16 — кесте — Кәсіпорынның мүліктік жағдайын бағалау көрсеткіштері
№
|
Көрсеткіштер
|
Есептеу формуласы
|
1
|
Негізгі қорлардың жаңару коэффициенті
|
Кезең ішінде келіп түскен негізгі қорлар құны / кезең соңындағы негізгі қорлардың бастапқы құны
|
2
|
Негізгі қорлардың тозу коэффициенті
|
Негізгі қорлардың тозу соммасы / негізгі корлардың бастапқы құны
|
3
|
Негізгі қорлардың жарамдылық коэффициенті
|
Негізгі қорлардың қалдық құны / негізгі қорлардың бастапқы құны
|
4
|
Негізгі қорлардың істен шығу коэффициенті
|
Есепті кезеңде есептен шыққан негізгі қорлар құны / Кезең басындагы негізгі қорлардың бастапқы кұны
|
5
|
Негізгі қорлардың активті бөлігінің үлесі
|
Негізгі қорлардың активті бөлігі / барлық негізгі қорлар құны
|
Кәсіпорынның мүліктік жағдайын бағалау оның өз мүлкін пайдану тиімділігін сипаттайды. 16-кестеден көріп отырғанымыздай, кәсіпорынның мүліктік жағдайын негізгі қорлардың жаңару, тозу, жарамдылық, істен шығу коэффициенттері, негізгі қорлардын активтік бөлігінің үлесі арқылы сипаттауға болады. Сонымен қатар қор сыйымдылығы, қор қайтарымдылығы, қормен жарақтану көрсеткіштері де пайдаланылуы мүмкін.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының екінші топ көрсеткіштеріне өтімділік көрсеткіштерін (абсолютті өтімділік, жедел өтімділік, ағымдағы өтімділік) жатқызуға болады. Ол көрсеткіштер төмендегі 17 - кестеде берілген.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының маңызды өлшемдерінің бірі оның төлем қабілеттілігі. Төлем қабілеттілік деп кәсіпорынның өзінің міндеттемелері бойынша есеп айырысуды өз уақытында және толығымен жүргізу қабілеттілігін айтамыз. Ал, өтімділік деп кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу немесе төлеу қабілеттілігін айтамыз. Өтімділікті, кейде ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы деп те сипаттайды.
Кәсіпорынның өтімділігін бағалау үшін абсолютті көрсеткіштермен қатар салыстырмалы көрсеткіштер де есептеледі.
Оларға ағымдағы өтімділік коэффициенті, жылдам өтімділік коэффициенті және абсолютті өтімділік коэффициенті жатқызылады. Бұл көрсеткіштер кәсіпорын басшылығы үшін ғана емес, сыртқы субъектілер үшін де үлкен қызығушылық туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |