Кен Робинсон


«Менің сабақтан кейінгі әсерім» кестесі №2



бет4/4
Дата14.09.2023
өлшемі198.16 Kb.
#477638
түріСабақ
1   2   3   4
рефлексия мен кері байланыс түрлері

«Менің сабақтан кейінгі әсерім» кестесі №2



Қандай ой пайда болды?

Не сезіндім?

Не ұнады?










Ермексазбен көңіл-күйді жеткізу
Оқушылар ермексазбен әртүрлі фигуралар жасап, өз көңіл-күйлерін көрсетеді. Мұнда да мұғалім жасалынған бейнелер мен олардың түстеріне назар аударуы қажет.
«Менің сабақтан кейінгі әсерім» кестесі №3



Қандай ой пайда болды?

Не сезіндім?

Не ұнады?

Не қиын болды?













Тақтадағы сөйлемдерді аяқта...
Оқушылар тақтада (экранда, мониторда) жазылған сөйлемдердің біреуін таңдап, оны әрі қарай жалғастырып, аяқтайды:
- Мен мынаны білдім...
- Маған қызық болғаны...
- Маған қиын болғаны...
- Мен енді...
- Менің ойым мынандай...
- Мен мынаны сезіндім...
- Мен мынаны жасадым...
- Мынаған таң қалдым...
- Қолымнан мынау келді...
- Мен мынаны жасағым келді...
Бұл тапсырманы жазбаша да орындауға болады.
«Білемін, білдім, білгім келеді» кестесі



Оқу материалы (ақпарат, ұғым, түсінік, құбылыс, формула, теорема, т.б.)

Бұрыннан білемін

Бүгінгі сабақта білдім

Тағы да білгім келеді













«Менің көңіл-күйім» баспалдағы
Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе адам суретін салып), тақтада салынған баспалдақтардың біреуіне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы!», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.


Сабақты (немесе тапсырманы) бағалау кестесі



Критерийлер

Жоғары

Орта

Төмен

1. Оқушылар үшін түсінікті болды ма?

+







2. Оқушылар қалай жұмыс жасады?




+




3. Оқушылардың көңіл-күйі қандай болды?




+




4. Сабақтың жаңашылдығы қандай болды?







+

5. Топтық жұмысты ұйымдастыруы қандай болды?

+







6. Шығармашылық деңгейі қандай болды?




+




7. Ақпараттық құндылығы қандай болды?

+







8. Пайдасы қандай болды?




+






«Сабақтағы проблемалар» кестесі



Қиындықтар

Себебі

Шешімі










Өзін-өзі бағалау
Оқушылар төменде берілген тұжырымдардың біреуін таңдап, оны түсіндіріп береді:
- бәрін де түсіндім;
- бәрін де түсіндім, басқаларға көмектесе аламын;
- түсіндім, алайда маған көмек керек;
- маған көмек керек;
- берілген тапсырманы орындай аламын;
- үй тапсырмасын орындай аламын;
- түсіндіріп бере аламын;
- түсінбедім.


Сабақты бағалау кестесі №1



Қызық болды

Бүгін мынаны түсіндім

Қиын болды










Гүлдер
Оқушыларға қағаздан қиылған үш түсті гүл үлестіріледі. Олар сабақ қорытындысы бойынша жасыл түсті гүлді ең көп көмектескенге, сары гүлді ең сыпайы оқушыға, ал қызыл гүлді ең жақсы тыңдай білген балаға беруі керек. Ең үлкен гүл шоғы кімде болар екен?


Сабақты бағалау кестесі №2



Не болды

Ұнады

Ұнамады










Көңіл-күйді смайликтермен жеткізу
Оқушылар сабақтың басында және аяғында салған смайликтерін салыстырып, олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын түсіндіріп береді.


Қателермен жұмыс кестесі



Қателерім

Неліктен қате жібердім?

Қалай түзетуге болады?










Күн көзі
Оқушылар сабақ туралы өз ойларын сары түсті жолақ қағаздарға жазып, тақтада салынған Күннің суретіне барып жапсырады. Тапсырма соңында барлық пікірлер оқылып, сабаққа қорытынды жасалынады.
«Сабақтағы жетістіктер» кестесі



Тақырып

Қуаныш

Сәттілік








Көз жұмып ойлану
Оқушылар көздерін жұмып, мына сұрақтарға іштей жауап береді:
- Мен бүгін не білдім/үйрендім?
- Сабақта мен өзімді қалай сезіндім?
- Мен үшін не ең қызық болды?
- Мен кешегі күнмен салыстырғанда өстім бе?
«Сабақтағы қиындықтар» кестесі



Тақырып

Қиын болды

Мұғалімнің ұсынысы








Пікірлер базары
Оқушылардың әрбір шағын тобы плакатқа (флипчартқа) сабақтың өздері ең маңызды деп шешкен бір жерін жазады. Плакаттар қабылғаға ілінеді. Әр плакаттың қасында сұрақтарға жауап беретін оқушы тұрады. Басқа топтар «Галереяны шарлау» тәсіліндегідей плакаттан плакатқа көшіп, оның төмен жағына стикерлермен өздерінің комментарийлерін, сұрақтарын, пікірлерін, қарсы дәлелдерін, қойған бағаларын жазады. Сұрақтарға жауап беруші оқушылардың алмасып тұрғаны дұрыс. Соңында топтар өз плакаттарына қайта оралып, барлық пікірлермен танысады, оларды талқылайды, сұрақтарға жауап іздейді, нәтижелерін сыныпқа ауызша жария қылады..
Сабақты талдау кестесі





Сабақтың негізгі идеясы



Сабақтағы жаңалық



Сабақта ұнаған тәсіл



Сабақтағы басты қиындық













«Плюс - Минус – Қызығамын» кестесі
Кейбір әдебиетте бұл тәсілдің авторы Эдвард де Боно (1968) деп көрсетіледі. Алайда «Қатып қалған ештеңе жоқ!» дегендей, бұл кестені шығармашылықпен өзгертуге болады емес пе?
Оқушылар жекелей (немесе шағын топ ішінде) төмендегі кестені толтырғаннан кейін, оны талқылап, қорытынды жасаған дұрыс.



«Плюс» (+)

Сабақта қызық болған, пайдалы болар деп ұйғарылған мәселелер мен жәйттер жазылады.

«Минус» (-)

Сабақта сәтсіз шыққан, пайдасы жоқ не шамалы болды деп ұйғарылған мәселелер мен жәйттер жазылады.

Қызығамын (?)

«Не білгім келеді?» немесе «Бұл мен үшін қызық бола ма?» деген сұрақтарға жауап келтіру.





Рефлексиялық эссе
Оқушылар мына сұрақтарға жауап бере отырып, сабақта туындаған ойларын тізбектейді:
- Алдымен біз былай деп ойладық...
- Одан кейін біз мына проблемаға тап болдық...
- Проблеманы шешу үшін біз ... жасадық.
- Бұдан біз ... көрдік.
- Демек, бұл мынаны білдіреді ...
- Сонымен біз ... деген шешімге келдік.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет