Тәуелді ауыспалы – психологиялық эксперименталды зерттеу пәні болып
табылады. Психологиялық экспериментте тәуелді ауыспалы түрінде мінез-құлық,
тұлғаның физиологиялық және эмоционалды реакциялары, басқа психологиялық
сипаттамалар, психологиялық құралдар арқылы тіркеуге болатын ӛзгерістерін атауға
болады.
Эксперименталды манипуляция әсерінен пайда болған тәуелді ауыспалыдағы
ӛзгерістерді эксперименталды эффект деп атауға болады.
Психологиялық эксперименттегі ӛлшеу әдісіне қарай тәуелді ауыспалының
тҥрлері:
1.
Тікелей бақыланатаны ТА – арнайы құралдарды талап етпейтін мінез-
құлықтағы вербалды және вербалды емес кӛріністер (жылау, іс-әрекеттен бас тарту).
2.
Физикалық ӛзгерісті талап ететін ТА – арнайы құрал-жабдық арқылы
ӛлшенетін психофизиологиялық реакциялар (артериалды қан қысымы, пульс).
3.
Психологиялық ӛлшеуді талап ететін ТА – арнайы психологиялық әдістер
арқылы ӛлшенетін психологиялық сипаттамалар (интеллект).
Психологиялық эксперименттегі тәуелді ауыспалының белгілер саны бойынша
типологиясы:
1.
Бір ӛлшемді ТА – мұнда экспериментте зерттелетін ӛзгерістер бір
параметрмен анықталады (сенсомоторлық реакцияның жылдамдығы).
2.
Кӛп ӛлшемді ТА – параметрлердің жиынтығы түрінде болатын құрама
сипаттағы ауыспалы (қателер саны, жазылған материалдың кӛлемі т.б.).
3.
Фундаменталды ТА – мұнда параметрлер аргумент түрінде болады және ТА
функция түрінде болады, кешенді сипаттағы ауыспалы болып табылады (мимиканың,
пантомимиканың функциясы ретіндегі агрессия).
Достарыңызбен бөлісу: |