Кэролайн Уилсон, Алтон



бет50/136
Дата04.05.2024
өлшемі4.82 Mb.
#500530
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   136
Султанбаева ЮНЕСКО 23,11,18 (1)

3-модуль


3-МОДУЛЬ. МЕДИАДА АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУ
«Біз айналамыздағылардың көзіне қандай болып көрінсек, ішінара олардың
бізге деген қарым-қатынасын көрсетеді: адамдарға біздің қарым-қатынасымыз 91
біз оларды қалай қабылдайтынымызға байланысты; біздің көзқарастарымыз өкілдікпен анықталады».
Ричард Дайер (Richard Dyer), The Matter of Images





ПРЕАМБУЛА


Медиадағы өкілдік түрлі формаларды қабылдауы мүмкін. Біз бейнелерге толы әлемде өмір сүреміз. Күн сайын бізді медиаөкілдіктер қоршайды (веб-сайттарда, телевизияда, көркем фильмдерде, жаңалықтарда, кітаптарда).

Тілшілер, авторлар, видеооператорлар, жарнамашылар, баспагерлер мен кинемато- графистер бейне, дыбыс және жазба тілді белгілі бір оқиға, зат немесе сұрақ туралы ақпарат беру үшін қолданады. Әдетте сюжеттерді дайындау мен оларды көрерменге көрсету барысында оларға шектелген уақыт, аудан, ресурс және нақты редакциялардың шектейтін шарттарымен жұмыс істеуге тура келеді. Сондықтан нақты репортаж неме- се ақпаратта жарық көрген оқиғалар немесе сұрақтарды адамдардың ұлты, жынысы, гендерлік айырмашылығы, жасы сияқты ерекшеліктеріне назар аудара отырып, жаңаша беру қажеттілігі жиі орын алады. Медиадағы бұл қайта өңдеу аудиторияға ұсынылатын контентті таңдауға байланысты. Бұндай жинақ көбіне субъективтіліктен ада емес және ярлыктар жапсыру мен шектеулі ұстанымдар немесе қатынастарды ақтау үшін



3-модуль
қолданылатын стереотипті немесе аса жеңілдетілген түрде ұсынуға алып келеді. Жур- налист тарапынан бұл әрекет қасақана да, абайсызда да жасалуы мүмкін. Бұл ақпарат алушының (оқырман, көрермен немесе тыңдарман) интерпретациясы болуы да мүмкін. Егер медиа және өзге де ақпарат берушілер қолдау көрсету, қақтығыс тудыру, кемсітуді білдіру құралы болса, олар өздерінің істеріне өзге де әлеуметтік субъектілермен бірдей жауапкершілік алулары тиіс. Басқа жағынан алып қарасақ, медиа қоғамдық дебаттың платформасы болып табылады, және бұл статуста олар пікірталастар мен ақпаратты қандай да бір партия не мемлекет тарапынан ешқандай тексерусіз беруге құқылы.

Медиа және өзге де ақпарат берушілер әлеуметтік контекстте жұмыс істейтінін және бұл әлеуметтік контекст аясында әлеуметтік серіктес болатынын ұмытпау керек. Қоғам медиаға әсер етеді, бірақ медиа да қоғамға әсер етеді. Белгілі медиа жұмыс істейтін нақты ұлттық контекстіні тереңірек талдау керек.


Медиа және ақпараттық сауатты болуға ұмтылуда біз медиа бейнелерді немесе өкілдіктерді оқып үйренуіміз керек және тек оқиғалармен қамту және медиа мәтінді талдау ғана емес, сонымен қатар бұл басылымда бар және біз байқамайтын контекстіні де қарастыру қажет. Қоғамды басқару және қоғамдық өмірді реттеу бойынша үлкен мүмкіндіктерге ие бола тұра, медиа сюжеттердің түрлі нұсқаларын ұсына отырып, қоғамды бейнелейтінін түсіну маңызды.


Медиадағы көптеген салалар түрлі аймақтарда өз еріктерімен медианың сенімді және әртүрлі мазмұнға деген міндеттемесін қамтамасыз етуге арналған плюрализм кодекстерін әзірлеген. Медианың көптеген салаларында ұлттық немесе этникалық тиесілілік, жас,


92 жыныс, физикалық қабілеттер немесе отбасылық жағдайға байланысты кемсітетін неме- се жала жабатын материалдарды қолдануға тыйым салатын этикалық кодексті ұстанады.

Бұл модуль келесі негізгі сұрақтарды қарастыруға арналады: дұрыс емес репрезен- тациядан кім жеңеді және бұл жағдайда кім жеңіледі, оқиғаларды беру біздің өзіміз және өзгелер туралы ойға қалай әсер ететінін, біздің біліміміз бен қоршаған ортаны түсінуімізге қалай әсер ететініне бағытталған.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет