2. Кәсіпорынның өндірістік -шаруашылық және қаржы -экономикалық қызметін талдау
Қазіргі кезде кәсіпорынның табысты жұмыс жасауы өз қызметін айқын және тиімді жоспарлауға, нарықтағы жағдай туралы ақпараттарды жүйелі түрде жинау мен өңдеуге байланысты, ол өз кезегінде кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің стратегиясы мен тактикасын әзірлеуге мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның өндірістік- шаруашылық жэне қаржы -экономикалық қызметін талдау оның өндірістік әлеуеті мен қаржылық жағдайын бағалау, сондай-ақ, қызметінің негізгі көрсеткіштеріне әртурлі ішкі және сыртқы факторлардың ықпалын анықтау үшін қажет. Мұндай талдау жасау кезінде кәсіпорынның ішкі ресурстары мен мүмкіндіктерінің оның бәсекелік артықшылықтарын қамтамасыз ету және қолдау міндеттеріне сәйкестігі анықталады.
Шаруашылық қызметті талдаудың негізгі мақсаты кәсіпорын қызметінің даму стратегиясын таңдау, дұрыс шешім қабылдау үшін менеджерлер мен басқа да мүдделі адамдарға ақпарат беру болып табылады. Талдау мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:
1. Өнім өндіру мен сатуды талдау. Мұндай талдаудың негізгі кезеңдері мыналардан тұрады:
өнім өндіру көлемін талдау, ол жалпы және тауарлық өнімнің динамикасын талдауды, сондай-ақ өсімі мен өсу қарқынын есептеуді қамтиды;
өнім ассортиментін талдау,бұл кезеңдегі талдау жұмысының негізгі элементі — номенклатура және ассортимент бойынша жоспардың орындалуын талдау;
өнім сапасын талдау, талдау кезінде сапаның тікелей ( пайдалылық, сенімділік, жарамдылық т.б.) және жанама (сапасыз өнімдер үшін айыппұлдар, ақауы бар өнімнің көлемі мен үлесі, ақаудан болған жоғалтулар т.б.) көрсеткіштер динамикасы зерттеледі;
өндірістің ырғақтылығын талдау, талдаудың бұл кезеңінде ырғақтьлықтың тікелей ( ырғақтылық, вариация коэффициенттері т.б.) және жанама ( кәсіпорын кінәсінен тоқтап тұрғаны үшін төлем, өнімді өз уақытында жібермегені үшін айыппұл т.б.) көрсеткіштері есептеледі;
өнімді сатуды талдау, талдау жүргізу кезінде нақты сатылған өнім келемі жоспарлы сату көлемімен салыстырылады, жоспардан абсолютті ауытқуы, өсу қарқыны, жоспардың орындалу пайызы есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |