Қимыл-қозғалыс ойыны: «Ақ қоян» (№ 3 қосымша) Мәтін бойынша қимылдарды орындауға назар аудару (2-3 рет).
|
Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық, Құстай қанат қағайық. Бір отырып, бір тұрып, Біраз сергіп алайық. Біздің домалақ Бауырсағымыз да жолда домалап келе жатыр. Олай болса, бүгін біз ермексаздан бауырсақ жасайық. Ермексазды қолымызға алып, алақан арасына салып айналдырып, домалатамыз. Балалар ермексаздан бауырсақ жасайды. – Қараңдаршы, не пайда болды? (Әдемі бауырсақ пайда болды.)
|
Қояндар» саусақ гимнастикасы -сұқ саусақ пен ортаңғы саусақ жоғары; -қалғандары бүгілген. -саусақтарды ашады; -басқа қолының саусақтарын жұмады; -басқа қолымен қоян жасайды
|
«Ғажайып қапшық» дидактикалық ойыны.
-Мына ғажайып қапшықта ойыншықтар бар. Қазір ойыншықтарды бір-бірден алып, неден жасалғанын анықтау керек. Сондықтан ойыншықтарды алып, ағаштан жасалғандарды ұшақтың қасына, резеңкеден жасалғандарын қуыршақтың қасына орналастыруларың керек.
|