Бақылау сұрақтары:
Іс-әрекет қауіпсіздігіне анықтама беріңіз?
Қауіп қатердің түрлері қандай?
Ішкі қатерден қорғайтын тірі организмнің қажетті шарасы қандай?
Ықтимал қатерлер қандай қатерлер тобына жатпайды?
Практикалық жұмыс №2
Тақырыбы: ТҚН пәніне кіріспе. Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі саласындағы заңды және құқықтық актілер.
Сабақтың мақсаты: ТҚН пәнінің мақсат және міндеттерімен таныстыру. АҚ заңын талқылау.
Тіршілік қауіпсіздік курсының өзегі болып, қоғамның дамуының негізі- адам алынған. Табиғатта болып тұратын қауіп- қатерлер тұрақты, жан- жақты және қуатты, сондықтан Жер бетінде қауіп төнбейтін адам болмайды. Бірақ көп адамдар бұл жағдайға көңіл аудармайды, байқамайды.
Тіршілік қауіпсіздігінің негізгі мақсатына келесі сұрақтар кіреді:
- қауіп- қатерді тани білу оның түрін, болып жатқан жерін, мүмкін зардаптың, зиянның шамасын, қатер болу мүмкіншілігін.
- болғалы тұрған қауіп- қатердің алдын алу
- қауіп- қатер болғанда төтенше жағдай кезінде білікті іс-әрекет жасай білу.
Достарыңызбен бөлісу: |