Казахстан Республикасы бiлiм жане гылыми министiрлiгi



бет20/101
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452659
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   101
umkd tkn

Үсу ауырлығы мен тереңдігіне байланысты 4 дәрежеге ажыратады:

І дәреже- тері ағарып, сезгіштігін жоғалтады бұдан кейін ісініп қызарады. Оның үстіңгі қабаты қотырланады, аяқ-қол мұздайды, негізгі тамырлар соғысы едәуір әлсірейді, зақымданған ұлпалар домбығады.

ІІ дәреже- теріде бозамық немесе қан тәріздес сұйық пайда болады. Сол жердегі негізгі тамырлар соқпайды, зардап шегуші ауырпалық сезеді. Температу көтеріледі, тәбет жойылады, ұйқы басу құбылыстары байқалады. Сол жері көгеріп, сезімталдығы әлсірейді.

ІІІ дәреже- негізгі тамырлар соқпайды, алғашқы күндері тері домбығуы байқалады, көпіршік түзіледі. Терінің жабылмаған бөлігінде ісіну жолағы байқалады. Зақымданған теріде қалың ірің 3-5 күнде байқалады.

ІҮ дәреже- ұлпаның барлық қабаттары мен сүйектің жансыздануы байқалады. Дененің зақымданған жерін жылытуға болмайды, тері бетін қара сұйықтық көпіршік жабады, 10-17 күннен кейін ажыратылады. Зақымданған жер тез қарайып құрғай бастайды. Аяқ-қолдың ажырау процесі 1,5-2 ай. Жара жазылуы баяу. Мүшелерде дистографиялық өзгеріс- бұзылу байқалады.

Алғашқы медициналық көмек көрсету: дененің үсіген жерін дереу жылыту, қан айналымын қалпына келтіру.

Үсіген адамды жылы жерге әкеліп, жылы су құйған ваннаға температурасы 20- дан 40С дейін арттырып отырып, 20-30 минут саламыз, ыстық шәй, кофе береді. Су киім мен аяқ киімді мүмкіндігінше құрғағымен алмастырады. Егер ткандерде әлі өзгеріс, яғни ісікпен күлдіреп суланған белгілер байқалмаса. Дененің үсіген жерлерін спиртпен шайып, таза қолмен ысқылау қажет. Ысқылау дене қызару, ысыну пайда болған тоқтамыз. Денеде үсік суланып күлдіреп және жансызданған учаскелер байқалған кезде оларды стерильденген бинт немесе жеке таңу пакетін пайдаланып таңып тастау керек. Үсіген адамның ткандерінде жоғарыдан келтірілген өзгерістер бола қалған жағдайда дененің зақымданған бөлігін спиртпен ысқылап, стерильді танғыш салып байлайды.

Бет үсіген кезде иіс сумен сүртіп вазелин, антисептикалық крем Чебурашка, Детский жағады. Содан кейін иіс сумен шайылған таңғыш, мақта салынған құрғақ таңғыш қояды.

Дененің үсіген жерін қармен ысқылау теориялық тұрғыдан теріс, себебі суықты күшейтеді мұздаған тері жарылып, үсіген төңіректі асқындырады. Үсіктен сақтану үшін әртүрлі майды қолданудың қажеті жоқ.

Өте ауыр үсікке душар болғандар хирургиялық немесе травмотология бөлімдеріне жөнелтіледі.

4. Сүйектің сыну түрлері, ерекшеліктері, көрсетілетін медициналық жәрдем

Адам шұғыл қимыл жасап соғылғанда, биіктен құлағанда т.б. қауіпті жағдайларда сүйек сынады. Сынық бітеу де, ашық та, болуы мүмкін. Бітеу сынық кезінде тері бүлінбейді, ал ашық сынықта – сынған жерде жара пайда болады. Ең қауіптісі ашық сынық.

Сүйек тек екіге бөлініп сынса шорт сыну, ал сүйек сынықтары өте көп болса – жанқаланып сыну деп аталады. Апат, авария, жер сілкінісі кезінде, бірнеше сүйектердің жанқаланып сынуы мүмкін.

Сынықтың негізгі белгілері: қақсау, қанталау, ісіну, сынғанжердің қалыпты қимылдай алмауы, аяқ-қолдың атқаратын қызметінің бұзылуы. Сүйек ашық сынғанда жарадан сүйек сынықтары көрініп тұрады. Аяқ-қолдың сүйегі сынғанда сынған жерді сипап байқағанда қабырға сынықтары сытырлап естіледі. Жамбас сүйек пен омыртқа жотасы сынғанда көбінесе кіші дәрет пен аяқтың қимылы бұзылады. Бас сүйек сынғанды көп жағдайда құлақтан қан кетеді. Сынық ауыр болғанда шок пайда болады. Әсіресе, артериядан қан кетіп, ашық сынық пайда болғанда шок жиілейді.

Сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмектің негізгі ережесі мынау – ең алдымен зақымданушының өмірін сақтап қалуға тиісті тәсілдер қолданылады. Олар: артериядан қан кетуді тоқтату; жарақатты шок болудан сақтандырып, одан кейін жараға стерильді таңғыш байлау және тізімдегі немесе қолда бар құралдармен иммобильдеу (қозғалтпау).

Имобильдеудің негізгі мақсаты – сынған жердегі сүйектерді қимылдатпау. Сонда жарақаттың ауырғаны білінбей, жарақатты шоктан сақтандырады. Иммобильдеуді өте абайлап жасау керек. Сынған жердегі сүйектерді қимылдатпау үшін таяу жатқан екі буынды (сынған жерден жоғарырақ және төмен) арнайы шендеуішпен немесе қолда бар құралдармен орнықтыра таңып байлайды. Мұндай тәсіл тасымалдауға арнап иммобильдеу деп аталады. Баспалдақты және торлы шендеуішті пайдаланған кезде олардың біреуін немесе бірнешеуін қажетті ұзындыққа таңдап, тиісті дене бөлігіне өлшей отырып, үлгісін пішіп, киімнің үстіне салады. Оны аяқ-қолға бинтпен орап бекітеді. Фанер шендеуіштер жеңіл, мөлшері әртүрлі болуы мүмкін. Оларды астына мақта төсеп, бинтпен аяқ-қолға орап байлайды.

Аяққа арналған шендеуіш ағаштан (тақтайша) денеге орап орналастырылады. Жақ сүйек сынғанда тасымалдауға арналған стандартты таңғыш қолданылады. Жараны таңғышпен байлағанда және иммобильдегенде сүйек сынықтары жылжып кетпейтіндей етіп, бітеу жараны ашық жараға айналдырып алмауға тырысу керек.

Бас сүйек сынған кезде көбіне ми зақымданады. Зақымданушы есінен айрылуы мүмкін. Алғашқы көмек көрсеткен кезде өте сақ болу талап етіледі. Зақымданушыны тексеріп қараған соң зеңбілге етпетінен жатқызып, басына (бет жағына) ортасы шұнқырланған жұмсақ төсем төсейді. Қабырға сынғанда көкірек қуысына бинтпен қатты таңады, орамалмен қысады да тігіп тастайды. Ортан жілік сынғанда, әсіресе, онда ашық сынық болғанда, жарақат өте ауыр болады, қан кетіп, шок ұстайды. Мұндай жарақатты иммобильдеуге санға арналған дитерихстің арнайы шендеуіші өте қолайлы. Сонда иммобильдеген кезде қолда бар құралдарды санның екі жағынан: біреуін ішкі жағынан, екіншісін сыртқы жағынан салып, оларды аяққажәне жалпақ бинтпен, белбеумен орамалмен орнықтырып салады. Толарсақ және тізе буындары маңындағы сүйек қырларына, қолтық пен шапқа мақта салып төсейді. Жамбас сүйектері сығанда зақымданушының халі өте ауыр болады. Оны тегіс нәрсеге (фанерге тақтайға) шалқасынан, аяқтарын сәл бүгіп, алшақтау жатқызады. Зақымданушының бірнеше сүйектері сынғанда алғашқы медициналық көмекті мынандай ретпен көрсетеді: қан кетуді тоқтатады, жараны стерильді таңғышпен байлайды, ауру басатын дәрімен егеді және өмірге қауіпті сынықтарды иммобильдейді де, соңынан қалған сынықтарды емдеуге кіріседі.


№11 дәріс тақырыбы: Жаппай жою қаруынан қорғау



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет