Кен Робинсон


Сабақта үйренгенін бағалау



бет3/4
Дата14.09.2023
өлшемі198.16 Kb.
#477638
түріСабақ
1   2   3   4
рефлексия мен кері байланыс түрлері

Сабақта үйренгенін бағалау



Ұнады

Неліктен?

Қиын болды

Неліктен?













Шеңбердегі доп
Оқушылар шеңберлене отырып, бір-біріне кішкене допты лақтырады (немесе жүректің кішкене сұлбасын сағат тілі бойынша жылжытып отырады). Доп қолына тиген оқушы сабақ туралы бір сөйлем айтады.
Мұғалімнің қойған бағасын түсіндіру



Мұғалімнің қойған бағасы
(ауызша немесе жазбаша)

Неліктен бұл бағаны маған қойды?







Иық тірескен шеңбер
Оқушылар шеңберге бір-бірінің иығына қолдарын салып, құшақтасқан түрде тұрып, сабақ туралы өз пікірлерін келтіреді. Мұғалімнің де бұл шеңберден орын алғаны дұрыс.
«Менің сабақтан кейінгі әсерім» кестесі №1



Қандай ой пайда болды?

Не сезіндім?







Көңіл-күйді салу
Оқушылар өзінің көңіл-күйін қарандаш, маркер, фломастер, гуашь немесе акварель бояулармен салады (мысалы, қағазға, суланған параққа, т.б.). Олардың суреттері смайлик, жапырақтар, гүл, өсімдік, жануар, геометриялық фигуралар, күн немесе бұлт түрінде болуы ықтимал.
Суреттерді шағын топ ішінде шеңбер бойынша жіберіп, толықтыруға болады. Суреттер автор тарапынан топ ішінде немесе бүкіл сыныпқа түсіндіріледі. Суреттерді талқылаудан кейін қабырғаға іліп қойған орынды.
Кейбір әдебиетте суреттерде көптеп қолданылған түстер бойынша оқушылардың көңіл-күйі мен өздерін қалай сезінетіндіктерін анықтауға болады деп келтіріледі. Олар, мысалы, мұндайда Макс Лютердің түстерге берген мінездемесін қолдануды ұсынады:
- қанық қызыл, алқызыл түс – агрессия, ашу, толқығанды білдіреді;
- жұмсақ қызыл түс (раушан, апельсин түсті) – қуаныш пен шаттықты білдіреді;
- көк түс – мұңлы, бәсең көңіл-күй, шаршау, дем алғысы келетінді меңзейді;
- жасыл түс – белсенділік, сонымен бірге бұл түсті тым көп қолданса, баланың қорғансыздығын көрсетеді, оның қорғаныш іздейтіндігін білдіреді;
- сары түс – сабырлық түсі (қуаныш түсі); алайда бұл түске тым көп көңіл бөлу баланың бәсең бола бастағанын көрсетеді;
- күлгін түс – алаңдаушылықты білдіреді, көңіл-күйі түсіңкі;
- бозғылт түс – бала өз мүмкіншіліктерін ашпайды, оны бір нәрсе шектейді, қобалжытады, тоқтатады;
- қара түс – көңілі пәс, бәрін де жоққа шығару, жұмыс жасауға құлықсыз, өзін төмен бағалайды немесе жақтырмайды деп ойлайды;
- қоңыр түс – бәсеңкі, алаңдаушылық пен өзіне-өзі сенбеушілікті көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет