«Келісемін» «Бекітемін» шжқ МҚК «Талдықоған қаласы» Оқу ісі жөніндегі


Жүректің шартты тығыздығын анықтау



бет9/38
Дата03.12.2022
өлшемі121.75 Kb.
#466339
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38
Стандарттар ішкі аур. проп.

Жүректің шартты тығыздығын анықтау. Жүректің шартты тығыздығы - жүректің ақиқат көлемі. Перкусия қабырға аралықтар бойы жүргізіледі. Саусақ – плесиметр анықталатын шекараға паралельді орналасу керек, өкпе ұлпасынаң жүрекке қарай тықылдату әдісімен анықталады, өкпе дыбысы төмендеп, шала тұйық дыбыс естілген жерде шекара белгіленеді.
Жүректің оң жақ шекарасын анықтау. Ол үшін оң жақ өкпенің төменгі шегін (бауырдың жоғарғы шегі) анықтайды, ол қалыпты жағдайда V қабырғада орналасқан, одан кейін плесиметр саусақты бір қабырғаға жоғары жылжытып, оны жүрек шегіне паралельді (қабырғаға перпендикуляр) орналастырады. Плесиметр - саусақты жылжытып отырып өкпе дыбысының төмендеген жеріне дейін келеді, қалыпты жағдайда бұл жүректің оң жақ шекарасы болып төстің оң жағында IV қабырға аралықта 1см сыртқа қарай орналасады.
Жүректің сол жақ шекарасын анықтау. Сол жақ шекараны жүрек ұшы орналасқан қабырға аралығы бойынша анықтайды, оны пальпаторлы табады. Жүрек ұшы соққысы табылмаған жағдайда сол жақ шекті V қабырға аралығы бойынша анықтайды.
Перкусияны алдынғы қолтық сызығынан бастап тынық дыбыс пайда болғанға дейін жеткізеді. Бұл нүкте жүректің сол жақ шекарасы болады, қалыпты жағдайда сол жақта V қабырға аралықпен бұғана ортаңғы сызықтан төске қарай 1-1,5см аралықта орналасады, жүрек ұшы тұсында.
Жүректің жоғарғы шекарасын анықтау. Жоғарғы шекараны анықтау үшін бұғанадан бастап, сол жақ төс жанындағы сызығы бойымен төмен қарай перкуссиялайды. Тынық дыбыс анықталған нүкте жоғарғы шекара болып естептеледі. Қалыпты жағдайда сол жақтағы ІІІ қабырғаның жоғарғы шетінде орналасқан.
12.1. Стандарт «Жүректің абсолютті шекарасын анықтау».
1.Жүректің оң жақ абсолютті шекарасын анықтау :
А) плессиметр-саусақты жүректің оң жақ салыстырмалы шекарасына қою.
Б) Плессиметр саусақты қабырға аралық бойымен ішке солға қарай тұйық дыбыс пайда болғанша тыныш перкуссия жасау.
В)жүректің оң жақ абсолютті шекарасына саусақтың сыртқы шетімен анық дыбыс жаққа белгі қою.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет