Казахский государственный женский педагогический



бет3/16
Дата24.02.2016
өлшемі1.36 Mb.
#17822
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

ӘОК 930.2: 81134

қазақ тайпаларының XVII-XVIIІ ғасырЛАРдың АРАЛЫҒЫНдағы қалыптасу аймағы
Қабылшаев Қ.И. - т.ғ.к., доцент,

Бегімбаева Р.Х. - аға оқытушы (Алматы қ., ҚазМемҚызПИ)


Кез келген халықтың шығу тарихы күрделі және ұзақ процесс, нәтижесінде олардың белгілі бір аумағында жалпы халықтың тұрақты ортақ тілі, қатынастары пайда болады, және этникалық өзіндік саналары және атаулары, жалпы материалдық және әлеуметтік мәдениеті қалыптасады. Қазақ халқы негізінен, бұрынғы тайпалардан пайда болып, республиканың қазіргі аумағында тұрады. Этникалық процестердің түп төркіні қола дәуірінің Андрон мәдениеті деген кезеңінен басталады. Егер сол бұрынғы дәуір ескерткіштеріне көз жіберетін болсақ, онда керамикалық ыдыстардың өрнектерінің, қазіргі қазақтардың айшықты өнерімен салыстырып, көптеген ұқсастықты аңғарамыз. Ертедегі темір дәуірінде Қазақстан аумағында сақ тайпалары өмір сүрді.Олар: массагеттер, дайлар, исседондар және басқалары. Бұл заманға сай К.А.Акишевтің Есік қорғанынан тапқан жауынгердің алтыннан әшекейленген киімі жатады, ол аң стилінде жасалған, бұнда ертедегі сақ қолөнершілерінің жоғары дәрежедегі өнерінің /1/ қазақтардың қазіргі өнерінде кейбір элементтері қолданылған.

Көптеген оқымыстылар ертедегі темір және қола дәуірінің тұрғындарын сақтарды, үйсіндерді, кангюлерді үнді иран тайпаларымен еуропалықтарға жатқызады /2/. Осы уақыттан бастап түріктердің сақ, үйсін, кантуй тайпаларымен интенсивті байланысы жүріп және түрік тілі басымырақ бола бастайды /3/. Түрік қағанатының құрылуынан кейін бұдан Батыс түрік қағанатының бөлінуі (603 жылы) тайпалардың интеграциясының бірігуі мен тайпалық бірлестіктердің пайда болуына әкеліп соқтырды.

Батыс түрік қағанаты Қаратаудың шығыс жотасынан Жоңғарияға дейін қоныс тепті, енді олар “он тайпаны” құра бастайды (он ок будун) /7/. Бұл мемлекеттің астанасы Шу аңғарындағы Суяб қаласы болды. Феодалдық құрылыстар орныға бастады, Батыс түрік қағанатының құлауынан кейін (704 жылы) оның орнына Түргеш қағанаты (VII ғ.), Қарлұқтар мемелекеті (ІX, Х ғасыр), Оғыз мемелекеті (ІХ-ХІ ғ.ғ.) және басқалары құрылды.

Қазақтардың этногенезінде қимақтар мен қыпшақтар (VIIІ-ХІ ғ.ғ.) үлкен роль атқарды /4/. ХІ ғасырдың аяғында Ертістен Волгаға дейінгі аралығындағы Қазақстанның кең көлемді аумағын Қыпшақ тайпалары алып жатты және бұл Шығыс деректерінде Дешті-Қыпшақ деп аталады (Қыпшақ жері). ХІ ғасырдың ортасына таман Қыпшақтар оңтүстік орыс далаларында пайда бола бастады. Қазақтардың генетикалық құрылымында басқа да тайпалар үлкен роль атқарды, мысалы, наймандар мен және керейлер олар қазақ халқының қалыптасуындағы ірі компоненттерді құра бастады /5/. Түрік тайпаларының халықтарға бірігу процессі моңголдардың шабуылы кезеңінде жазыла бастады. Қазақстанның аумағы моңғолдардың үштік ұлысының құрамына кірді: маңызды бөлігі Жошы ұлысына, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс – Шағатай ұлысына, Жетісудың Солтүстік-Шығыс бөлігі – Үгедей ұлысының құрамына кірді.

Қазақ хандығының Шу өзені мен Талас аңғарында құрылуы қазақ халқының құрылуы мен оған туыстас тайпалардың бірігуінің бастамасы болды /6/. Қазақтардың этникалық территориясының қалыптасуы XVI-XVII ғасырлар аралығында жүзеге асты. Қазақтардың үш жүзі қалыптасты:

1) Ұлы жүз Жоңғар Алатауының тау беткейлерін алып жатты, Оңтүстігінде Балқаш көлінен және одан әрі Оңтүстік Шығысында Шу өзенінің сол жақ жағалауы мен сырдарияның жоғарғы ағысына дейінгі жерді алып жатты. Бұған мынадай тайпалар кірді: дулат, албан, жалайыр, шапырашты, суан, қаңлы, сіргелі, жанышқылы, ысты, ошақты, сары үйсін.

2) Орта жүз – Оңтүстік Тарбағатай жоталарынан Балқаш көлі – Сары су өзенінің жоғарғы ағысы – Қаратау тауларына дейін және Солтүстікте Оңтүстік Сібірге дейінгі аралықта қоныстанды. Бұған мынандай тайпалар кірді: арғын, найман, керей, қыпшақ, уақ және қоңырат.

3) Кіші жүз – Оңтүстік Сырдариядан Каспийдің Шығыс жағалауына дейін, Солтүстікте – Орал өзені, Тобыл, Енбі, Ырғызға дейінгі аралықты қамтыды. Кіші жүзге үш ірі тайпа кірді: Байұлы, Әлімұлы және Жетіру /7/.

Қазақтар үш жүзге бөлінсе де біртұтас мемлекеттік құрылыстары болмады, әрбір жүзде өздерінің хандары болды. Феодалдық билеуші топтар Шыңғысханның ұрпақтары болды. XVI-XVIIІ ғасырларда қазақ хандықтары бола бастады, олар сұлтандар тұқымынан болды, бірақ үкімет барлық қазақтарды біріктіре алмады. Қазақтардың рулас тайпа құрылысы Кеңестік кезеңге дейін сақталған.

Ұлы жүз қазақтары Жетісуда қыстап, жазда Алатау жоталары және Шу жағалаулары, Сырдарияның жоғарғы ағысында және басқа жерлерді иеленді. Шығыстағы қазақтар Ертістен Есіл далаларына дейін, кері Жайсан аңғарына дейін – Алтай таулары мен Тарбағатай аралықтарында көшіп қонып жүрді. Олар Ұлы жүзді құрайды.

Олар орта жүз тайпаларының ірі этнотерриториялық бірігуін құрады. Сырдария жағалауындағы қазақтар қауымдары Торғай, Ырғыздан Тобылға, Үстірттен Ұя өзенінен Обағанға дейін және одан әрі Орал, Елек, Есеті, Сақморы жағалауларындағы жайылымдарға көшіп қонып жүрді. Бұл тайпа топтары Кіші жүз құрамына кіреді /8/.

XVII ғасырдан бастап бөлінген мемлекеттер қазақ тайпаларының территория бөліктерін өздерінің пайдасына шешуге бағыттала бастады /9/. Қазан, Астрахань және Сібір хандықтары жойылғаннан кейін XVIIІ ғасырда орыс мемлекетінің шекарасы қазақ көшпенділерімен байланысты. Қазақстанның Шығыс шекараларында жоңғар патшалығының агрессиясы туа бастады /10/. Қазақтардың Орта Азиялық хандармен қарым-қатынастары бір-бірімен соғыс және олардың үздіксіз шабуылдарын тудырып отырды.

ХХ ғасырдың басында авторлар орыстардың жерді отарлауы туралы жазды, бұдан екі кезеңді аңғаруға болады: мұнда ерікті отарлаушылардың пайда болуы және олардың билеуші топтардың ізіне түсуі. Отарлаушы шаруалардың, қылмыскерлердің, сектанттардың (көпшіліктен қол үзген адам) пайда болуынан құрылды. Біздің Солтүстік Шығыс және Оңтүстік Орал жақсы жерлер болып саналады. XVI, XVII, XVIIІ ғасырларда бұл жерлерге мыңдаған адамдар ағылып келіп жатты /11/. Осындай жасақтардың (ежелгі ресей патшасының әскері және әскери қызметкерлері) бірден-бір басшысы Ермак болды. М.Қ. Қозыбаев Ермак жасақтарының басқыншылық жорықтарын деректерге сүйене отырып ашты. XVIIІ ғасырдың басында патша өкіметі өз саясатын Қазақстанда жүзеге асыра бастады. Отаршылдық екі бағытта дамыды: Қазақстанның Батыс бөлігі (Кіші жүзде) Солтүстік және Шығыста (Орта жүз). Барлық осы бөліктерде казак әскерлері бекініс жүйесін құра бастады. Бекіністерде редуттарда, Алабужинскі отрядынан Елек өзеніне дейін Оренбург казактары әскери қызметтерін атқарды. Бұл жүйенің құрамы Оренбург деп аталды, ал қалған бөлігі Орал казак әскерлерінен тұрды /12/. Оренбург линясынан Сібір казак әскерлерінің бекініс линиялары созылып жатты. ХІХ ғасырдың жетпісінші жылдары ол жөнінде Ф.Усов былай деп жазды: “Сибир казак тұрғындарының үзілместей шынжыры, Оренбург казак әскерлерінің шекарасынан басталып, Сібір поселкісі мен қоса батыстан шығысқа Омск қаласына дейін тікелей бағытталды. Солтүстік ендікте бұл Ишим, Пресногорьковский немесе Горький линиясы деп аталды. Сонымен қатар әскерлердің оң қанаты Омскіден Шығысқа географиялық ендіктегі алты градустағы ең үлкен өзенінің Оңтүстік жағалауына дейін созылып жатыр. Сібір әскеріндегі казак селоларының негізделуі ХVІІІ ғасырдан бастап тұтас ғасырға созылды. Ертістегі бекіністің құрылуында орыс әскерлері жан-жағындағы байырғы тұрғын халықтарынан қарсыласушылықты кездестіріп отырды.

Жоңғарлардың қазақтардан күштеп тартып алған жерлеріне бригадир Бухгольқтың 3 мың әскері орналастырылды. Кейін кешіректеу Семей, Өскемен бекіністері салынылды. Сібір линия аңғарларында көшпелі рулардың үлкен жер бөліктері тартыплып алынды. Ғасырлар бойғы көшпенділердің байырғы көші-қон жолы бұзылды.

Қазақ даласында жоңғарлардың пайда болуы ХVІІ ғасырдан басында басталды. 1621 жылы казак отрядтары Ишим өзеніне бағыт алды, қайтарында казактар көпшілік қалмақ іздері туралы хабарлады, олардың әртүрлі бағыттарда далаларда жүргендігін байқады /13/. 1623 жылы Мотвей Годунов Черкасовтың басшылығымен елшілігін жоңғар билеушісі Толаймен байланысты орнатуға жіберді. Черкасов Толайдың қазақ ордасының жерінде жүргендігі туралы жеткізеді. 1637 жылы орыс елшісі Тайшаға жіберілді, ол кері қайтар жолда Ертістен Железинка өзеніне дейін көптеген қалмақ және олардың ұлыстарының жүргендігі туралы хабарлайды. Қазақ жерлеріне жоңғарлар ене бастады. Әсіресе қазақтар үшін ХVІІІ ғасырдың басы қиын кезең болды. Ш.Валиханов былай деп жазды: ХVІІІ ғасырдың алғашқы он жылдығында қырғыз халқының өміріндегі қиын кезең болды. Жоңғарлар, Солтүстік қалмақтары, Жайық казактары және башкирлер олардың ұлыстарын тонады, малдарын айдап және қырғыздарды тұтас отбасыларымен тұтқынға алды. Қақаған қыста аштық жайлады, кедейшілік көбейе түсті. Жоңғарлар жағынан 1723 жылы әсіресе керемет қақтығыс болды, ол қазақтарды кедейшілікке әкеп соқтырды. Қазақтардың Ұлы және Орта жүздері Сырдарияның төменгі ағысында Тобыл өзенінде, казак линияларына жақын поселкілерде көшіп қонып жүрді /14/.

Осы жылдары Ресей Жоңғариямен әскери шиеленіске түсе алмады, ол әлі қазақ даласында жеткілікті орнықпаған еді. Осы жағдайларда қазақтардың тек бірігуі ғана Жоңғар шапқыншылығына қарсы тұра алу еді. Бірігу барысында қазақтардың үш жүзі арасынан халық батырлары шыға бастады: Бөгенбай батыр, Тайлақбай батыр, Наурызбай батыр және басқалар. Өзінің ақылдылығы, батырлығымен Қаракерей руынан Қабанбай батыр шықты. Ол Аягөз өзенінің маңында туды. Осы заманында ол тек 31 жаста ғана болды. Оны батырлығы үшін дарабоз, батырлардың батыры деп, ал Абылай хан батыр деп атады. Оның беделі өте жоғары болды. Қабанбай батыр туралы Ш.Валиханов өзінің еңбектерінде де еске түсіреді /15/.

Қазақтардың бірігуі нәтижесінде 1727 жылы Торғай даласының Оңтүстік-Шығыс бөлігінде жоңғарлар бірінші рет жеңіліске ұшырады. Бұл халықты одан әрі жігерлендірді. Бұл жер кейін Қалмақ қырылған деген атқа ие болды /16/. 1730 жылы қазақтар өздерінің меншікті жеріне кетуге мәжбүр болды. Жоңғарлар қазақ жерлерін басып алу үшін батысқа қарай жылжи түсті. ХVІІ ғасырдың соңында қазақ хандары мен Ресей патшаларының арасында әскери одақ құру туралы шарттар жүргізілді. Қазақтар өз елшілерін сауда қатынастарын бекітуге жіберіп тұрды және Ресейдің қол астына кіру туралы шартты ашу қажет болды.

ХVІІ ғасырдың басында қазақтарға жоңғар жағынан шапқыншылық әрекеттер басым бола түсті, осыған орай қазақ халқы Ресейдің қол астына кіруі қажет болды. Осы іс туралы кіші жүздің ханы Әбілқайыр хан 1730 жылы Императрица Анна Иановнаға хат жазды. ХVІІІ ғ. басында қазақ тайпалары Ұлытау, Кішітау, Сырдария, Сарысу, Торғай өзендері бойында және Қара Құмда көшіп жүрді. 1731 жылы 19 ақпанда қазақ халқының Ресейдің қол астына кіру күні болып саналады /17/. Тек қана орта жүздің қосылуы толық бір ғасырға созылды. Кейбір ұлыстар Ресейдің қарамағына кіруді қаламады. Ұлы жүз Ресейден алшақ жатты, ол 1818 жылы ғана Ресейдің қол астына кірді, ал кейбір тайпалар бұл актіге 1847-1848 жылдары кіре бастады. Алайда қазақтардың Ресейдің қол астына кіруімен жағдай өзгермеді. Әскери көмек көрсетілмеді. Өздерінің жерінен жоңғарларды қуып шығу қазақтардың өз мәселесі болып қала берді. Жоңғарлардың дамылсыз шабуылы да тоқтамады, жоңғарлар әлде де болса күштірек болды. Осындай жағдайларда Абылай сұлтан 1771 жылы хан болуға шақырылды /18/.

ХVІІІ ғасырдың ортасында қытайлықтар көшпелі қазақтардың Іле өзенінің Солтүстік-Батысы мен одан әрі бірте-бірте олардың көпшілігі Солтүстік-Шығысқа қарай жеткенін айтып көрсетеді. Ал, қазір де, ХVІІІ ғасырдың ортасында, Ертістің Солтүстік жағалауында да сол көшпенділер бар екендігін айтады /19/. Қазақтардың жоңғарлармен әскери қақтығыстары үздіксіз жеңістермен аяқталып отырған. Қазақ әскерлері Даваци әскерінен жеңіліп қалды, бірақ бірнеше айлар өткеннен соң Абылай Батем-Цере одағымен қол жиып, басында он мың әскерімен Даваци көшпенділерін Боротолиде талқандады. Цин императорлары Абылайды өздерінің вассалы қылуға тырысты /20/. Дипломатиялық негізінде Абылайдың алдына қойған бір ғана мақсаты тайпалардың иемденуіне бұрынғы өз территорияларын қайтарып беру. Абылай сұлтан елшілігі 1757 жылы қарашада: Тарбағатай жері бұрынғы көшпенділердің ауданы екені туралы және осы жерді беруді сұрады. 1760 жылы сәуір айында император Цияньлун әскери кеңеске бұйрық берді: Тарбағатай жерінде қазақтардың тұрғаны туралы естеліктер бар және оларды тез арада сол жеріне қоныстандыру керек деп бұйрық етті. Күрес және көптеген дипломатиялық қатынастар бірнеше жылдарға созылды.

ХVІІІ ғасырдың аяғында Қазақстанның Шығыс беткейінен ойраттарды қуып шығу жүзеге асырылды. Қазақстанның жерінен жоңғарларды қуғаннан кейін өздерінің бұрынғы жерлеріне рулар мен тайпалар тобырымен қайтып жатты. Бұл, Ұлы жүз бен Кіші жүз қазақтарының бұқаралық көшіп-қонуы болды. Олар Жоңғар басқыншылығы кезінде қуғынға ұшырағандардың негізгі бөлігі еді. Сырдария жағалауы, Түркістан өлкесін тастап Ұлы жүз тайпалары Жетісу аудандарына қарай жылжыды, ал Орта жүз тайпалары Қазақстанның орталық, солтүстік және шығыс далаларына қоныстана бастады. ХVІІІ ғасырдың соңына қарай қазақ тайпаларының қоныстандырылуы жөнінде қызықты материалдар шыға бастады. Әсіресе, бұл материалға Орынбор генерал-губернаторы Г.Болконскийдің үш жүздің көшпенді қазақ тайпалары туралы естелігін жатқызуға болады. Болконский естелігі бойынша Үлкен орда – Ұлы жүз алты тайпадан тұрады: дулат, сіргелі, сары үйсін, жалайыр, шанышқылы және қаңлы. Дулат тайпасының құрамында 40 мыңға жуық отбасы болған, олар Қытай, Құлжа, Қашқар аудандарында, жоңғар жерлерінде, Талас, Шіршік өзендерін бойлай және Шыңғыс шаған тауында көшіп қонып жүрген. Сіргелі тайпасының құрамында 20 мыңдай отбасы болған. Олар жазда Түркістаннан Ақмешітке дейін, Сырдария және Қуаңдарияның жоғарғы ағысын бойлай Алакөл және Аунамас өзендерінің бойында көшіп жүрген. Бұл тайпалардың көшпенділері қыста Сарысу және Қараша өзендеріне қарай көшіп жүрген.

Сары үйсін және Жалайыр тайпаларының құрамында жетпіс мыңдай отбасы болған. Олар Сергелі тайпаларымен аралас көшкен. Қаңлы және Шанышқылы тайпаларының құрамында үш мыңдай отбасы болған, олар Сырдария жағалауынан Ташкентке дейін көшіп жүрген /22/. Болконскийдің бұл естелігіндегі тайпалардың тізімі әлі де толық емес, егерде жалпы рулардың санын айтатын болсақ 133 мың отбасы болғаны белгілі.

Орта жүзде алты тайпа болған: арғын, найман, қыпшақ, керей, уақ, қонырат. 35 мың отбасыны біріктірген олардың көшпенділері Қытай шекарасынан құжан-қайнақ бекінісінде, Ертіс бойы және Тарбағатай тауларында болған. Арғынның бес ру тайпалары 30 мың отбасынан тұрған, олардың қыстақтары Баянауыл, Қызылтау, Шыңғыстау, Шағантауларында, Торғай өзендерінің жоғарғы ағысында және Ұлытау тауларында болған, жазда Ереймен тауымен Нұра және Жиделі су өзендеріне қарай көшкен. Наймандардың төрт ру тайпалары төрт мыңға жуық семья болды және Арғын тайпаларынан Тобықтының екіге бөлінуі 2 мыңға дейін семья құрап, жазда және қыста көшіп қонып жүрді.

Болконскийдің естеліктерінде Кіші жүздің әртүрлі рулардан құралған 6 мың семьясы өздерінің тайпаластарын тастап, Шу, сарысу, Есілдің жоғарғы ағысындағы қазақтарына кетіп қалды. Жетіру тайпаларының 1100 отбасы Орта жүз бөліктеріне кетіп, олармен араласып көшіп жүрген. Жеті ру тайпа рулары үш жүз семьясымен жаз айында Сырдариядан, Қуандариядан Солтүстігінде Қарақұмға, Торғай өзенімен, Тобылға дейін, қыста Сырдариядан Қорқыт жайылымына, Қуаттан Қуандария өзеніне қарай көшіп жүрді /23/. Жеті ру тайпаларындағы керей руларының он екіге бөлінуі төрт мыңға жуық отбасын құрды, жазда солтүстік бөлігінде Қарақұм, Ырғыз, өзеніне қарай өтіп, Қарашатау тауына шейін өтіп жүрген. Сырдарияның сол жақ жағалауы және тұмарлық, қызылшал, башы, Ақтөбе және Жаңадария жайылымдарына дейінгі аралықта қыстаған. Орта жүздің Уақ тайпаларының Жеті ру екі мың бес жүз отбасымен Ойыл және Кижи өзендері бойында Кіші жүз қазақтарымен бірге көшіп қонып жүрген. Жетіру тайпасындағы Жағалбайлы руының 12-ге бөлінуі 7 мың отбасын құрған, жазда Кемек өзеніне дейін, Қарашатау тауы және Топ өзеніне дейін, ал қыста Орал өзенінен Оралдың жоғарғы ағысына қарай көшкен. Орта жүз, Кіші жүз және Ұлы жүз тайпалары Ресейдің қол астына кіргеннен кейін, патша билеушілерінің алдында күрделі міндет тұрды. Территориялық құрылымды қалпына келтіріп және осы алынған жерлері бойынша халықтардан салық алу қажет болды. Орыс әкімшіліктері маңызды жерлерді сақтап қалуға тырысты. Патша бірінші орынға тұрғын халықтарды жерін бекітуді мақсат етіп қойды.

ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында 1765 жылы генерал Шпрингер бекініс басқармасына линиядан 5-10 аршын жақын жерге көшпенділерді жібермеу керек деп бұйырды. Бірақ ХVІІІ ғасырдың соңында қазақтар бекініс қамалдарын кездестірсе де, Орал және басқа өзендерге қарай еркін өте алды. Сібір казак әскерлерін және Орал казак әскерлерінің линиясы бекіністерде, редуттарда, форттарда және кейбір бекініс линиялары маңында орнатылды. ХІХ ғасырдың 30 жылдары Орал казак әскерлерінде 77 727 адам, ал Сібір казак әскерлерінде 46 171 адам болды. Тұрғындар жылдан жылға көбейе түсті, мысалы, 1868 жылы Сібір казак әскерлерінде 135 756 жуық адам болды /24/. Казактардың негізгі бөлігі мал ұстады, жер жыртты, астық жинады. 1881 жылы Орта жүздің ханы Уали қайтыс болды, патша үкіметі жаңа жерлерін өз үлесіне пайдалана бастады. 1822 жылы 22 маусымда Сібір губерниясына басқарма енгізілді. Сібір Батыс және Шығыс болып бөлінді. Бірінші болып, Тобыл және Томскі және Омск облысы кірді. Батыс Сібірдің маңызды басқармасы генерал-губернатор мен советтерден құрылды. Орта жүз қазақтары Омскі облысының құрамына кірді. Осы уақыттан бастап Сібір казактары деп атала бастады. Омскі облысы ішкі округтарға (Омскі, Петропавловскі, Семей және Өскемен) және сыртқы округтерге бөлініп, ерекше тәртіп бойынша құрылды. Сонымен бірге ішкі округтар Ертістің оң жақ жағалаудағы территориясын және солтүстігінде Горький линиясы қамтылды, ал сыртқы округтар батысында Ертістен және оңтүстігінде Горький линиясы, басқа да Қазақстанның кең аймақтарын алып жатты. Сібірді және кейінрек 1867 жылы құрылған Жетісу казак әскерін құру үшін бес миллион десятина жыртылған және шалғынды жерлер орманды алқаптарымен қоса берілді /25/.



Ішкі округтер ерекше тәртіп бойынша құрылды. 1822 жылы 22 маусымда енгізген Сібір казактарының Жарғысына сәйкес Сібір казактарының жері Омскі облысының округтерін құрады /26/. Округтарда 10-12 жуық ауыл болды, әрбір ауылда 50-70 тарта киіз үйлері болды. Округтарда өздерінің көшпенділері мен бірге округтық сұлтандары болды. Ауылды старшиналар басқарды, өз орталарында сұлтандар үш жылға сайланатын. Сібір казактары туралы Жарғы қазақ қоғамының дамуында маңызды роль атқарды. Округтік ұйымдар көшпенді қауымдастарға белгілі территорияларды бекітті.
ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Акишев К.А. Курган. Иссык. -М., 1979.

  2. Гинзбург В.В. Материалы к антрипологии древнего населения и этнографии АН.КазССР. т.7, -Алма-Ата, 1959.С.226-269.

  3. Кляшторный С.Г. Древнетюрские рунические памятники. -М., 1964. С.174.

  4. Кумеков Б. Государство Кимаков в ІХ-ХІ в.в. по арабским источникам. -Алма-Ата, 1972.С..35-48, 129.

  5. Кумеков Б. Государство Кимаков в ІХ-ХІ в.в. по арабским источникам. -Алма-Ата, 1972.С.125-127.

  6. Пишулина Г.А. Юго-Восчточный Казахстан в средине ХІ V – начале ХVІ веков. -Алма-Ата, 1977.С.210-245.

  7. Жданко Т.А. Специфика этнических обшности в средней Азий и Казахстана (ХІХ – начало ХХв.в.) расы и народы. -М. 1974. вып.4. С.17

  8. Султанов Т.И. Сославие султанов в казахстком ханстве ХVІ-ХVІІ в.в. Казахстан в эпоху феодализма. -Алма-Ата, 1981.С..44.

  9. Басин В.Я. Россия и Казахские ханства в ХVІ- ХVІІІ в.в. -А., 1971. 109-112 с.

  10. Жуанко Т.А. Номадизм в Средней Азии и Казахстане. История, археология и этнография Средней Азии. -М., 1968. С.274-275.

  11. Пищулина К.А. Юго-Восточный Казахстан в середине ХІV начале ХVІ века (вопросы политической и социально-этнической истории). -Алма-Ата, 1977.

  12. Россия. Полное географического описания нашего отечества. Т.18, киргизский край, -СПБ, 1903, С.151.

  13. Миллер Г.Ф. История Сибирии. -М.-Л., 1941, т.2, С.44, 95.

  14. Валиханов Ч.Ч. Абылай (Собраний сочинений). Т.1., -Алма-Ата, 1961, С.426.

  15. Миллер Г.Ф. История Сибирии. -М-Л., СПБ, 1941, т.2. С. 96-97.

  16. Памятники Сибирской истории ХVІІІ в. СПБ., 1885, кн.2 1712-1724 г.г. С. 163.

  17. Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений. Т.2., -Алма-Ата, 1961-1968. С.431.

  18. Казахское-русское отношение в ХVІІ и ХVІІІ веках. //Сборник документов и материалов. -Алма-Ата, 1961С.35.

  19. Казахское-русское отношение в ХVІІ и ХVІІІ веках. //Сборник документов и материалов. -Алма-Ата, 1961С.36.

  20. Центральный Государственный архив КазССР: Ф.37, Оп.1, д.271, л.6, 45,ф.15, оп.1, д.133, л.125-126.

  21. Цинская империя и казахские ханства. Вторая полавина ХVІІІ века – первая треть ХІХ века. -Алма-Ата, 1989., ч.1.С.31.

  22. Цинская империя и казахские ханства. Вторая полавина ХVІІІ века – первая треть ХІХ века. -Алма-Ата, 1989., ч.1. С.41,52.

  23. Центр. Гос. исторический архив СССР: в) Ф.1291, Оп.81, дела: 23, л.60.

  24. Центр. Гос. исторический архив СССР: в) Ф.1291, Оп.81, дела: 23, л.2-4 об.

  25. Коншин Н. “Очерк экономического быта киргиз Семипалатинской области”. Памятная книжка Семипалатинской области на 1901г., вып.1.С.30-31.

  26. Бекмаханова Н.Е. Формирования многонационального населения Казахстана и Северной Киргизии. -М., 1980.С.258, 278. таб.7, 25.

ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада ХVІІ ғасыр мен ХVІІІ ғасырдың аралығындағы қазақ тайпаларының қоныстану аймағы кейінгі ғылыми деректермен жан-жақты баяндалады. Сонымен қатар, осы мәселенің тарихнамасына да ерекше көңіл бөлінді.
РЕЗЮМЕ

В статье на основании новых исторических источников освещаются вопросы размещения и развития казахских племен в ХVІІ-ХVІІІ в.в. Вместе с тем, особое внимание уделяется историографии данной проблемы.



Көшпелі халықтың тарихында «орда» және «арба» ұғымдарының АЛАТЫН ОРНЫ
Меңілбаев Ғ.К. - т.ғ.к., доцент (Алматы қ., Абай атындағы ҚазҰПУ)

Арбаның ең алғашқы пайда болған территориясы төңірегінде дүние жүзі ғалымдары арасында біржақты пікір жоқ.Оған себеп, әлем халықтары тарихында жыл сайын археологиялық қазба кезінде жаңадан заттай түп-деректер мен жазбаша түп-деректердің табылуы (тастарға, ыдыстарға, сүйектерге, т.б. жазылған) жартастардағы сүреттер, тағы басқа мысалдар келтіруге болады.

Соған қарамастан, көпшілік ғалымдардың болжамы бойынша төрт доңғалақты арбалар тұңғыш рет б.з.д. 3 200 жылы қолданылған. Тарихта «Месопатамия мозаикасы» деген атпен белгілі болған суреттен көп сырды ұққандай боламыз. Онда, төрт доңғалақты арба үстінде көшпелі ордалардың киіз үйінің алғашқы нұсқасы бейнеленген. Оған төрт ат жегілген. Аттардың алдында қолында ақинақ ұстаған адам, ал арбаның соңында бір қолына арқан және бала ұстаған әйелдің суреті келтірілген /1, 4/.

Осы күнгі Закавказье және Каспий теңзі жағалауынан б.з.д. 1-б.з. 2-ші мың жылдықтар аралығына жататын ежелгі елді-мекендер, қорғандар, т.б. орындары табылған. Археологтар бұл жерлерден жебе ұштары, қола сапты қанжарлар, аң пішіндес білезіктер, т.б. көптеген заттай түп-деректер тапқан. Сондай елді-мекендердің бірінен төрт доңғалақты арба үстіне орнатылған биік, дөңгелек үйдің нұсқасы бар саз балшықтан жасалған ойыншық тапқан /2/. Мұндай арбалар қалдықтары және саз балшықтан жасалған нұсқалары (көшірмелері) Днепропетровскі төңірегіндегі Сторожевая қорғанынан, Орта Азия териториясында Намазға ІІІ елді-мекенінен, т.б табылған /2/. Сонымен бірге қорғандардан табылған алтын, күміс, қола, т.б. металдардан жасалған әсем бұйымдардан, қос құмыралар, тостағандар, мүсіндер, сырғалар т.б. кездестірген кезде таң қалмасыңа болмайды.

... Орталық Қазақстандағы Тасмола мәдениетіне жаттатын Нұрмамбет 4-қорымында қос доңғалақты арбаны безендіріп тұрған тау текелердің қола мүсіндері кездеседі /3/.

... Грузия жерінде археологтар жүргізген қазба жұмыстар кезінде б.з.д. төрт мың жылдықтарға жататын алтыннан жасалған сырға түріндегі әсем бұйымда төрт доңғалақты арба үстінде аттылы адамдар бейнеленген /4/.

Осыдан көріп отырғанымыздай, ең алғаш рет арбаны тек Месопотамия (қазіргі Иран ) жеріндегі халықтар қолданды деп нақты айтуға әлі ерте секілді.

Қола дәуірінің жартастар бетіне салынып, кілегей қоңыр қабыршақпен жабылып қалған суреттерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Ертедегі адамдар жартастардың тегіс бетіне қатты да үшкір тас сынықтарымен жануарлар, күн бейнелі адамдар суретін, соғыс арбалары т.б. шайқас көріністерін салған.

Қазақстан – жартастағы суреттер (петроглифтер) саны және әр алуандығы жөнінен әлемдегі ең бай жерлердің бірі.Түйе жегілген қос доңғалықты арбалар және соғыс, жүк арбаларының суреттері ұшырасады /5/.

Қаратау тастарындағы суреттерде соғыс арбасы 49 жерде кездеседі. Олардың көпшілігінде екі доңғалақты аңшы және соғыс арбалары көрсетілген.

Суреттердің бәрі бір мәнерде, арба бөлшектеліп, доңғалақтары алынып, оның екі жағына қойылған тәрізді етіп салынған /6/.

Қола дәуірінде шаруашылықта және соғыс қақтығыстарында пәуескерлер мен арбалар пайдаланылды.Тайпалар өздерінің малдары мен көшіп жүрді. Ерлері салт атпен, балалар, әйелдер, қарттар – терімен және киізбен жабылған күркелі арбалармен көшіп-қонып жүрді /7/. Мысалы, Гипократ скифтердің тұрмысын суреттей келе, былай көрсетеді:- арбалар өте шағын, төрт доңғалақты болады. Басқа бір алты доңғалақты арбалар киізбен жабылады: үйге ұқсас екі және үш қабат киізбен жабылған күркелі арбалар жасалады, олар жаңбыр мен желден пана болады.Бұл арбаларда балалар мен әйелдер тұрады, ерлер қашанда ат үстінде болады. Мұндай арбаларға өгіздер, аттар мен түйелер жегілген /8/.

Енді, арбалар жөнінде көне қытай, араб, парсы, грек, орыс т.б. жылнамаларындағы жазбаша түп деректерге тоқталайық: б.з.д. 195 жылы Қытайдың Хан патшалығында билік еткен Гао-Хэу әйел патшасы көрші жатқан ғұндардың билеушісі Мөде ханға хат жазып, оған төрт-төрттен сайгүлік аттар жегілген патшалар ғана мінетін екі арба жібереді /9/.

-Түрік қағанаты Естемін қағанның ордасы жөнінде сол заманның жылнамашысы былай сүреттейді: Орданың алдында қатар-қатар қойылған арбалар легі тұр. Оларға алтын-күмістер, әсіресе көп мөлшерде күмістер толтырылған. Қағанның бар байлығы осымен есептелінеді /9/.

Көне заманда көшпелі ордалардың хандары өздерінің барлық байлығын ата-анасы, әйелдері, бала-шағалары т.б. өздері мен бірге алып жүретін болған.

- Б.з. 8-ші ғасырында Хазар қағанының қызын ұзатқанда оған қалың малға төмендегідей жасау берген: «...төрт мың сайгүлік жылқылар, мың түрік түйелері (бұл түйелер қос өркешті болып келеді), 20 мың бас қой, әр түрлі алтынмен және күміспен безендірілген, ішкі жағынан бұлғындар терлері және жібек маталары мен көмкерілген, есігі бар он пәуеске, сондай-ақ, 20 арбаға әр қилы алтын мен күмістен жасалған бұйымдар ыдыс-аяқтар, т.б. толтырылған керуендер легі де болды» /9/.

Көшпелі ордалардың арбалардың үстіне киіз үйлерін, шатырларын, т.б. орнатып алып үнемі көшіп жүретіндегі жөнінде жазбаша деректер көп.

-...печенеки – многочисленое кочевое племя. Они возят с собой жилища и большую часть жизни проводят в повозках /9/.

Ал, енді бұл көшпелі ордалардан арбалардың қаншалықты маңызды рол атқарғанын мына сөйлем жолдарынан байқауға да болады:

- Хазарлар арабтармен соғысқан кезде мынадай айла әдістер қолданған: «где хазары собрали более 300 повозок, которых они привязали одному к другой и расставили вокруг крепости подобно оборонительному кругу»

Шыңғыс хан басқарған моңғол тайпалары ертеректе татарлар тайпаларының өздеріне жасаған қиянаттарын ұмытпайды. Моңғолдар тайпалары күшейген соң көптеген көшпелі ордаларды өздеріне бағындырады. 1202 жылы (ит жылы) Шыңғыс хан татарлар тайпаларын өздеріне қаратады. Кек қайтару мақсатында арбаның доңғалағынан бойы биік татарлар тайпаларының еркек кіндіктілерін түгелмен өлімге бұйырады.

Он екінші ғасырдың алғашқы ширегінде. Абу Абдаллах Мухаммад Ибн Батута Араб жихангезі, Дешті-Қыпшақ жерінде іс сапары мен болған кезінде жергілікті халықтың көшпелі мемлекетіне (орда – М:Ғ:) және үстем тап өкілдерінің сәнді арбаларына, байлығына, дәулетіне сипаттама беріп өткен: «Подошла ставка, которую они называют Урду (орда ), и мы увидели большой город, движущийся со своими жителями: в нем мечети и базары, да дым от кухонь, взвивающийся по воздуху : они варят пишу во время сомой езды своей, и лошади везут арбы с ними. Когда достигают места привала, то палатки снимают с арб и ставят на землю, так как они легко переносятся. Таким же образом они устраивают мечети и лавки» /11/.

... Осы жерде «көшпелі орданың» қалай көшіп қонатыны, тоқтаған жерінде -мешіті, базары, асханасы, үй –жайы орналасып т.б. қызу тіршіліктің басталатынын араб жихангері Ибн-Батутта дәл сипаттап берген. Жергілікті халықтың табиғат пен тығыз байланыстан өмір сүре білгенін байқаймыз.

... При выезде из Крыма я увидел тогда хатун, жену эмира Салтына, в арбе ее. Вся она (арба была оптянута хорошым синим сукном: окна и двери кибитки были раскрыты: перед нею (хатун) находились четыре девушки, чудеса красоты и диковинки по одежды.

За ней следовало еше несколько арб, в которых сидели девушки, сопровождавшие ее /12/.

Бұл жерде Қара теңіз төңірегінде, Қырымның жағалауында көшіп қонған қазақтың ру тайпалары, олардың үстем тап өкілдерінің әйелдері мінген пәуеске арбалар жөнінде сөз болып отырған секілді.

... Позади арбы хатун следует около 100 других арб. В каждой арбе три или четыре прислужницы, большие и малые, в шелковых одеждах и с шапочками на головах.

За этим арбами едут до 300 арб, в которые впряжены верблюды и волы. Они везут казну хатун, ее имушество, одежды, пожитки и съестные припасы /13/.

«Көшпелі ордалардың» тарихында арбалардың қаншалықты маңызы болғандығын тіпті көшпелі ордалардің билеуші топтарын олардың ішінде ханшайымдарының өз дәулет байлықтарын арбамен алып жүргендіктерін көріп отырмыз.

Біздің «ұлт болып, халық болып қалыптасуымызда» «Орда» сөзі үлкен рол атқарған. «Орда» – үлкен мәні бар бір жүйеге бағынғындырылған, ұйымдасқан, тәртіпке негізделген үлкен әскери күш деп айтуға болады.

Жалпы, өте орнықты түрде қалыптасқан келешегі зор мемлекет түрі деп сипаттама беруге болады.

Мұнда, ең бастысы ерекше бір рудың немесе тайпаның, болмаса көсемнің ерекшелініп шығуы және соның төңірегінде орташа деңгейдегі, болмаса әлсіз деңгейдегі ру бірлестіктерінің шоғырлануы байқалады. Олардың барлығын ортақ мүдде, ортақ идея, тәртіп, күш, билік т.б. бағынған.Одним словом, все значения слова «Орда» вертятся вокруг терминов «войско», «порядок», «законоустонавление».

Осыдан көріп отырғанымыздай, «Орда» сөзінің мән мағынасы көптеген халықтарда бір ғана мағына білдіреді.Ол әскери күш, тәртіп, құқыққа бағыну. Одан шығатын қортынды көшпелі халықтың өз уақытында үстемдегінің басым болғандығы, оның әлемдегі көптеген ірілі-ұсақты халықтарды, ұлттарды, т.б. өзіне бағындырғандығы, қатаң тәртібіне мойынұсындырғандығын көреміз.

Плано Карпини өз саяхатында Орта Азия мен Қазақ даласының үстінен де жүріп өтеді. Ол Күйік ханның Алтын Ордасында (Шатер же этот был поставлен на столбах, покрытых золотыми листами и прибитых к дереву золотыми гвоздями. М.Ғ.) болғанда, орданың жанынан қатар-қатар қойылған 500 арбаны көреді, барлығыда алтын, күміс пен жібектен тігілген киім-кешектер, т.б. толтырылған деген сөйлемді оқимыз.

- ... Гильот де Рубруктың «Бату және Сартақ хандардың көне славян жерлеріне Қыпшақ даласынан арбалар мен тұз тасытып мол пайда тауып отырғаны жөнінде айтылады» /14/.

Орыс жылнамаларында арбалар жөнінде мынандай сөздер кездеседі: «Эти обры (Закавказье аймағын мекендеген болуы мүмкін. М.Ғ.) воевали против славян и творили насилие женам дулебским, если поедит куда Обрин, то не позволял запрячь коня и вола, но приказывал впрячь в телегу трех, четерех или пять женщин и вести его» /14/.

Жеңілген жақтың патшаларын, хандарын, қағандарын; т.б. арбаға жегу үрдісі де болғанын осыдан байқауға болады.

Ал енді халқымыздың төл шежірелерінде арбаға байланысты аңыз әңгімелердің әлі күнге ұмытылмай келе жатқандығы, тіпті кейбір ру тайпалардың шығу тарихын тікелей арбамен байланстыруы кімді болса да қызықтырмай қоймайды.

Сондай ру-тайпаларға Қаңлы және Жаппастар жатады. Енді соған назар аударып көрейік :

- Қаңлылар тайпасы б.з.д. екінші ғасырда Кангют деген атпен белгілі болады. Олар Сырдария өзені бойын жайлаған түркі тайпасы. Самарқант, Бұқара және Хорезм жерлері қаңлыларға қарады. Б.з. басында ғұндармен бірге үйсіндер мен қытайларға қарсы соғысты. Алтыншы ғасырда Қаңлылар төрт доңғалақты арбалар мен әйгілі болды.

Осы тектес аңызды Кіші жүз ішіндегі Жаппас ата шежіресіненде кездестіреміз.

Жаппас атаның шығу тегі шежірелерде аңыз ретінде айтылады. Самса анамыз Қыдыршық әулиетіне келін болып түскеннен кейін де оған байдың бәйбішесі күн көрсетпейді, тіпті қастандықта жасайды. Ел жайлауға көшкенде екі қабат Самсаны жұртта адастырып тастап кетеді. Алғашқы кезде бәйбеше тоқал қатын арттағы көшпен келе жатыр десе, кейін Самса адасып кеткен шығар деген өтірік лақап таратады.

Көште қалған Самса анамыз қатты толғатып ауылдың жанындағы жабта тұрған арбаның астына барып жайғасады. Туған баласының кіндігін өзі кесіп, баланы арбаның үстіне жатқызады. Оны қоректендіріп болғаннан кейін жанына жатып, Самса анамыз баласын етегімен жауып ұйықтап кетеді. Көптен кейін оянса анамыз өз бетімен жүріп келе жатқан керемет әсем пәуеске арбаның ішінде баласымен екеуі жатқанына таң қалады. Баланың үстіне жапқан етегін жинап қараса жаңа туған сәби ұйықтап жатқан екен. Баланың денесі ашылған кезде арба өзінен өзі тоқтайды, етегімен қайтадан жапса пәуеске арба орнынан жылжып алға қарай өзінен өзі жүре береді.

Бір күні сыртта отырған бай жылжып келе жатқан пәуеске арбаны көріп таң қалады. Оның үстінде отырған Самса тоқалын таниды. Жиналған жұртшылыққа арбаның қалай қозғалатынын көрсету үшін етегін бір ашып, бір жабады. Жас нәрестенің тектілігін байқаған жұртшылық болашақ әулиені Жаппас деп атап кеткен. Бұл керемет құбылысты көрген бәйбіше ызасы келіп үйіне кіреді. Оң жақта тұрған сабаны пісіп-пісіп жібергенде одан бір құс ұшып шығады. Құс шаңырақтан серпей шығып, Жаппас жатқан жерге қонып, сәлден кейін көзден ғайып болып ұшып кетеді. Оны көрген жұртшылық баланың текті екенін байқайды, болашақ әулиенің еліне құт береке әкелетіне үміт артады.

Осыдан көріп отырғанымыздай көшпелі ордалар тарихында және отырықшы елді мекендерде арбалардың үлкен маңызы болғанын байқаймыз. Біз көшпелі ордалар тарихын жазған кезде осы елеусіз нәрсені естен шығарып алған жоқпыз ба? Сөзіміз бір жақты болмас үшін, сонау көне заманда пайда болған арбалардың әлі күнге ауылды жерге өте қажетті қозғалыс көлігі ретінде қолданылып келе жатқанын қалай түсінеміз? Ал енді қалалы жерлерде сән-салтанаттың пәуескелердің өз қызметтерін мүлткісіз орындап отырғанын көреміз.

Орта Азия мен Қазақстан аумағынан шығып шет мемлекеттердің тұрмыс тіршілігінде де арбалар кездеседі. Ол жақта адамдар сүйреген арбалар (рикша), өгіздер сүйреген арбалар, сән-салтанатты текті адамдары ғана мінетін пәуескелері де әлі күнге дейін сақталған.

Айтпақшы тек қана үстем тап өкілдері мінетін арбалар қалай болуы керек, оған қанша пар аттар жегілуі керек т.б. жөнінде Ресей мемлекетінің әйел патшасы Екатерина ІІ-нің арнайы шығарған жарлығы да болған. Осыған қарағанда арбалардың өзін де қоғамнан алатын орнына қарай пайдалану үрдісі болған. Мысалы, хандар мен патшалардың, олардың аң аулағанда жорық кезінде, мереке кездерінде, туған-туысқандары, әйелдері, балалары, т.б. пайдаланған арбалары болды.

Көне қорымдардан табылған археологиялық заттар, жартастардағы суреттер, жылнамалардағы сөйлемдер, шежірілер, ертегілер, аңыздар, т.б. жоғарда айтқандарымыздың бұлтартпас дәлелдері деуімізге болады.

Мұндай мысалдарды, хандық пайда болғаннан кейінгі және XVII-XVIII ғ.ғ аралығындағы тариха т.б. көптеп келтіруге болады.

Ойымызды жинақтай отыра ең алғаш рет көшпелі аңшылар, кейінірек көшпелі тайпалар, соңынан көшпелі ордаларда тұңғыш рет қолданыста болған арбалардың отырықшылықпен тіршілік еткен халықтардың күнделікті өмірінде де бірте-бірте пайдаланыла бастаған, кезінде алғашқы қауымдық қоғамда садақ пен жебе қандай дүмпу туғызса арбада сондай маңызға ие болды.

Ақыр соңында, XVIII-ХІХ ғ.ғ. тұңғыш рет Еуропалық мемлекеттерде пайда бола бастаған бумен, жанармаймен, т.б. жүретін тұңғыш автокөліктер де арбалар болған.

Қысқарта айтқанда көшпелі ордалар әлем халықтарының қалыптасуында, эканомикасы, мәдениеті, өнері, ғылымы, т.б. барлық сапаларына өзіндік қол таңбасын қалдырған деуімізге де болады.


әдебиеттер

  1. История. Открытая «энциклопедия». -М.,1999

  2. Авдусин Д.А. Археология СССР. -М.,1977

  3. Қазақ ССР. Тарихы көне заманан бүгінге дейін. 5-томдық. 1том –Алма-ата,1980.

  4. ЛордкипанидзеО.Д. Город-храм колхиды (история археологических раскопок). -М.,1979.

  5. Қазақстан тарихы көне заманан бүгінге дейін (очерк). -Алматы,1994.

  6. ҚадырбаевМ.К. Каратауские колесницы, МарьяшевА.Н. (книга: Археологические исследования в Казакстане). -Алма-Ата, 1973.

  7. История Казахстана в арабских источниках. 1-том Алмаы, «Дайк Пресс», 2005. С. -216-217.

  8. Осында, С.-215-216.

  9. Осында, С.-219 .

  10. Ирмуханов Б.Б. Прошлое Казахстана в письменных источниках.-Алма-Ата. -1977. С. 324.

  11. Осында С.324.

  12. Кандыба В. История идеологии русского народа. С.-ПБ, 1999.

РЕЗЮМЕ


Статья посвящена истории образования и взаимосвязи слов "арба" и "орда" у кочевых народов. Автор на основе археологических фактов, русских, персидских, казахских летописей дает подробный научный анализ этим терминам.

ТҮЙІНДЕМЕ

Мақала көшпелі халықтардағы «арба», «орда» сөздерінің анықтамасы мен мазмұнын айқындауға арналған. Автор археологиялық жәдігерлердің, орыс, парсы, қазақ шежірелерінің негізінде терминдерге ғылыми талдау жасауға тырысқан.

ЖАҢА ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет