Казахстан Республикасы бiлiм жане гылыми министiрлiгi



бет21/101
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452659
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   101
umkd tkn

Сабақтың мақсаты: студенттерді жаппай жою қаруының ерекшеліктері мен қолданылу салдарының жалпы сипаттамасын түсіндіру. Химиялық және бактериологиялық қаруды қолдану кезіндегі төтенше жағдайлар ерекшеліктері жайлы мәлімет беру.

Сабақ жоспары:

  1. Жаппай жою қарулары, жалпы сипаттамасы

  2. Ядролық қарудың жарылыс ошағы

  3. Химиялық қарудың жарылу ошағы

4. Жаппай қырып-жоятын қарудан қорғау
1. Жаппай жою қаруы — жаппай шығынға ұшырату немесе қирату үшін колданылатын жою қабілеті жоғары қару. Жаппай жою қаруының жою факторлары оны қолданудан кейін белгілі бір уакытта қарсыласты шығынға ұшыратуы және оған күшті моральдықпсихологиялық әсер етуі мүмкін. Жаппай жою қаруының объектілері тек қарулы күштер топтары ғана емес, сонымен бірге қарсыластың алыстағы тылы, саяси әкімшілік орталықтары, ірі қалалары мен өнеркәсіп орындары, адамдар, олардың еңбек өнімдері және өмір сүрудің табиғи ортасы (топырақ жамылғы, өсімдіктер мен жануарлар, климаттық және геофизикалық элементтер) болып табылады. Жаппай зақымдаудың қазіргі заманғы құралдарына ядролык (жаппай жою қаруының негізгі түрі), химиялык және бактериологиялық (биологиялық) қару жатады. Жаппай жою қаруы ракеталаравиация мен артиллерия арқылы жеткізіледі.

Қазіргі кезде жаппай жою құралдарына ядролық, химиялық, биологиялық қарулар жатады. Олар қысқа мерзім ішінде, кең аумақты саны көп халықты, шаруашылық нысандарын қиратады.

Жаппай қырып жою қаруының басқа қаруларға қарағанда өз ерекшеліктері болады.


  • Зақымдаушы факторлардың әсер етуінің ауқымдылығы.

  • Кең аумақтағы адамдарды зақымдауға қабілеттілігі

  • Кең маралдық – психологиялық әсер етуі.

  • Әскерлердегі жеке құрамының, халықтың арнайы қорғануының, техниканың, түрлі нысандардың, жергілікті жерді дезинфекциялау, газсыздандыру, дезактивациялау жүргізілудің қажеттілігі.

Ядролық жарылыс кезінде лезде бөлініп шығатын, шикі ядролық қуатты пайдалану негізінде әрекет ететін қару ядролық деп аталады. Ядролық зарядтың қуаты тропил эквиваленті арқылы белгіленеді, яғни кәдімгі жарылғыш заттың санымен, оның жарылу кезінде ядролық оқ-дәрі жарылғанда шығатындай қуат бөлініп шығарылады, оны ондық, жүздік, мыңдық және миллиондық тоннамен өлшейді.

Ядролық оқ-дәрілерді қажетті аумаққа жеткізу жеткізу құралдары: ракеталар, авиация және артиллерия болып табылады. Одан басқа бұл мақсатта ядролық фугастар да қолданылады.

Ядролық жарылыстар ауада, жер үстінде, жер астында жүзеге асырылады.

Жарылыс болған нүкте – орталық, ол жер үстіндегі оның проекциясы ядролық жарылыстың эпицентрі деп аталады.



Оның негізгі зақымдаушы факторлары

  • Соққы толқыны

  • Жарықтық сәуленуге шалдығу

  • Өткір радиакция

  • Радиоактивті зақым және электро магнитті импульс болып табылады.





  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет