Өрт түрлері
Өрттiң параметрлерi
|
Өрттiң күшi көрсеткiшiнің мәнi
|
Әлсiз
|
орташа
|
күшi
|
Төменгi өрт
|
Тарауының жылдамдығы минут/м
|
1 дейін
|
1-3
|
3-тен көп
|
жалынның биiктiгі
|
0,5 дейін
|
0,5-1,5
|
1,5- тен көп
|
Жоғарғы өрт
|
Тарауының жылдамдығы минут/м
|
3 дейін
|
3-100
|
100- ден көп
|
Жерасты өртi
|
Жану тереңдігі, см
|
25 дейін
|
25-30
|
50 –тен көп
|
Орман өрті – абайсыз жағылған от, сөнбей қалған шоқ, кейде найзағайдан да пайда болатын апат. Орман өрті көбінесе құрғақшылық жылдары, ерте көктемде және күзде болады. Орман өрті ағаш қорын кемітумен қатар, ағаштың өсуін нашарлатады, жалын шарпыған ағаш қурайды, жел, дауылда сынғыш келеді. Орманда зиянды жәндіктердің, ағаш
Болған орман өрттері үлкен материалдық шығын әкелетіні белгілі. Орман өрті кезінде халық игілігіне пайдаланатын емдік қасиеті бар шөптер, қымбат ағаштар, бағалы аңдарымыз бен құстарымыз жойылып кетеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 38-бабында «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті» делінген. Сондықтан өрттен қорғану қоғамның әрбір мүшесінің маңызды міндеттерінің бірі болып саналады.
Облысымыздағы жалпы мемлекеттік орман қорының алаңы – 465,7 мың гектарды құрайды. Оның ішінде Орман және аңшылық шаруашылығы комитетіне қарасты Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының жері -223,3 мың гектар.
Жыл сайын Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің бұйрығымен сәуір-қазан айлары аралығы өрт қауіпті маусым айлары болып белгіленеді. Жоғарыда аталған мекемелер наурыз айынан бастып өрт қауіпті маусымға дайындық жұмыстарын жүргізеді. Ыстық ауа-райы кездерінде, егер жауын-шашын ұзақ уақыт болмаса ормандар құрғап, кез келген абайсыз жанған оттаң әсерінен өрт тез таралып кетуі мүмкін. Орман өрттерімен қоса дала өрттеріне де жол бермеуіміз керек. Себебі дала өрттері барып орманға ұласып кетуі мүмкін.
Орман өрті көбінесе құрғақшылық жылдары, ерте көктемде және күзде болады. Оның негізгі себебі – ауыл шаруашылығы қалдықтарын өртеген кезде қауіпсіздік талаптарының бұзылуынан туындайды. Орман өрті ағаш қорын кемітумен қатар, ағаштың өсуін нашарлатады, жалын шарпыған ағаш қурайды, жел, дауылда сынғыш келеді. Орманда зиянды жәндіктердің, ағаш ауруларының таралуына қолайлы жағдай туады. Орман өрті жер бетін шарпыған кезде жапырақ, бұта, шөп-шалам, көк шөп, ағаштың жас өркендері жанады, от қызуы 400 – 9000С-қа жетеді, жалын 0,5 – 1 м-ге көтеріледі, өрт сағатына 0,25 – 5 кмжылдамдықпен таралады. Көлемі кішкене шарпыма өртті топырақ, химиялық заттар (диамоний фосфат, аммоний сульфаты, т.б.), су шашып, жасыл бұталармен соққылап сөндіреді. Қаулама өрт жалыны ағаш басын шалады, оның бұтақтары, жапырақтары жанады. Өрт жел бағытына, күшіне қарай сағатына 5 – 25 км-ге дейін өршиді. Жер астындағы кеулеме өртте топырақ арасындағы өсімдік шірінділері, шымтезек жанады, от жалыны көбіне сыртқа шықпай, бықсып жанады. Мұндай өртті өшіру үшін жанған жердің айналасын тереңдігін ыза суға жеткенше, енін 1 м етіп ор қазады. Қазақстанда Ертіс және Обь өзендерінің арасындағы далалы аймақта орналасқан қарағай жолағында өрт тіпті жауынды жылдары да көп болады. Бұл жерлерде ауа-райы құрғақ болғандықтан өрт қаупі кезеңінің орташа ұзақтығы 180 күннен асады. Орман өртін сөндіру үшін көбіне табиғи кедергілер – өзен, жыра, батпақ, жол, арнайы жасалынған орман аралық ағашсыз жолақтар пайдаланылады (енін 1 – 2 м етіп жыртады). Қарсы от салып та тоқтатылады. Күшті өртке қарсы ұшақтар мен тікұшақтар арқылы жоғарыдан су, химикаттар шашады.
Ормандардағы өрттердің бәрі сыртқы себептерден болады: ағаштардың арасында өрттің көзі жоқ. Ормандардың жануы кейде найзағайдан болады, бірақ өртті орманға жиірек адам әкеледі.
Орман өрттері болуының ең типтік себептері:
- сөндірілмеген шылым не сіріңке;
- аңшы атқан соң, тығын бықсып жана бастайды;
- механизатор орманда майланған материалды тастап кеткен, қауіпсіздік техникасының ережелерін бұзып6 техникаға жанармай құйған, көліктің жанында шылым шеккен және т.б.;
- саяхатшылар, ауыл шаруашылығының жұмысшылары кепкен шөптің үстіне, кесілген қалдықтары бар ағаш кесетін жерде, ағаштың астында алау жаққан;
- орман алаңдарында шөпті немесе орманның жанындағы өрісте орылған егістің орнын жаққан;
- күн шұғыласы түсетін жерге тасталған шынының сынығы жандырғыш линза тәрізді күн сәулесінен жануы;
- орманда шаруашылық жұмыстарын (жарылғышпен тамырынан жұлу, қоқысты жағу, жолдарды, электролинияларын, құбырларды салуы және т.б.) дұрыс жүргізбегеннен.
Ормандағы өрттер төменгі, жер астындағы (торфты) және жоғарғы болады. Төменгі өрттерде (барлық оқиғалардың 90%) ағаштардың төменгі жағы, шөп, шөпшек, жерден шығып тұрған тамырлары жанады. Таралу жылдамдығы – 1 метрден 3 метрге дейін, жалынның биіктігі – жарты метрден 1,5 метрге дейін. Минутына 3-4 м жылдамдықта өрт 10-14 сағатта үлкен өртке айналады.Жоғарғы жиі болатын өрт қатты желде болу мүмкін: от ағаштардың ұшар бастарынан минутына 5 метрден 100 метрге дейін және оданда көп жылдамдықпен өтеді. Жел жанып жатқан бұтақтарды және ұшқындарды таратады, олар өрттің жаңа ошақтарын тудырады.
Шымтезек өрттер ақырын қозғалады, тәулігіне бірнеше метрден. Олар жер астынан оттың кенеттен шығуынан және олардың шеті кейде көрінбей жанған шымтезекке түсіп кету мүмкіндігінен өте қауіпті. Сондықтан өрт болған жағдайда шымтезекті батпақтарға жоламау керек, ал егер шымтезек алаңынан өту қажет болса, онда тек топпен ғана жүру керек, бірінші келе жатқан адам топырақты бақанмен тексеру керек. Жер астындағы өрттің белгісі – жердің ыстық болуы, топырақтан түтіннің шығуы.
Шағын өртті (шегінің ені – 1 км-ге дейін) 3-5 адамнан құралатын топ арнайы құралдарсыз жарты сағаттың ішінде тоқтата алады. Мысалы, жасыл бұтақтардан жасалған сыпырғышпен, жас талмен (1,5-2 метр), қап тігетін матамен, брезентпен немесе киіммен отты қағу. Отты сабалап, өрт басталған жағына лақтыру керек, шағын жалынды аяқпен басуға болады. Тағы бір таралған әдіс - өрттің шетіне топырақ тастау.
Бірінші күрекпен топырақты алып жалынды қағу керек, содан соң топырақтан қалыңдығы бірнеше сантиметр, ал ені жарты метрге дейін тұтас жол жасау керек. Бір адам жарты сағат ішінде 20 метр шамасында өрт шетін қағуы мүмкін.
Егер сіз орманда шағын өртке кезіксеңіз, оны тоқтату үшін дереу шаралар қолдану керек, сонымен қатар мүмкіндік болса жақындағы елді мекенге немесе орман шаруашылығына біреуді көмек шақыруға жіберіңіз.
Кез келген апат жағдайда тұрғындар қорғау жұмыстарына қатыстырылады. Өртпен күресуге балаларды және жеткіншектерді, екіқабат әйелдерді және бала емізетін аналарды қатыстыруға тыйым салынады. Апат аймағында әкімшілік басқармасының ерекше заңдары әрекет етеді, осы заңдар барлық күштерді және техниканы өртті сөндіруге қолдануға рұқсат етеді. Егер сіз орман өртін сөндіретін топқа кірсеңіз, онда сізге өрт сөндіру тактикасын білу қажет, паналайтын жерді және оған баратын жолды білу қажет. Қорғайтын киім (мүмкіндігінше адамдарға арнайы киім, газқағар, каска, түтінге қарсы бетперде таратылады) кию керек. Әр топта жерді жақсы білетін жолсерік болу керек. Егер түтін аймағындағы көз көрерлік 10 метрден аз болса, онда оған кіруге болмайды.
Орман өрті аймағынан қалай шығуға болады?
Егер өртпен күресе алмасаңыз, одан кетіп қалу жеткілікті: жаяу жүргіншінің жылдамдығы – минутына 80 метрден көп, ал төменгі өрттің жылдамдығы – 1-3 метр. Өрт шегіне перпендикулярлы жел жаққа қарай орман жолымен, алаңдармен, өзендердің және жылғалардың жағаларымен жүру керек. Қатты түтіндеуде ауызды және мұрынды сулы байламмен, орамалмен, киімнің бөлшегімен жабу керек. Кейде жоғарғы өрттің майданынан жүгіріп өтуге болады, бастысы - өкпелеріңізді күйдіріп алмау үшін демалмай жүгіру керек.
Елді мекенге тақалған өртті тоқтата алмау жағдайында мемлекеттік қызметтер дүниені және малды қалай қорғау керектігін, не істеу қажеттігін, ал қажетті жағдайда эвакуациялау туралы алдын ала хабарлайды. Жеке заттарды тастан жасалған жанатын конструкциясыз салуларда немесе жерге көміп сақтауға болады.
№14 дәріс тақырыбы: Стихиялық апаттарда, өрттерде, өндірістік объектілердегі апаттарда және жарылыстарда халықты қорғау.
Достарыңызбен бөлісу: |