Казахстан Республикасы бiлiм жане гылыми министiрлiгi



бет29/101
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452659
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   101
umkd tkn

Өрт сөндіру материалдары

 Өртке қарсы су қондырғыларына қойылатын талаптар СНиП 11-31-74 құрылыс проект нормасымен анықталады.  Өрт сөндіру үшін қолданылатын материалдар сөндіргіш заттар деп аталады. Өрт сөндіргіш заттар арзан қолданылып, қәуіпсіз материалдар мен бұйымдарға зиян келтірмейтін, аз шығындар мен жоғары сөндіргіш нәтежие беру керек. Негізгі өрт сөндіру заттар: су, су буы, тұздардың су ерітінділері, инертті газдар, минералды ұнтақтар, көбік, құм, топырақ, әр-түрлі жапқыштар.

Баспана үшін ең қауіптісі- өрт. Өрттер ол адамдар, жануарлардың қаза болуына, материальдық игіліктердің жойылыуына әкеп соғатын, бақылауға келмейтін жану процестері. Өрттің пайда болуы отты ұқыпсыз пайдалану, өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамау, балалардың отпен ойнауы, темекі тұқылынан тағы басқа. Өрттің 90% адам кінәсінен, 7-8% құрғақ ағаш, 2-3% әйнек, күн сәулесі әсерінен пайда болады. Өрттің уақытында өшірілуі- өрт сөндірушілердің дер кезінде шақыртылуына байланысты. Осындай жағдайда мына мәліметтерге көңіл аудару қажет:

1) Өрт туралы хабарлама беру.

2) Адамдарды құтқаруға әрекет жасау.

3) Заттар мен жануарларды эваеуация жасау.

4) Өртті өшіру.

Өрт сөндіргіш құралдарға:

- судың ағын, шашыраған және бу түрін пайдаланылатын;

- химиялық және ауа-механикалық көбіктер;

- инерттік газдар (көмірқышқылы, азот);

- ұнтақ құрғақ заттар, құм т.б.

1) Өртті сумен сөндіру- ең қарапайым әдіс. Өрттің жану шартына, жанып жатқан заттардың қасиетіне, түріне байланысты суды бағытталған ағым, шашырату түрінде пайдаланады. Үлкен қысымның әсерімен шыққан су ағыны жалынды өшіреді. Ал суды шашыратып себу үлкен ауқымды өртті өшіреді.

2) Өртті көбікпен сөндіру- тоқ қуатты жүріп тұрған қондырғыларды, тез тұтанатын сұйықтықтарды сумен сөндіргенде тоқ соғады, сондықтан газ бен сұйықтан құрылған көбік қолданылады. Көбік тығыздығы төмен болғандықтан, жанып жатқан заттардың бой- бойымен жылжи ағып, ауның отқа келу жолын жабады, салқындатады. Өрт сөндіруде көбік 2-түрі қолданылынады: 1) химия көбігі 2) ауалық- механикалық көбік- аса улы өнімділігі шығатын заттарды, тұтанғыш сұйықтықтарды сөндіруде қолданады.

3) Өртті газбен сөндіру- көмірқышқылмен галоидтелінген көмірсутегімен сөндіру. Сұйық түрінде көмірқышқылы баллоннан шыққан соң, қар тәріздес болып -78,5 С қатты күйге айналады.ал қызғанда газ түріне айналады. Істеп тұрған электр қондырғыларды сөндіруде қолданады. Қол өртсөндіргіші жатады.

4) Өртті бумен сөндіру- жанып жатқын заттарға оттегінің келуін шектеу. 35% бу отқа жинақталса жану тоқтайды. Бұл әдіс шағын өртті тез сөндіруге болатын оңай әдіс. Өртсөндіргіш жоқ болса, үй тұрмыс жағдайында қолда бар құралдар пайдаланылады: су; құрғақ және майда құм; киіз, ауыр жүн, мауыты немесе сукно (жанған затқа ауа жібермеу). Жанған жерді жабу процессі.


2. Орман – жер шарының негізгі түрлерінің біреуі, яғни әртүрлі аралас өсімдіктердің күрделі қарым – қатынасы, бірақта көлемі, құрылымы, құрамы, көбеюі, көректенуі және басқа белгілері бойынша айырмашылығы бар. Ал өсімдіктер ішінде ағаштар басты орында. Бірақта көп ағаштарды орман деп атауға болмайды. Өйткені олар бір-бірінен алшақ орналасып , қатар-қатар тұруы мүмкін, сондықтан олар саябақ немесе демалыс бағын құрастырады.

Орман тек сандық белгілерімен емес, сапалық көрсеткіштерімен анықталады. Орманда өскен ағаштардың өте жоғары орналасқан бөрікбасы болады. Олар жоғарыда қосылып жарықты, жылуды, жауын-шашынды жерге түсірмейді. Сондықтан төменгі бұтақтар солып қалады, ал өсетіндері діңдері. Ол ағаштардың бағалылығы және шаруашылық мағынасы мол көрсеткіші.

Aбайсыз жағылған от, сөнбей қалған шоқ, кейде найзағадан да пайда болатын апат. Орман өрті көбінесе құрғақшылық жылдары, ерте көктемде және күзде болады. Оның негізгі себебі – ауыл шаруашылығы қалдықтарын өртеген кезде қауіпсіздік талаптарының бұзылуынан туындайды. Орман өрті ағаш қорын кемітумен қатар, ағаштың өсуін нашарлатады, жалын шарпыған ағаш қурайды, жел, дауылда сынғыш келеді.

Орманда зиянды жәндіктердіңағаш ауруларының таралуына қолайлы жағдай туады. Орман өрті жер бетін шарпыған кезде жапырақ, бұта, шөп-шалам, көк шөп, ағаштың жас өркендері жанады, от қызуы 400 – 9000С-қа жетеді, жалын 0,5 – 1 м-ге көтеріледі, өрт сағатына 0,25 – 5 км жылдамдықпен таралады. Көлемі кішкене шарпыма өртті топырақ, химиялық заттар(диамоний фосфат, аммоний сульфаты, т.б.), су шашып, жасыл бұталармен соққылап сөндіреді. 

Адам шаруашылық құрғанда топырақтың механикалық құрамы өте мағналы болады. Одан судың топыраққа сіңуі, суды ұстауы, өсімдіктердің тамырларының дамуы және өңдеуші құралдарға топырақтың қарсы тұруы. Соңдықтан құмды және құмдау топырақтар өңдеуге жеңіл, саздақты және сазды – ауыр. Еңбек пен қаржы жұмсау әртүрлі болады. Топырақтың механикалық құрамы ағаштардың өсу құрамына әсер етеді. Құмды топырақта қарағай жиі өседі, ал құмдау топырақта шырша.

Топырақтың тығыздалуы оның тығыздығын және қуыстылығын көрсетеді. Сондықтан өте тығыз (күрекпен өңделмейді), тығыз (күрекпен өңделеді), жұмсақ (күрек оңай кіреді, лақтырғанда шашылады), өте жұмсақ (топырақ төгіліп тұрады).

Орман өртi - орман ауданы бойынша таралып жатқан басқарылмайтын жану. Орман өрттері жануды объектісіне және олардың тарату сипаты бойынша сипатталады. Далаларда- табиғи болатын немесе жасанды шақырылатын өрттер. Қазақстанның барлық аумағында орман, дала және орман дала өрттері тіркеледі. Олар хайуанаттар дүниесін, тал-шыбықтарды, бұталарды, дала мен орманда дайын өнімдерді, құрылымдарды және ғимараттарды жояды. Өттер салдарынан қорғаушы, су қорғау және басқа да ормандардың және далалардың пайдалы құрылымдары, азықтылар төмендейді.

Орман өрттері төменгі, жоғарғы және жер асты болып бөлінеді. Өз кезегінде төменгі және жоғарғы,  тұрақты және тұрақсыз болады.
Тұрақты төменгі өрттер орманның төменгі қабаттары бойынша аз жылдамдықпен (минутына 0,5м) ағаштардың топырақ бетіне шыққан тамырлары бар төменгі бөліктерімен (топырақ қабаты, бұталар, ұсақ шырпылар өртенеді)  таралады.

Тұрақсыз төменгі өрттер топырақтың тірі және өлі бөлігін, шырпылрды, орман егістерін, бұталарды өртейді, бірақ қолайлы жағдайлар есебінен жылдамдығы минутына 0,5-1 м және өрттің жоғары болуымен, дымқылдығы жоғары орындардан өтіп кетіп таралады.

Төменгі өрттер үшін кең таралған өрттің формасы тән. Түтін түсі – ашық-сұр, төменгі өрттердің таралу жылдамдығы желмен қарағанда желге қарсы 6-10 есе қарсы. Тәуліктің түнгі уақытында күндізгіге қарағанда жылдамдығы азырақ болады. Жел бағыты өзгерсе өрттің формасы – оның форнтының, қанатының, соңының негізгі элементтері өзгеріп кетеді. Бұнадй жағдайларда әсіресе өрт үлкен көлемдерге жайылса, орман ішіндегі адамдарды да қоршап алуы мүмкін. Ірі өрт кезінде авиациялық барлау көмегімен ғана жағдайға бейімделуге болады. Жоғарғы тұрақты өрт төменгі өрттердің келесі кезеңі, төменгі өрттер ағаштардың тамырын өртмей отырып, бұтақтарын, жапырақтарын, ұсақ және ірі бұтақтарын өртке орап әкетеді. Төмен өрттердің ағаш жабындыларына өршігуі қатты желдерде, сондай-ақ қылқан жапырақты ағаштардың кебулерінде (әсіресе тау бөктерлерінде, өрт жоғарыға тарағанда) болады. Ағаш кебулері жоғарыда болған өрттен кейін толығымен өліп қалады, бұтақтардың тек күйіктері ғана қалады. Жоғарыдағы тұрақты өрт кезіндетөменгі өрт басының жылжу шамасы бойынша ағаштардың ұшар басы бойынша таралады. Тек қатты желдердің әсерінен ғана болатын, жоғарғы тұрақсыз өрттер кезінде ағаштардың бастарынан «ауыспалы», төменгі өрттің фронттарын баса отырып таралады. Жел сонымен қатар ағаштық ұсақ бөліктерін, басқа да ұсақ жанып жатқан объектілер мен шоқтарды шашыратып, негізгі ошақтың алдынан бірнеше жүз метрге төменгі өрттерде жаңа ошақтар пайда болуына әкеледі. Көптеген жағдайларда өрт айтылған тәсілмен жолдардан асып, өртті сөндіруге арналған минералданған сызықарға, өртке қарсы жарылулар және басқа да шептерге «лақтырылады».Өрттердің «алмасуы» кезінде  ағаш ұштары бойныша сағатына 15-25 км жылдамдықпен таралады, бірақ та жоғары тұрақсыз өрттің орташа жылдамдығы әрқашан да аз, өйткені «алмасудан» кейін өрт фронтының таралуы төменгі өрт  жанған ұштары учаскісінен өткенше тоқтап тұрады.

Жоғарғы өрттер көп көлемде жылу бөліп, өрт өнімдері мен қызылған ауа ағынын шақырып,  бірнеше жүз метр диаметрде конвективті ағыны (бағандары) пайда болады. Олардың қозғалысы өрттің фронтының бағытымен түйіседі. Конвективті ағыстың ортасындағы өрт 100 мерт биіктікке дейін көтеріле алады. Конвективті бағана өрт аймағының ауа кіруін жоғарылатады және  өрттің көбеуіне жол беретін жел тудырады.Тұрақсыз жоғарғы жел кезінде аудан формасы жел бағыты бойынша соөылыңқы болады. Жоғарғы өрт түтінінің түсі қою қара.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет