18 – кесте – Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау көрсеткіштері
№
|
Көрсеткіштер
|
Есептеу формуласы
|
1
|
Меншікті капиталды шоғырландыру коэффициенті(тәуелсіздік коэффициенті)
|
Меншікті капитал/кәсіпорын капиталы
|
2
|
Қарыздық капиталды шоғырландыру коэффициенті
|
Қарыздық капитал/ кәсіпорын капиталы
|
3
|
Қаржылық тәуелділік коэффициенті
|
Кәсіпорын капиталы(баланс валютасы)/ меншікті капитал
|
4
|
Ағымдағы берешек коэффициенті
|
Қысқа мерзімді міндеттемелер/ кәсіпорын капиталы
|
5
|
Қарыздарды меншікті капиталмен жабу коэффициенті
|
Меншікті капитал/ қарыздық капитал
|
6
|
Қаржылық леверидж коэффициенті
|
Қарыздық капитал/ меншікті капитал
|
7
|
Тұрақты қаржыландыру коэффициенті
|
Меншікті капитал+ұзақ мерзімді міндеттемелер/ кәсіпорын капиталы
|
Осы көрсеткіштердің әрқайсысына қысқаша тоқталайық.
Меншікті капиталды шоғырландыру коэффициенті (тәуелсіздік коэффициенті) – меншікті капиталдың кәсіпорын капиталына қатынасымен анықталады. Ол кәсіпорын капиталының(активтерінің) қандай бөлігін меншікті қаражаттары құрайтындығын, яғни, қаржылық тәуелсіздік дәрежесін көрсетеді. Бұл көрсеткіштің мәні неғұрлым жоғары болса, соғұрлым қаржылай тұрақты және сыртқы қаражат көздеріне тәуелсіздігін көрсетеді. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бұл көрсеткіштің шекті мәні – 0,5-0,7 болып белгіленген.
Қарыздық капиталды шоғырландыру коэффициенті – кәсіпорын капиталының (активтерінің) қандай бөлігін қарыздық қаражаттар құрайтындығын көрсетеді. Ол қарыздық қаражаттардың кәсіпорын капиталына (активтеріне) қатынасы арқылы есептеледі.
Қаржылық тәуелділік коэффициенті – тәуелсіздік коэффициентінің кері көрсеткіші. Ол кәспорын капиталының меншікті капиталға қатынасы арқылы есептеледі. Бұл көрсеткіштің мәні меншікті қарааттардың 1 теңгесіне кәспорын активтерінің қандай сомасы келетінін көрсетеді. Осы көрсеткіштің мәнінің өсуі кәсіпорынды қаржыландыруда қарыздық қаражаттардың үлесінің артқанын білдіреді. Егер оның мәні 1-ге тең болса, онда кәсіпорынның барлық активтері тек қана меншікті капиталдың есебінен қалыптасқанын көрсетеді. Мәселен, оның мәні 1,5 болса, онда кәсіпорын активтеріне салынған әрбір 1,5 теңгенің 1 теңгесі меншікті, 0,5 теңгесі – қарыз қаражаты екенін көрсетеді.
Ағымдағы берешек коэффициенті. Ол қысқа мерзімді міндеттемелердің кәсіпорын капиталына (активтеріне) қатынасы арқылы анықталады. Бұл көрсеткіш активтердің қандай бөлігі қысқа мерзімді қарыздық қаражаттар есебінен қалыптасқанын көрсетеді.
Қарыздарды меншікті капиталмен жабу коэффициенті (төлем қабілеттілік коэффициенті). Бұл көрсеткіш меншікті капиталдың қарыздық капиталға қатынасы арқылы есептеледі. Яғни, қарыздық капиталдың бір теңгесіне меншікті капиталдың қанша теңгесі келетінін көрсетеді.
Қаржылық леверидж немесе қаржылық тәуекел коэффициенті қарыздық капиталдың меншікті капиталға қатынасы арқылы есептеледі. Бұл коэффициент қаржылық тұрақтылықтың негізгі индикаторларының бірі болып есептеледі. Оның мәні неғұрлым жоғары болса, бұл кәсіпорынға капитал салу тәуекелі де соғұрлым жоғары болады. Кәспорын активтерін қалыптастыруда меншікті және айналым капиталының үлесі және қаржылық леверидж деңгейі кәсіпорынның салалық ерекшеліктеріне байланысты болады. Айналымнан тыс активтердің үлесі жоғары және капитал баяу айналатын салаларда қаржылық леверидждің мәні үлкен болмауы керек. Ал негізгі капиталдың үлесі аз, капитал айналымдылығы жоғары салаларда оның мәні айтарлықтай жоғары болады. Қаржылық леверидж деңгейі тауар және қаржы нарығының конъюнктурасына, негізгі кызметтің рентабельділігіне, кәсіпорынның қаржылық стратегиясына және тағы басқаларға байланысты болады.
Тұрақты қаржыландыру коэффициенті – баланстың активінің қандай бөлігі тұрақты көздер есебінен қалыптасатынын сипаттайды. Ол меншікті капитал мен ұзақ мерзімді міндеттемелердің жалпы капиталға қатынасымен анықталады. Егер кәсіпорын ұзақ мерзімді несиелер мен заемдарды пайдаланбайтын болса, онда оның мәні каржылық тәуелсіздік коэффициентінің мәнімен сәйкес келеді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаудың келесі көрсеткіштер тобына кәсіпорынның іскерлік белсенділік көрсеткіштері жатқызылады. Ол көрсеткіштер келесі кесте (19-кесте) түрінде көрсетуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |