Казахстан


Сурет 39. Омыртқаның мойын бөлігінің қатерлі ісігі



Pdf көрінісі
бет65/80
Дата06.12.2023
өлшемі3.42 Mb.
#485609
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   80
дек. Нейрохирургия

Сурет 39. Омыртқаның мойын бөлігінің қатерлі ісігі, 
алдыңғы проекциясы 
 
 
Сурет 40. Омыртқаның мойын бөлігінің қатерлі ісігі, 
бүйір проекциясы 


175 
Экстрамедуллалық және экстрадуральдық ісікті алып тастау 
аса қиындыққа соқпайды. Осы жеңіл ісіктің хирургиялық 
емдеудегі нәтижесі қанағаттанарлықтай. Көбінесе невринома мен 
арахноидэндотелиома субдуральды орналасады. Көп жағдайда 
оларды толық алып тастау қиын емес. Бұл кезде әсіресе жұлынды 
жарақаттап алмауға назар аударады. Ламинэктомия мен мидың 
қатты қабықшасын ашып болған соң, жұлынды терең, жай 
көрінеді, ол ұзақ қысылу нәтижесінде пайда болған. 
Ісік түйіні мидың ұлпасымен ұқсас сезім тудырады. Бірақ 
арахноидальдық қапшықтағы тартпаны айырып, ісікті мидан 
ақырын ажырата бастағанда, түйіннің тек қана миға жататындығы 
және одан оңай бөлінетіндігі көрінеді. Ісіктің бүйірінде 
орналасқанда оның үстінде әдетге түбіршектер орналасады. 
Оларды ісік бетінен ақырын ысырып, ісіктің түйінін жараға 
шығарып алып тастайды. Невриноманы алып тастау үшін бастапқы 
ісіктің өсу орны мен ісік түйіні өсіп шығатын түбіршекті кесу 
керек. Менингеоманы алуда ісік өсіп жатқан қатты ми қабықшасы 
бөлігі асқынбау үшін кесу немесе оны күйген ұлпаға айналдырып, 
жақсылап коагуляциялау керек. [39] 
Тіс тәрізді байламды кесу арқылы вентральды орналасқан 
ісікке жетеді. Ісік үлкен болған жағдайда бірден ісікті жараға 
шығаруға болмайды. өйткені жіберілмейтін жылдам мидың 
қосылуы болады. Алғашқыда ісіктің көлемін кішірейту керек. 
Оның бөлігін интракапсулалық жол арқылы алып тастайды. Содан 
кейін әдетте ісікті толық алып тастайды. Невринома ат 
құйрығының аймағында орналасқан кезде үлкен көлемге жетеді
көптеген ат құйрығы түбіршектерін айналасын қоршаған кезде 
капсуламен жабысатынын білу қажет. Кейде алғашқыда ісіктің 
көлемін кішірейтіп интракапсулалық жолмен тек жүйелі 
түбіршектерді бөлуге ісіктің капсуласынан кіріседі, оның 
бүтіндігін сақтай отырып, кейде көп мөлшерде түбіршектер жақын 
қатынаста ісіктің капсуласының бөлігін қалдырады, бірнеше 
жылдан кейін рецидивпен қайта ота қайталануы мүмкін. 
Хирургқа ең қиын түсетіні құмды сағат тәрізді невриномалар, 
өйткені ісіктің бір түйіні омыртқа каналының ішінде орналасады, 
ал екішісі артқы көкірек аралықта көкірек қуысында орналасады. 


176 
Мұндай жағдайда екі түйінді де тотальды түрде бір мезгілде алу 
керек. 
Ламинэктомиядан соң омыртқа ішіндегі түйінді алады. Ол 
көбінесе экстрадуральды орналасады. Содан кейін көлденең 
кесіндімен арқа бұлшық еттерін ашады. Қабырға басын және соған 
қатысты бөлікті кеседі де, артқы көкірек аралыққа түйінді 
экстраплевралық жолмен алады (Гулеке әдісі бойынша). Жұлынды 
микроскоппен қарағанда құрылымының өзгерісі қайтымды екенін 
көруге болады. Жартылай қысылу сатысында Броун-Секар 
синдромы жұлынның морфологиялық өзгерісі функциялық- 
динамикалық қан айналымының бұзылуы қайтымды келеді. Онда 
жұлынның алдынғы және бүйір бағаналарының перифериясында 
миелиннің азаюы байқалады. Жұлынның көлденеңінен қысылуы 
әрі қарай дами берсе, толық салдану сатысында, онда анық 
құрылымның өзгерісі байқалады. Хирургиялық көмектен кейін
толық функциясы орнына келеді. Осымен жұлын өте шыдамды 
екенін көрсетеді. 
Интрамедуллалық ісік ұзақ уақыт қысып, ақ затты жұқартады, 
бірақ оны бұзбайды. Егер де экстрамедуллалық ісікті барлық 
сатысында алу оңай болса, ал интрамедуллалық ісік жұлыннан тыс 
шықпағанда, онда ота тек жұлын функциясы бұзылғанда ғана 
жасалады. өйткені отаның жақсы өтуіне толық сенім жоқ, тек қана 
жартылай немесе толық ликворлық блокта ғана жасауға болады. [16] 
Интрамедуллалық ісіктер отаның тактикасы осы уақытқа 
дейін қанағаттанарлық емес. Әдебиетте интрамедуллалық ісікті 
алған жағдай болды деп жазған. Содан науқас өзін жақсы сезінген 
және көптеген жылдар бойы рецидив болмаған. Ол бірінші кезекте 
эпендимомаларға жатады. Оны хирургиялық жолмен алуға болады. 
Интрамедуллалық ісіктер арасындағы ең оңай алуға болатын ісік. 
Интрамедуллалық ісікке жету үшін жұлынды ашып, жұқарған 
жағынан ұзын ара кеседі, орта сызығынан артқа қарай. Сонда ғана 
ісіктің капсуласы бар-жоғы көрінеді және оны алып тастайды
жұлын ұлпасын зақымдап алмай көлденең мнелиттің синдромын 
тудырмау керек. Егер де бұл болмаса декомпрессия мен тіс тәрізді 
байламдардан өтіп қоя салу керек және жұлынның қатты 
қабықшасын тікпей қалдыра салу керек, отадан кейінгі кезеңде 


177 
рентгенотерапияны тағайындайды. Кей кездерде интрамедуллалық 
ісіктер жұлынның артқы бағаналарын жұқартады. Жұлынды ашқан 
соң ісік үстін тіліп жіберсе ісікке тез жетеді, себебі ол жер жұқа 
қабықша секілді. Сирек кездесетін жағдайда интрамедуллалық ісік 
экстрамедуллалық ісікпен қосыла өсіп, интра-экстрамедуллалық 
болады. [18] 
Интрамедуллалық ісіктерді алудың екі этаптық жолы бар. 
Бірінші этапта: жұлынның артқы жағын ісік көрінгенше ашады. 
Осымен ісіктің өздігімен ығысып, жұлынның шығуына жағдай 
жасайды. Жұлынның қатты қабықшасын ашық қалдырады. Екінші 
этапта: 10-15 күннен кейін ісік жұлыннан шығып тұрады. Ол 
жұлынды зақымдап алмай ісікті алуға мүмкіндік береді. 
Хирург ең маңызды шешім қабылдау үшін, яғни 
интрамедуллалық ісікті алу немесе декомпрессиямен қоя салу үшін 
науқастың ота алдындағы жағдайына қарайды. Егер де жұлынның 
функциясы сақталса, онда декомпрессиямен шектеледі, ал егер де 
функциясы бұзылса, онда ісікті алуға тырысады, мүмкіндігі болса 
науқасқа және оның туыстарына отаның қиын екендігін және 
асқыну беретіндігін айтып түсіндіру керек. Көп жағдайда 
интрамедуллалық ісіктер отаға алынбайды. Ликвородинамикалық 
сынама немесе миелографияның көмегімен блок табылса, онда 
декомпрессия 
жасайды, 
бірақ 
мұның 
көмегі 
шамалы. 
Интрамедуллалық ісікті отаға алу көбінесе экстрамедуллалық ісікті 
толық ала алмағанда кездеседі. Эпендимомада хирургиялық 
тактика басқаша жүргізіледі. Ол көбінесе соңғы жіптен пайда 
болып, ат құйрығы аймағында орналасады. Осы ісіктер ат 
құйрығының түбіршектерін ығыстырады, үлкен мөлшерде болады, 
барлық аймағын қамтиды, экстрамедуллалық ісік деп есептеледі. 
Оларды тотальды немесе субтотальды алуға болады. Егер де 
конусты зақымдап алмаса, оталық жұмыс нәтижелі болады. [29] 
Жұлынның ісіктерін хирургиялық жолмен емдеу кезде, оның 
гистологиялық құрылымына, орналасуына, отаның радикальды 
әдісіне байланысты болады. [34] 
Ең жақсы эффект беретіні жұлыннан тыс орналасқан ісіктерді 
алу (невринома және арахноидэндотелиома). Бұл кезде нашар 
көрсеткіш беретін болса, ол кәрі адамдарда кездеседі. Өйткені олар 


178 
кеш тексеріледі және науқастар ота алдында жұлын трофикасының 
бұзылуымен және инфекциялық асқынулармен келеді (үлкен несеп 
шығару жүйесінің инфекциясы, кей кезде уросепсис те кездеседі), 
экстрамедуллалық невриноманы және арахноидэндотелиоманы 
алғаннан кейінгі болатын өлім 1-2%. 
Омыртқа ісіктері. Жұлынның компрессиясын тудыратын 
омыртқа ісіктерінің арасында біріншік ісіктерге қатерсіз (алып 
жасушалы ісіктер, сүйек ұралары, гемангиомалар) және қатерлі 
(остеосаркомалар, хондросаркомалар, миелосаркомалар) ісіктері 
жатады. Омыртқаның екіншілік ісіктері арасынан бірінші орынды 
ісіктің метастаздары және гипернефромалар алады. Омыртқа 
ісіктерін білу үшін, сол жердің жергілікті ауырсынуы, сонан соң 
жұлын және оның түбіршегін қысылу симптомы пайда болады. 
Ісіктің жағдай ретін тексерумен аспирациялық биопсия көмегімен 
табады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет