Келісемін Бекітемін Директордың оқу-ісі жөніндегі Директордың тәрбие ісі жөніндегі Мектеп директоры: орынбасары: А. М. Каскарауова орынбасары: Ф. Ф. Тұрсынбай С. А. Ахметова


Білім беру ұйымдары мен педагогтың міндеті



бет6/8
Дата05.11.2023
өлшемі70.25 Kb.
#482398
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Біртұтас тәрбие бағдарламасы 5Ғ СЫНЫП

Білім беру ұйымдары мен педагогтың міндеті:


  • балаларды заңға, адамның және азаматтың құқықтарына, бостандықтарына, ата-анасына, үлкендерге, отбасылық, тарихи және мәдени құндылықтарға, мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету, жоғары имандылық, патриоттық, қоршаған ортаға ұқыпты қарау рухында тәрбиелеуге;

  • білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өмірлік дағдыларын, құзыреттерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және саламатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға.

Кешенді жоспарды іске асыруда:


Облыстық әдістемелік орталықтары мен кабинеттерінің әдіскерлері «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» жүзеге асыруда педагогтарға әдістемелік қолдау көрсетеді. Оқыту семинарлары мен тренингтер өткізеді.
Жауапты мемлекеттік органдардың сертификатталған тренерлері білім беру ұйымдарының педагогтары мен оқушыларына сыныптан тыс сағаттарын өткізеді, ата-аналар жиналыстары мен тәрбиелік іс-шараларын ұйымдастырады.

Білім беру ұйымы (мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру) басшысының (меңгерушінің, директорының) тәрбие жұмысы жөніндегі (әдіскері) орынбасары міндетті:


  • тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

  • тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;

  • тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады;

  • тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің, әлеуметтік-психологиялық қызметтері мен бөлімшелерінің жұртшылық және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қоғамдастығының, қамқоршылық кеңестің өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді.

Тәрбиеші, сынып жетекші және кураторлардың міндеттері:


  • салауатты өмір салтына ынталандыру;

  • сыныпта достық ортаны, өзара түсіністікті құру;

  • білім алушылардың басқаларға деген жауапкершілігін, ұжымда жұмыс істей білуге баулу;

  • ата-аналар жиналысын өткізу (педагогикалық консилиумдар, тренингтер, әңгімелер, ата-аналарға (басқа да заңды өкілдерге) арналған консультациялар);

  • білім алушылардың оқу жетістіктері және ішкі тәртіп ережелерін сақтау мәселелері бойынша ата-аналармен өзара әрекеттесу;

  • аптасына бір рет (дүйсенбіде) сынып сағаттарын өткізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет