Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет154/202
Дата17.05.2023
өлшемі1.82 Mb.
#473857
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   202
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

1953 ж. нұсқасы 
2005 ж. нұсқасы
а, е, о әріптері сөздің барлық 
буынында жазылады
а, е , ы, і әріптері сөздің барлық 
буынында жазылады
ә, ө, ұ, ү әріптері кінә, күмән, 
куә, мазмұн, мақұл сөздерінде 
соңғы буындарда жазылады.
ә, ө, ұ, ү әріптері кінә, күмән, куә, 
мазмұн, мақұл сөздерінде соңғы 
буындарда жазылады.


278
279
ый тіркесі тый, сый сөздерінде 
жазылады, бұл сөздерге 
қосымша жалғанғанда жалаң 
и  жазылады (силық, сиымды, 
тиылу)
ый тіркесі тый, сый сөздері мен 
туынды сөздерде де жазылады 
(сыйлық, сыйымды, тыйылу).
я, ю әріптерінен бұрын ы, і 
әріптері жазылмайды, тый, сый 
сөздері тұйық рай тұлғасында 
тыю, сыю болып жазылады.
я, ю әріптерінен бұрын ы, і 
әріптері жазылмайды, тый, сый 
сөздері тұйық рай тұлғасында 
тыю, сыю болып жазылады.
Халық, ауыл, әріп, ауыз т.б. 
сөздеріне тәуелдік жалғауы 
жалғанғанда соңғы буында ы, і  
әріптері жазылмайды. 
Халық, ауыл, әріп, ауыз т.б. 
сөздеріне тәуелдік жалғауы 
жалғанғанда соңғы буында ы, і  
әріптері жазылмайды. 
Йы дыбысына біткен сөзге й 
жұрнағы жалғанғанда йи болып 
жазылады (байиды).
Йы дыбысына біткен сөзге й 
жұрнағы жалғанғанда йи болып 
жазылады (байиды).
Х әрпі халы, хат, қахарман, 
гаухар, ухлеу сөздерінде 
жазылады.
Х әрпі халы, хат т.б.сөздерде 
жазылады. қахарман, гаухар, ухлеу 
сөздері Һ әрпімен жазылады. 
алдыңғысы соңғысын 
анықтайтын екі зат есім бөлек 
жазылады. 
анықтаушы-анықталушы 
қатынастан ажырап, бір заттың 
атауы болып кеткен сөздер бірге 
жазылады (асқасық, иіссабын).
екі сөзден біріккен кейбір кісі 
есімдері айтылуынша жазылады 
(Жанғазы
екі сөзден біріккен кейбір кісі 
есімдері айтылуынша жазылады 
(Жанғазы
Пен, кер, кеш, нікі, паз, қор, 
хана, стан жұрнақтары түбірдің 
жуан-жіңішкелігіне қарамай осы 
тұрпатта жалғанады. 
мұндай ескерту жоқ.
К, г дыбыстарына аяқталған 
термин сөзге қосымша жіңішке 
жалғанады.
Бұл ереже 1983ж. емле өзгерісінде 
қабылданды. 
Цифрмен жазылған реттік сан 
есімнен кейін дефис қойылады 
(1952-жыл, 19-ғасыр)
мұндай пункт жоқ. 
Бақылау сұрақтары:
1. Кирил-қазақ әліпбиінің алғашқы нұсқасы мен соңғы нұсқасының 
арасында қандай айырмашылық болды?
2. алғашқы емле сөздігінде қазір сақталмаған орфограммалар 
қандай?
3. Әліпби мен емлеге қатысты қандай ұсыныстар болды? 
1-тапсырма.
1941 жылғы емле сөздігінен алынған төмендегі 
орфограммалардың себебін түсіндіріңіз. 
Алааяқ, алакөлеңке, ахрет, аяқкиім, боссөз, бытраңқы, жа-
лахор, біркүні, жапрақ, жандік, жыйлыс, жыйырма, махлұқ, 
мұқыят, мағна, тәбиғат, хажет, хата, уйқтау, өкмет, қаблет, 
хұрмет, хауіп.
2-тапсырма.
«Кирил әліпбиінің қазақ тілі фонологиясына әсері» атты 
эссе жазыңыз.
Тест сұрақтары
1. Латын әліпбиінен орыс графикасына негізделген қазақ 
жазуына көшудегі негізгі себепті атаңыз? 
a) Орыс графикасының латын әліпбиінен тиімдірек болуы
b) латын әліпбиінде қазақтың төл дыбыстарының 
таңбаланбауы
c) латын әліпбиінің қателіктерінің көп болуы
d) ССрО астындағы халықтардың ортақ мемлекеттік жазуы 
болуы керектігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   202




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет