ол болған кезде) карт-шотқа немесе банктік қызмет көрсету шотына аударып, жинақ шот пен салым шартының қолданысын тоқтату;
-
Салымды пайдаланғаны үшін Оң қалдық сомасына сыйақылардың есептелуін тоқтату;
-
Мультивалюталық қызмет көрсету қызметін тоқтату;
-
Шоттарды жауып және теңгеге айырбастағаннан кейін ақшаны (ол болған кезде) шоттан карт-шотқа немесе банктік қызмет көрсету шотына аударып, валюталық шоттар шарттарын және валюталық жинақ шоттар шарттарын тоқтату;
-
Кейіннен Шоттардың қалғанын жауып, Шоттардағы ақшаның барлығын карт-шотқа немесе банктік қызмет көрсету шотына аудару.
Банктік қызмет көрсету шарттарының қолданысын тоқтатқан жағдайда, соның ішінде бұзуға байланысты қолданысын тоқтатқан жағдайда, Клиент банктік қызмет көрсету шартының қолданысы тоқтатылған Есептесу кезеңі аяқталатын күннен кешіктірмей Банкке Оңтайлы төлемді төлеу арқылы Соңғы шот-көшірмеге сәйкес Берешекті өтеуге міндетті.
Банк банктік қызмет көрсету шартының талаптарын өзгертуге, соның ішінде шарттың аясында жаңа қызмет түрлерін енгізуге құқылы, бұл кезде:
-
Жаңадан енгізілген ақылы қызмет осы Ережелердің 4.27.-тармағында көрсетілген тәртіппен көрсетіледі;
-
Жаңадан енгізілген ақысыз қызмет Банк көрсеткен күннен бастап көрсетіледі, бұл кезде Банк өз қалауы бойынша кез келген тәсілмен Клиентке хабарлайды.
Банк пен Клиенттің арасында тиісті шарттарды жасасқан сәтте осы Ережелерде, Банктің Тарифтерінде көзделмеген жаңа қосымша ақылы қызмет түрлерін Банк Клиентке ұсынуға және осындай қызмет түрлеріне Банктің Тариф мөлшерлемелерін белгілеуге құқылы. Бұл жағдайда Банк www.kaspibank.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурста осындай қызмет түрлерін көрсету талаптарын орналастырып, қашықтан байланысу арналары арқылы Клиентке қосымша қызмет түрлерін көрсету (қосылу) ұсынысы туралы хабарлама жібереді. Клиент қызметті алу бойынша әрекеттер жасау, ақпаратты сұрату, т.б. сияқты жарияланған қосымша қызмет түрлерін көрсету талаптарында көзделген конклюденттік әрекеттер жасаған жағдайда, Банк ұсынысының талаптарында көзделген, Шот-көшірмедегі (қызметті қосу) әдістермен Клиентке қосымша қызмет көрсетілетін (қосылатын) болады.
-
Сервис-пакеттегі қызмет түрлерін көрсету шарты
-
Сервис-пакеттегі қызмет түрлерін көрсету шартына сәйкес Банк Клиентке осы шартта көзделген жеке қызмет түрлерін, сондай-ақ Банктің қалауы бойынша өзге де қызмет түрлерін көрсетеді, ал Клиент оларды көрсету талаптарын бұзбауға міндеттенеді. Сервис-пакет қызметтері Клиентке банктік қызмет көрсету шарты қолданылатын кезеңде көрсетіледі. Сервис-пакет қызметтерін пайдаланғаны үшін Клиенттен ақы алынбайды. Клиентке хабарламаның Телефон нөмірі бойынша SMS-хабар арқылы немесе қашықтан байланысу арналары арқылы жіберілуі немесе Клиенттің жеке өзіне берілуі сервис-пакет қызметтерін көрсету шартын жасасқаны туралы Клиенттің офертасының акцепті болып табылады.
-
Банк www.kaspibank.kz мекенжайы бойынша Банктің интернет-ресурсында тиісті ақпаратты орналастыру арқылы немесе өзге де қашықтан байланысу арналары арқылы, соның ішінде Клиентке кейбір талаптары туралы қысқаша SMS-хабар жіберіп, сервис-пакет қызметтерін көрсету талаптарын Клиенттің назарына жеткізеді.
-
Банк кез келген уақытта сервис-пакет қызметтерін көрсетуді тоқтата тұруға немесе қызметтің тегін көрсетілуі талабын қоспағанда, оның талаптарын өзгертуге құқылы.
-
Сервис-пакеттің қызметіне мыналар жатады:
-
Банк белгілейтін талаптармен Клиенттің Банк пен үшінші тұлғалардың бірлескен бағдарламаларына қатысуын қамтамасыз ету;
-
Кредит лимитінің жаңартылуын қамтамасыз ету;
-
Банк белгілейтін талаптармен теңгедегі және шетел валютасындағы салымдар бойынша қосымша төлемдерді есептеу;
-
Промо-кезең, грэйс-кезең, жеңілдік кезеңін беру;
-
Заем Операцияларының бөлігін Артықшылықты блокқа қосу;
-
Кредит бойынша сыйақыларды капиталдандыру;
-
Ең аз төлемнің мөлшерін азайту;
-
Қосымша Шот-көшірмені қоспағанда, Шот-көшірмені беру;
-
Банк осы Ережелерге сәйкес белгілейтін талаптармен Банктің қалауы бойынша өзге де қызмет түрлері.
-
Клиент осы Ережелерге сәйкес міндеттемелерді тиісінше орындаған жағдайда, сервис-пакет шартының қолданылуы кезеңінде Банк Артықшылықты блокқа қосылған Операциялар сомасын шегеріп, кредит лимитінің жаңартылуын қамтамасыз етеді және бұл Кредит лимитінің Қолжетімді қалдығы негізгі қарыздың өтелген бөлігінің сомасына көбейтілетінін білдіреді.
-
Банк заемы шарты бойынша және банктік қызмет көрсету шарты бойынша сервис-пакет қызметтерін көрсету шартының аясында Банктің қалауы бойынша промо-кезең, жеңілдік кезеңі немесе грэйс-кезең белгіленуі мүмкін, олардың талаптарын Банк белгілейді және www.kaspibank.kz мекенжайы бойынша Банктің интернет-ресурсында тиісті ақпаратты орналастыру арқылы немесе Клиентке SMS-хабар жіберу арқылы немесе өзге де қашықтан байланысу арналары арқылы Клиенттің назарына жеткізеді.
-
Банк өз қалауы бойынша, Клиенттің тиісті өтінішінің негізінде, соның ішінде қашықтан байланысу арналары арқылы берілген өтініштердің негізінде заем Операцияларының бөлігін Артықшылықты блокқа қосады. Артықшылықты блокқа қосылған Операцияларға мынадай бір немесе бірнеше негізгі артықшылықтар қолданылады:
-
Сыйақы мөлшерлемесін азайту;
-
Осы Ережелерге сәйкес қандай да бір комиссия мөлшерлемесін немесе ақыны азайту;
-
Қосымша жаднамамен бірге төлемдер кестесін беру;
-
Артықшылықты блокқа қосылған нақты бір заем Операциясынан туындаған Берешектің бөлігін өтеу үшін Клиенттің қалауы бойынша Төлем жасау мүмкіндігі;
-
Қаржыландырудың ең ұзақ мерзімін тиісті түрде көбейте отырып, осы Ережелердің 4.14.-тармағында белгіленген Ең аз төлемнің мөлшерін кемінде бір пайызға азайту.
-
Артықшылықты блокқа қосылған Операцияларға мынадай бір немесе бірнеше шектеулер қолданылады:
-
Төлем Клиенттің таңдауы бойынша үш Ең аз төлем сомасынан (егер Банк одан өзге, азырақ сомасын белгілемесе) кем болмауы тиіс және Клиенттің Банк белгілеген нысан бойынша Берешекті өтеу туралы жазбаша өтінішін беруі арқылы жүзеге асырылады;
-
Кредит желісінің жаңартылатын бөлігінің мөлшері Артықшылықты блокқа қосылған Операциялардың сомасына азайтылады;
-
Банк белгілеген заем Операцияларының жеке түрлерін Артықшылықты блокқа қосу Кредитке сатып алынған тауарларды немесе кепіл шарттарына сәйкес кез келген өзге мүлікті Банкке кепілге бергеннен кейін, сондай-ақ кепіл затын сақтандырғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
-
Артықшылықты блокқа қосылған нақты заем Операциясынан туындаған Берешектің бөлігін өтеу үшін Клиенттің таңдауы бойынша Төлем Операцияны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін Клиенттің тиісті жазбаша өтінішінің негізінде жүзеге асырылады. Бұл жағдайда Клиент ағымдағы Есептесу кезеңі аяқталатын күннен кешіктірмей Клиенттің таңдауы бойынша жасалған Төлемді есепке ала отырып, қайта саналған ағымдағы Есептесу кезеңі үшін Ең аз төлемді төлеуге міндетті.
-
Артықшылықты блокқа Операцияларды қосу жаңартылатын Кредит лимитінің есебінен немесе Банктің қалауы бойынша қосымша жаңартылмайтын Кредит лимитін беру арқылы толығымен немесе ішінара жүзеге асырыла алады.
-
Заем Операцияларын Артықшылықты блокқа қосқан кезде Клиент Call Center-ге өтініш білдірмей-ақ, Банк Карточканы Іске қоса алады.
-
Артықшылықты блокқа қосылған Операциялар болған кезде карт-шотқа түскен, Берешекті толық өтеуге жеткіліксіз ақша Берешекті өтеу үшін мына тәртіппен бөлінеді:
-
Ең аз төлем мөлшеріндегі сома банктік қызмет көрсету шотына аударылады және ағымдағы Есептесу кезеңінің соңында Берешекті өтеуге есептен шығарылады;
-
Қалдық сома Артықшылықты блокқа қосылмаған заем Операциялары бойынша Берешекті мерзімінен бұрын өтеуге жіберіледі. Артықшылықты блокқа қосылмаған Операциялар бойынша Берешек болмағанда, қалдық сомасы банктің қызмет көрсету шотына аударылады және әрбір келесі Есептесу кезеңінің соңында Ең аз төлем сомасында Берешекті өтеуге есептен шығарылады.
-
Артықшылықты блокқа қосылған Операциялар болған кезде Берешекті толық өтеуге жеткіліксіз сомадағы карт-шотқа түскен, бірақ әр келесі Есептесу кезеңінің соңындағы Ең аз төлем сомасынан аспайтын ақша Клиенттің банктік қызмет көрсету шотына аударылып, Берешекті өтеу үшін есептен шығарылады, бірақ әрбір келесі Есептесу кезеңінің соңындағы Ең аз төлем сомасынан көп болмайды.
-
Банк жеке Операциялар бойынша Берешекті өтеу үшін пайдалана алатын Қамсыздандыру жарнасының берілуін талап етуге құқылы.
-
Қамсыздандыру жарнасы Банк белгілейтін және www.kaspibank.kz мекенжайы бойынша Банктің интернет-ресурсында жарияланатын тәртіппен және талаптармен беріледі.
-
Банк Ең аз төлем мөлшерін азайтқан жағдайда, Ең ұзақ қаржыландыру мерзімі Ең аз төлем мөлшерінің азаюына сәйкес көбейтіледі және Берешекті өтеу осы Ережелерде көзделген тәртіпке сай Банк Клиентке жіберетін Шот-көшірмеге сәйкес жүзеге асырылады.
-
Банк Операциялардың жеке түрлерін Артықшылықты блокқа қосу талаптарын белгілейді және бұқаралық ақпарат құралдарында, соның ішінде www.kaspibank.kz мекенжайы бойынша Банктің интернет-ресурсында жариялайды.
-
Банк www.kaspibank.kz мекенжайы бойынша Банктің интернет-ресурсында тиісті ақпаратты орналастыру арқылы, Клиентке SMS-хабар жіберу арқылы немесе өзге де қашықтан байланысу арналарының көмегімен хабарлама жіберу арқылы Банк белгілейтін талаптармен Клиентке салымдарды пайдаланғаны үшін салымдар бойынша қосымша төлем жасауға құқылы.
-
Банк осы Ережелерде белгіленген тәртіппен Клиентке қосымша төлемді есептеу және аудару талаптарын өз бетінше белгілеуге және өзгертуге құқылы.
-
Шот-көшірме беру қызметін көрсету аясында Банк осы Ережелерге сәйкес қашықтан байланысу арналары арқылы Клиентке ай сайын Шот-көшірме жібереді. Есептесу кезеңінде Операциялар мен Берешек болмаған жағдайда, сондай-ақ Артықшылықты блокқа қосылмаған заем Операциялары бойынша Берешек болмаған жағдайда, Шот-көшірме жолданбайды.
-
Шот-көшірменің ақпараттық сипаты бар және оған мынадай ақпарат кіреді:
-
Есептесу кезеңіндегі Шотта көрсетілген барлық Операциялар;
-
Есептесу кезеңінің басындағы және соңындағы Кредит лимитінің қолжетімді қалдығы;
-
Есептесу кезеңі аяқталатын күндегі Берешектің мөлшеріне және осы Ережелерге сәйкес жасалған шарттардың талаптарына негізделген, келесі Есептесу кезеңі аяқталған күндегі есептеп шығарылған Сыйақы, өсімпұл, айыппұл ескерілгендегі Берешек сомасы;
-
Ұсынылған төлем және/немесе Ең аз төлем сомасы және оны төлеу күні (банктік қызмет көрсету шартының қолданылу кезеңінде);
-
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де ақпарат, сондай-ақ Банк Клиенттің назарына жеткізуді қажет деп санайтын ақпарат.
-
Шот-көшірмені берген күннен кейінгі Есептесу кезеңінде Клиент қандай да бір Операциялар жасаған жағдайда, бұрын берілген Шот-көшірмеде көрсетілген Оңтайлы төлем мөлшері Тараптардың арасындағы қатынастарға қолданылмайды және жасалған Операцияларға, есептелген Сыйақыларға және осы Ережелерге сәйкес өзге де төлемдерге тең қайта саналады. Бұл жағдайда да Берешек осы Есептесу кезеңі аяқталатын күннен кешіктірмей өтелуі тиіс.
-
Есептесу кезеңінің соңындағы Шот-көшірмеде көрсетілген Берешек сомасына негізгі қарыз сомасы, есептелген Сыйақылар, Овердрафт (ол болған кезде), соның ішінде Шоттардан есептен шығарылған төлемдердің, комиссиялардың және Сыйақы сомасы кіреді.
-
Соңғы Шот-көшірме:
-
Клиентке Берешекті толығымен мерзімінен бұрын өтеу туралы талапты жіберген кезде;
-
Банктік қызмет көрсету шартының қолданысы тоқтатылған кезде;
-
Берешектің толығымен мерзімінен бұрын өтелуі жоспарлануына байланысты Клиенттің талап етуі бойынша жіберіледі.
-
Клиент Соңғы Шот-көшірмеде көрсетілген Берешегін Соңғы Шот-көшірмеде көрсетілген мерзім аяқталатын күннен кешіктірмей толық көлемде төлеуі тиіс және ол мынадай сомадан тұрады:
-
Соңғы Шот-көшірмені берген күнгі жағдай бойынша Негізгі қарыз және Овердрафт;
-
Сыйақы, Соңғы Шот-көшірме берілген күннен кейінгі күннен бастап Соңғы Шот-көшірмеде көрсетілген осы Шотты төлеу күнін қоса алғанға дейін есептелген Овердрафт (ол болған кезде) үшін комиссия. Клиент Берешегін Соңғы Шот-көшірмені төлейтін күнге дейін өтеген кезде, Берешектің мөлшері тиісті түрде түзетілуі тиіс;
-
Клиент төлеуге тиіс, Шоттардан есептен шығарылмаған төлемдер, комиссиялар және өзге де төлемдер сомасы (олар болған кезде).
-
Банк Клиентке Соңғы Шот-көшірмені берген күннен кейін Банк Соңғы Шот-көшірмеде көрсетілген Берешектің көбеюіне әкеп соқтырған оқиғалар мен фактілер туралы мәліметтерді алған жағдайда (соның ішінде Банк Төлем жүйесінен Шоттағы ақша жеткіліксіз болған кезде Карточканы, қосымша Карточкаларды пайдаланып шығыс Операцияларының жасалуын растайтын есептесу құжаттарын алған жағдайда), Банк Клиентке жоғарыда аталған Соңғы Шот-көшірмені берген күннен бастап қырық бес күнтізбелік күн ішінде Клиентке Берешектің жаңа мөлшері есепке алынған, түзетілген Соңғы Шот-көшірмені беруге құқылы, ал Клиент осындай түзетілген Соңғы Шот-көшірмеде (Банк бұрын берген Соңғы Шот-көшірменің негізінде Клиент төлеп қойған соманы есепке алатын) белгіленген мөлшерде және мерзімде Берешекті төлеуге міндетті.
-
Кредит бойынша жеңілдік кезеңі және/немесе грэйс-кезең белгіленген жағдайда, Клиентке Соңғы Шот-көшірмені берген кезде жеңілдік кезеңі және/немесе грэйс-кезең алынып тасталады. Жеңілдік кезеңі Соңғы Шот-көшірме берілген Есептесу кезеңіне дейінгі Есептесу кезеңінде Шоттарда көрсетілген Операцияларға қолданылмайды.
-
Банк Соңғы Шот-көшірмені берген жағдайда Клиент осы Ережелерде белгіленген тәртіппен және мерзімде Берешекті өтеуге міндетті, ал түзетілген Соңғы Шот-көшірме берілген кезде осындай түзетілген Соңғы Шот-көшірмеде белгіленген мерзімде және мөлшерде Берешекті өтеуге міндетті.
-
Банк Клиентке берген Соңғы Шот-көшірменің негізінде Берешекті өтеу Клиенттің Шоттарға Берешекті толығымен өтеуге жеткілікті болатын мөлшерде ақша орналастыруы арқылы жүзеге асырылады.
-
Банк Клиенттің сұратуы бойынша жасайтын кез келген Есептесу кезеңінің қосымша Шот-көшірмелері, Шот-көшірменің дубликаты Банктің Тарифтеріне сай осындай қызметтің ақысы төленген жағдайда беріледі.
-
Банктік қызмет көрсетудің тоқтатылуы сервис-пакет қызметін көрсету шартының қолданысын тоқтатуға әкеп соқтырады.
-
Сервис-пакет қызметтерін көрсету шарты қолданысының тоқтатылуы Банктің шартта көзделген қызмет көрсетуінің тоқтатылуына, сондай-ақ:
-
Кредит желісінің жаңартылуының тоқтатылуына;
-
Промо-кезеңнің, грэйс-кезеңнің немесе жеңілдік кезеңінің мерзімі аяқталмаса, осы кезеңдердің алынып тасталуына, сондай-ақ промо-кезеңнің, грэйс-кезеңнің немесе жеңілдік кезеңінің бүкіл мерзіміндегі Сыйақылардың және өзге де төлемдер мен комиссиялардың есептелуіне;
-
Артықшылықты блоктағы барлық Операциялар үшін артықшылықтардың тоқтатылуына әкеп соқтырады.
-
Клиенттің банктік шоттарын ашу, жүргізу, қызмет көрсету және жабудың
жалпы талаптары
-
Осы Ережелерде көзделген шоттарды ашу туралы шарттарға сәйкес Банк Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ережелерде көзделген тәртіппен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес мақсаттармен Клиенттің теңгедегі банктік шоттарын ашады, жүргізеді (қызмет көрсетеді) және жабады.
-
Клиенттің банктік ағымдағы шоттарын ашудың, жүргізудің, қызмет көрсетудің және жабудың жалпы талаптары, Банк пен Клиенттің құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ тараптардың арасындағы өзге де құқықтық қатынастар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған “Kaspi Bank” АҚ-да жеке тұлғалардың банктік ағымдағы шоттарын ашудың, жүргізудің және жабудың Типтік (үлгілі) ережелермен (бұдан әрі – Типтік ережелер) реттеледі, оларға Клиенттің Өтінішінде сілтеме жасалады. Типтік ережелер мен осы Ережелер мәтіндерінің арасында қайшылықтар туындаған кезде тараптардың арасындағы қатынастарға осы Ережелер қолданылады.
-
Банк Қазақстан Республикасының заңнамасында, Ережелерде, Типтік ережелерде көзделген Клиенттің Шоттары бойынша, сондай-ақ тауарлардың, жұмыстардың, қызметтің ақысын төлеуге берілген шоттар болған кезде, тиісті шарттарды көрсеткен кезде, Берешекті өтеу үшін ақшаны оны тікелей дебеттеу арқылы алумен Операциялар жүргізеді.
-
Клиент ақшасының есебін жүргізу мақсатында Банк әр Шотқа жеке сәйкестендіруші код береді, оны Клиенттің тиісті офертасын акцептеген кезде Клиентке хабарлайды.
-
Шоттар Клиент өз Өтінішінде көрсеткен валюталарда ашылады.
-
Шоттарға ақша:
-
Ақшаны Банк кассасы немесе автоматтандырылған касса арқылы төлегенде, оларды төлеген күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей;
-
Қолма-қол жасалмайтын аударым арқылы:
- егер мұндай аударым Банкте ашылмаған банктік шоттан жасалса – Банктің корреспонденттік шотына ақша түскен күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей;
- егер мұндай аударым Банкте ашылған банк шотынан жасалса – Банк пен Клиент арасында одан қысқа мерзім келісілмеген болса, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген мерзімде есепке алынады.
-
Банк:
-
Типтік ережелерде, осы Ережелерде және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда Клиенттің Шоттары бойынша Операцияларды жүргізуден бас тартуға;
-
Осы Ережелерде көзделген шарттар бойынша Банктің қолданыстағы Тарифтеріне сай Банктің комиссияларын төлеу үшін акцептсіз есептен шығару (Клиенттің қосымша келісімінсіз) арқылы және/немесе тікелей дебеттеу арқылы Клиенттің Шоттарынан ақшаны, сондай-ақ салым бойынша есептелген және төленген сыйақыны алуға;
-
Шоттар бойынша ақшаны қабылдауда (есепке алуда) қате жіберілгені туралы факт анықталған кезде, ақшаны қайтару үшін Шоттардан ақшаны, сондай-ақ салым бойынша есептелген және төленген сыйақыны тікелей дебеттеу арқылы және/немесе акцептсіз есептен шығару арқылы алуға;
-
Ережелердің аясында жасалған шарттар бойынша Берешек болған кезде акцептсіз тәртіппен және/немесе тікелей дебеттеу арқылы Клиенттің Шоттарындағы ақшаны, сондай-ақ салым бойынша есептелген және төленген сыйақыны алуға;
-
Осы Ережелерде, Типтік ережелерде және/немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда Клиенттің шотын жабуға құқылы.
-
Операциялар Шотындағы операция Шоттың валютасында көрсетіледі. Операция валютасы Шот валютасымен сәйкес келмеген жағдайда Банк Операция сомасын Банктің ішкі құжаттарына және Төлем жүйесінің ережелеріне сәйкес Шоттың валютасына айырбастайды. Банк айырбастау операцияларын жүргізгені үшін Банк Тарифтеріне және Шартқа сәйкес комиссия алынады.
-
Клиент ақшаны басқа банктерден, кредиттік ұйымдардан немесе пошталық байланыс бөлімшелерінен қолма-қол жасалмайтын тәртіппен аударған жағдайда, Банктің кінәсінсіз бұл ақшаның Шотқа түсуі кешіктірілумен байланысты қауіптерді Клиент көтереді. Клиент Өтінішке қол қоя отырып, Банктің ақшаның басқа ұйымдардан түсу мерзімін бақылауға немесе реттеуге немесе ақшаны аударғаны үшін ұсталатын комиссиялардың мөлшеріне әсер етуге мүмкіндігі жоқ екенімен келіседі.
-
Кіру кодын, ДСЖК және ЖСН-ды құпияда сақтау үшін Клиент жауап береді.
-
Клиент Банкке Банк талап ететін және/немесе Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген, соның ішінде
Достарыңызбен бөлісу: |