Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


һ әрпін алып тастауды, әліпби тәртібін өзгертуді, ый, ій, ұу



Pdf көрінісі
бет153/202
Дата17.05.2023
өлшемі1.82 Mb.
#473857
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   202
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

һ әрпін алып тастауды, әліпби тәртібін өзгертуді, ый, ій, ұу, 
үу қосарын и, у таңбаларымен беруді қабылдайды. Бірақ С. 
аманжолов керісінше, қазақ әліпбиін өзгерту “қазақ тілі дыбыс-
тарына арналған әріптердің керексізі бар ма”, “алфавит сиқын 
бұзып тұрғаны жоқ па”; “орыс әріптері толық қолданылып 
жүр ме” деген бағытта жүруі керек дейді. автордың ойынша, ә 
әрпінің қызметін я әрпі де атқара алады (Куляш, сіря, Жамиля);
к, г-ге аяқталған термин сөздерге соңғы буынның жуандығына 
байланысты жуан қосымша жалғау, біріккен сөздерді кіріктіріп 
жазбау ақкөңіл, асырасілтеу  сияқты сөздерді бірге жазу уәжді. 
Сондай-ақ С. аманжолов әліпби тәртібін өзгертуге қарсы бол-
ды. Ғалым әріп ретін өзгерту алфавиттің қосалқы – нөмірлеу 
– қызметіне кедергі болады деді. Және қосар дыбыстарды бір 
таңбамен беру морфологиялық принципке сай емес, сөздің ай-
тылуы мен жазылуын алшақтады. к, г-ге біткен орыс сөздеріне 
жіңішке қосымша жалғау орыс тіліндегі сөздердің айтылуын 
бұзады деді. Осы екі бағыттың соңғысының ұсынысы ескеріліп 
һ әрпі әліпбиде қалдырылсын деген пікір, бірінші буыннан 
басқа буынға ә әрпін жазбау, орыс тілінен енген сөздердің соңғы 
буынына қарап қосымша жалғау сияқты пікірлер тұрақтана бас-
тайды.
ал э таңбасын ұ таңбасымен ауыстыру туралы ұсыныс 1951ж. 
15 тамызында ресми түрде қабылданады (э – ұ).
1957ж. Қазақ тілі негізгі емле ережелері қабылдағанға дейін 
қазақ жазуының тарихында бірнеше ұсыныс болған. Оның 
алдыңғысы 1939ж. әліпби жобасы, 1940ж. емле жобалары бол-
са, соңғысы 1953ж. 28 ақпанда “Қазақстан мұғалімі” газетінде 
ұсыныс ретінде жарияланды. Әліпбиде 40 әріп рет санымен бел-
гіленді, ә әрпі е таңбасынан кейін орналастырса да, әліпбидің 
рет санына алынбады. ал һ әрпі алфавитте болмады. Әліпбедегі 
әріп реті қазіргі әліпби тәртібімен бірдей. ереженің 1953ж. 
нұсқасы мен қазіргі нұсқасының арасындағы өзгешеліктерге на-
зар аударайық (6-кесте).
6-кесте – ереженің 1953ж. нұсқасы мен қазіргі нұсқасының 
арасындағы өзгешеліктер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   202




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет