Кәсіби маманның ерік қасиеттерінің дамуы Тұлғаның кəсіби дамуының психологиялық ерекшеліктері 10



бет3/8
Дата13.04.2024
өлшемі21.26 Kb.
#498551
1   2   3   4   5   6   7   8
stud.kz-101401 2

Акмеологиялық - кәсіби дайындық барысындағы табиғи және әлеуметтік-мәдени факторлар интеграциясын анықтауға мүмкіндік беретін сыртқы басқарудан ішкі басқаруға өту негізіндегі көзқарастар жүйесі.

  • Мәдениеттілік - маманның интеллектуалдық-адами қабілеттерін дамытуға бағытталған іс-әрекеттің мазмұндық компонентінің бағытталу негізіндегі, мәдени-білімберу іс-әрекеті дамуының сыртқы қалыптасуы мен ішкі дамуының мақсаты мен мазмұнын, тәсілдері мен нәтижелерін өзіндік анықтауына бағытталу негізіндегі көзқарастар жүйесі.

  • Тұлғалық – мәдени және кәсіби аспектіде өзіндік ұғыну субъективтілігіне қарай мамандықты игеру барысындағы болашақ мамандыққа қатынасын бейнеленуі негізіндегі көзқарастар жүйесі. Кәсіби мәдениетті игеру үрдісі мәдениеттің объективтіліктен субъективтілікке ауысу негізінде түсіндіріледі. Е.В.Бондаревскаяның пікірінше, бұл процесс, оның барысындағы кәсіби мәдениетінің моделі бойынша студенттермен айқындалып, кәсіби іс-әрекет пен мінез-құлықтың тұлғалық моделіне айналады. Сондықтан да тұлғалық-шығармашылық аспектісі кәсіби мәдениетті игерудің механизмімен түсіндіріледі. Ол өздігінен дамитын субъектінің маман ретіндегі тұлғалық өзекті қасиеттерін анықтаудың шығармашылығы актісі болып анықталады. Осымен қоғам өзінің соңғы нәтижесінде өзіндік мақсатқа бағытталған жан-жақты дамуына бағдарланған адамды қажет етуі түсіндіріледі.

  • Аксиологиялық - осыған сәйкес мәдени-білімберушілік білімдердің пайда болу процесі негізінде кәсіби іс-әрекетке болашақ маманның құндылық қатынастары жүйесімен анықталуы негізіндегі көзқарастар жүйесі. «Мәдениет» ұғымын зерттеудегі аксиологиялық көзқарастың негізінде түрлі мәдениеттің іргесі ретінде құндылықтарды түсіну жатыр (А.И. Арнольдов, Ю.И. Еимов, Л.Н. Коган, В.П. Тугаринов, Н.З. Чавчавадзе). Осы авторлардың пікірінше, «мәдениет жоғары және кең мағынасында еңбектің нәтижесі болады – шығармашылық, өзгермелі және өзіндік жаңару іс-әрекетінің өнімі...құндылықтар әлемі» [75, 10]. Мәдениетпен байланысты осы көзқарас тағы бір бағытпен толықтырылады. Өйткені мәдениет және оның мағынасы өзбетінше қарастырылып қана қоймай, ол тек адамның шығармашылық іс-әрекеті арқылы өз болмысын анықтайды. Сондықтан да, «мәдениеттің нағыз мазмұны шығармашылық іс-әрекетпен анықталып, оның барысында рухани құндылықтар қалыптасады» [13, 47.]. Ал В.С.Библер мәдениет ұғымын шығармашылық пен еркінділікті жүзеге асыру ретінде адам болмысының мәнін ашу үшін пайдаланады [14, 34-42]. Адамның шығармашылық белсенділігі іс-әрекет тәсілдерінде көрініс береді. Осыдан мәдениет адам дамуының өлшемі болып анықталады, ол адамдардың бүкіл тарихы барысындағы олардың қоғамдық өміршеңдігінің игерілген құндылықтардың көлемі ретінде сипатталады. Солайша мәдениет адамның осы құндылықтарға бағытталуының тәсілі болады. Мәдениеттің іс-әрекет тәсілдерінің жиынтығы ретінде қаралуы жүйелілік-технологиялық көзқарастың негізін құрайды. Осындай мәдениетке қатысты қарастырылған анықтамалар мен көзқарастар культорологияда және кәсіби-педагогикалық мәдениетіне арналған зерттеулерде қаралған. Кәсіби-педагогикалық мәдениетті зерттеудің аксиологиялық аспектісі Е.Н. Шиянованың еңбектерінде жетекші педагогикалық оймен өрнектеліп, педагогикалық құндылықтар жиынтығының сипаттамасы ретінде қаралып, тікелей педагогикалық іс-әрекетте жүзеге асырылатын және тұтас педагогикалық үрдіске кірістірілетін[76, 17]. Біз осылайша Е.Н. Шиянованың пікірімен толығынан қосыламыз, болашақ маманның жаңару, шығармашылық-коммуникативті іс-әрекеттердің негізін кәсіби-педагогикалық мәдениет құрайды, ол тиімді іс-әрекеттер тәсілдері мен жолдарын кіріктіреді.

    Сонымен, біздің пайымдауымыз бойынша, мәдениеттің адамның шығармашылық іс-әрекеті ретінде қаралуы болашақ маманның кәсіби тұлғалық-шығармашылық көзқарасының негізін құрайды.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет