238
239
Қазақ орфографиясына қатысты
бұл алғашқы ғылыми кон-
ференцияда мынадай негізгі мәселелер сөз болып, ұсыныстар
айтылды.
Емле принципі туралы:
- емле фонетикалық принципке негізделеді. Фонетикалық
принцип былай түсіндіріледі: “наш фонетический принцип
– не принцип фонетической академической транскрипции.
мы понимаем под словам фонетическиим
принципом пере-
дачу без искажения смысла слова, звуков нашей речи”. Яғни
фонетикалық принцип сөз мағынасын айыратын фонеманы ғана
таңбалайды дегенге саяды. Және морфологиялық принцип те
фонематикалық негізде түсіндірілді. “но и там, где мы применя-
ем морфологический принцип, под этот принцип подводим фо-
нетическое объяснение, ибо по нашим наблюдением нет такого
пункта в нашем правописании и не должно быть такого место в
нашем языке, которой возможно было бы объяснить фонетичес-
ки” (т.Шонанұлы).
- қазақ тілінде диалект болмағандықтан
морфологиялық
принциптің қажеті жоқ (т.Шонанұлы, К.Юдахин, е.Омаров);
түбірді фонетикалық, қосымшаны морфологиялық принциппен
жазуды тіл табиғаты қалайды, бірақ морфологиялық жазуды 15-
20 жылдан кейін енгізу (е.Омаров);
- шет сөзін түпнұсқа принципімен жазып,
өз тіліміздің
дыбыстық құндағында (н.уәлиұлының термині) оқу
(е.Омаров);
-
құрлы, қой, қана сөздерін морфологиялық принциппен жазу
(е.Омаров), (К.Кемеңгеров);
-
-шы жұрнақтарын (
барсайшы) түбірмен бірге жазу (К.
Кемеңгеров);
-
ғана, ғой, ма, көрі шылауларын фонетикалық принциппен
жазу (е.Омаров);
- барлық түркі тілдерінде палатал үндесім жетекші, сондықтан
емлеге осы үндесімді негіз ету (т.Шонанұлы) деген пікірлер
болды.
ал
ерін үндестігі туралы мынадай қарама-қарсы пікірлер
айтылды (стенограммадағы сөйлеу стилі өзгертілген жоқ):
- ерін үндесімі бұдан 50-60 жыл бұрын күшті
болса
(в.в.радлов), бүгінде құрып барады (т.Шонанұлы, Әлібаев)
// ерін үндесімі мүлде құрығаны ғылыми түрде дәлелденген
жоқ, сондықтан ойласу керек (Юдахин); // еріндіктерді бірін-
ші буыннан артық жазбау // eрін үндесімінің күші қазақ тілін-
де іі буынға дейін сақталуы тиіс
және солай жазылуы қажет
(К.Кемеңгерұлы).
- ерін үндестігін сақтау тиімсіз, бірақ шет сөздерді игерген-
де екінші буынға да жазу (е.Омаров) // кірме сөздердің соңғы
буынындағы еріндікті алдыңғы буынға шығарып жазу (
висмут-
вұспит) (т.Шонанұлы).
Достарыңызбен бөлісу: