Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы


-бап. Жеке профилактикасы шараларын жүргiзу мерзiмдерi



бет19/28
Дата05.06.2022
өлшемі76.08 Kb.
#458978
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28
21-бап. Жеке профилактикасы шараларын жүргiзу мерзiмдерi
Кәмелетке толмағандарға олардың ата-аналарына немесе заңды өкiлдерiне, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар немесе қоғамға жат іс-әрекеттер жасауға тартып жүрген өзге де адамдарға қатысты жеке профилактикасы шаралары кәмелетке толмағандарға әлеуметтiк және өзге де көмек көрсету үшiн қажеттi мерзiмде немесе кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз, панасыз қалуына, құқық бұзушылықтар немесе қоғамға жат iс-әрекет жасауына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жойғанға дейiн немесе олар он сегiз жасқа толғанға дейiн немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да мән-жайлар туындағанға дейiн жүргізiледi.
Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.10 № 176-IV Заңымен.


22-бап. Өздеріне қатысты жеке профилактика шаралары қолданылатын адамдардың құқықтары
1. Өздеріне қатысты жеке профилактика шаралары қолданылатын кәмелетке толмағандар, олардың ата-аналары немесе заңды өкілдері, сондай-ақ өзге де адамдар Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде кепілдік берілген құқықтармен және бостандықтармен қамтамасыз етіледі.
2. Арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше ұстау режиміндегі білім беру ұйымдарында және Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында ұсталушы кәмелетке толмағандардың осы баптың 1-тармағында аталған құқықтармен қатар, белгіленген тәртіппен:
1) өздерінің арнаулы мекемелер мен ұйымдарға орналастырылғандары туралы ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне хабарлауға;
2) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар, қадағалаусыз және панасыз қалу профилактикасы жүйесінің органдары мен мекемелерінің жұмыскерлері қабылдаған шешімдерге көрсетілген жүйенің жоғары тұрған органдарына, сондай-ақ прокуратура органдарына, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;
3) өзінің құқықтары мен міндеттері, ұстау режимі мен тәртіптік талаптар туралы ақпарат алуға;
4) арнаулы мекемелер мен ұйымдарда, сондай-ақ олардың орналасқан жеріне, тұрғылықты жеріне не тұрмыстық орналасатын жеріне бара жатқандағы жеке қауіпсіздігіне;
5) ізгілікті, адамның ар-намысын кемсітпейтін қарым-қатынас жасалуына;
6) саны шектелмеген телефонмен сөйлесулер және кездесулер арқылы отбасымен байланыс жасап тұруға, саны шектелмеген жөнелтімдер, бандеролдар, сәлемдемелер алуға және хаттар мен жеделхаттар алуға және жіберуге;
7) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нормалар бойынша тегін тамақпен, киіммен, аяқ киіммен және басқа да заттай ризықпен қамтамасыз етілуге;
8) ата-анасымен не олардың орнындағы адамдармен, туысқандарымен және өзге де адамдармен кездесуге;
9) түнгі уақытта сегіз сағат ұйықтауға, ал үштен жеті жасқа дейінгі балалардың күндізгі уақытта қосымша екі сағат ұйықтауға;
10) ұзақтығы кемінде екі сағат күнделікті серуендеуге;
11) арнаулы білім беру ұйымдарында және ерекше ұстау режиміндегі білім беру ұйымдарында болу кезеңінде бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім алуға;
12) арнаулы мекемелерде белгіленген ішкі тәртіп қағидаларының және ұстау режимінің сақталуы шартымен діни жоралар жасауға;
13) арнаулы мекемелер мен ұйымдарда бар әдебиеттер мен мерзімді баспасөз басылымдарын пайдалануға;
14) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысуға;
15) өндірістік практика кезеңінде атқарған жұмысы үшін ақшалай сыйақы алуға;
16) қажетті психологиялық көмек алуға құқығы бар.
Ескерту. 22-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.29 № 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.07.2014 № 236-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет