Сабақтың мақсаты: студенттерге жер сілкінісін жайлы түсінік қалыптастыру, олардың түрлерін және жер сілкінісінің күшін өлшеу шкалалары туралы мәлімет беру.
Сабақ жоспары:
1. Жер сілікінісі жайлы түсінің
2. Жер сілкінісінің Рихтер шкаласыбойынша өлшенуі
1. Жер сілкінісі- геологиялық құбылыс. Олар-кез келген жерде пайда болуы мүмкін. Жер сілкінісінің ошағы (кіндігі) жер қойнауында қалыптасады. Геологиялық ортадағы: жылжулар, біругілер, жарырулар, ортаюлар секілді тез өзгерістер жер сілкінісуінің пайда болу себебіне жатады. Әрбір жер сілкінісі кезінде осы жарылыс нәтижесінде жер қойнауында жинақталған энергияның бір бөлігі сыртқа шығады. Жер бетінің шайқалуы сеисмикалық толқындардың нәтижесінде болады. Осындай толқындар көлемді (жер денесіне таралады) және үстіңгі беттегі (жердің үстіңгі қабатын қамтиды) секілді екі түрлі болады. Көлемді толқындар жердің үстіңгі қабатындағы толқындарға қарағанда шапшаң жүреді және де жер сілкінісін болғандығын хабарлйтындай бақылау нүктесінде алғашқы серпіліс байқалады. Жердің үстінгі қабатындағы толқындар бірнеше секунд кеш болады.Олар әдетте келесі қатты соққыны әкеледі. Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қасқағымда өтеді.
Жер сілкінісі- бұл жер қыртысында немесе мантияның үстінгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыспен жарылыс нәтижесінде пайда болған,елеулі ауытқу түрінде, үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы. Бұл құбылыс жер асты дүмпуілерінен, тербелістен болады. Әзірге ғалымдар жер сілкінісін қашан,қайда,қанша уақыт болатынын және қандай зардап әкелетінін тура басып айта алмай отыр. Сейсмикалық станциялардың көрсетулері- дәл емес. Жыл сайын жер бетінде 100 астам жер сілкіністері болып тұрады. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарының тұрғындары үшін жер сілкіністері мен одан туындайтын құбылыстар (селдер, қар көшкіндері, опырылып құлау нәтижесіндегі үйінділер, бөгеттердің бұзылуы, химиялық жарылыс- өрт қаупі күшті кәсіпорындарындағы апаттар) едәуір қауіп тудырады. Егер жер сілкінісі мен оның зардаптарына алдын ала дайындаса, одан келетін әлеуметтік- экономикалық зиянды елеуліазайтуғаболады. Осы мақсатқа жету үшін сеисмикалық қауіпті аймақтың әрбір тұрғыны жер сілкінісі туралы белгілі бір дәрежеде хабардар болуы, қауіпсіздік іс-қимыл дәрежелерін білуі және ол пайда болғанда дұрыс іс-қимыл жасауы қажет.
Сейсмикалық энергияны бөліп шығаратын жер аймағы жер сілкінісінің ошағы деп аталады.
Гипоцентр- алғашқы сеисмикалық толқынның басталуы болған ошақтың негізгі нүктесі. Қазақстан аймағында жер қабатының сілкініс ошағының ең жоғарғы тереңдігі 50км аспайды.
Эпицентр- бұл гипоцентрдің тікелей үстіндегі жер қабатының негізгі нүктесі.
2.Әр түрлі елдерде жер сілкінісі үнемділігін бағалау үшін қолданылатын сеисмикалық өлшемдердің көптеген мөлшері (50 шамалы) пайдаланылады. Рихтер шкаласы бойынша (Колифорния технологиялық институтының профессоры Чарльз Ф. Рихтер) бұрын соңды тіркелген жер сілкінісінің ең күшті магнитудасы 8,9 балмен өлшенген. Салыстырарлық 1988 жылғы Армян жер сілкінісінің магнитудасы 7,0, қытайдағы (Ганьсу) 1920 жылғы жер сілкінісінің күші 8,6 болған.
1 балл. Жер сілкінісі сезілмейді. Тербелістің үдемелілігі адамдардың сезіну денгейінен төмен болады, жер қабатындағы сілкіністі тек сейсмографтар ғана байқап тіркейді.
2 балл. Сәл ғана сезілетін жер сілкінісі. Тербелісті ғимараттың ішіндегі тыныштықта, әсіресе жоғарғы қабаттарда болатын жекелеген адамдар ғана сезеді.
3 балл. Әлсіз жер сілкінісі. Үйдің ішіндегі болған адамдардың 50%-ті шамасында,ашық жердегі адамдардың кейбіреулері ғана жер сілкінісін сезеді.
4 балл. Елеулі жер сілкінісі. Ғимараттың ішіндегі көп адамдар сезеді, ал ашық жерде аз ғана адамдар сезеді. Ұйықтап жатқандарджың кейбіреулері оянып кетеді, бірақ оларды қорқыныш сезімі билемейді.Теңселу сезіледі,ол жүріп бара жатқан ауыр жүк машинасы тудырған солқылдауға ұқсас болады.Терезе,есік,ыдыстар сылдырлайды.Еден мен қабырғалар шықырлайды.Тұрған автомашиналарда да серпіліс сезіледі.
5 балл. Ұйқыдан оянып кету. Жер сілкінісін ғимараттың ішіндегі адамдар сезеді. Кейбіреулері ғимараттардан жүгіріп шығады, жануарлар тынышсыздана бастайды. Кейбір қатты бекітілген заттардың өзі құлап түседі, ыдыстардағы судың бір бөлігі шайқалып төгіледі. Су көздерінің көлемінде өзгерістер болады.
6 балл. Қорқу. Жер сілкінісін барлық адамдар сезеді. Көп адамдар қорқып көшеге жүгіріп шығады. Үй жануарларыда қора-қопысыдан шығып кетеді. Тербеліс жүруге кедергі келтіреді. Ғимарат қозғалысқа ұшырап,босаңсиды. Әк, сылақтар түсе бастайды,сылақтарда ұсақ-жарық сызықтар пайда болады.
7 балл. Ғимараттардың зақымдануы. Көптеген адамдардың бойын үрей қорқыныш билеп үйжайлардан жүгіріп шығады,кейбір адамдар үшін аяқпен тұру қиындайды. Көптеген темір битонды,каркаста ғимараттарда жеңіл зақымдану болады. Ірі блокты ғимараттар мен кірпіштен салынған үйлердің қабырғаларында щамалы жарық- сызаттар пайда болып,түтін тартатын трубалардың (мұржалардың) бір бөліктері құлай бастайды. Кейбір реттерде баурайлардағы жолдардың өтетін бөліктеріндегі құмды жағалауларда құлау, көшкін, ал жолдардағы(бетондарда) тастарда жарықтар пайда болады.Су ылайланып бетінде толқын пайда болады, су көздерімен құдықтағы сулар деңгейі өзгеріске ұшырайды.
8 балл. Ғимараттардың қатты зақымлануы. Қорқынышпен үрей билейді. Кейбір жерлерде ағаш бұтақтары сына бастайды. Ауыр жиһаздар жылжып,кейде құлайды. Сабаннан және саз балшықтан тұрғызылған көптеген үй-жайлар мен қора-қопсылар қирайды. Кірпіш үйлердің көпшілігінде түтін тартатын трубалары құлап, қабырғаларды саңылаулар пайда болады.ғимараттардың кезкелгенінде зақымдану,кейде аралық бөліктердің кейбіреулерінде қирап бүліну байқалады. Трубалардың жалғастырылған жері ажырайды. Ескерткіштер жылжып қозғалады,құлпытас белгілер, тас дуалдар,қоршаулар құлайды. Жердегі сызат-жарықтар бірнеше сантиметрге жетеді.
9 балл. Ғимараттың жаппай зақымдануы. Жаппай үрей, адамдардың көбі аяғымен тұра алмай, құлайды. Жануарлар азан-ғазан сергелденге түседі. Кірпіш және ірі блоктың үйлердің көпшілігінің қабырғалары ойылады, ішкі қабырғалар құлайды, ғимараттардың жеке бөліктері бүлініп қирайды. Ағаштан салынған,темір бетонды және панельді ғимараттарда түтін тартатын трубалар құлайды. Жалғанған трубалар ажырап кетеді, темір жол рельстері майысады. Сонымен бірге 10см-ге жететідей жарықтар пайда болады. Құздар құлап көщкін жиіленеді. Тегістік жерлерде - су басып кету, құм мен лайдың үйінділері жиі байқалады. Су бетінде үлкен толқындар пайда болады.
10 балл. Ғимараттың жаппай қирап- бүлінуі. Көптеген панельді, темір бетонды және ағаштан салынған ғимараттардың жеке бөліктері қирап құлайды. Көпір, бөгеттер едәуір зақымданады. Теміржол рельстері мен жер астындағы трубалар майысып ажырап кетеді. Жер бетінде 1м-ге дейін жарық пайда болады. Өзен жағалауларында үлкен шөгінділер пайда болады. Көлдермен каналдардағы су шайқалып төгіледі. аңадан көлдер пайда болуы мүмкін.
11 балл. Апат. Барлық ғимараттар, темір жол және автомобиль жолдарының көпірлері, жер асты трубалары, тас жолдар қирап бүлінеді. Жер бетінің тіке жарылуы және ажырауы, кең жарық саңылау түрінде елеулі өзгеріске ұшырайды. Таулар қайта- қайта опырылып құлайды.
12 балл. Жер бедерінің өзгеруі. Жер бетіндегі және жер астындағы барлық құрылыстар іс жүзінде күшті бүлінеді немесе қирайды. Жаңа көлдер пайда болып,өзендер бағытын саласын өзгертеді.Үлкен аймақтарда таулар құлап-қирайды.
№13 дәріс тақырыбы: Стихиялық апаттарда, өрттерде, өндірістік объектілердегі апаттарда және жарылыстарда халықты қорғау.
Достарыңызбен бөлісу: |