Казахстан


Сурет 43. Мидың артериовеналық аневризмасы



Pdf көрінісі
бет70/80
Дата06.12.2023
өлшемі3.42 Mb.
#485609
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   80
дек. Нейрохирургия

Сурет 43. Мидың артериовеналық аневризмасы
 
Геморрагиялық 
(апоплексиялық) 
сатыда 
аневризма 
қабырғасының үзілуі түрінде көрінеді, осының салдарынан бір 
реттік немесе қайталанған субарахноидальдық қан құйылу және ми 
ішілік гематомалар дамиды. Көбінесе субарахноидальдық қан 
құйылу жас кезінде (30-ға дейін) пайда болады және 5-6 рет 
қайталануы мүмкін, бірақ артериялық аневризмаға қарағанда қаупі 
және көлемі төменірек. Ми ішілік гематомалар әдетте тез өршитін 
ауыр және тұрақты белгілермен көрінеді. Көптеген артериовена- 
лық аневризмалар мидың үлкен жарты шарының бірінің орталық 
бөлігінде орналасады. Ошақты белгілер әдетте аяқ-қолдардың 
парезімен, плегияларымен айқындалады, сезімталдық және 
сөйлесу қабілетінің бұзылуы болады. Диагнозды дәлелдеу үшін 


193 
каротидті және вертебральды ангиография көрсетілген. Көптеген 
артериовеналық аневризмалардың мүмкінділігімен байланысты екі 
жақты каротидті ангиография жүргізіледі. Ангиограммаларды 
әдетте алып келуші артерия бағаналары дұрыс емес құрылған қан 
тамырлардың конгломераты және алып кетуші коллекторлар 
көрінеді. [41] 
Емі. Тек қана хирургиялық, бірақ операцияға көрсеткіштер 
жеке жағдайдың талқылауына байланысты. Хирургиялық көрсету- 
ге абсолюттік көрсеткіштер тек қана ми ішілік гематоманың 
клиникалық кезінде пайда болады. Басқа жағдайларда отаның 
көрсеткіші. 
Егер аневризма функциялық аймақтарда орналсқан болса, 
оны жою отадан кейін кенеттен ауыр белгілердің пайда болу қаупі 
болмаса. Бірақ аневризма мидың функциялық маңызды 
аймақтарында орналасқан болса, қосымша түсіп қалу белгілеріне 
алып келмей толығымен жоюға мүмкіндік болады. Үлкен 
аневризманың экстирпациясына күрделі оталық кірісу көбінесе 
ауыр және бақылауға қиындық туғызатын қан кетумен қатар 
жүреді. Кей кездері аневризма мидың функциялық маңызды 
бөліктерінде орналасқан жағдайда, аневризманы толығымен 
жоймай, алып келуші артерия бағаналарын қатардан шығарумен 
шектеледі. Бірақ мұндай аневризмалар хирургиялық емдеуге үлкен 
тәжірибесі бар авторлар осы салыстырмалыға қарағанда, аз 
жарақаттанатын ота және аневризманы радикальды тіліп жаруды 
ұсынады. Қатты ми қабықшасын ашқан соң және кеңейген, 
иреленген артерия бағаналарының және жіңішкерген қан 
тамырлардың конгломератын шапқан кезде, құрамында веналық 
және артериялық қан белгілі бір ретпен жүргізілетін қан 
тамырларды тануға кіріседі. Бірінші алып келуші артерия 
бағаналарында қан ағуды қатардан шығарады, содан соң алып 
келуші көктамырларды артериялық қан жоғалып, оның соғуы 
тоқтаған соң ғана көктамырлардың таңылуы және клипсалау 
жүргізіледі, содан кейін барлық қан тамырлар байланып, қан 
тамырлар конгломератын жояды. Бірақ аневризманы қоректендіріп 
отырған артериялар мидың тереңінде жатады. Оларға жету, алдын 
ала аневризманы қатардан шығару өте қиын. 


194 
Осыған байланысты кейбір нейрохирургтар аневризманың 
бөлінуін клипсалау мен қызыл қан тамырларының қанмен 
қамтамасыз етуін тоқтату арқылы дренажды көктамырларды 
таңуды бастайды. [18] 
Егер артериовеноздық аневризманы оның үлкен мөлшерін 
немесе мидың функциялық маңызды аймақтарында орналасқан- 
дықтан, радикалды алып тастау мүмкін болмағандықтан, бөліктеп 
немесе толығымен алу мақсатымен аневризманың қан айналудан 
тоқтату арқылы аневризманың негізгі қоректендіруші артериясын 
бекітуге болады. Егер осы артериялар көп жағдайларда кеңейіп, 
миды қанмен қамтамасыз етуге қатысатын қан тамырларының 
диаметрімен сәйкес келсе, онда ота жасау жеңіл болады. 
Мойынның сыртқы жалпы ұйқы артериясын кесіп ашқаннан 
кейін, оның қуысына ұйқы артериясына, ми негізіне бағыттап, 
пластмассалы түтікше енгізеді, сол арқылы бассүйек қуысына 
диаметрі артерия диаметрімен сәйкес келетін метакрилатты немесе 
силиконды резеңкелі шариктерді салады. Бұл артериялардың 
диаметрін алдын ала томоангиографияның көмегімен өлшеп 
алады. Жасанды бітеу кезінде эмболдар кеңейген қан 
тамырларындағы қан ағысымен аневризманың шумағына дейін 
ығысады және сол жерде қан ағысын бөгейді. Көбінесе орталық ми 
артериясынан шығатын аневризманыц қан тамырларының кеңеюін 
бітеу сәтті болады. Аневризманы қанмен қамтамасыз етуге артық 
ми артериясы қатысса, онда эмболды омыртқа артериясына иық 
және бұғана артериясы арқылы катетер жолымен енгізіледі. Бір 
отада енгізілетін эмболдардың сандық көрсеткіші 2-40 шамасында 
болады. 
Аневризманы бөліктеп, қан айналысынан айырғанда әрі қарай 
оның тотальді алынып тасталынуы мүмкін. Аневризмадағы 
әкелетін 
артериялық 
қан 
тамырларды 
тасталынатын 
баллончиктердің диаметрі 0,5-1,5 мм байламдардың көмегімен, 
яғни жалпы ұйқы артериясына енгізілген арнайы жіңішке катетер 
арқылы немесе осындай тамырларды стереотаксикалық әдіспен 
клипсалау жолымен тоқтатуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет