Казахстан Республикасы бiлiм жане гылыми министiрлiгi



бет8/101
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452659
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   101
umkd tkn

Сабақтың мақсаты: студенттерді тіршілік қауіпсізгі негіздері пәнінің мақсаты, міндеттерімен таныстыру. Төтенше жағдайлар жайлы мәліметтер беру. Табиғи және техногенді төтенше жағдайлардың мәнін ашу.
Сабақ жоспары:

  1. 1. Тіршілік қауіпсіздігінің мақсаты

  2. 2. Тіршілік қауіпсіздігі пәнінің міндеттері және қызметі

1. Тіршілік қауіпсіздік курсының өзегі болып, қоғамның дамуының негізі- адам алынған. Табиғатта болып тұратын қауіп- қатерлер тұрақты, жан- жақты және қуатты, сондықтан Жер бетінде қауіп төнбейтін адам болмайды. Бірақ көп адамдар бұл жағдайға көңіл аудармайды, байқамайды. Сондықтан олардың ойы нақтылы өмірден алшақ болады. өмір- тіршілік қауіпсіздігі- адам өміріне төнетін жалпы қауіп- қатерлерді зерттейтін, соған қарсы қоюға болатын шараларды әзірлейтін ғылыми білімнің саласы. өмір- тіршілік қауіпсіздігі курсының мақсаты- қауіпсіздік саласында жалпы біліктілікті көтеру, адамдардың ойлау қабілетін өмірдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағыттау- осылар барлық арнайы мамандықтардың қауіпсіздігінің ғылыми- әдістемелік іргесі болып саналады.

Тіршілік қауіпсіздігінің негізгі мақсатына келесі сұрақтар кіреді:

- қауіп- қатерді тани білу оның түрін, болып жатқан жерін, мүмкін зардаптың, зиянның шамасын, қатер болу мүмкіншілігін.

- болғалы тұрған қауіп- қатердің алдын алу

- қауіп- қатер болғанда төтенше жағдай кезінде білікті іс-әрекет жасай білу.

Қауіпсіздік сыртқы және ішкі қатерден қорғайтын тірі организмнің қажетті шарасы. Адамдар өздерінің ойлы іс- әрекеттерін пайдалана отырып, өте тез арада антропогендік орта жасап үлгереді. Адамның кез келген іс- әрекеті әкелетін пайдасы мен кері нәтиже жде әкеліп жатыр. Мысалы: экологиялық бұзылуы, жарақат алу, ауыру, қазаға ұшырау. Сондықтан қауіпсіздікті нақты іс- әрекеттен болатын, адамды және өмір сүру ортаны кешенді қорғау шаралары деп түсінуіміз керек. Іс- әрекеттің түрі күрделенген сайын, кешенді қорғану шаралары қажет. Кешенді қорғану шаралары мынаны қамтиды: құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық, техникалық, санитарлық- гигиеналық, емдік шаралар.

Адамның іс- әрекеттінің қауіпсіздігі- адамның іс- тіршілігі мен қауіп- қатер бір –бірімен кездеспейтін тұйық шеңбер. Адамның іс- әрекетінің процесінде қауіп- қатер әр уақытта болғанымен, ылғи да бола бермейді. Ондай қауіп болуы үшін 3 жағдай болуы керек: қауіп нақты бар; адам қауіп- қатер аймағында; адамның қолындағы қорғану құралдары жеткіліксіз.


2. Қауіпсіздік- бұл іс-әрекет кезінде қауіп- қатердің болмайтындығы айқын болған жағдай.

Оның негізгі 3 міндеттері:

1) Нақты іс-әрекеттен болатын қауіп-қатерді талдау (идентификация). Идентификация келесі ретте жүзеге асуы керек: өмір сүру ортасының қауіп туғызатын элементін анықтау; қауіп тудыратын іс- әрекетті талдайтын адамдарға қойылатын талаптарды белгілеу.

2) Адамды және өмір сүру ортасын табылған қауіп-қатерден қорғаудың тиімді әрі сенімді шараларын әзірлеу.

3) Осы іс-әрекеттің тәуекелінің қалдығынан қорғану шараларын әзірлеу, себебі толық қауіпсіздік орнату мүмкін емес. Бұл міндетті елімізде денсаулық сақтау, Мемлекеттік санитарлық эпидемиялық бақылау, өрттен қорғау, төтенше жағдайдың салдарын жою бөлімдері, электр қуаттары апатынан қорғау, полиция, прокурорлік бақылау органдары жүзеге асырады.

Бұл шаралар қауіп- қатер туындағанда, адамдарды және өмір сүру ортасын қорғау қажеттілігі болғанда қолданылады (зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету, қоғамды қылмыс топтарынан қорғау, ғимараттарды, құрылыстарды бұзу, зардап шеккендерді көлік апатынан босату, ластанған аумақты тазалау тәрізді жұмыстар).

Қауіп- қатер– ортаның қуат жағдайымен, адамдардың іс-әрекетімен тығыз байланысты құбылыс. Ол белгілі бір жағдайда қоршаған ортаға үлкен залалын тигізуі және зардабын әкелуі мүмкін.

Қауіп- қатердің көздеріне: адамның өзі және өмір сүру ортасының элементтері: заттар, еңбектің өнімдері мен құралдары, пайдаланатын қуат, жануар мен өсімдік әлемі, адамдар ұжымы және жеке тұлға; адам мен өмір сүру ортасы элементтерінің қарым- қатынас процестері.

Қауіп- қатер құбылыстарын жіктеу, жүйелеумен айналысатын ғылым саласы- таксономия. Қазіргі кезде толыққанды және жетілген таксономия жоқ болғанымен, төменгі нысан қажеттілік көрсетеді.

Қауіптіліктің белгілері бойынша жіктелуі:

Қауіп- қатер қоршаған ортаға үлкен зардабын, зиянын тигізетін құбылыс, процесс. Ол –

1) шыққан тегінге қарай: табиғи, техногендік, антропогендік, экологиялық, биологиялық

2) әсер ету әдістеріне қарай: физикалық, химиялық, механикалық, биологиялық, физиологиялық

3) жинақталған орнына қарай: литосфералық, гидросфералық, атмосфералық

4) зардап, зиянына қарай: әлеуметтік, техникалық, экологиялық

5) байқалу саласы бойынша: өндірістік, тұрмыстық, спорттық, жол- көліктік

6) салдары бойынша: ауру табу, жарақат алу, әлсіреу, өрт

7) әрекет сипаты бойынша: сырбырлы, белсенді

8) уақыты бойынша: соқпалы, кумулятивті

Адам өмір сүру ортасының жағдайымен санаспай ойсыз іс-әрекет жасауының арқасында техникалық жоғары деңгейге жетпегендігінің кесірінен өз өміріне қауіп- қатер туғыза бастады.

№2 дәріс тақырыбы: Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі саласындағы заңды және құқықтық актілер



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет