«Келісемін» «Бекітемін» шжқ МҚК «Талдықоған қаласы» Оқу ісі жөніндегі



бет6/38
Дата03.12.2022
өлшемі121.75 Kb.
#466339
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Стандарттар ішкі аур. проп.

ІІІ Артқы аймақ:
1. Басында жауырын үстін перкуссия жасайды, ол үшін плессиметр саусақты жауырын ұшынан жоғары және параллель орналастырады, оң және сол жаққа қарай перкуторлы соққылар жүргізіледі.
2. Науқас тік тұрып, қолын түсіреді, бұлшық еті бос болу керек.
3. Жауырын арасын перкуссия жасайды. Плессиметр саусақты омыртқаға қарама қарсы жауырын шетіне қарай орналастырып, оң және сол жаққа кезектеп қояды. Науқастың қолын кеуде аймағына айқастырып, қолдарын иығына қоюын сұраймыз, бұл кезде жауырын ашылады, жауырын аймағы кеңейеді.
4. Жауырын асты аймағына перкуссия жасайды. Плессиметр саусақ жауырын ұшына көлденең орналастырып, кезекпен оң және сол жаққа кезектеп қояды. Бұл кезде науқастың қолы төмен түсірілген, бұлшық еттері босаңсыған болуы керек.


9.Стандарт «Өкпеге топографиялық перкуссия жүргізу техникасы»
9. 1Стандарт «Өкпенің жоғарғы шекарасын анықтау» (өкпе ұшының биіктігін анықтау)
Алдынан:
1.Науқасты бел аймағына дейін шешінуін сұрайды.
2.Плессиметр-саусақты бұғана үстіне параллель орналастыру керек.
3.Перкуторлы дыбыс тұйықталғанға дейін жоғары және ішке қарай перкуссияланады.
4.Дені сау адамдарда өкпе ұшы бұғана үстінен 3-4 см жоғары шығып орналасады.
Артынан:
1.Плессиметр-саусақты жауырын ұшына параллелді жауырын ойығына орналастырады.
2.Перкуссияны жоғары және ішке қарай (VII мойын омыртқасының артқы өсіндісіне 3-4 см латералды орналасқан нүктеге қарай) тұйық перкуторлы дыбыс шыққанға дейін жасайды.
3.Қалыпты жағдайда өкпе ұшының биіктігі VII мойын омыртқасының артқы өсіндісінің бойында орналасады.


9.2 Стандарт «Өкпенің төменгі шекарасын анықтау»
Оң жақ өкпе:
1.Плессиметр-саусақты екінші қабырғааралыққа, оң жақ төс маңы сызығымен қабырғаларға қарама -қарсы орналастыру.
2.Перкусияны жоғарыдан төмен қарай жүргізу, бір келкі соққыны
анық өкпелік дыбыстан тұйық дыбысқа өткенше (өкпе мен бауыр шекарасы ) жүргізу.
3.Сәйкесінше перкуссияны оң жақ бұғана орта сызығымен, қолтық алды сызығымен, қолтық орта сызығымен, қолтық арты сызығымен, жауырын сызығымен, омыртқа маңы сызығымен жүргізу (перкуссияны қолтық шұңқырынан бүйір беткейде, артынан - жауырын бұрышынан бастайды).
Сол жақ өкпе:
1.Төменгі шекарасын анықтау үшін бүйір жағынан 3 қолтық асты сызықтары бойынша, артқы жағынан: жауырын және омыртқа маңы сызықтары бойынша.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет