«Келісемін» «Бекітемін» шжқ МҚК «Талдықоған қаласы» Оқу ісі жөніндегі


Қалыпты жағдайда жүректің оң жақ абсолютті шекарасы төстің сол жақ қырына сәйкес келеді



бет10/38
Дата03.12.2022
өлшемі121.75 Kb.
#466339
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38
Стандарттар ішкі аур. проп.

Қалыпты жағдайда жүректің оң жақ абсолютті шекарасы төстің сол жақ қырына сәйкес келеді.
2.Сол жақ абсолютті шекарасы:
А) плессиметр-саусақты жүректің сол жақ салыстырмалы шекарасына қою.
Б)Перкуссияны қабырғааралықпен ішке оңға қарай тұйық дыбыс пайда болғанға дейін жүргізу.
В)жүректің сол жақ абсолютті шекарасына саусақтың сыртқы шетімен анық дыбыс жаққа белгі қою.
Қалыптыда жүректің сол жақ абсолютті шекарасы сол жақ салыстырмалы шекарадан 1-2 см ішке қарай орналасады.
3.Жоғарғы абсолютті шекара :
А) плессиметр – саусақты жоғарғы салыстырмалы шекараға қою.
Б) Тұйық дыбыс анықталғанға дейін төмен қарай перкуссиялау.
В)жүректің жоғарғы абсолютті шекарасына саусақтың сыртқы шетімен анық дыбыс жаққа белгі қою.
Қалыпты жағдайда жүректің абсолютті жоғары шекарасы 4-ші қабырға деңгейінде орналасқан.


13. Стандарт «Жүрекке аускультация жүргізу техникасы».
1.Науқасты белге дейін шешіндіру, ыңғайлы қалыпта тұруын сұраймыз (тұру, отыру, ауыр науқастарға жату).
2.Фонендоскоптың көмегімен жүректі келесі реттілікпен тыңдау:
1 нүкте – митральды қақпақша – жүрек ұшында;
2 нүкте – аорта қақпақшасы – төстің оң жағынан II қабырғааралықта;
3 нүкте – өкпе артериясының қақпақшасы – төстің сол жағынан II қабырғааралықта;
4 нүкте – үшжармалы қақпақша – төстің семсер тәрізді өсіндісі негізінде;
5 нүкте (Боткин-Эрб нүктесі) – аорта қақпақшасы – төстің сол жақ қырында, III-IV қабырғалар бекіген жерде.
Қалыпты жағдайдағы көрсеткіштер:
1-ші үн – систолалық, ұзақ паузадан соң, систола кезінде дамиды.
2-ші үн – диастолалық, қысқа паузадан соң, диастола кезінде пайда болады.


14. Стандарт «Ішке пальпация жүргізу».
Пальпацияның 2 түрін ажыратады:
1. Беткей болжамалы пальпация.
2. Образцов – Стражеско бойынша терең жылжымалы пальпация.
Пальпация жүргізу ережесі.
1. Науқас төсекке шалқасынан жатып, аяқтары созылған, қолдарын дене бойына ұзынынан орналастырады.
2. Науқастың оң жағына отырыңыз.
3. Тексеретін адамның қолы жылы және қурғақ болу керек.
4. Бөлме жылы және тыныш болу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет