Кенжәлиев Д. И. L Аспан механикасы «Астрономия»


§5 Коперник ілімінің таралуы



бет9/17
Дата20.02.2024
өлшемі2.32 Mb.
#492598
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
aspan-mehanikasi

§5 Коперник ілімінің таралуы

Коперник теориясының ғылым дамуындағы маңызы жоғары болған. Бұл ілімнің маңызы планеталардың қозғалысын анықтап беруінде ғана емес. Ең басты жетістігі – шіркеудегі авторитетін шайқалтуы болып отыр. Христиан шіркеуі дәулетінің шарықтаған шегі болатын. Христиан діні үшін Птолемейдің әлемдік жүйесі негізгі фундаменттік ілім болды. Жердің орны әлемнің центрінде, құдайға да бұл жүйеде орын табылады: барлық сфералардың сыртында. Сол заманда шіркеудің көзқарасына қайшы келетін көзқарасты білдіру құдайдың бар болуына күмән келтірумен бірдей болды. "Ғылым діни ұстанымдарды дәлелдеу үшін ғана керек",- дейтін пікірді ұстанған шіркеу инквизициясы мүшелері шіркеуге қарсы шыққандарды қуғынға ұшыратқан заман болды.


Коперник ілімі орныққаннан кейін ғылым діннің салған бұғауынан босап шығып, өзіндік екпінімен дамыды. Христиан дін абыздары сол кезден бері Коперник ілімін жоққа шығаруды мақсат қылып, барын салып отыр. Бастапқы кезде дін басшылығы Коперник ілімін практикалық қажеттікті өтейтін пайдалы модель санап, қош қарсы алды. Кейін іліммен танысқан кейбір адамдар діннің ұстанған бағытына кереғар қарсы қорытындыға келетін болғандықтан, инквизиция кітапқа тыйым салып, сондай адамдарды қуғынға ұшыратып, қолға түсіргендерді зәбірлеп, көзқарастарынан бас тартуға мәжбүр еткен. Бұл адамдар өз еңбектерімен Коперник ілімін дамытып, кемшіліктерін түзетіп, ілімнің дұрыстығын дәлелдейтін мәліметтер тапқан. Сондай адамның бірі- Джордано Бруно еді. Оның қызметі Коперник ілімін Европаға таратып уағыздауы ғана емес, сонымен бірге- әрбір жұлдыздың жеке дара Күн жүйесі болып табылатындығы жөніндегі болжамды айтуы еді. Ал Күн жүйесі әлемдегі көп жүйенің бірі болса, онда Жер тәрізді планеталар да, ақыл иесі - адам баласы да әлемде жалғыз емес. Осы көзқарасты Европаға таратқаны үшін Бруно ұсталып, шіркеу инквизициясының үкімі бойынша өлім жазасына кесіліп отқа өртелінді [42].
Коперник іліміне қосымша дәлелдерді тапқан адамның бірі- Галилео Галилей. Ол өзінің механикадан, астрономиядан терең ойлы тәжірибелері мен еңбектерінен белгілі болған еді. Бірақ астрономиядан басты жаңалықтарын көру трубасын аспанға бағыттаған кезде ашты. Ең алғашқы болып телескопты жасап, соның көмегімен Ай бетіндегі тауларды, Күн бетіндегі дақтарды, Шолпан фазаларын бақылаған, Юпитердің маныңда төрт серігі қозғалатындығын ашты. Атмосфералық құбылыс деп есептеліп жүрген Құс жолының әлсіз жұлдыздардан құралғанын анықтады. Бұл жаңалықтар Коперниктік модельді дәлелдей түскендей болды. Өйткені, Шолпан фазаларының болуы: мұның Күнді айналатындығын дәлелі болса, Ай бетіндегі кедір-бұдырлардың болуы Айдың Жер сияқты аспан денесі екендігінің дәлелі еді. Ал Юпитер планетасы серіктерімен қоса Күн жүйесі тәрізді жүйені құрауы бұл жүйенің әлемде жалғыз еместігін көрсетеді. Галилей инквизицияның қолына түсіп, жәбірленіп, көзқарасынан бас тартуға мәжбүр болды. Бірақ бұндай шаралар Коперник ілімінің таралуын тоқтата алмады. Сонымен Коперник ілімінің пайда болуы ғылымның, адамзаттың дамуында ерекше маңызды меже болды. Бұл жаңалықтан кейін астрономия ғылымы қарыштап алға дамып кетті. Бұдан кейін Күн жүйесі тереңірек зерттеліп, мәліметтер жинақталып, толықтырылды. Жаңа планеталар ашылып, планеталарға дейінгі қашықтықтар, планеталардың массалары анықталды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет