Сабақ соңында қойылатын сұрақтар
Оқушыларды рефлексияға шақыру үшін және кері байланыс беру мақсатында оларға мынадай сұрақтарға жеке және бірлесе жауап беруді тапсыруға болады:
- Сабақты қалай атар едіңіздер?
- Сабақтың мақсатына жеттік пе? Неліктен олай ойлайсыздар?
- Сабақтан кейінгі көңіл-күйіңіз қандай?
- Сабақта ең маңызды не болды?
- Бұл сабаққа қандай өзгерістер енгізер едіңіздер?
- Өз жұмысыңызға қанағаттанасыздар ба?
- Өзіңізді не үшін мақтар едіңіз?
- Сабақ қорытындысы қандай болады деп ойлайсыздар?
- Сабақ қорытындысы бойынша кімді мақтар едіңіз? Неліктен?
- Кімнен жақсы көмек алдыңыз?
- Келесі сабақтың мақсаты қандай болады деп ойлайсыздар?
Кемпірқосақ
Тақтадағы кемпірқосақ суретіне өз есімдері жазылған стикерлерді желімдейді. Олар ең төменгі қызыл түстен ең жоғары орналасқан күлгін түске стикерлерді желімдеу арқылы өздерінің сабақтағы түсінік (немесе көңіл-күй) деңгейін білдіреді.
Берілген үлгілер бойынша сөйлем құрау
Оқушылар жазбаша мына үлгілер бойынша сөйлемдер құрастырады:
Мен ... , өйткені ...
Мен қалайша ...
Неліктен мен ...
Менде мынандай сұрақ бар: ...
Сонымен мен...
Рефлексия парағы
Сабақ соңында оқушылардың төменде көрсетілген кестелерді толтырып, оларды топ ішінде немесе сыныппен талқылауына болады. Мұғалім талқылауға қатысып, оны қорытындылайды.
Сабақтағы жетістіктерім
|
Оның себептері
|
Сабақтағы кемшіліктерім
|
Оның себептері
|
|
|
|
|
Бір ауыз сөз
Оқушылар стикерлерге сабақ туралы бір ғана сөз жазып, оны тақтаға жапсырады. Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады (оларды тақтаға алдын-ала жазып қойған дұрыс): ұнады, қажет, пайдалы, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |