Список литературы:
1.Банковский надзор. Европейский опыт и российская практика. Под ред. Микаэа Олсена. Пер. с англ. - М., 2005. С.40
2.Гузнов А.Г., Чистюхин В.В. Профессиональное суждение как основополагающий элемент банковского надзора и правовая проблема // Аналитический банковский журнал. 2008. N 4. – С. 23.
3.Рождественская Т.Э. Банковский надзор в Российской Федерации: теоретико-правовые основы – М.: ЮРКОМПАНИ, 2012.
4.Рождественская. Т.Э., Гузнов А.Г., Шамраев А.В. Банковское право для экономистов. – М.: Издательство Юрайт, 2015.
5.Федеральный закон от 10 июля 2002 года № 86-ФЗ «О Центральном банке Российской Федерации (Банке России)» // СПС «Гарант».
6.Федеральный закон от 2 декабря 1990 года № 395-I «О банках и банковской деятельности» (в ред. Федерального закона от 3 февраля 1996 года № 17-ФЗ) // СПС «Гарант».
7.Указание Банка России от 15 апреля 2015 г. N 3624-У “О требованиях к системе управления рисками и капиталом кредитной организации и банковской группы”. "Вестник Банка России", N 51, 15.06.2015.
8.Указание Банка России от 1 апреля 2014 года N 3223-У "О требованиях к руководителям службы управления рисками, службы внутреннего контроля, службы внутреннего аудита кредитной организации". "Вестник Банка России" от 9 июля 2014 года N 63.
9.Инструкция Банка России от 5 декабря 2013 г. N 147-И "О порядке проведения проверок кредитных организаций (их филиалов) уполномоченными представителями Центрального банка Российской Федерации (Банка России)". "Вестник Банка России" от 13 марта 2014 г. N 23-24.
Түйіндеме
Мақалада банктік қадағалаудың тәуекел- бағдарын құқықтық реттеу мәселелері қарастырылады.Негізгі назар, несие ұйымдарында тәуекел басқару жүйесін реттеуге бағыталады.
Summary
The article reviews the issues of the legal regulation of risk-oriented banking supervision. Special attention is paid to the regulation of risk management system in credit organizations. The claims made to the credit organizations in the sphere of risk management are analyzed. The conclusion is that the core element of making decisions within risk-oriented banking supervision is a professional judgment.
УДК: 341.231.14
Елеусизова Н. Т.
2 курс магистранты
ғылыми жетекшісі:Әлібаева Г.А.
Д.А.Қонаев атындағы көлік және құқық гуманитарлық
университетінің проректоры,
заң ғылымдарының докторы
АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН СОТТАН ТЫС ҚОРҒАУ МЕХАНИЗМІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТА КӨРІНІС ТАБУЫ
Адам құқықтары мен бостандықтарын соттан тыс механизмдер арқылы қорғаудың халықаралық қырлары да бар екендігін атап өткен жөн. Халықаралық деңгейде адам құқықтарын соттан тыс қорғау механизмін құрайтын органдардың басым көпшілігін адам құқықтарын қорғаумен және ынталандырумен айналысатын ұлттық мекемелер деп атайды.
Кілт сөздер: адам құқықтары, халықаралық ұйым, бостандық, қорғау механизмі.
«Адам құқықтары бойынша ұлттық мекемелерге деген күшейіп келе жатқан қызығушылықты соңғы кезде көп елдерде орын алып отырған демократизация мен реформалар процестері тұрғысынан қарастыру керек». Сонымен қатар, «...адам құқықтары саласындағы механизм мемлекеттер мен халықаралық қауымдастық тарапынан тиімді шешімін таба алмай отырған мәселелерді шеше қояды деп сеніп қалуға болмайды. Бұл механизм Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқықтары бойынша органдары мен осы салада әрекет ететін үкіметтік емес ұйымдардың орнын басу үшін құрылмайды. Оған қосымша ретінде рөл берілген және мұндай мекемелерді нығайту адам құқықтарын қорғау және ынталандыру бойынша ұлттық болсын, халықаралық болсын жүйелердің тиімділігін жоғарылата алады» [13, 11 б.].
Адам құқықтары мен бостандықтарын халықаралық құқық арқылы қорғау механизмін бұл мақалаға қатысты зерттеудің қандай қажеттілігі бар деген сауал туындауы мүмкін. Бұл сауалдың жауабын ҚР Конституциясының нормаларынан табуға болады. Мысалы, Конституцияның 4-ші бабының 1-ші тармағында Қазақстан Республикасында қолданылатын құқықтың құрамына ішкі заңдармен бірге «Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелері жатқызылған» [2].
Сол сияқты осы баптың 3-ші тармағында «Республика бекіткен халықаралық шарттардың республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайдан басқа реттерде, тікелей қолданылады», - делінген.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-ші бабының 4-ші тармағында барлық заңдармен қатар «Республика қатысушы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік-құқықтық актілерді ресми түрде жариялау оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады», - деген норма бекітілген. Ал Конституцияның 8-ші бабында мемлекетіміз халықаралық құқықтың принциптері мен нормаларын құрметтейді делінген.
Демек, Қазақстанның аумағында заңдармен қатар Республика тарапынан ресми танылған халықаралық шарттар, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпы танылған принциптері мен нормалары қолданылуы тиіс. Олай болса адам құқықтары мен бостандықтарын халықаралық құқық арқылы қорғауға қатысты халықаралық шарттар да еліміз үшін міндетті болады. Яғни, Қазақстан азаматтары және еліміздің аумағындағы басқа да азаматтар (шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар) Қазақстанның қатысып отырған халықаралық шарттарына сүйеніп халықаралық деңгейде өздерінің бұзылған құқықтарының қорғалуын талап етуі мүмкін. Сондықтан да, адам құқықтары мен бостандықтарын халықаралық құқықтағы механизмдер арқылы қорғау мәселесін біз назардан тыс қалдыра алмаймыз.
Ғылыми әдебиеттерде адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың халықаралық механизмі алуан түрлі және бұл механизмінің үйлестіруші орталығы ретінде БҰҰ жүйесі және адам құқықтары бойынша БҰҰ-ң Жоғары комиссары болып табылады, ал оның жекелеген бақылау функцияларын БҰҰ мен оның мамандандырылған мекемелері (ХЕҰ/МОТ, ДСДҰ/ВОЗ, ЮНЕСКО және т.б.), комитеттер мен комиссиялар (мысалы, адам құқықтары бойынша, қорлыққа қарсы, нәсілдік кемсітушілікті жою бойынша, бала құқықтары бойынша комитеттер; әйелдер жағдайы бойынша, әлеуметтік даму комиссиялары, адам құқықтары бойынша БҰҰ Комиссиясы және т.б.), БҰҰ-ң Халықаралық соты, Адам құқықтары бойынша Еуропалық сот, Қызыл Кресттің Халықаралық Комитеті және т.б. атқарады, - дейді [3, 203 б.].
Адам құқықтары мен бостандықтарын халықаралық құқық арқылы қорғаудың бір ерекшелігі - бұл жүйенің өзін, біздің ойымызша, екі топқа бөліп қарастыруға болады:
1) адам құқықтары мен бостандықтарын халықаралық деңгейде халықаралық соттық механизм арқылы қорғау (оның мысалы - Адам құқықтары бойынша Еуропалық сот немесе Адам құқықтары жөніндегі Америкааралық соты);
2) адам құқықтары мен бостандықтарын халықаралық деңгейде соттық емес механизмдер арқылы қорғау (әртүрлі халықаралық комиссиялар мен комитеттер арқылы).
Дегенмен, халықаралық құқық бойынша әдебиеттерде біз келтірген сыныптау (яғни халықаралық қорғау механизмдерін соттық және соттық емес деп бөлу) кездеспейді, бірақ бұл сыныптаудың да өмір сүруіне толық құқы бар деген ойдамыз.
Халықаралық құқық бойынша әдебиеттерде жиі кездесетін сыныптау бойынша адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың халықаралық механизмі екі топқа бөлінеді, олар:
1) адам құқықтарын қорғаудың халықаралық институциялық механизмі (яғни, адам құқықтарын халықаралық ұйымдар және мемлекеттердің өзге де бірлестіктері арқылы қорғау);
2) адам құқықтарын қорғаудың халықаралық шарттық (конвенциялық) механизмдері.
Қорытынды түрде біздің толықтыруымызды ескере отырып бұл сыныптауды келесі нысанда ұсынуға болады:
1) адам құқықтарын қорғаудың халықаралық институциялық механизмі (яғни, адам құқықтарын халықаралық ұйымдар және мемлекеттердің өзге де бірлестіктері арқылы қорғау);
2) адам құқықтарын қорғаудың халықаралық шарттық (конвенциялық) механизмдері;
3) адам құқықтарын халықаралық қорғаудың аралас механизмі (институциялық механизм + конвенциялық механизм).
Сонымен қатар, құқықтық әдебиеттерде кең таралған тағы бір сыныптауды атап өтуіміз керек. Бұл сыныптау бойынша да адам құқықтарын қорғаудың халықаралық механизмі екі топқа бөлініп қарастырылады, олар:
1) адам құқықтары мен бостандықтарының халықаралық әмбебаптық деңгейде қорғалуы (бұл жағдайда әмбебаптық механизмінің институциялық не конвенциялық болуы есепке алынбайды);
2) адам құқықтары мен бостандықтарының халықаралық аймақтық деңгейде қорғалуы (көбінесе аймақтық халықаралық ұйымдар шеңберінде).
Мұндай сыныптау Е.А.Лукашеваның редакциясымен шыққан «Адам құқықтары» деген ұжымдық еңбекте орын алған [4, 495-522 бб.].
Қазақстандық заңгер-ғалымдарының ішінен адам құқықтарын халықаралық құқық арқылы қорғау мәселесін терең зертеп шыққан Д.И.Нурумов. Осы бағыттағы оның ғылыми еңбегі Ресейде қолдауын тапты [5].
Бүгінгі күні адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаумен айналысатын келесі халықаралық сот органдарын атап шығуға болады:
1) Адам құқықтары бойынша Еуропалық Сот (Еуропа Кеңесі шеңберіндегі сот органы);
2) Адам құқықтары бойынша Америкааралық Сот;
3) Бұрыңғы Югославия бойынша Халықаралық трибунал;
4) Руанда бойынша Халықаралық Трибунал;
5) Халықаралық қылмыстық сот.
Аталған халықаралық сот органдарының өз ерекшеліктері бар:
біріншіден, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаумен тұрақты түрде айналысатын тек бірінші болып келтірілген екі сот органы;
екіншіден, соңғы болып көрсетілген үш сот органы тек халықаралық қылмыстарды қарау мәселесімен айналысады;
үшіншіден, соңғы үш сот органының ішінен тек Халықаралық қылмыстық сот қана тұрақты орган болып табылады, ал Руанда мен бұрыңғы Югославия бойынша Трибуналдар ad hoc сот органдары болып табылады, яғни олар өз міндеттерін орындағаннан кейін қызметін тоқтатып, таратылады.
Әмбебаптық деңгейде адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаумен айналысатын тұрақты халықаралық сот органы жоқ.
Халықаралық соттық емес, яғни соттан тыс қорғау механизмдері адам құқықтарын қорғаумен айналысатын әртүрлі халықаралық органдардың қызметі арқылы көрініс табады. Бұл механизмдердің жанжақты талдауын Д.И. Нурумов пен С.Ж. Айдарбаевтың [6] диссертациялық зерттеулерінен кездестіруге болады. Мысалы, Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық Пактінің Қосымша Хаттамасында Пакті негізінде құрылған Адам құқықтары туралы халықаралық Комитеттің мемлекет үшін міндетті юрисдикциясы танылады және осы Хаттамаға қосылған мемлекеттердің азаматтары өз Үкіметіне қарсы шағымарыздарын Комитетке жолдай алады, ал Комитет осы арыздарды қарау нәтижесінде мемлекет үшін міндетті шешім қабылдайды [7]. Өкінішке орай бұл Хаттамаға Қазақстан қосылмай отыр. С.Ж. Айдарбаев көрсететіндей Қазақстан бүгінгі күні халықаралық бақылау функцияларын атқаратын органдарды құрған бірдебір құжатты өзі үшін міндетті деп есептемей отыр. Мысалы, 1965 жылғы Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы Халықаралық конвенцияның 14 бабы негізінде арнайы Нәсілдік кемсітушілікті жою бойынша Халықаралық Комитет құрылып, оның міндетті юрисдикциясына мемлекеттер бөлек келісімін беру керектігі айтылған еді [8]. Бірақ Қазақстан бұл Конвенцияға қосылғанымен оның 14 бабында айтылған жеке тұлғаларға шағымдану құқығын беру мақсатында өз келісімін бермей келе жатыр. Мұндай саясат жеке тұлғаларға халықаралық органдарға шағымдану құқығын беретін барлық халықаралық конвенциялар бойынша орын алуда.
Демек, біздің еліміздің қазіргі саясаты белгілі бір өзгертулерді талап етеді деп ойлаймыз. Қазақстан азаматтарына халықаралық органдарға шағымдану құқығын беретін уақыт келді деген ойдамыз. Мұндай шара елдегі адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау мәселесін әлдеқайда жоғары деңгейге көтеретініне ешбір күмән жоқ. Бұл үшін тек мемлекеттің саяси еркі керек, одан басқа Қазақстан алдында бірде бір кедергі жоқ.
Осылайша, бүгінгі күні ішкімемлекеттік соттан тыс қорғау механизмдері халықаралық деңгейдегі соттық емес механизмдермен ұштаса алмай отыр. Дәл осының салдарынан адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау режимі әлсіреуде деген пікірдеміз. Сондықтан да бұл жағдайды біз өз мақаламызда проблемалық мәселе ретінде көтеріп, өзекті тұстарын ашып көрсеттік.
Әдебиеттер тізімі:
-
Национальные учреждения, занимающиеся поощрением и защитой прав человека. Серия «Изложение фактов». - №19. – Женева: Центр по правам человека ООН, 1992. – 17 с.
-
1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы // Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы. 1996. - №4. – 217-құжат.
-
Международное публичное право. Учебник /Под ред. К.А. Бекяшева. – М.: «ПРОСПЕКТ», 1999. – 608 с.
-
Права человека: Учебник для вузов / Отв.ред. Е.А.Лукашева. - М.: Издательская группа НОРМА – ИНФРА-М, 1999. – 573 с.
-
Нурумов Д.И. Становление и развитие международной системы защиты прав человека. Автореф. дисс. ...канд.юрид.наук. – М., 2000. – 24 с.
-
Айдарбаев С.Ж. Международно-правовые и внутригосударственные аспекты статуса национальных меньшинств в Казахстане. Автореф. дисс. …канд. юрид. наук: 12.00.10. – Алматы, 1999. – 22 с.
-
Факультативтный протокол к Международному пакту о гражданских и политических правах от 16 декабря 1966 года //Международные акты о правах человека. Сборник документов. – М.: Издательская группа НОРМА – ИНФРА-М, 1998. – С.69-72.
-
Международная конвенция о ликвидации всех форм расовой дискриминации от 21 декабря 1965 года // Международные акты о правах человека. Сборник документов. – М.: Издательская группа НОРМА – ИНФРА-М, 1998. – С.138-148.
Түйіндеме
В статье проанализированы основные виды внесудебной защиты прав человека отраженные в трудах исследователей международного права. Внесудебная защита прав и свобод человека - это закрепленная законодательством деятельность по обеспечению защиты прав и свобод человека без участия судебных органов. Внесудебная защита в Республике Казахстан является востребованным элементом обеспечения прав и свобод человека.
Summary
The article analyzes the main types of extrajudicial protection of human rights as reflected in the writings of scholars of international law. Extrajudicial protection of human rights and freedoms - is fixed by the legislation work to protect human rights and freedoms without the participation of the judiciary. Extrajudicial protection in the Republic of Kazakhstan is a popular element in ensuring human rights and freedoms.
УДК: 342.7 "7123"(574)
Кемел Ч.Б.
Д.А.Қонаев атындағы көлік және құқық гуманитарлық
университетінің 1-ші курс магистранты
Ғылыми жетекші з.ғ.к., доцент Әбділда Д.Ә.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ
Адам құқығы – бұл «адами өлшемді» тек мемлекетке, құқыққа, заңға, заңдылыққа, құқықтық тәртіпке ғана емес, сондай-ақ азаматтық қоғамға қатысты қолдануға мүмкіндік беретін құндылықтық бағыт-бағдар, себебі азаматтық қоғамның жетілу мен даму дәрежесі едәуір мөлшерде адам құқығының жағдайына, сол құқықтардың көлемі мен солардың іске асырылуына байланысты болып келеді. Адамның құқығы оған мемлекетті басқару ісіне қатысуға ғана емес, сондай-ақ содан алшақтап отыруға, жеке өмірі саласында, нанымдарды таңдауда, дінге, меншікке қатысты көзқарасында өз бетінше шешім қабылдап отыруға мүмкіндік береді. Азаматтық қоғамның мемлекетпен жұтылуы, оның өмірінің барлық салаларының мемлекеттендірілуі өзінде адам құқығы жоқ немесе ол тек көз бояушылық сипатқа ғана ие болатын жерлерде орын алады.
Кілт сөздері: Адам құқықтары, халықаралық құқық, балалары қорғау, конституция, принцип.
Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықтың толық қанды мүшесі ретінде, халықаралық құқықтың субъектісі ретінде өзінің негізгі және көпшілік мойындаған идеалдар мен құндылықтарды ұстанатынын жариялаған, олардың арасында дәл осы адам құқығы кез келген замануи, өркениетті қоғамның қасиетті институты мен ажырағыссыз атрибуты ретінде ерекше орынға ие болуда. Сонымен қатар, Қазақстан өздерінің арасында адамның құқығы мен еркіндіктерін жалпыға бірдей құрметтеу принципі ең үлкен маңызды мағынаға ие болатын халықаралық құқықтың негізгі принциптерін қатаң ұстанып отыруға бейімдігін жариялады [1, 64б.].
Адам мен азаматтың құқығын қамтамасыз ету және қорғау мәселесі қазіргі Қазақстанның саясатында ерекше орынға ие болуда.
Біріншіден, Қазақстан Республикасының Конституциясының өзінде былай деп бекітілген: «Қазақстан Республикасы өзінің ең жоғары құндылықтарына адам, соның өмірі, құқығы мен еркіндіктері жататын демократиялық, зиялы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекітеді» (30.08.1995 ж. ҚР Конституциясының 1-бабы) [2].
Екіншіден, Конституцияда адам мен азаматтың құқықтық мәртебесін белгілейтін ережелер нормативті түрде бекітілген. Қазақстанда Адам құқығы жөніндегі уәкілетті тұлғаның лауазымы құрылған, адам құқығын қорғау мәселелері жөніндегі көптеген үкіметтік емес ұйымдар жұмыс істейді.
Үшіншіден, дәл осы Қазақстан Республикасының Конституциясында Қазақстанның халықаралық құқықтың негізгі принциптері мен нормаларына деген көзқарасы көрсетілген: «Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың принциптері мен нормаларын құрметтейді, мемлекеттердің арасында ынтмақтастық пен тату көршілес қатынастар, олардың теңдігі және бір-бірінің ішкі істеріне қол сұқпау, халықаралық дауларды бейбіт түрде шешу саясатын жүргізеді, қарулы күшті алғашқы болып қолданудан бас тартады» (ҚР Конституциясының 8-бабы).
Төртіншіден, еліміздің Атазаңында былай деп бекітілген: «1. Қазақстан Республикасында Контституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. 2. Адамның құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады» (ҚР Конституциясының 12-бабы).
Тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасындағы адамның құқығы мен еркіндіктерін жаппай түрде құрметтеу принципін орындау тұрғысында балаларды құқықтық қорғау мәселесін талдауға көше отырып мынана айта кету қажет: бүгінде, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 24-ші жылында қалыптасқан нарықтық экономика қоғам мен мемлекетке ынталандырушы және салалы түрде әсерін тигізуге, адамдардың тіршілік әрекетінің барлық салаларында жауапты көзқарасты қалыптастыруға дәрменді болды. Экономикадағы еркіндік тұлғааралық қатынастарда еркін жауапты қатынастарды меңзеп және дамытады. Жеке адамның құқықтары мен еркіндіктері талап етілген сипатқа ие бола бастауда. Жауапты мемлекет, жауапты адамдар қазіргі кезде адамның абыройы жайлы, оның құқықтарына, ең алдымен әлеуметтік тұрғыдан әлсіз болып келетін, әсіресе балалардың құқықтарын қорғауға жүйелі және жауапты түрде қамқорлық етіп отыруға әзір.
Айта кету қажет, балалардың құқығына деген құқық қорғау көзқарасы тек балаларға қатысты тұтастай саясатқа тигізетін белгілеуші әсерімен ғана емес, сондай-ақ тұтастай адам құқығына қатысты ынталандырушы және жүйеге келтіруші әсер етуімен тиімді болып келеді. Балалардың құқығын қорғау ісі самодостаточной болып табылмайды. Оның ырықтандырушы катализатор ретінде орасан зор әлеуеті бар. Балалардың экономикалық, әлеуметтік, азаматтық құқықтарымен байланысты болып келетін нәрсенің барлығы саяси, діни, этикалық немесе өзге негіздегі қандай да бір елеулі қарсы әрекетке ие болмайды.
Балалардың құқығын қорғау ісі Қазақстанда болсын, бүкіл әлемде болсын мемлекеттік маңызы бар және сөзсіз түрде қайырымды іс болатын және солай болуда. Балалардың құқығын қорғаумен біз ұлттың қоғамдық ағзасына жалпы алғанда кемсітушілікке, адамның абыройын аяққа таптау мен қорлауға, тұтастай адамның құқықтары мен еркіндіктерін саналы, нанымды түрде бұзуға деген төтеп беру қабілетін дарытамыз. Мұнда «адам құқығына бала құқығын қорғау арқылы» принципі әсер етуі тиіс. Қазақстанда халықаралық құқық нормалары мен принциптеріне, Конституция мен адам құқығы саласында қатысты арнайы заңдардың нормаларына сәйкес адам құқығына бала құқығын өзектендіру мен оны тиісті түрде құқықтық реттеу арқылы араласу барысында ерекше серпіліс жасау мүмкіндігін одан арғы уақытта да пайдаланып отыру қажет [1, 71б.].
Ең алдымен Қазақстан Республикасында ішкімемлекеттік деңгейде бала құқығын қорғау саласындағы негізгі және аса маңызды халықаралық-құқықтық актілерді қамтамасыз ету мәселесін қарастырып шығайық.
Мұндай мәселенің алға қойылуы кездейсоқ нәрсе емес, себебі Қазақстан бекіткен халықаралық келісімшарттар Қазақстан Республикасы Конституциясының мағынасы бойынша ұлттық заң нормаларының алдында басымдылыққа ие болады. Оған қоса дәл сол Конституцияның мағынасы бойынша Республикамыздың халықаралық келісімшарттық міндеттемелері Конституция мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің нормаларымен қатар «қолданыстағы құқықты» құрайды (ҚР Конституциясының 4-баб. 1-тарм.).
Жоғарыда айтылып кеткендей, балалардың ең жақсы мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы өздерінің мақсаты бала құқығын қорғау болып табылатын барынша елеулі халықаралық-құқықтық актілерге қосылды:
- Бала құқығы туралы конвенция 1994 жылы бекітілген;
- 1999 жылы Шетелдегі алименттерді өндіріп алу туралы конвенция бекітілді;
- 2000 жылы – Жұмысқа қабылдауға арналған ең кіші жас туралы конвенция;
- 2001 жылы – балаларды саудаға салу, балалар проституциясы мен балалар порнографиясына қатысты Бала құқығы туралы конвенцияға арналған Факультативтік хаттама және балалардың қарулы қақтығыстарға қатысуына қатысты болып келетін Бала құқығы туралы конвенцияға арналған Факультативтік хаттама;
- 2002 жылы – ХЕҰ-ның бала еңбегінің ең нашар әдістеріне тыйым салу мен түбегейлі жоюға арналған шұғыл шаралар туралы конвенциясы (182- Конвенция);
- 2004 жылы Қазақстан адамдарды саудаға салумен және үшінші тұлғалардың пайдалануымен, проституциямен күрес жүргізу туралы БҰҰ конвенциясына және соның Қорытынды хаттамасына қол қойды [3].
Дегенмен де, әділеттік үшін айта кету керек, өздерінде Қазақстандағы бала құқығын қорғауға ықпал ететін ережелер берілген Қазақстан бекітпеген бірқатар маңызды халықаралық келісімшарттар қалып отыр. Осындай халықаралық құқықтық құжаттардың арасынан мыналарды ерекше бөліп атап кету қажет: Барлық қоныс аударушы-еңбекшілер мен солардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы конвенция (1990 жылдың 18 желтоқсаны) және Балаларды қорғау туралы және мемлекетаралық бала асырау саласындағы ынтымақтастық туралы конвенция (Гаага, 1993 жылдың 29 мамыры).
Әдебиеттер тізімі:
1.Жайлау Ж. «Қарулы қақтығыстар кезіндегі балаларды қорғаудың халықаралық-құқықтық аспектілері» Дисс. … канд. Юрид. Наук: 12.00.10 – Алматы, 2010.-130с.
2. Конституция Республики Казахстан. 30 августа 1995 г. //Справочно-правовая база «Юрист».
3. Сборник документов по международному праву. Том 1. /Под общ. ред. К.К. Токаева. – Алматы: САК, 1998. -576 с.
Резюме
Статья посвящена актуальным вопросам, касающимся международно-правовых аспектов обеспечения и защиты прав ребенка. В данной статье автор рсскрывает состояние правовой охраны детства в Республике Казахстан. Подробно анализирует Конституцию РК, а так же другие нормативно-правовые акты в отношении прав детей. Дает анализ нормативного содержания принципа всеобщего уважения прав и свобод человека и состояния правовой охраны детства в Республике Казахстан.
Summary
The article is devoted to topical issues relating to international legal aspects of security and protection of the rights of the child. In this article the author rsskryvaet state of the legal protection of children in the Republic of Kazakhstan. It analyzes in detail the constitution of Kazakhstan, as well as other legal acts concerning the rights of children. The analysis of the normative content of the principle of universal respect for human rights and freedoms and the state of the legal protection of children in the Republic of Kazakhstan.
УДК:341.3:327.7
Достарыңызбен бөлісу: |