Катонқарағай ауданының 2010 жылдың 1 сәуірдегі әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары туралы ақпарат



Дата29.02.2016
өлшемі45.17 Kb.
#32076


Катонқарағай ауданының 2010 жылдың 1 сәуірдегі

әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары туралы ақпарат
Ауданның 2010 жылдың 1 сәуірдегі әлеуметтік-экономикалық дамуының талдау қорытындылары аудан экономикасының барлық салаларының тұрақты өсуін көрсетті.

Ауыл шаруашылығы.

2010 жылдың 1 тоқсанында ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 1100,8 млн. теңгені немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 108,9 пайызды құрады.

2010 жылдың 1-ші сәуріне 2466,4 тонна ет (102,4%), 7760,5 тонна сүт (101,2%), 954 мың дана жұмыртқа (100,8%) өндірілді.

Ауданда ірі-қара мал басы – 42778 немесе 2009 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,8%, жылқы - 19751 бас (104,6%), қой мен ешкі – 105578 бас (103,1%), шошқа – 5240, құс 72191, марал мен теңбіл бұғы 5913 басты құрады.



Өнеркәсіп.

Өнеркәсіп өнімдерінің мөлшері 2010 жылдың 1-ші сәуріне 303 млн. 075 мың теңгені құрады, немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 105,5 %.



Бюджет.

Бюджетке түскен жалпы түсімдер 615,782 млн. теңгені құрады немесе болжамның 101,6%. Ауданның бюджетіне салықтар мен басқа төлемдер 73,470 млн. теңге көлемінде түсті, немесе болжамның 114,8%.

Бюджеттің шығыс бөлігі 553,532 млн. теңгеге орындалды, немесе қаржылардың игерілуі 90,8% құрады. Себебі, төтенше жағдайлар бойынша берілген 76520 мың теңге көлеміндегі қаражат 20 наурызда түсуіне байланысты, оның 30 пайызы ғана игерілді.

Шағын кәсіпкерлік.

Ауданда 2232 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген. Шағын бизнес саласында 4586 адам жұмыспен қамтылған. Алдын ала мәліметке сәйкес, 2009 жылдың 1-ші тоқсанында шағын және орта бизнес субъектілерінен бюджетке 19,2 млн. теңгенің түсімдері түсті, немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,2 пайызға өсті.


Құрылыс.

2010 жылдың 1 сәуіріндегі жеке құрылыс салушылардың есебінен жалпы аумағы 336 шаршы метрге тең 5 тұрғын үй пайдалануға берілді, немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 12 пайызға өсті.

Ағымдағы жылдың есеп беру кезеңінде 75,1 млн. теңгенің инвестициясы ауданға тартылып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 165,4 пайызды құрады.

Автомобиль жолдары және көлік

Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының ағымдағы жөндеу жұмыстарына және оларды ұстап тұруға биылғы жылы 88 млн. 985 мың теңге бөлінді, оның 2010 жылдың 1 сәуіріне 22 млн. 974 мың теңгесі игерілді.



Тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық

«Ауыз су» өңірлік бағдарламасын жүзеге асыру барысында 2010 жылы аудандық бюджеттен Үлкен Нарын ауылындағы су жүйесін күрделі жөндеу жұмыстарын жалғастыру үшін қосымша 17 млн. 361 мың теңге, қолданыстағы су жүйелерін күтіп, ұстауға 4,5 млн. теңге, Өрел ауылының су қорының деңгейін анықтау үшін мониторинг жүргізуге 2 млн. теңге бөлінді.

Сонымен қатар республикалық бюджет есебінен Малонарым және Новоберезовка ауылдарындағы су жүйелерін жаңғырту үшін 100 млн. теңге қаражат бөлінді.

2010 жылдың 1-ші сәуіріне 1,9 мың тонна көлемінде әр түрлі жүктер тасымалданып, жүк айналымы 202 мың тонна/км-ді құрады.



Еңбек нарығы және әлеуметтік қорғау.

2010 жылдың 1 сәуіріне тіркелген жұмыссыздар саны 145 адамды құрады.

Ағымдағы жылдың 3 айында ауданда 193 жаңа жұмыс орны ашылды. Ағымдағы кезеңде ақылы қоғамдық жұмыстарға 94 жұмыссыз жіберілді.

Аз қамтылған азаматтардың саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,3% азайып, 2002 адамды құрады.

Есептік кезеңде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – 5 млн. 650 теңге көлемінде, тұрғын-үй көмегі – 1 млн. 100 мың теңге көлемінде, балалар жәрдемақысына 6 млн. 803 мың теңге көлемінде төленді.

«Жол картасы» бағдарламасына сәйкес, ағымдағы жылы біздің ауданымыз үшін 234 млн. 591 мың теңге бөлінді, оның ішінде республикалық бюджет есебінен – 148 млн. 116 мың теңге аудандық бюджет есебінен – 76 млн. 518 мың теңге, облыстық бюджет есебінен қаржыландырылатын мекемелер бойынша – 9 млн. 957 мың теңге қарастырылды.

«Жол картасына» сәйкес, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер бойынша жоспарланған 8 ашық конкурстың барлығы өткізіліп, жеңімпаздары анықталып, келісім-шарттары жасалды.

4 баға ұсынымы бойынша конкурстардың 4-уі де (Печи, Белқарағай, Аққайнар ауылдық клубтары, Бесүй бастауыш мектебі) 2 рет жариялаған кезде, қорытындысы анықталмауына байланысты, бір көзден өткізіліп, келісім шарттары жасалды.

Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер бойынша:

- №22 кәсіптік лицейде баға ұсынымдары бойынша конкурс 2 рет өтпей қалуына байланысты, мердігер бір көзден анықталып, 2010 жылдың 15 сәуірінде келісім шарт жасалды.

Әкімшісі - білім басқармасы.

- №1 медбірлестік бойынша конкурс өткізілді, келісім шарт жасалуда. Әкімшісі – денсаулық сақтау басқармасы.


Білім беру.

Ауданда 54 жалпы білім беретін мектеп, 3 мектеп жанындағы интернат, 5 мектепке дейінгі мекеме, саз мектебі (БСМ), спорт мектебі (БЖСМ), коррекциялық түзету кабинеті және кәсіптік лицей-22 жұмыс істейді.

Осы жылы білім беру мекемелерін ұстау үшін 1428,7 млн. теңге бөлінді. 54 млн. 082 мың теңге білім беру объектілерінің материалдық - техникалық базасын нығайтуға, 78 млн. 272 мың теңге білім беру обьектілерінің күрделі жөңдеу жұмыстарына, 14 млн. 064 мың теңге оқулықтарды сатып алуға және жеткізуге бөлінді. Ағымдағы жылы жалпыға бірдей білім беру қорына 12 млн. 413 мың теңге жоспарланып 1 млн. 945 мың. теңгесі игерілді.

Денсаулық сақтау.

Аудан денсаулық сақтау жүйесімен толық қамтамасыз етілген – 2 емхана мекемелері (аудандық орталық аурухана және Катонқарағай ауылындағы аурухана), ауылдық аурухана, 3 алғашқы стоматологиялық медициналық көмек көрсету пункті, 6 отбасылық дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді. Алғашқы дәрігерлік көмекті тұрғындар үшін 41 медициналық пункттер көрсетеді.

2010 жылдың 1 сәуіріне 83 бала дүниеге келді. 116 адам қайтыс болды.

АҚТҚ - жұқпалы ауруының (адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы) алдын-алу бойынша барлық алдын-алу және емдік шаралар жоспарға сәйкес жүргізіледі. Ауданда АҚТҚ жұқпалы ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай бірқалыпты, қазіргі уақытта АҚТҚ жұқпалы ауруымен науқастанғандар жоқ.



Мәдениет және спорт.

Ауданда барлығы 39 мәдениет ошақтары, оның ішінде 23 клуб мекемелері, 16 кітапхана және О.Бөкейдің мұражай-үйі бар.

2 денешынықтыру-сауықтыру кешені, 26 спортзал жұмыс істейді.

2010 жылдың есепберу кезеңінде мәдениет мекемелерінде 4809 іс-шаралар өткізілді. Аудандық кітапханалар 10970 оқырмандарға қызмет жасады, оқырмандарға оқуға 60900 дана кітап берілді.



Құқықтық тәртіп.

Аудандағы қылмыстық жағдайдың талдауы 2010 жылдың 1 сәуіріне 18 қылмыс жасалған, басы ашылған қылмыс 100% құрады.


Экономика және бюджеттік

жоспарлау бөлімінің бастығы М. Нұрғалиев



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет