«Келісемін» «Бекітемін» шжқ МҚК «Талдықоған қаласы» Оқу ісі жөніндегі


Стандарт « Бауырдың сол жақ шекарасының абсолютті тұйықтығын анықтау техникасы »



бет14/38
Дата03.12.2022
өлшемі121.75 Kb.
#466339
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38
Стандарттар ішкі аур. проп.

16.3.Стандарт « Бауырдың сол жақ шекарасының абсолютті тұйықтығын анықтау техникасы ».
1. Науқасты бел аймағына дейін шешіндіру. Науқасқа ыңғайлы жағдай жасау,тұрғызып немесе арқасына жатқызу.
2. Плессиметр саусақты сол жақ қабырға доғасына 8-9 қабырға деңгейінде перпендикулярлы қою.
3. Қабырға доғасының шетінен тимпаникалық дыбыстың тұйық дыбысқа ауысқанына дейін оң жаққа перкуссиялау.


17. Стандарт « Көк бауырды пальпациялау техникасы ».
1. Науқасты оң жақ қырына жатқызу, басын кеудесіне қарай алдыға сәл еңкейтіп, сол қолды шынтақ буынында бүгіліп алдыңғы кеуде торында еркін жатады, оң аяғы созылған, сол аяғы тізе буынында және мықын аймағында бүгіледі.
2. Сол қолды науқастың сол жақ кеуде торына қолтық асты сызығы бойында 7 және 10 қабырға аралығында қойып, оның тыныс алғандағы қозғалысын шектей отырып, біршама батырып басу.
3. Оң қолдың бүгілген саусақтарын іштің алдыңғы бүйір қабырғасына қабырға доғасының шетіне жақын етіп, оның 10 қабырғамен жалғасатын жеріне қою.
4. Науқас дем шығарғанда оң қолмен іш қабырғасын қалташа түзетіндей етіп аздап басу.
5. Кейін науқасқа терең дем алуын сұрап, сырғымалы қозғалыстар жасау.
Қалыпты жағдайда көкбауыр анықталмайды.


18.Стандарт « Лимфа түйіндерін пальпациялау техникасы ».
1. Науқасты бел аймағына дейін шешіндіру. Науқасқа ыңғайлы жағдай жасау,тұрғызып немесе арқасына жатқызу.
2. Лимфа түйіндері орналасқан жерлерде тығыз мүшелерге жақындата ( сүйек, бұлшық ет ), саусақ ұштарымен сырғымалы айналмалы қозғалыстар жасау (құлақ арты, жақ асты, бұғана үсті және бұғана асты, қолтық асты, шынтақ, мықын аймағы,тізе асты және т.б. ).
Қалыпты жағдайда лимфа түйіндері пальпацияланбайды, козге көрінбейді, қолға анықталмайды.


19.Стандарт « Бүйрек пальпациясын жүргізу техникасы ».
Бүйрек пальпациясы екі қолмен жүргізіледі ( бимануальды ).
1. Науқасты бел аймағына дейін шешіндіру. Науқасқа ыңғайлы жағдай жасау-тұрып немесе арқасына жатқызу.
2. Сол қолдың алақанын 12 қабырғадан біршама төмен бел аймағына қою. Бүгілген оң қолдың саусақтарын іштің тік бұлшық еттерінен сыртына қабырға доғасының астына перпендикулярлы етіп орналастыру.
3. Теріні төмен тартып, тері қатпарын жасау.
4. Науқастан терең тыныс алуын сұраймыз, дем шығару кезінде оң қолды ішке енгіземіз, сол қолмен іштің артқы қабырғасына қысым жасаймыз.
5. Науқастан терең дем алуын сұраймыз. Тыныс алу кезінде бүйрек төмен түседі, саусақтардың жылжымалы қозғалысымен алдыңғы бетін байқап сипауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет