Сабақтың мақсаты: студенттерге адамдардың әртүрлі стихиялық жағдайларда душар болатын инфекциялық науқастықтармен таныстыру.
Сабақ жоспары:
1. Әуеден шабуыл, химиялық, радиациялық, биологиялық зақымдану қауіпі туғандағы қимылдар.
2. Инфекция жайлы түсінік. Көп таралған ауру түрлері
1. Әуеден шабуыл, химиялық, радиациялық, биологиялық зақымдану қауіпі туғандағы қимылдар.
Әуеден шабуыл болғанда – біріншіден, қалалық, аудандық Азаматтық қорғаныс штабынан жоғарыда айтылған қауіптер туралы хабар түседі. Сол кезде не істеу керек? Жарықты, газды, пештегі отты сөндіру керек. өз басыңыздың құжатын яғни, документтерді жинап, тамақ, су алып үйден шығамыз. Көршілерге тез ескертіп, мүмкіншілік болса қарт, ауру адамдарға көмек көрсетеміз. Тезірек панаханаға жету немесе басқа ылдилау (шұңқыр, құдық), таса жерлерге паналау керек. Радиоактивтік немесе химиялық шабуылда да осындай дабылдар беріледі. Егер хабар жеткенде үйде болғанда есік терезелерді бекітіп, саңылауларды бітеу керек. Далағ шығатын болсаңыз комбинизон, етік, егер олар болмағанда пленкадан жасаған иыққа жамылғыш (накидка) кию керек. Азаматтық қорғаныс штабынан екінші рет хабар берілгенше паналаған жерден кетпей күту керек. Қауіптің өткендігі жөнінде хабар алған соң, асығып-саспай, байсалдылықпен қимылдау қажет. Орта және жоғары оқу орындарында төтенше жағдай кезінде адамдарды құтқару жұмыстарын жүргізу үшін әскери емес жасақшылар тобы құрылады.
- Барлау топтары – 15-16 адамнан тұрады.
- Қоғамдық тәртіп қорғау топтары.
- Санитарлық дружина – 25 адам.
- Санитарлық бекеттер – 2-3 дам.
- Радиайиялық не химиялық бақылау бекеттері.
- Құтқарушы топтар – 30-35 адам.
- Бірнеше өрт сөндірушілер топтары - әрқайсысында 4-5 адам.
Төтенше жағдайларда студент қыздарды ауруханаларға жіберуі мүмкін. Студенттер ересек азамат ретінде төтенше жағдай және де басқа қатерлі апаттардың зардабын жоюға белсене қатысуы керек. Сондықтан бұндай жағдайға нақтылы дайындықпен келуі тиіс. Азаматтық қорғаныс сабақтарын мұқият ұғып, жүргізілетін пратикалық сабақтарында белсенділік көрсету; азаматтық қорғаныстың өткізетін барлық шараларына қатынасу; өздері төтенше жағдайларға психологиялық дайын болу, егер шын қиыншылыққа кездескенде асып-саспай, қайраттылық көрсету.
Құтқару және кешеуілдетілмей қалпына келтіру жұмыстарының барысы.
Дұшпанның жаппай қырып-жою қару-жарақтарын халық шаруашылығы объектілерінде қолдануының тигізетін зардабы қарудың өлшемі мен түрлеріне байланысты әр түрлі болады. Ядролық, химиялық, бактериологиялық, биологиялық және қырып-жоюдың өте күрделі түрлерін пайдаланған кездерде толық және қатты бүлінген, түгелімен қираған, өртенген жерлерді қайта қалпына келтіру және құтқару жұмыстары өте қиын жағдайларда жүргізіледі. Құтқару және кешеуілдетілмей қадпына келтіру жұмыстарының негізгі мақсаты: адамдарды құтқару; жарақаттанғандарға көмек көрсету; апатқа ұшыраған және бүлінген жерлердегі құтқару; қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге жағдайлар жасау. Құтқару жұмыстарының мазмұны болып: жұмыс бөлімщелерінде көліктерді қозғалысқа келтіру және барлау жұмыстарына кірісу; жұмыс жүріп жатқан жерлердегі және жолдағы өртті сөндіру; жарақаттанғанда мен көміліп қалғандарды құтқару; зақымданғандар мен өртеніп жатқан мекемелердегі өртті сөндіру; бүлінген, құлаған жерлердегі құтқару, ауа жеткізу, жарақаттанған адамдарға оларды қауіпті жерден қатерсіз, зардап көрмеген аудандарға тасымалдау. Ол адамдарды, санитарлық өңдеуден өткізу және залалсыздандыру, киімдерін, территорияларды тазарту жұмыстарын жүргізу керек.
Ядролық зақымдану ошақтарындағы құтқару жұмыстары. Ядролық зақымдану ошақтарының жағдайларына, қираған мекемелердің және құрылымдардың, коммунальды-энергетикалық және технологиялық қондырғалардың радиоактивтік зақымдану деңгейлерінің және басқа әсерлер мен жағдайлардың жұмыстар жүргізгендегі тигізетін келеңсіз жақтарын реттеу жұмыстары Азаматтық қорғаныстың басшысы мен жасақтаушы командирінің ұйымдастыруымен басқарылады. Алдымен қираған және бүлінген жерлердегі жолдарды ашып алады. Бұл жолдар арқылы қорғаныс мақсатында пана қылған мекендердегі жарақаттанғандар мен жаралыларды, қираған мекемелердің апат болғанда ішінде қалып, құтқаруға қиын жұмыстардан бастайды. Ядролық зақымдану ошақтарындағы қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу өте қиын жағдайларда жүреді, себебі ондай жерлерде әлде де, жаңа апаттар болуы, тағы да бұрынғының үстіне адамдардың зардап шегуі көбейе берулері мүмкін. Коммунальды-энергетикалық және технологиялық апат пен бүлінген жерлердегі қайта құру мекемелеріндегі бөлімшелер мен қондырғыларды ажырату жұмыстарынан басталады. Электр жүйелеріндегі апатты қайта қалыптастыру үшін жеке бір учаскелердегі немесе электрмен қамтамасыз ететін отрақ жерден ажырату керек. Алдымен үзілген сымдарды изоляциялау қажет, содан соң жерден жинап алып, уақытша бір жоғарылау жерге іліп қою керек. Кейін қалпына келтіру кезінде үзілген сымдарды алмастырып отырады. Мұндай учаскелер зақымданған кездерде «Химиялық дабыл» деген дабыл тез іске қосылады. Құтқару жұмыстарын жүргізетіндер: санитар дружиналары, командалар, топтар, отрядтар, залалсыздандыру командалары т.б. Химиялық зақымдану кезінде ауаны, жер астын, жабық квартираларды, парктерді, скверлерді химиялық тұнбалар тұрып қалып ластап, улайтындығын қатты ескеру қажет. Сондықтан құтқару жұмыстары аяқталысымен, өңдеу жұмыстарымен айналысады. Бактериологиялық зақымдану ошақтарындағы ұйымдастыру және жүргізілетін жұмыстарға жататындар: бактериаларды барлау және бактериялар бар нәрселерді индикациялау; бастықтың рұқсатымен каратин режимін жүргізу немесе обсервациялау; санитарлық сараптама өткізіп, зақымданған азық-түліктерді бақылауға алу; эпидемияға қарсы, санитарлық-гигиеналық емдеуді ұйымдастыру; эвакуациялау, ветеринар-санитарлар жиындарын, түсініктемелер жұмыстарын жүргізу. Құтқару жұмыстары жүріп жатқанда ауру және ауруы бар сезікті адамдарды тексеріп, қажеттілік болса оқшаулау қажет, оларға алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсетіліп, емханаға жіберілуі керек. Мекемелерді, адамдарды санитарлық өңдеуден өткізіп, киімдерді дезинфекциялау жұмыстары жасалады. Карантин болған зоналарда қатаң бақылаулар қойылып, халыққа қойылған режимдерді сақтауларын, басқа да талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді. Бактериологиялық зақымдану ошақтарындағы жою жұмыстарының жүргізілуінің соңы деп, соңғы ауру анықталып уақыи өткеннен кейін, аурудың инкубациялық даму мерзімінің ең ақырғы сатысына тең болғанын айтады.
2.Инфекциялық аурулардың басқа аурулардан ерекшелігі- оларды белгілі бір қоздырғыштар таратады, ауруға шалдыққан организмдерден сау организмдерге жұғады және індетке (эпидемия) бейім келеді. Мұндай қоздырғыш микробтарға бактериялар, вирустар жатады. Инфекцияның берулі механизмі аурулардың барлығында біркелкі болмайды, сондықтан ол тірі организмдегі қоздырғыштардың белгілі орнына тікелей тәуелді. Мысалы: тұмау, қызылша, қызамық науқас жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде бөлінетін сілекей тамшылары ауаға таралуы арқылы сау адамға жұғады. Тырысқақ, іш сүзегі, дизентерия су, тағамға қолданылатын азық- түлік, науқастың лас қолы, шыбын арқылы тарайды.
Карантин- 40 күнге дейін ауруларды бөлек ұстау. Эпидемиялық ошақтан жұқпалы аурулардың таралуын тоқтату үшін жүргізілетін шаралар. Ол жерден кетуге, онда рұқсатсыз кіруге тиым салынады, ауырған адамдарды, олармен байланысқан адамдарды анықтап бөлектейд. Бөлек ұстау мерзімі 40 күнге созылады. Мысалы: 1970 жылы Атырауда холера ауруы шығып карантан жарияланды.
Обсервация- латын сөзі (наблюдение), аурумен қатынаста болғандарды оқшаулап бақылауға алу. Карантинге алынған адамдармен байланыста болғандықтан белгілі уақытқа бөлек ұсталынып, олардың денсаулықтарына байқау жүргізетін мекеме.
Эпидемия- белгілі бір елде немесе елді мекенде жұқпалы ауруға ұшырауы. Осындай жағдайды эпидемиялық жағдай деп танып, осы ауруды одан әрі таратпайтындай шаралар карантин мен обсервация жүргізіледі. Ауырған адамдар ауруханаға жеткізіліп, арнайы тәртіпте ұсталады. Осындай кезеңде халық арасында аурудан сақтандыру шаралары қатаң жүргізіледі.
Көп таралған ауру түрлері- оба (чума)- бұл түйеде, кеміргіштерде, қоянда, түлкідн, борсықта, ақбөкенде, мысықта болатын аса қауіпті ауру. Бактериясы ауа, қан арқылы адамға беріледі. Жануарларға бүргелер арқылы жұғады. Аурудың даму кезеңі 3 күннен 6 күнге созылады. Ауру қатаң әрі кенеттен басталады. Алғашқы белгілері: дененің қатты дірілдеуі, ыстықтың 39-40 градусқа дейін көтеріліу, бастың айналуы, дененің еттерінің ауыруы, құсу, тамырдыцң дірілдеп соғуы, өкпенің қабынуы (пневмония). Психикасы өзгере бастайды, ұшып қашқысы келіп тұрады. Мастар секілді сөйлейді. Қан қысымы төмендеп, жүрек жұмысы бұзылады. Тілі ісініп, тамағы құрғап, миндалі және бауыры ісінеді. Қанды құсық құсады, қан кетуі мүмкін. Сырқаттанған адамдар маңайындағыларға ауру тудырады. Әсіресе обаның өкпе ауруының түрлері ерекше қатерлі. Өкпе зақымдандырған обаның белгілері: адамда әлсіздік, дененің қызуы, бас ауруы, естен тану, кеуденің шаншып ауруы, үздіксіз жөтелдің салдарынан мол қақырықтың шығуы. Көмек түрлері: стационарлық емдеу. Қорғаныс түрлері: противогаз, респиратор.
Тырысқақ (холера грек сөзі)- қатерлі жұқпалы ішек ауру. 1817 жылы ең алғаш қоздырғышы анықталды. Тырысқақ қоздырғышы- вибрио холерал. Вибрионның 2 түрі бар: вибрио комма, эль-тор вибрион. Тырысқақтың қоздырғыштары жылы уақытта және ылғылдың аздығына төзімі төмен. Тырысқақ ауруы Үнді елінде, оның Ганга, Брахмапутры өзендерінің бойында, Индонезия, Пәкістан елдерінде жиі байқалады. Тырысқақтың қоздырғыштары ауру адамның бойынан құсықпен, үлкен дәретпен шығады. Шыбындармен, басқа да бунақденелілермен тарайды. Ауру 1-3 тәуліктің ішінде басталады. Алғашқы көрінуі әртүрлі болады; жеңіл іш өтуден тез арада адам өліміне алып келеді. Алғашқы іш өту тез арада жиілеп, сұйықтанады, аурудың ыстығы көтеріліп, құсады, денеде ылғал азайып, құрысып (судорги) қалады. Емделмесе өледі. Ашық су көздерінен жыл бойына осы аурудың бірнеше ондаған таяқшалары бөлінеді. Соңғы 25 жылда Алматы қаласында, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Көкшетау облыстарында, ОҚО, СҚО тіркелген.
Күйдіргі, түйнеме (сибирьская язва)- адамдар кездесетін қатерлі жұқпалы ауру. Көп елдерде- Түркия, Иран, Үндістан, Қытай, Чили, Аргентина, Кения, Танзания, Австралия, Америка штаттарынды, Кавказ, Орта Азия елдерінде, Қазақстанда кездеседі. ауру қоздырғыштары қара малда, қойда, ешкіде, бұғыда, түйеде, сойғанда жұғады. Ауырған малдың етін асқа пайдаланғанда азырақ жұғады. Күйдіргінің басталуы орташа алғанда 2-3 күнге созылады, 8 күнге дейін жетеді. Күйдіргінің жара және висцеральды (асқазан- ішек) түрі болады. Ауруды қоздыратын бактериялар организмге тыныс алу органдары, тағам, жем- шөп және денедегі жара арқылы жұғады. Жара түріндегі күйдіргі қоздырғыштың теріге түсуінен басталады, қошқыл қызғылттанып, тез көтеріледі де, бірер сағаттан соң, 2-3мм жара пайда болады. Содан соң жарылып шамасы үлкейе береді. Жараның айналасында ісік пайда болады. Жара болып тұрғанда адамның жалпы жағдайы аса қатты өзгермейді. Ептеп бас ауырады, шаршағандық пайда болады. Екінші тәуліктің басында аурудың ыстығы 39-40градусқа дейін көтеріледі. Ыстцық 5-6 күнге дейін жалғасады. Денсаулығы нгашарлайды. Жүрек ауруы басталады, организмнің улануы басталады. Күйдіргінің асқазан- ішек түрінде болғанда, іш қатты ауырады, улану басталады. Ыстығы жоғарылайды, тыныстауы ауырлайды. Бауыры ісінеді, құрысып- тырысып ауырады, менингит басталуы мүмкін. Ауру 5-6 күннің ішінде өлуі мүмкін. Ауру үш түрлі жағдайда кездеседі: теріні, өкпені, ішек жолдарын зақымдайды. Ветеринарлық-счанитарлық және медициналық- санитарлық шаралар жүргізу арқылы қадағалау жүргізу керек.
№15 дәріс тақырыбы: Апаттан құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу негіздері
Достарыңызбен бөлісу: |