Казахстан Республикасы бiлiм жане гылыми министiрлiгi



бет15/101
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452659
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   101
umkd tkn

Сабақтың мақсаты: студенттерге табиғи сипатты төтенше жағдайлар жайлы мәлімет беру.

Сабақ жоспары:

    1. Төтенше жағдайларды жіктеу

    2. Техногенді төтенше жағдай

    3. Табиғи төтенше жағдай

1. Төтенше жағдай деп табиғи пен техногенді апаттарда пайда болатын әскери, әлеуметтік және саяси сипаттағы, адам өмірінің, экономиканың, әлеуметтік және табиғи нормаларының кенеттен өзгеруіне алып келіп соғатын жағдайды айтады. Төтенше жағдайлар табиғи және техногенді деп екіге бөлінеді. Қазақстан мемлекетінің орналасқан жері- орасан зор, сондықтан табиғат апатының бірнеше түрлері кездеседі.

Адамзат күнделікті көптеген табиғи қауіп–қатермен кездесуде. Жер шарында жыл сайын жобамен 10 мың су тасқыны, 100 мыңнан аса жер сілкінісі, көптеген өрттер мен опырмалар, вулкан атқылауы және тропикалық циклондар болып тұрады. Біріккен ұлттар ұйымының мәліметі бойынша соңғы 20 жылда стихиялық апат пен катастрофаның арқасында 3 млн артық адамдар қаза болған. Төтенше жағдай бола қалған жағдайда адамдарды құтқарудағы білікті қимыл жасау, оларға керек көмек көрсету және апат ошағында құтқару жұмыстарын тиімді ұйымдастыру адам мен материалдық шығынды азайтуға мүмкіншілік жасайды.

Төтенше жағдайдың болуына негізінен ішкі және сыртқы әсерлер ықпал етеді. Ішкі әсерге технологияның күрделілігі арнайы мамандардың аздығы, жобалау кезіндегі кемшіліктер еңбек және технологиялық тәртіптің төмендігі жатса, сыртқы әсерге кенеттен элекрэнергиясының газдың, технологиялық өнімнің немесе шикізаттың токтауы, сондай-ақ соғыс пен терроризим жатады.

Төтенше жағдай келесі жағдайларда болуы мүмкін:

- қаупі бар көздің барлығы (жарылысқа арналған және радиоактивті заттар);

- апат ошағында адам мен жануардың қалып қоюы.

Төтенше жағдай бұл аймағы жағынан үлкен маштабты және көптеген адамдарға төндіретін қауіпі бар оқиға. Көптеген жағдайда бұл оқиғаны авария және катастрофа деп те атайды. Олардың әкелген зияндығын, адам өлімін ескерген жағдайда ғана айырмашылығын білуге болады.

Авария - бұл машиналар, технологиялық процестердің өндірістік орындарда болатын апат. Олар жарылыстарға, өртке, улы заттарды ауаға немесе суға тастауға әкеліп соқтыруы мүмкін.

Катастрофа - бұл адам шығыны ауқымды болған жағдайдағы қайғылы оқиға. Ол бірнеше түрге бөлінеді: экологиялық катастрофа; өндірістік немесе көліктік катастрофа; техногендік катастрофа.

Экологиялық катастрофа дегеніміз өмір сүру ортасына төтенше жағымсыз өзгеріс тудыратын үлкен өндірістік, транспорттық және стихиялық апаттар. Ол флора мен фаунаға, жерге, атмосфераға сонымен жалпы табиғатқа зиянын тигізетін құбылыс.

Техногендік катастрофа - кенеттен механикалық, химиялық, радиациялық энергиялардың тасталуы, адам және материялдық шығындарға алып келіп соғатын үлкен апаттардың әсерінен болатын апат түрі.

Төтенше жағдайды топтау:

Төтенше жағдай пайда болу әсерінің таралуы, өркендеу жылдамдығы және төтенше жағдайды жою мүмкіншілігі жағынан топталады.

Төтенше жағдай пайда болу жағынан –табиғи, техногенді, экологиялық, биологиялық, антропогендік, әлеуметтік және біріккен немесе қосылған болып бөлінеді.
2.Техногендік төтенше жағдай - техникалық обьектілерден туындайтын төтенше жағдайлар жатады: өрттер, жарылыс, химиялық қауіпті обьектілердегі апаттар, радиоактивті және химиялық заттардың тасталуы, ғимараттың қирауы және адам тіршілігіне қажетті жүйелердің апаттары.

Табиғи төтенше жағдай- жер сілкісі, су алу, вулкан атқылауы, опырмалар, сел, дауыл, табиғи өрт және т.б. жатады.

Экологиялық төтенше жағдай- атмосфераның ластануы, азот қабатының бұзылуы, жердің шөлге айналуы, жердің тұздануы, қышқылдың жаңбырлар жатады.

Биологиялық төтенше жағдай- эпидемия, эпизоотия және эпифитотия жатады.

Әлеуметтік төтенше жағдай - қоғамда болып жатқан оқиғалар: ұлтаралық конфликттер, терроризм, геноцид, соғыс және басқалар кіреді.

Антропогендік төтенше жағдайлар адамның қате іс-әрекетінен туындайды.



Жергілікті, бір жердің шеңберінен шықпайтын төтенше жағдайлар - өндіріс орнының бір ғана жүйесінде, технологиялық тізбегінде, қондырғысында орын алған оқиға.

Жергілікті төтенше жағдай - поселке, қала, аудан, облыс масштабындағы төтенше жағдай. Бұл төтенше жағдайдың зардабын жою үшін жоғарыда аталған әкімшілік –орталықтарының аумағындағы құзіретті органдар мен мекемелердің күштері мен құрамын жұмылдырады.

Ұлттық төтенше жағдай- бұл үлкен региодағы және бірнеше облыстарды қамтыған төтенше жағдай. Ұлттық төтенше жағдайдың зардабын жою үшін регионалдағы масштабтағы құзіретті органдар мен өкіметтің арнайы құрған топтары айналысады. Сонымен қатар, құтқару жұмыстарына әскери орындардан да адамдар жұмылдыру ықтимал.

Глобальді төтенше жағдай- төтенше жағдайдың зардабының ауқымдылығы бірнеше облыстарды, республика масштабын және шекаралас елдерді қамтиды. Оның зардабын жою үшін әскерді жұмылдырады. Атап айтқанда төтенше жағдай, қорғаныс, ішкі әскер министрлігі мен ұлттық қауіпсіздік комитетін. Құтқару жұмыстарымен арнайы құрылған үкімет комиссиясы айналысады.

3.Табиғи сипаттағы төтенше жағдай адам тіршілігі басталғаннан бері қауіпін төндіруде. Табиғи катастрофалардың әсерінен жер шары бойынша әр 100000 адам өлуде. Табиғи катастрофалардың қысқа мерзімде үлкен аумақтағы елді мекенді құртып жіберуге дейін мүмкіншілігі бар. Ол өзінің күтпеген жерден болатындығымен қауіпті.

Табиғи катастрофаның тағы да бір қауіптілігі – оның болғаннан кейінгі салдары. Табиғи катастрофа болғаннан кейін ол жерде эпидемиялық аурулар, аштық т.б. жағдайлар орын алуы мүмкін.

Барлық табиғи катастрофалардың бір-бірімен байланысы бар. Атап айтқанда, жердің сілкінуі мен цунамидің, тропикалық циклондар мен су тасқындарының. Жердің сілкінуінен өрттер, газдардың атылуы платинаның жарылуы орын алып, ол оқиғалар да өздерінің күшті әсерлерін тигізіп жатады. Вулканның атқылау жайлауды ластап, жан-жануарлардың өлуіне, аштыққа соқтырып жатса, екінші жағынан атмосфералық ауаныда ластайды. Ал көшкіндер жер асты суларын ластап, құдықтарды уландырып, инфекциялық ауруларды ұшқындырады. Осыған орай табиғи стихиялық құбылыстардың бір-бірімен байланысын қарастырып көрейік.

Табиғи катастрофадан қорғану әрекеттерін жоспарлай отырып, оның зардабын азайтуға болады.

Табиғи төтенше жағдайдан қорғаудың негізі болып апаттың себебі мен механизмін ғылыми түрде зерттеп, білуге болады. Табиғи апаттың орын алу процессін біле отырып оның қандай мөлшерде, қандай болатын екенін болжауғада болады. Ал уақытылы және дәл болжап, апаттан қорғаудың тиімді жолдарын қарастыруға, шығынды барынша азайтуға мүмкіншілік жасайды.

Табиғи қауіп қатерден қорғау активті және пассивті болып бөлінеді.

Активті қорғауға инженерлік техникалық құрылымдар салу, құбылыс механизмін инвентаризациялау, табиғи объектілердегі құрылымдар мен құрылыстарды реконструкция жасау.

Пассивті қорғауға панаханаларды пайдалану. Көп жағдайда табиғи апаттан қорғану кезінде активті және пассивті әдістерді бірге пайдаланады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет