Кәріпжанова айнұр оралқызы фразеологиялық коннотацияның прагмастилистикасы


Фразеологизмдердегі түр-түстік символ



бет15/28
Дата05.12.2022
өлшемі275 Kb.
#466512
түріДиссертация
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28
ainur09

2.2.3 Фразеологизмдердегі түр-түстік символ
Адамзат мәдениеті жүйесінде түр-түс қоғамдық санада қалыптасқан тұрақты ассоциациялардың нәтижесінде нақты бір заттық мазмұнмен сәйкестендірілгенде символ бола алады.
Түр-түс ұғымы субъектінің/этностың ментальды қасиеттерін, ұлттық сипатын саралауға, индивидуальды болмысын танытуға септігін тигізеді. Оны концептуалды талдап, жүйелеу әлемнің тілдік бейнесінің санадағы құрылған моделін тануға мүмкіндік береді.
М-Ж.Көпейұлы шығармаларындағы түр-түс атаулары ұйытқы болған фразеологизмдер көркемдегіш-бейнелегіштік қасиеттерімен ерекшеленеді. Оларды қарастырғанда, түр-түс атаулары ауыс мағыналарының өзі бірдей еместігін анықтадық. Олардың бір тобы түр-түстің негізгі номинативтік мағынасына жақын болып келсе, енді бір тобы о бастағы семантикалық мағынасынан алшақ жатқан мағыналарды білдіреді.
1. Ақ. Көрген соң ата-анасы ақ дидарын, Жарылып ақ түйеден жатыр қарын (М-Ж.).
«Ақ түйенің қарны жарылды» тіркесі халық ұғымында аса молшылықты білдіреді. Ежелгі түркі халқының өмірінде түйе ерекше орын алған, киелі саналған. Мереке-қуаныштарға шынпейілділік пен салтанаттылық мән беру мақсатында, ерте кездерде түйенің қарнын жару салты болған. Бұл тіркес халық қолданысынан алынған. Мәшһүр Жүсіп инверсия тәсілі арқылы фразеологизм құрамындағы сөздердің орын тәртібін бұзып қолданады. Ата-анасының баласымен қауышу сәтіндегі ерекше қуанышты көрсету үшін интонациялық екпін түсіреді.
Сондай-ақ, Ақ жүзіңді көрген соң, көңілім толды; Алланың ісі – ақ өлім; Мұсылмандар бергей-ді ақ батасын; Төресін даудың айтар сен ақ пейіл; Түзелген ақ сапарға менің бетім фразеологизмдерін номинативтік фразеологизмдер қатарына жатқызамыз.
Сүйенішім, қолымдағы ақ тұйғыным
Тұйғын-зат.1. Қаз, үйрек т.б. аулап қоректенетін, лашын тұқымдас жыртқыш құс. 2. Ауыс. Алғыр, сезімтал, қырағы (ҚҚТС, 528).
Мәшһүр Жүсіп «тұйғын» сөзіне «ақ» сөзін байланыстыра отырып, өзіндік фразеологизмін жасайды. Ақ тұйғыным фразеологизмі адал, нағыз жанашыр деген мағынаны білдіреді. Осылайша ақын әдеби тілге өзіндік жаңа бір тіркесін ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет