Сабақтың мақсаты: студенттерге қауіпті өндірістік және тұрмыстық факторлар жайлы мәліметтер беру. Токсиндер әсер еткендегі созылмалы улану, кәсіби және тұрмыстық аурулар жайлы түсіндіру.
Сабақ жоспары:
Адамның тіршілік жүйесіндегі қауіп, зиянды факторларды топтастыру
Қауіп-қатер қоршаған ортаға үлкен зардабын, зиянын тигізетін құбылыс, процесс және уақиға.
Қауіп-қатердің көздеріне өмір сүру ортасының элементтерін, атап айтқанда пайдаланып отырған заттар, еңбектің өнімдері мен құралдарын, пайдаланылып отырған қуатты, еңбектің микроклиматтық жағдайын, жан-жануарлар мен өсімдік әлемін, адамдар ұжымы мен жеке тұлғаларды жатқызуға болады. Сонымен қатар, адам мен өмір сүру ортасы элементтерінің қарым қатынас процестері де жатады.
Сурет 1. Қауіп, зиянды факторларды белгілері бойынша топтау
Өмір сүру ортасында қауіп-қатер табиғи және антропогендік жағдайларда, сондай-ақ кездейсоқ уақиғалар мен тұрмыста және басқада жағдайларда кездеседі.
2.Өмір сүру ортасының антропогендік қауіп, зиянды факторлар
Антропогендік қауіп адамдардың шаруашылық іс - әрекетінің және өзі құрған объектілерінің, жұмысының нәтижесінде пайда болады әрі адамдардың денсаулығына және өмір сүру ортасына кері әсерін тигізеді.
Атмосфералық ауаның былғану көзі және дәрежесі. Атмосфералық ауа – бұл ғаламшардың (планета) өмірі, жердің азоттан, көмір қышқыл газынан, озоннан, гелиден тұратын газ қабаты. Биологиялық процесс үшін оттегінің маңызы өте зор, ал көмірқышқыл газы фотосинтез процесіне өте қажет. Адам тамақ ішпеуге бар, бірақ тыныс алмай өмір сүре алмайды, себебі адам организмінде оттегі қоры шектеулі. Ол 2 – 3 минут қана тыныс алуына жетеді, ал бес минут өткен соң, ауа келмегендіктен адам организмінде орнына келмейтін процесс басталады, ми қабаты жұмысын тоқтатады, биологиялық өлім келеді.
Атмосфералық ауаның әр түрлі зиянды заттармен былғануы, адамдар органының ауруына, оның ішінде тыныс мүшелерінің ауруына әкеліп соғады. Мысалы, түрлі түсті металлургияның кәсіпорындарының ауаға жіберетін зиянды заттары жүрек – тамыр ауруларының өсуіне, жүйкенің бұзылуына, қатерлі ісік ауруларының пайда болуына әкеледі. Қара метал мен электр қуаты кәсіпорындарының ауаға шығаратын заттары өкпе ауруларына шалдықтырады. Химия өнеркәсібінің ауаға шығаратын зиянды заттары аллергияның, без және жыныс ауруларының пайда болуына әсер етеді.
Атмосферада табиғи және антропогендік көздерден қосылатын әр түрлі қосындылыр әр кездерде де болады. Ондай табиғи қосындыларға шаңдар жатады, олар, негізінен, өсімдіктер түрлерінен, вулкандардан, эрозияға ұшыраған топырақтан, ғарыш шаңдарынан тұрады және өрт түтіндері, газдар да жатады.
Атмосфераның ауасын ластайтын негізгі антропогендік көздер қатарына өнеркәсіп орындарының кейбір салалары, автокөлік, және жылу энергетикасы жатады.
Қазақстанда тұрақты өнеркәсіп орындарының көздерінен атмосфераға жыл сайын (1995 ж – 3,1млн. г,1997 ж – 2,37; 1998 ж – 2,33) зиянды заттар шығады атмосфераға кететін зиянды қосындылардың жартысына жуығын энергетика, ал түсті металдар – 22,7%, қара металдар – 15,7% береді.
Атмосфераға зиянды заттарды шығаруда автокөліктер үлкен орын алады.
Қазақстанның үлкен қалаларында автокөліктердің зиянды заттарды шығарудағы үлесі 60 – 80 пайыз құрайды. Ал Алматы қаласында - 90 пайыз.
Ең көп тарайтын улы заттар – углеродтың оксиді (СО), күкірттің диоксиді (SO2) азоттың оксиды (МОх) көмірсутегі (Cn Hm) және қатаң заттар (шаң).
Атмосфераға одан да гөрі улы заттар шығады, фтордың қосындысы: хлор, қорғасын, сынап және бензапирен. Осы күндері атмосфераға 500-ден астам улы заттар шығады екен, оның саны күннен күнге ұлғаюда.
Қазақстан Республикасының қалаларындағы ауа бассейнін бақылау қалаларда ластану деңгейінің өте жоғары екенін көрсетіп отыр. Орташа алғанда қалалардағы шаңның, аммиактың, фенолдың, фторлық сутегінің, формальдегидтің, қорғасынның, азот диоксидінің және күкірттің жиынтығы шекті нормадан әлде қайда артық болып тұр. Мысалы, Шымкент және Лениногорск қалаларында күкірт жиынтығы шекті нормадан 100 есе артып кеткен.
3.Өмір сүру ортасындағы адам организміне кері әсер ететін факторлар
Зиянды заттардың жалпы сипаттамасы. Қазіргі заманда адамзатқа белгілі 7 млн. астам химиялық заттар бар. Олардың 60 мыңнан астамы кең қолдану табуда, тамаққа қосу түрінде – 5500, дәрі-дәрмек– 4000, тұрмыс химиясында– 1500 пайдаланылады. Халықаралық рыногта жыл сайын 500-ден 100-ға дейін жаңа химиялық қосындылар, өнімдер пайда болуда. Міне, сондықтан адам өміріне қауіпті улы заттар дүниеге көптеп келіп жатыр.
Улы химиялық заттар, өзінің пайдалануына байланысты төмендегідей болып жіктеледі:
өнеркәсіп улы - өндірісте қолданылатын заттар;
улы химикаттар – ауыл шаруашылығында қолданылатын заттар;
дәрі-дәрмектер;
тұрмыс химикаты;
өсімдіктер және жануарларда, саңырауқұлақтарда, құрт-құмырсқаларда болатын заттар;
әскери улаушы заттектер.
Адам организміне әсер ету сипаты бойынша улы заттар төмендегідей болып бөлінеді:
жалпылама улылар – организмді жалпы улайтын, жеке органдарды ауру етіп, істен шығаратын улы заттар;
қоздырғыштар – тыныс жолдарының шырышты (слизистый) қабатын, көзді, өкпені, теріні ауру ететін заттар;
аллергия тудыратын заттар;
мутагендер – генетикалық кодты бұзатын заттар;
канцерогендер – қауіпті ісіктер тудыратын заттар;
бала жасау қызметін жоятындар – қорғасын, сынап, стирол, радиоактивті басқа да заттар.
Зиянды заттардың әсер етуі және организмге енудің жолдары. Зиянды заттар адам организміне тыныс алу жолдары, тері және ас қорыту жолдары арқылы енеді. Көп жағдайда (80-90 пайыз) кәсіпке байланысты ауруларжәне уланулар организмге улы газдардың, булардың, тұмандардың енуіне байланысты болады. Бұл жолмен ауруға шалдығу өте ауыр болуы мүмкін, себебі улы зат бірден қанмен араласып бүкіл денеге тарап кетеді.
Улы заттар ішкен тағаммен, сумен, темекімен, қолдың кірімен асқорту жолдары арқылы организмге енеді. Улы заттар ауыз қуысында – ақ сіңіп, қанға өтіп кетуі мүмкін. Ондай заттарға фенол, циянит сияқты улар жатады. Асқазанның қышқылды ортасы улы қосындымен бірігіп, заттың улылығын одан ары арттырып түсуі мүмкін.
Улы заттар адам организіміне тері арқылы енеді. Улы булар, сұйық заттар теріге еніп, сол арқылы қанға кетеді. Бұндай заттарға суда, майда жеңіл еритін көмірсутегі, ароматты аминдер, бензол, анелиндер және т.б. жатады. Егер теріде жара немесе сызат болса, организмге енуі жеңілдейді.
Бірінші кезеңде улы заттардың бөлінуі қан айналымының қарқындылығына байлынысты болады. Улы заттардың жиналатын үш басты орны бар: клетканың сыртындағы сұйық, клетканың ішіндегі сұйық және майлы (ткань). Улы заттың тарауы үш негізгі физикалық – химиялық қасиетке байланысты болады: суда ерігіштігі, майда ерігіштігі, реакцияға енгіштігі. Кейбір металдар (күміс, мырыш, хром, ванвдий, кадмий және басқалары) қаннан тез шығады, бірақ бауыр мен өкпеде жиналып қалады. Барий, бериллия, қорғасын қосындылары кальцимен, фосформен бірігіп өте мықты қосынды жасай алады және сүйекте жиналады.
Улы заттар әсерінің салдары. Улы, зиянды заттармен жақындасқанда адам организмі тіннің жергілікті зақымдануына және жалпы улануға әкеледі. Жалпы уланудың қанға енуінің нәтижесінде дами бастайды.Удың жергілікті әсері онымен жақындасқан жерінде зақымдану болуы мүмкін: терінің қызарып, қабынуы, күюі.
Улану екі түрде жүреді: өткір және созылмалы.
Уланудың өткір түрі – бұлай улану апат болғанда, қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзғанда болады әрі у тез арада әсер етеді және көп мөлшерде организмге енеді, өткір уланудың екі фазасы болады: біріншісі - өзіне тән емес көрінуі (бас ауыруы, әлсіреу, жүрегі айну)
Уланудың созылмалы түрі – уланудың бұл түрі жайлап, аз мөлшерде білінбей жүріп жатуы мүмкін. Ондай улану удың органызмде жиналуының әсерінен болады. Мысалы, бензонмен өткір улану болғанда негізінен жүйке жүйесі зақымданады, ал осы затпен созылмалы түрде уланса,онда қан жасау жүйесі зақымданады.
4. Адам организмінің улы заттарға қарсы күресінің жолдары
Зиянды заттар организмге түскен соң, әр түрлі химиялық өзгеріске ұшырайды: биотрансформация немесе метоболизм. Улы зат клеткалы мембранамен, ақуыз құрылымымен және клетканың басқа да құрылымдарымен тінаралық ортамен қарым– қатынасқа түсіп өзгереді– бұл удың әр жолмен өз күшін жоғалтуы.
Бірінші жол – удың химиялық құрылымының өзгеруі.
Екінші жол – улы заты уақытша бір органдарға бөліп қоюы (депонирование). Бұл жол – уақытша қанда айналып жүрген удың көлемін азайтады. Мысалы, ауыр металлдар (қорғасын, кадмии) сүйекте, бауырда, бүйректе, кейбір улы заттар жүйке жүйесінде жиналады. Бұл процесс өте күрделі және уды жоюдың негізгі тиімді жолы болып саналмайды. Себебі у қан айналымына кез келген уақытта қайта түсуі мүмкін.
Үшінші жол – организмнен шығуы – бұл әр түрлі жолмен болады: тыныс алу жолдары арқылы, асқорту, бүйрек, тері, темір. Мысалы, ауыр металдар ішек – қарын жолымен организмнен шығады. Терлегенде термен де шығуы мүмкін.
№5 дәріс тақырыбы: Радиациялық және химиялық қауіптілік
Достарыңызбен бөлісу: |