§ 15. Механиктің екінші көмекшісі
142. Механиктің екінші көмекшісі тікелей механикке бағынады.
143. Механиктің екінші көмекшісінің қарамағында:
1) көмекші қозғалтқыштар, соның ішінде авариялық дизель генераторлар, ауа компрессорлары, оларға қызмет көрсететін техникалық құралдармен ауасақтағыштар;
2) механиктің бірінші және үшінші көмекшілеріне бекітілген жүйелерден басқа, кемедегі барлық жүйелер (олардың электр бөлігін қоспағанда);
3) өзінің меңгеруіндегі автоматтандыру құралдары (олардың электр бөлігінен басқа) және бақылау-өлшеу аспаптары болады.
144. Механиктің екінші көмекшісі өзінің меңгеруіндегілер бойынша:
1) техникалық пайдалану ережелеріне, жасап шығарушы зауыттардың нұсқауларына және басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес кеме техникасын техникалық пайдалануды және ұстауды қамтамасыз етеді;
2) кеме техникасының істен шығуын өзі немесе өзіне бөлінген мамандарды тарта отырып жояды;
3) өзіне бөлінген мамандардың жұмысына басшылық жасайды, олардың еңбек қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтарды орындауын қамтамасыз етеді;
4) техникалық қызмет көрсетудің күнтізбелік кестелерін және жөндеу ведомостарын жасайды, жағалау және кеме мамандары орындайтын, кеме техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу көлемінің толықтығы мен сапасын бақылайды;
5) материалдық-техникалық жабдықтауға өтінімдер жасайды, оны алуды және сақтауды қамтамасыз етеді, оның есебін жүргізеді;
6) белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізеді;
7) рейске дайындықты қамтамасыз етеді және меңгеруіндегінің дайындығы туралы белгіленген уақытта механикке хабарлайды.
§ 16. Механиктің үшінші көмекшісі
145. Механиктің үшінші көмекшісі тікелей аға механикке бағынады.
146. Механиктің үшінші көмекшісінің қарамағында:
оған қызмет көрсететін техникалық құралдарымен көмекші қазандық қондырғысы;
құтқару шлюпкаларының қозғалтқыштары;
трюмдік механикаландыру құралдарының механикалық бөлігі;
тұрмыстық техника, сумен жабдықтау жүйелері;
сарқынды-фекалдық, жылыту және желдету (электр бөлігінен басқа).
Механиктің үшінші көмекшісінің штаттық лауазымы жоқ кемелерде оның функцияларын механиктің екінші көмекшісі орындайды.
147. Механиктің үшінші көмекшісі:
1) ережелер мен нұсқаулықтарға сәйкес кеме техникасын техникалық пайдалануды және ұстауды қамтамасыз етеді, жұмыстарды қауіпсіз ұйымдастыруды, техника қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі жөніндегі ережелердің орындалуын қамтамасыз ете отырып, өзіне бөлінген мамандардың жұмысына басшылық жасайды;
2) техникалық қызмет көрсетудің күнтізбелік кестелерін және жөндеу ведомостарын жасайды, кеме техникасын жөндеудің толықтығы мен сапасын бақылайды; материалдық-техникалық жабдықтауға өтінімдер жасайды, оны алуды, сақтауды және оның есебін қамтамасыз етеді.
§ 17. Электромеханик ( механиктің электр жабдықтары жөніндегі көмекшісі)
148. Электромеханиктің қарамағында кеменің электр жабдықтары, автоматтандыру және бақылау құралдарының, кеме техникасының электр бөлігі, сым арқылы электр байланысы және сигнал беру жүйесі, дербес қоректендіру көздері және электр жабдықтарының іске қосу-реттеу аппаратурасы, алып жүретін электр жабдығы болады.
149. Электромеханик өзінің меңгеруіндегілер бойынша:
1) техникалық пайдалану ережелеріне, жасап шығарушы зауыттардың нұсқауларына және басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес кеме техникасын техникалық пайдалануды және ұстауды қамтамасыз етеді;
2) кеме техникасының істен шығуын өзі немесе мамандарды тарта отырып жояды;
3) вахталықтарды тиісінше атқаруды, жұмыстарды орындауды, өзіне бағынышты экипаж мүшелерінің еңбек тәртібін сақтауын және олардың еңбек қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтарды орындауын қамтамасыз етеді;
4) кеме экипажының электр жабдықтарын пайдаланумен байланысты адамдарымен техника қауіпсіздігі жөнінде нұсқама өткізеді;
5) техникалық қызмет көрсетудің күнтізбелік кестелерін және жөндеу ведомостерін жасайды, жағалау және кеме мамандары орындайтын, техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу көлемінің толықтығы мен сапасын бақылайды;
6) материалдық-техникалық жабдықтауға өтінімдер жасайды, қосалқы бөлшектерді, құрылғыларды және материалдық-техникалық жабдықтарды алуды және сақтауды қамтамасыз етеді, олардың есебін жүргізеді;
7) белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізеді;
8) жер керуенінің құрамына кіретін кемелердің электр жабдықтарының жұмысын бақылауды қамтамасыз етеді;
9) кемедегі электр жабдықтарының қатардан шығу қаупі төнген кезде тиісті шаралар қабылдай отырып, кезекші механикке хабарлайды;
10) вахта бастығының шақыруы бойынша машина бөлімшесіне немесе басқа көрсетілген жерге дереу келеді;
11) күрделі жағдайларда жүзу кезінде вахта бастығының нұсқауы бойынша орталық басқару пунктінде (ОБП) немесе ОБП болмаған кезде басты үлестіргіш қалқанның жанында болады;
12) рейске дайындықты қамтамасыз етеді және меңгеруіндегінің дайындығы туралы белгіленген уақытта механикке хабарлайды.
150. Егер қауіпсіздікке қауіп төндірмесе және оның қалыпты пайдаланылуын бұзбаса, электромеханик өзінің меңгеруіндегі кеме техникасының жекелеген элементтерін қолданыстан дербес шығарады.
151. Электромеханик лауазымы штатта болмаған кезде оның функциялары механик пен механиктің көмекшісі арасында бөлінеді.
152. Командалық құрамның адамдары осы Жарғыда көзделген, көлік кемелеріндегі ұқсас лауазымға қарай атқаратын қызметіне сәйкес, сондай-ақ белгіленген тәртіппен бекітілген, кемелердің конструкциясы мен мақсатының ерекшеліктерін ескеретін лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес функцияларын орындайды және өкілеттіктерін пайдаланады.
§ 18. Радиостанция бастығы
153. Кеме радиостанциясының бастығы тікелей капитанға бағынады, кемедегі радио мамандарының бастығы болып табылады және радиобайланысын қамтамасыз етеді.
154. Радиостанция бастығының қарамағында радио жабдық және олардың қуат көзінің түрлендіргіштерімен электрорадионавигациялық аспаптар (бағыт аспаптың және радиолокатордың қуат көзінің электромашиналық түрлендіргіштерінен басқа), аккумуляторлық батареялар, радиостанциялар, басқа радиотехникалық құралдар, сондай-ақ осы кеме техникасы орналасатын бөлмелер болады.
155. Радиостанция бастығы өзінің меңгеруіндегілер бойынша:
1) техникалық пайдалану ережелеріне, жасап шығарушы зауыттардың нұсқауларына және Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі немесе кеме иесі басып шығаратын басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес кеме техникасын техникалық пайдалануды және ұстауды қамтамасыз етеді;
2) кеме техникасының істен шығуын өзі немесе кеме мамандарын тарта отырып жояды;
3) техникалық қызмет көрсетудің күнтізбелік кестелерін және жөндеу ведомостарын жасайды, жағалау және кеме мамандары орындайтын, техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу көлемінің толықтығы мен сапасын қамтамасыз етеді және бақылайды;
4) материалдық-техникалық жабдықтауға өтінімдер жасайды, оны алуды және сақтауды қамтамасыз етеді, оның есебін жүргізеді, радиобөлігі және электрорадионавигациялық аспаптар бойынша түгендеу кітаптарын жүргізеді;
5) белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізеді;
6) капитанның рұқсатымен кеме техникасын Кеме қатынасы тіркеліміне және басқа да техникалық қадағалау органдарына куәландыруға уақытында ұсынады;
7) рейске дайындықты қамтамасыз етеді және меңгеруіндегінің дайындығы туралы белгіленген уақытта капитанға хабарлайды.
§ 19. Кеме дәрігері (фельдшер)
156. Кеме дәрігері (фельдшер) экипаждың медициналық қамтамасыз етілуін және кеменің санитарлық жай-күйін қадағалайды. Оның қарамағында медициналық мақсаттағы бөлмелер мен жабдықтар, медициналық құралдар және дәрі-дәрмектер болады. Кеме дәрігерінің емдік және санитарлық ережелерді сақтау саласындағы талаптары кемедегі барлық адамдар үшін міндетті.
157. Кеме дәрігері (фельдшер):
1) кемеде гигиеналық және санитарлық ережелердің сақталуын қамтамасыз етеді;
2) санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізеді, жұқпалы және жаппай аурулар жағдайлары туралы капитанға хабарлайды;
3) кемедегі адамдарға және қажет болған кезде басқа кемелер экипаждарының мүшелеріне де емдік-профилактикалық дәрігерлік көмек көрсетеді. Диагностиканың және емдеудің қиын жағдайларында радио бойынша мамандардың консультацияларын алады;
4) кеменің санитарлық жай-күйін, азық-түлік пен кемітілмейтін қордың сақталуын, ауыз судың сапасын, құтқару құралдарының медициналық толықтырылуын күнделікті бақылауды жүзеге асырады;
5) өзінің меңгеруіндегіні тәртіпте және дайындықта ұстайды;
6) экипажға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету тәсілдерін үйретуді жүзеге асырады;
7) экипаждың медициналық байқаулар мен талап етілетін егулерді уақытында өтуін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
8) кемеде уақытында дератизация және дезинсекция жүргізуді қамтамасыз етеді;
9) халықаралық, ұлттық және жергілікті санитарлық ережелердің сақталуын қадағалайды;
10) дәрігерлік-санитарлық жабдықтауға тапсырыс береді, күшті әсер ететін дәрілер мен есірткі заттарын сақтауды және олардың берілуін бақылауды қоса алғанда, оны қабылдауды, оның есебін және жұмсалуын жүзеге асырады;
11) ас мәзірін жасауға қатысады, азық-түліктің сапасын, олардың құнарлылығын және тағам дайындауды бақылайды;
12) кеме портқа келген (кеткен) кезде санитарлық және карантиндік іс-шаралардың орындалуын жүзеге асырады;
13) капитанның аға көмекшісіне қызметтің рейске дайындығы туралы мәлімдейді.
158. Кеме дәрігері (фельдшер) жоқ кемелерде оның функциялары оның құзыреті мен құқықтары шегінде капитанның аға көмекшісіне жүктеледі.
§ 20. Боцман
159. Боцман капитанның аға көмекшісіне бағынады және палубалық команданың тікелей бастығы болып табылады.
Боцман корпусқа, палубаларға, қондырғыларға, жүк және кеме бөлмелеріне, тұщы су танкілеріне, өлшеу, қабылдау және ауа құбырларына, рангоутқа, такелажға, траптарға, рульдік, жүк, зәкірлік, шынжыр арқанды, тіркеп сүйреу құрылғыларына (осы құралдардың механикалық, электр және гидравликалық бөліктерінен басқа), құтқару құралдарына, өртке қарсы, авариялық-құтқару жабдықтары мен мүлікке, құрал-сайманға, жабдықтарға және өзінің меңгеруіндегі басқа да техникалық құралдарға техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
Боцман машина бөлімшесін қоса алғанда, кеме бойынша сырлау және такелаж жұмыстарына басшылық жасайды.
160. Боцман:
1) өзінің меңгеруіндегі техникалық құралдарды пайдалану және қызмет көрсету ережелерін сақтайды, кеме мамандарын тарта отырып, алдын алу шаралары мен жөндеуді жүзеге асырады;
2) капитанның аға көмекшісінің басшылығымен кеме жұмыстарының жоспарларын жасайды, оларды жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, олардың орындалуын ұйымдастырады;
3) құтқарушы, авариялық-құтқару және өртке қарсы құралдардың, құтқарушы салдар мен шлюпкалардың іс-әрекетке даярлығын, олардың толымдылығын және түсіретін жабдықтың тиісті жай-күйін қамтамасыз етеді;
4) трюмдер мен жүк жабдықтарын жүкті ауыстырып тиеу операцияларына даярлауды қамтамасыз етеді, ауыр салмақты және ірі габаритті жүктерді бекіту, тиеу және түсіру бойынша жұмыстарға өзі қатысады;
5) кеме командасының адамдар тұратын және қызмет бөлмелерінде тазалық пен тәртіпті қадағалайды, кемені күн сайын аралап шығады;
6) кеменің рейске шығу даярлығын тексеріп, капитанның аға көмекшісіне хабарлайды;
7) ауыз су және балласт цистерналарындағы және ағынды құдықтардағы суды ұдайы өлшейді, ауыз су шығынының есебін жүргізеді.
161. Портқа (айлаққа), зәкірлік тұрақ орнына жақындаған кезде боцман арқандап байлау операцияларына немесе зәкірге қоюға басшылық жасау үшін капитанның кезекші көмекшісі көрсеткен орында тұрады.
162. Боцман вахтада тұрмайды, бірақ жүріс кезінде және тұрақта вахтада тұру үшін тартылуы мүмкін.
5. Қатардағы құрам
§ 1. Рульдеуді басқаратын адам
163. Рульдеуді басқаратын адам тікелей боцманға бағынады, ал вахта кезінде вахта бастығының қарауында болады.
164. Рульдеуді басқаратын адам:
1) арнайы лоцияны және оларда кеме рейстер жасайтын, ішкі кеме қатынасы жолдары ауданының жүзу жағдайларын зерттейді;
2) осы кеме жүзетін ауданға қатысты кемелердің жүзуін регламенттейтін ережелерді және олардың қосымшаларын біледі;
руль құрылымын, сондай-ақ таяз суда жүзу, толқын көтерілу, жел, арқандап байлау, зәкірде тұру кезінде қозғаушылардың алдыңғы және артқы жүріске жұмысы кезіндегі руль кешенінің іс-қимылын біледі;
-
руль құрылғысы түрлі жүйелерінің, авторульдік жұмыс қағидасын біледі; қол, бу, электр, гидравлика руль жетектерін басқара алады, авторульді пайдалана, басқарудың бір түрінен екінші түріне ауысуды жүзеге асыра алады;
-
кемені тұрақты бағытта ұстай алады немесе көзбен өлшеп бағдарлау кезінде де, сол сияқты бағытты көрсетушілердің түрлі жүйелерінің көмегімен де түрлі жүзу жағдайларында вахта бастығының нұсқауы бойынша бағытты өзгертуді біледі;
-
матростардың функциялары аясына кіретін барлық жұмыстарды орындай алады;
6) жүру мінбесінде, рульде, штурман бөлмелерінде және брезент жаппалы палубада тазалық пен тәртіпті қадағалайды.
§ 2. Матрос
165. Матрос тікелей боцманға бағынады, ал вахта уақытында вахта бастығының қарауында болады. Өздігінен жүрмейтін кемеде ол шкиперге бағынады.
166. Матрос:
1) палубалық бөлігі бойынша кеме жұмыстарына қатысады;
2) жүк бөлмелерін, жүк құралдарын және құрал-сайманды тиеуге, түсіруге және оларды жиыстыруға қатысады;
3) палубада, кеменің қызметтік және санитарлық-тұрмыстық бөлмелерінде тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етеді;
4) жүк операцияларымен байланысты жұмыстарды орындау кезінде:
трюмдердің люктерін ашуға және жабуға қатысады;
ыдыстың жарамдылығын бақылайды;
таңбалауды, салуды және қажет болған кезде жүк орындарының есебін жүргізеді;
жүктің, құрал-сайманның және такелаждың сақталуын және тұтастығын қадағалайды;
траптардың және басқа да трюм жабдықтарының жарамдылығын бақылайды;
трюмге бөтен адамдарды жібермейді;
трюмде шылым тартуға рұқсат етпейді;
трюмде тәртіп пен тазалықты қамтамасыз етеді;
барлық бұзушылықтар, кемшіліктер және істен шығу туралы вахта бастығына хабарлайды;
5) жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі ережелері жөнінде нұсқама алғаннан кейін барлық такелаж, сырлау, арқандап байлау жұмыстарын және кемелерді тіркеп сүйреу жөніндегі жұмыстарды орындайды;
6) шлюпкада ескектермен есе алады және суағарларда су деңгейін өлшей біледі, рульді басқаратын адамның функцияларын орындайды.
§ 3. Жер снарядының (түбін тазартқыш снарядтың) шығыр жұмысшысы (арнайы құрылғылардың операторы)
167. Шығыр жұмысшы тікелей командирдің бірінші көмекшісіне бағынады, ал вахта уақытында вахта бастығының қарауында болады.
168. Шығыр жұмысшы:
1) жер снаряды жұмысының технологиялық процесін басқарады;
2) жұмыс зәкірлерін жайып салу және ауыстырып қою жөніндегі жұмыстарды орындайды;
3) палубалық көмекші тетіктердің және жүк көтергіш құрылғылардың жұмысын басқарады;
4) барлық такелаж, арқандап байлау, слесарлық-жөндеу жұмыстарын, сондай-ақ жер снаряды матросының функциялары аясына кіретін шлюпкада ескектермен есу және ескекті және моторлы, ал теңізде - желкенді құтқару шлюпкасын басқару жұмыстарын орындайды;
5) қолдағы такелаж мүлкінің, құрал-сайманның есебін жүргізеді.
169. Штатта боцман лауазымы жоқ жер снарядтарында шығыр жұмысшы осы Жарғыда «Боцман» параграфында айтылған құқықтарды пайдаланады және функцияларды (кеменің ерекшеліктерін және қызметін ескере отырып) орындайды.
§ 4. Жер снарядының (түбін тазартқыш снарядтың) матросы
170. Жер снарядының матросы тікелей командирдің бірінші көмекшісіне бағынады, ал кезекшілік уақытында вахта бастығының қарауында болады.
171. Жер снарядының матросы:
1) жедел шығыр жұмысшы және палубалық көмекші тетіктердің жұмысын басқарады;
2) жұмыс зәкірлерін көтеру, ауыстырып қою және қайтару жөніндегі жұмыстарды орындайды;
3) кемедегі барлық такелаж, сырлау, байлап қою, слесарлық-жөндеу жұмыстарын орындайды, шлюпкада ескектермен еседі;
4) қызметтік, палубалық және тұрмыстық бөлмелерде тәртіп пен тазалықты қамтамасыз етеді.
§ 5. Моторшы
172. Моторшы механиктің бірінші көмекшісіне бағынады, ал вахталық уақытында вахта механиктің қарауында болады.
173. Моторшы:
1) басты энергетикалық қондырғылардың және көмекші тетіктердің құрылымын біледі және оларға қызмет көрсете алады;
2) энергетикалық қондырғы жұмысының нормативтік пайдалану-техникалық көрсеткіштерін біледі;
3) бүкіл кеме техникасына қызмет көрсетуге және жөндеуге қатысады;
4) кеме техникасын техникалық пайдалану ережелерін біледі және орындайды;
5) меңгеру жөніндегі кестемен оған бекітілген тетіктерге уақытында техникалық қызмет көрсетуді жүргізеді;
6) кеме жүйелері құбырларының, вентильдерінің және қақпақтарының орналасуын және мақсатын біледі және оларды басқара алады.
174. Моторист жұмыс орнында енбек қауіпсіздігінің ережелері бойынша нұсқама алғаннан кейін, механиктің нұсқауы бойынша оның тікелей функцияларының аясына кірмейтін кеме жұмыстарына тартылуы мүмкін.
175. Аға моторист (аға машинист) техникалық қызмет көрсету және слесарлық-жөндеу жұмыстарын орындау кезінде мотористердің (машинистердің) жұмысына басшылық жасайды.
§ 6. Радиооператор
176. Кеменің радиооператоры тікелей радиостанция бастығына бағынады, оның менгеруіндегілерге техникалық қызмет көрсетуде оған жәрдемдеседі.
177. Штатында радиостанция бастығының лауазымы жоқ кемелерде радиооператор осы Жарғыда радиостанция бастығы үшін көзделген құқықтарды пайдаланады және функцияларды орындайды.
§ 7. Аға жолсерік
178. Аға жолсерік тікелей капитанның аға көмекшісіне (бірінші штурманға) бағынады.
179. Аға жолсерік жолсеріктердің жұмысына басшылық жасайды және жолаушылар бөлмелерін тиісті жай-күйде ұстауды қамтамасыз етеді. Жолаушыларды отырғызған және түсірген кезде жолсеріктер кезекшілігінің кестесінде көрсетілген орында болады, жолаушыларды орналастырудың қатаң тәртібін ұйымдастырады. Кеме бортында жолаушылар болған кезінде аға жолсерік мезгіл-мезгіл каюталарды және басқа да жолаушылар бөлмелерін аралап тексереді, кемшіліктер мен талаптарды анықтайды, оларды жоюға шаралар қабылдайды.
180. Аға жолсерік:
1) бос жолаушылар орындарының есебін жүргізеді және бұл туралы бірінші штурманға хабарлап отырады;
2) есепті мүліктің жай-күйін және сақталуын қадағалайды, тиісті есеп және есептілікті жүргізеді, осы мүлікті толықтыруға, ауыстыруға немесе жөндеуге өтінімдер ресімдейді;
3) жолсеріктердің өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі ережелерін, санитарлық ережелерді орындауын және жолаушылардың кеме ережелерін сақтауын қадағалайды;
4) дабылдар бойынша кестеде көзделген, құтқарушы шлюпкалардың және салдардың орналасқан жерлерін, жолаушыларды көшіру жолдарын біледі;
5) кеме дабылдарын жариялаған кезде жолсеріктердің жолаушылар арасында тәртіпті қамтамасыз ету және кеме бойынша тиісті командаларды орындау жөніндегі іс-қимылдарын бақылайды.
§ 8. Жолсерік
181. Жолсерік тікелей аға жолсерікке бағынады.
182. Жолсерік төсек-орынның, құрал-сайманның және жабдықтардың сақталуы, жолаушылар каюталарының, дәліздердің және кеме кестесімен өзіне бекітілген, жалпы пайдалану орындарының тиісті санитарлық жай-күйі үшін жауап береді.
183. Жолсерік:
1) ақырғы пункттерде жолаушыларды отырғызу және түсіру кезінде кезекшілік уақытына қарамастан жұмыс орнында болады, кемеде келген жолаушыларды жол жүру билеттеріне және отырғызу талондарына сәйкес каюталар бойынша орналастырады;
2) жолаушылар және санитарлық-тұрмыстық бөлмелерде тәртіп пен тазалықты қамтамасыз етеді;
3) жолаушыларды олардың баратын пунктіне келгені туралы алдын ала хабарландырады;
4) жолаушылардың кеме ережелерін барлық бұзушылықтары туралы вахта бастығына хабарлап отырады;
5) кемеде балалардың тәртібін қадағалайды, ата-аналармен тиісті нұсқама өткізеді;
6) тізбеге сәйкес жолаушыларға қызмет көрсетеді;
7) дабылдар бойынша кестеде көзделген, құтқарушы шлюпкалардың және салдардың орналасқан жерлерін, жолаушыларды көшіру жолдарын біледі;
8) дауылды ауа райы кезінде каюталардың әйнектері жабық, ал иллюминаторлар қайрылып көтерілген болуын қадағалайды.
§ 9. Аспаз
184. Аспаз кеме экипажының мүшелеріне тағам дайындауды қамтамасыз етеді, тікелей бірінші штурманға (командирдің бірінші көмекшісіне) бағынады.
185. Аспаз:
1) ас мәзірін жасайды және тағам өнімдеріне өтінімдер әзірлеуге қатысады;
2) тағамдар дайындайды және оларды ас қабылдау үшін белгіленген уақытында үлестіреді;
3) жүзбелі дүкендерде немесе жағалауда нан алуға мүмкіндік болмаған кезде оны пісіреді;
4) камбуз ыдыстарының сақталуын және ұдайы тазалығын қамтамасыз етеді;
5) камбуз жабдықтарын пайдалану ережелерін сақтайды және оларды таза ұстайды;
6) камбуз бөлмелері мен тоңазытқыштарын, сондай-ақ өзінің арнайы киімін тазалықта ұстайды;
7) санитария ережелерін сақтайды.
6. Вахталық қызмет
§ 1. Жалпы ережелер
186. Кемелердегі вахталық қызмет (вахта) жоғары көңіл бөлуді және бекетте немесе жұмыс орнында үзіліссіз болуды талап ететін, қызметтік функцияларын орындаудың ерекше түрі болып табылады.
187. Кеме экипажының вахтадағы мүшелері вахтадағылар деп аталады.
188. Пайдаланудағы барлық кемелерде тәулік бойғы вахта қызметі тағайындалады.
189. Пайдаланудан шығарылған кемелерде вахталық қызметті атқару тәртібін кеме иесі белгілейді.
190. Вахталық қызмет кемені басқаруды, оның қауіпсіздігін, өміршеңдігін, өндірістік қызметін және кемеге бөтен адамдардың келуін бақылауды қамтамасыз етуге тиіс.
191. Вахталық қызметті ұйымдастыру үшін жауапкершілік кеме капитанына, ал вахталық қызметті ұйымдастыруға тікелей басшылық капитанның аға көмекшісіне және аға механикке жүктеледі.
Вахтаны тиісінше атқару үшін жауапкершілік вахта атқаратын адамдарға жүктеледі.
Вахтаға тиісінше демалыс алған адамдар тартылады.
192. Вахта атқаруға ұзақтығы кемінде 4 сағат демалыс алған адамдар жіберіледі.
193. Кемедегі вахтаны жүрістегі және тұрақтағы деп бөледі. Зәкірде тұрған кезде экипаж вахтаны жүріс кестесі бойынша атқарады. Арқанмен байлаулы тұрған кезінде тұрақтағы вахтаның мерзімділігін және ұзақтығын нақты жағдайларды негізге ала отырып капитан белгілейді. Кеме тұрақта арқанмен байлаулы кезінде капитан, механик және электромеханик кеме штатында үшінші штурман, механиктің және электр механиктің үшінші көмекшілері, сондай-ақ аялдама кезеңінде командалық құрамның қалған адамдары үшін жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығын сақтаған кезде кезекшілік атқармайды.
194. Жүріс рубкасында және машина бөлімшесінде кеме жүргізушілердің және механиктердің, ал радио бөлмесінде бұдан басқа, радио мамандарының жүрістегі және тұрақтағы вахтаны атқаруы жөніндегі нұсқаулықтар болады.
195. Кезекті вахта ауысымы, вахтаға кірісуі туралы кемінде 30 минут бұрын ескертіледі. Вахта ауысымы вахта атқаратын орнына алдын ала келеді және вахтаға кіріскенге дейін жүзу жағдайларымен және техникалық құралдардың жұмыс режимімен танысады. Командалық құрамның адамдары кемінде 10 минут, ал қатардағы құрамның адамдары – вахта басталғанға дейін кемінде 5 минут бұрын келеді.
196. Егер вахта жөніндегі үлкені (вахта бастығы, вахта механигі, вахта электромеханигі) вахтаға кірісетін ауысым өзінің міндеттерін тиісінше орындай алмайды деп ойласа, оған вахтаны тапсырмайды. Мұндай жағдайда ол бұл туралы капитанға (механикке) хабарлайды. Вахта жөніндегі үлкен лауазымдылар олармен вахтаға кірісетін бүкіл құрамның өздерінің функцияларын орындауға қабілетті екендігіне көз жеткізеді.
197. Вахтаны қабылдаудың және тапсырудың нәтижелері туралы палубалық команданың мүшелері вахта бастығына, ал машина бөлімшесі – вахта механигіне хабарлайды; соңғысы одан кейін бұл туралы вахта бастығына мәлімдейді.
198. Экипаж бригадалық әдіспен жұмыс істеген кезде капитан диспетчерге (порт, айлақ әкімшілігіне) бригадалардың ауысымы, рейске даярлық туралы хабарлайды және одан қажетті ақпарат алады.
199. Бөтен адамдарды кемеге жіберу вахта бастығының рұқсатымен жүргізіледі.
200. Дабыл кезінде вахтадағылар дабылдар бойынша кестеге сәйкес вахтаға кірісетін адамдарға өздерінің бекеттерін тапсырғаннан кейін ғана дабылдар бойынша кестеде көзделген өздерінің орындарын алады.
201. Вахтадағылар қызметтің осы түрі үшін белгіленген киім (киім нысанын) киеді. Бұдан басқа, капитанның вахта көмекшісі және вахта матросы кеме портта тұрған кезде сол жақ жеңдеріне үш жолақты шүберек белгі тағады. Белгінің жалпы ені 4,5 см, әрбір жолақтікі 1,5 см.
Жолақтардың түсі:
капитанның вахта көмекшісінің белгісі үшін көк, ақ, көк;
вахта матросының белгісі үшін қызыл, ақ, қызыл.
Достарыңызбен бөлісу: |