Казахстан Республикасы бiлiм жане гылыми министiрлiгi



бет10/101
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452659
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   101
umkd tkn

Сабақтың мақсаты: студенттерге азаматтық қорғаныс міндеттері: басқару, хабарлау және байланыс жүйелерінің тұрақты даярлығын ұйымдастыру, дамыту және қолдауайлы мәліметтер беру .

Сабақ жоспары:

1.Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен ролі

2.Азаматтық қорғаныс жүйесінің мақсаттары

3.Азаматтық қорғаныс жүйесінің басқару ұйымдары мен құрылымы

1.Қарулы күштерді әлсірету үшін әр соғысушы жақ екінші жақтың ту сыртына соққы беру мақсат етеді. Мұндай соққы беру мүмкіндігі 1914-1918 жылдары ұшақтардың пайда болуына байланысты, әуеден бақылау мүмкіндігі туды. Сөйтіп қалаларға, қорғаныс шебінен тыс тылдарға әуеден соққы беріле бастады. Ал мұның өзі осы қалалардың ауадан шабуылына қарсы тұра алатындай дәрежеде болуын талап етті. Бұл жағдай әуе шабуылына қарсы қарсы тұратын әскери күштермен қатар, қираған өндіріс орындарын, тұрғын үйлерді қайта қалпына келтіруге халықтың өзін көтеру қажеттілігі туындады.

Сөйтіп әуе шабуылынан қорғау үшін 1920 жылы жергілікті әуе шабуылынан қорғану жүйесі құрылды.

Кеңес одағында ХӘҚЖ 1961 жылы Азаматтық қорғаныс (АҚ) – деп аталына бастады. Кеңес өкіметі 1925-1932 жылдары осы Азаматтық қорғаныс жүйесін одан әрі нығайту мақсатында бірнеше қаулылар қабылдады. Осы ХӘҚЖ – не төмендегідей міндеттер жүктелді:


  • әуе шабуылы туралы халыққа ескерту және қауіптің өткендігін хабарлау;

  • әуе шабуылының зардаптарын жою;

  • бомбадан не газдан, улағыш заттардан (УЗ) паналау орындарын дайындау;

  • зардап шеккен жан-жануарларға көмек көрсету;

  • қауіп төнген аудандарға қоғамдық тәртіпті сақтау шараларын жүргізу;

  • ХӘҚЖ үшін арнайы мамандар дайындау жұмысын жүргізу.

Арнайы курстарда, қоғамдық қорғану ұйымдарында оқытуды ұйымдастыру.

Ұлы Отан соғысы жылдарында бұл істерге жоғары маңыз беріліп, бұл күштер халықты қорғауда, шабуыл зардаптарын жоюда үлкен жұмыстар атқарды.

Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін де бұл қызмет одан ары қарай жалғастырып жетілдіре берілді.

Бұл күндері оларға жаңа міндеттер жүктелінген, құрылымы өзгерген. Халықты әуе шабуылынан, атом бомбасының қолдануынан, химиялық, бактериологиялық қарулардан қорғануға дайындау жұмыстары жүктелді. Бұл жұмысты басқаруды ұйымдастыру министрліктерге, облыстық, қалалық және аудандық әкімшіліктерге жүктелген.


2.Азаматтық қорғаныс жүйесінің мақсаттары

  • әр қоғамдағы ең басты және бағалысы – адам. Сондықтан барлық қорғану шараларында адамдардың кауіпсіздігін ескерту – негізгі мақсат. Адамды қорғай білу – мемлекет үшін маңызды. Сондықтан халықты қорғау адамның өмірін сақтап қалу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету азаматтық қорғаныс жүйесінің негізгі жұмысы.

  • халықтың еңбегімен жасалған барлық байлықты сақтап қалу. АҚ ережелерінде олар сенімді түрде қорғалуы қажет деп көрсетілген.

Азаматтық қорғаныс міндеттері:

  • халықты жаппай қыру құралдарының(ядролық, химиялық, бактериялық) зардаптарынан сақтап қалу;

  • төтенше жағдайда өндіріс орындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету;

  • зардапқа ұшыраған адамдарды құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын жеделдетіп жүргізу;

  • апат болған, қираған жерлерде барлау жұмыстарын жүргізу;

  • зардап шеккен адамдарды іздестіру, құтқару, оларға қажетті көмек көрсету;

  • төтенше жағдайда шыққан өртпен күресу, олардың өршуіне жол бермеу;

  • өндірістік орындардағы апаттық көрші тұрғын объектіге зиянын келтірмеуін көздеу және қалпына келтіпу;

  • адамдарды және техникаларды басқа да объектілерді улы, бактериялық, химиялық заттардан санитарлық тазалықтан өткізу;

  • территорияны, техниканы, киімді, тамақты, улы радиактивті заттардан, бактериялардан қорғау.

Әр мекеменің бірінші бастығы – Азаматтық қорғаныстың бастығы болып есептеледі. Оның бұйрықтары мен жарлықтарын осында жұмыс істейтін барлық адамдар орындауға міндетті. Мекеменің бірінші бастығы осы мекеменің төтенше жағдайдағы дайындығы үшін, құтқару жұмыстарының ұйымдасқан түрде жүргізілуіне, оған адамдарды дайындап, ұйымдастыруына жауап береді. ТЖ-дың зардабын жоюға, ұжым мүшелерін ұйымдастыруға мемлекет алдына бірден-бір жауапты адам
Халықты психологиялық дайындыққа әзірлеу.

Адам табиғаттағы, өндірістегі, көлік апаттарының Төтенше жағдайының басы-қасында болғанда оқиғаны әртүрлі бағалайды әрі оған психологиялық кері әсер етуі мүмкін. Мұның өзі сол адамдардың апат зардабын бағалауды, қиын-қыстау жағдайда қалай қимылдауды білмегендігінен болады. Асып-сасушылық басым болуы мүмкін. Бірер адамнан шыққан үрейлену көпшілікке берілсе, онда жаппай үрей (паника) тууы мүмкін. Қорқыныш сезімін білмеген адамдар жағдайды шынайы бағалай алмайды. Немесе асыра сілтеуге жақын тұрады. Олар өз сезіміне бой беріп, жауапкершілікті жоғалтады. Бұндайда теріс түсінушілік, бұрмалаушылық әңгімелер көп болады. Жаппай үрейлену қайғылы жағдайларға соқтыруы ықтимал. Сондықтан адамдарды төтенше жағдайларға алдын ала дайындау маңызды жұмыс. Апат жағдайында қалай қимылдаудың, іс-әрекеттің кезегін үйрету керек, жаттығулар өткізу қажет. Азаматтық қорғаныстың қойған мақсаты осындай. Үрейленушіліктің алдын алу үшін төтенше жағдайда, дереу оның себептерін нақты түсіндірудің маңызы зор. Егер жаппай үрейленушілік туындаған жағдайларда адамдармен тез арада сұхбаттасып, қорқыныш сезімді жоюға тырысу керек. Басқаруды тез арада бір кісі өз қолына алғаны дұрыс. Содан кейін сол адамдардың өздерін құтқару, қалпына келтіру жұмыстарына кірістіріп ақыл-ойларын соған бөлу керек. Тек сонда ғана қатты қорқынышқа ұрынған (паникаға) адамдарды тоқтатуға болады. Сондықтан төтенше жағдайдағы психологиялық дайындыққа тиісті көңіл аударуды қатаң талап етеді.

3.Азаматтық қорғаныс жүйесінің басқару ұйымдары мен құрылымы

Азаматтық қорғаныстың басқару ұйымдары:


  • республикадағы азаматтық қорғаныс штабы;

  • облыстық, қалалық, аудандық штабтар;

  • министрлік бойынша жергілікті жердегі мекемелерде;

  • АҚ штабтары немесе қызметкерлері;

  • азаматтық қорғаныс ұйымының кезекшілік қызметкерлері мен байланыс органдары.

Азаматтық қорғаныстың күштеріне жататындар:

  • азаматтық қорғаныс әскерлері;

  • ауқымдық не министрліктерге бағынатын жасақшылар;

  • арнайы жасақшылар.

Басқару органдары:

  • Қазақ Республикасының Прьемер-министрі;

  • республикалық азаматтық қорғаныс штабы;

  • төтенше жағдай жөніндегі комиссия;

  • облыс әкімі;

  • қала әкімі;

  • аудан әкімі;

  • әр мекемедегі бірінші басшы.

Мекеменің басшысы осы мекеменің төтенше жағдай кезінде дайындығы үшін, құтқару жұмыстарының ұйымдастырылу жұмыстарына жауап береді. ТЖ-дың зардабын жоюға жауапты адам.

Азаматтық қорғаныс жүйесі территориялық және өндірістік негіздері бойынша құрылады.

Территориялық – дегеніміз әр облыс, қала , аудан территориясында құрылады.

Өндірістік – дегеніміз жұмыс саласындағы әр министрлік бойынша жергілікті жерде солардың басшылығымен жұмыс жасайтын азаматтық қорғаныстың орындары болады.



Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі «Азаматтық қорғаныстың» міндеттері.    Азаматтық қорғаныс қызметінің жұмысы жергілікті әкімшіліктің облыстық, қалалық, аудандық басшылығымен жүреді. Азаматтық қорғаныс қызметінің құрылымы мемлекеттік құрылымға сәйкес құрылады. Бұл қызметтің өзі қолда бар материалдық жағдайды және адам күшін, оларды негізгі қызметтерінен айырмай тиімді түрде пайдалана білу негізіне сүйенеді де, өзіне берілген міндеттерді орындауға бағытталады. Азаматтық қорғаныс жүйесі территориялық және өндірістік негіздері бойынша құрылады.  Территориялық – дегеніміз әр облыс, қала, аудан территориясында ұйымдастырылады.  Өндірістік – дегеніміз жұмыс саласындағы әр министрлік бойынша жергілікті жерде солардың басшылығымен жұмыс жасайтын Азаматтық қорғаныстың орындары болады.  Азаматтық қорғаныс күштеріне:  Азаматтық қорғаныс әскерлері;  Министрліктерге бағынатын өндірістіктегі жасақшылар;  Арнайы жасақшылар, оларға: АҚ мен ТЖ құрылымдарының күштері, мекеме, өндіріс, орта және жоғары оқу орнындағы әскери емес жасақшылар (Жалпы қызмет атқаратындар; Арнайы қызмет атқаратындар). Жалпы қызмет арқаратындар өз кәсіпорындарында құтқару не қалпына келтіру жұмыстарына қатыстырылады. Егер қажет болып жатса, басқаларға да көмектесуге шақырылады. Олар жаппай өртке не жер сілкіну және де басқа да ірі апаттардың зардабын жоюға қатыстырылады. Бұл жасақшылардың құрамына құрамына әрбір еңбекке жарамды адамдар кіреді. Оларды құру негіздері: әр цех бойынша, бөлім, бөлімшелер, бригада басқа да өндіріс учаскелерінде ұйымдастырылады. әр смена, бригада бір жасақшылар тобы болып, кей учскелердегі адамдар басқаларға біріктіріледі. Азаматтық қорғаныс бастығының жанынан штаб құрылады да, барлық ұйымдастыру жұмыстары осында жүргізіледі. Азаматтық қорғаныс штабының бастығы, азаматтық қорғаныс бастығының төтенше жағдай кезіндегі бірінші орынбасары болып табылады. Әрбір төтенше жағдайда дабыл хабарын тез арада халыққа жеткізудің маңызы өте зор. Төтенше жағдайда халыққа хабарлаудың ең басты тәсілі ретінде мемлекеттік радио, теледидар және сонымен берілетін байланыс жүйелерінің құралдары пайдаланылады. Дабылды берудің мақсаты, халықтың назарын алдын ала аудару үшін сирена, өндірістік гудоктар арқылы «Тыңдаңыздар баршаңызға» - деп аталатын («Внимание всем») ескерту хабарлары беріледі. Бұл хабар бойынша барлық халық өздерінің радио, теледидар құралдарын іске қосып, төтенше хабарды тыңдауға әзірленуі керек. Бұл сигналдар бойынша тез арада радио тарату, теледидар станциялары, радиотаратқыш жүйе тізбектер тез арада іске қосылуға тиісті. Бұл азаматтық қорғаныс хабарлары төтенше жағдайдың жақындап қалғанын, не болмаса болған қатерлерді, сол сияқты жағдайға байланысты қандай іс-шаралар қабылданатындығы хабарлайды. Мысалы: химия кәсіпорнында апат болғаны және онда улы заттың ауаға тарағандығы туралы дабыл болған жағдайда не істеу керек? Бұл жағдайда тез арада жиналып, көршілерге хабарлап, жел бағытына көлденең бағытқа жүру керек. Противогаз болмаған жағдайда дәкені не матаны ылғалдап, ауыз-мұрынды жауып тыныс алу керек. Немесе киімнің жағасы не мақталы жері арқылы дем алуы керек. Содан кейін азаматтық қорғаныс штабынан келесі хабарды күту керек.  
№4 дәріс тақырыбы: Қауіпті және зиянды факторларды жіктеу



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет