Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет149/202
Дата17.05.2023
өлшемі1.82 Mb.
#473857
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   202
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

у, е, ы, и, ә, ө, і, ŷ, ү, я, ю, э
Әліпбиде ё әрпі болмады, ол әріп кездескен сөз ө-мен белгі-
ленді: слёт – слөт; е, ө, ә, ү, і әріптері сөзді жіңішкертетіндіктен, 
бұлар жазылған сөзде ь-белгісі қойылмады; ы, і әріптері сөз 
мағынасына әсер етпеген жағдайда, я буын араларында жазыл-
майды делінді: смағұл, рет, ахметя әрпі сөз басында, дауысты 
дыбыстан соң, қатаңдық, жұмсақтық (ъ, і) белгілерінен кейін 
жазылатын болды: Яков, химия, аяғы, таяу, мия. 
мына мәселелер ескерту ретінде берілді: орыс тілінен енген 
сөздерде дауыссыздан кейінгі я әрпі ә әрпімен белгіленді (Колә
желәбов, трансләция). ю әрпі түбір ішінде жазылады да (қою, 
аю), түбір мен жұрнақ ішінде йу тіркесі арқылы беріледі (қойу, 
сойу). Әліпбиде һ әрпі болмағандықтан, оның қызметін ә, а, х 
таңбалары атқарды: қаарман (қаһарман), гауәр (гауһар), аһ (ах). 
Қосар дауыссызға аяқталған сөзге қосымша жалғанғанда бір да-
уыссыз түсірілмеді: класс/классқа. Дыбыстық құрамы игерілген 
кірме сөздер айтылуынша жазылды: газет, самауыр, қамыт, 
сиез, доға. араб-парсы тілінен енген сөздердің ортақ әдеби ва-


274
275
риантын орфографиялық сөздіктен қарап, жазу керек делінді
себебі сөз мағынасы дифференцияланып, жазуда айқындала бас-
тады: ғаскер – войска, әскер – армеец, ғылым – мәлім. Біріккен 
жалқы есімдер кіріктіріп те Талдықорған, Қожакелді кіріктіріл-
мей де (Амангелді, Қазанғап) жазылатыны көрсетілді. 
Бір жылдан кейін 1940 ж. 30-тамызда жаңа алфавит жөнін- 
дегі ғылыми конференция 41 таңбадан тұратын жаңа әліпби ту-
ралы жоба ұсынды. мұнда һ әрпі әліпбиге енгізілді және <ұ> 
фонемасы э таңбасымен берілді (5-кесте). 
1940 жылғы әліпби жобасын жетекшілік еткен С. Аманжолов 
жобаны талқылауда э әрпін қазақ тіліндегі е дыбысының орны-
на қолдануды, ә әрпін екінші буындарға да жаза беруді, я әрпін 
қолдануды азайтуды, мысалы, түбір мен жұрнақ позициясына 
жазбауды, ы әрпін тек орыс сөздерінде ғана жазып, қазақ тілін-
дегі <ы> үшін басқа таңба алуды ұсынған пікірлердің болғанын 
және оларға негізді дәлелдер бар екенін айтады. я, ю әріптерінен 
қызметі арқылы жазу үнемділігіне қол жеткіземіз дейді. автор 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   202




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет