Сабақтың мақсаты: студенттерге әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың түрлерімен таныстыру. Жарақат түрлерін және алғашқы медициналық жәрдем көрсету ережелерімен таныстыру.
Сабақ жоспары:
Қан кету түрлері, көрсетілетін медициналық жәрдем.
Күю түрлері мен дәрежелері арасында ерекшеліктер
Үсу дәрежелері, алғашқы медициналық жәрдем
1. Зақымданудың ең жиі кездесетін түрі – жарақат алу, яғни тері қабықтарының, кей жағдайда тереңдеу орналасқан еттердің тұтастығының бұзылуы. Жарақат алушының бірінші кезекте болып қалған жағдайдан шығуы керек. Талып қалған жарақат алғанда ғана болып қоймайды, сонымен бірге шаршаудан, қорқыныштан, қатты аурудан, адамдар толы бөлмеде ұзақ уақыт болған жағдайда, ауа жетіспегендіктен де болады.
Есінен танған адамдардың аяғын шамалы биіктетіп, арқасынан көтереді, кеудені қысқан киімдердің ілгектерін ағытып, таза ауаны қабылдауына мүмкіндік туғызады. Бетті ысқылап, және салқын су шашу қажет. Мүсәтір спирттімен демалдыру үшін ылғанданған мақтаны мұрынға тақау керек, содан кейін аққан қанды тоқтатудың шарасын алу қажет. Қан ағысын уақытынша тоқтатудың ең қарапайым әдісі жарақаттың жоғарғы жағынан артерияны саусақтармен қатты қысу болып табылады. Бұл тәсілді әсіресе бастан, беттен, мойыннан жарақаттанып, қан кеткенде пайдаланады.
Қан кету- зақымданған қан тамырларынан қаннның шығуы. Бұл жара өте асқынып кеткен жағдайда адам өміріне аса қауіпті құбылыс. Қан тамырларының зақымдану сипатына қарай қан кетудің сыртқы- артериялық, веналық, капилярлық және ішкі- паренхиматоздық түрлері бар. Ең қауіптісі артериялы- бұнда организм аз уақытта едәуір қанынан айрылады.
Артериялық қан кету белгілері: қан түсінің алқызыл болуы, қанның лақылдап, шапшып ағуы.
Веналық қан кету белгілері: қошқыл түсті, қан толассыз ағады, шапшып ағу байқалмайды.
Капиллярлық қан кету: жара үсті түгел қан болады, паренхиматозды қан кету: бауыр, өкпе, бүйрек зақымдануы (бұл тіршілік үшін қауіпті) қанның сыртқа- терідегі, көзге көрінетін кілегейлі қабықша қуысындағы жара арқылы ағады.
Ішкі -паренхиматоздық қан кету ұлпаларға, дене мүшелеріне түрлі қуыстарға- бауыр, бүйрек, өкпе қан құйылады. Оны қан құйылу деп атаймыз.
Артериялық қан сыртқа кеткенде бұрау салып, аяқ-қолды барынша бүгу, зақымданған жерден жоғарырақ артерияны саусақпен басу арқылы қанды уақытша тоқтатамыз. Осы жағдайда ең оңай әдіс- артерияны сүйекке жақын немесе сүйек үстіне орналасқан қан тамыры бар жерден саусақпен басу керек.
Бастағы жарақаттан қан кеткенде құлақтың алдынғы жағынан, қастың денгейіндегі самай күре тамырын төрт саусақпен басады. Беттегі және еріндегі соғалған қанды тоқтату үшін төменгі жақ сүйектің кіші азу тіс орналасқан тұсындағы күре тамырды саусақпен басқан жөн. Бастағы не беттегі жаралардың қанын, сондай-ақ мойын омыртқаның көмейге таяу тұсындағы ұйқы күре тамырларын саусақпен басу арқылы да тоқтатуға болады.
Иықтағы күре тамырлардың қанын тоқтату үшін қолтықтың астына нығыздалған мақта, не көпшік қою керек. Аяқтағы жараның аққан қанын сандағы күре тамырды шаптың орта тұсынан саусақпен басу арқылы тоқтатамыз.
Аяқ-қолдағы жарақаттардан сорғалап аққан қанды оның жоғарғы жағынан мықтап байлап, таңып тастау арқылы тоқтату керек. Мұндай жарақаттар кезінде күре тамырларды саусақпен басып, қанның ағуын тоқтату көмекші тәсіл ретінде қолданылады. Жараның жоғарғы жағынан байлап немесе таңып тастау бір жарым екі сағатқа қолданылады. Ал салқын кезде және радиациялық зақымдану кезінде байлау 1 сағаттан артыққа созылмауы тиіс.
Байланған немесе тағылған уақыттанған материалдың өзіне немесе оған жапсырылған қағазға жазылып қойылуы тиіс. Аяқ- қолдағы жарақаттардан аққан қанды тоқтатудың және бір тиімді тәсілі аяқ- қолды бүгілетін буындарын белгілі бір жағдайларда мықтап таңып тастауға болады.
Аяқ- қолдың ірі артериялық қан тамырлары зақымданғанда уақытша қан тоқтатудың негізгі әдісі- бұрау (жгут) салу. Бұрау салған сол жердің төменгі жақтары ұйып қалмас үшін 1,5-2 сағаттан артық ұстауға болмайды. 5-10 минутқа босатып, жарадан жоғары жерді ұстап тұрамыз. Бұрау болмаса орамал, белбеу, мата қолданамыз.
Егер жараланған адамның қаны сыртқа шапшымай, ішке кетіп жатса, ал ол адам кенет әлсіреп, басы айналып, көзі қаратуып есінен тана бастаса, тұла бойы бозарып, түсі қашса бастаса, мұның өзі жараның ішке кетіп жатқандығын белгісі болып табылады. Мұндай жағдайда аққан қанды тоқтату үшін дәрігердің жедел көмегі қажет болады. Зақымданған аймақта алғашқы дәрігерлік көмек көрсету кезінде жарақатты жууға, ондағы бөгде заттарды (жарықшықтарды, киімнің жыртылған бөлшектерін және басқаларды) алып тастауға, жараны қолмен ұстауға болмайды.
Сыртқы венадан немесе капилярдан қан кеткенде жараны стерильді таңғышпен (жараны стерильді салфетка немесе 3-4 қабат бинтпен жауып үстіне мақта салып, бинтпен қысып байлайды) уақытша тоқтатады. Дененің зақымданған жағын денеден біраз көтеріңкі етіп қояды. Венадан ішкі қан кеткенде қан кету аймаққа мұз салынған ыдыс басып, зақымданушыны емханаға апарамыз.
Байлам түрлері:
Таңу үшін бет орамалды, матаның жыртындысын оңтайлы құралдарды пайдалану керек.
Таңғыш материалдардың дене мүшелеріне ыңғайлап қозғалмайтын етіп орналастыруды, қайта тануды, оны танудың мақсатын және әдістерін көрсететін хирургия бөлімін- дисмургия дейміз.
Таңғыш дегеніміз- жараның үстін басып байлайтын тану материалы. Танудың жұмсақ және қатты түрлері бар.
Жұмсақ тану- дәкеден жасалған бинт, ликопластырь, мақта, лигнин, мақта мен қағаздан жасалған матамен жүргізіледі.
Қатты таңу- тез қатып қалатын гипс, пластмасса, крахмал, желім, ағаш, темір сияқты қатты заттарды қолдану.
Таңу материалдардың түріне немесе тану әдісіне қарай желімді, орамал тәріздес, сақпаншалап, бинтпен, түтікшедей торлап тану түрлеріне жіктейді.
Достарыңызбен бөлісу: |