Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін талдау және бағалау


Негізгі өндірістік қорларды



бет4/12
Дата24.02.2024
өлшемі57.68 Kb.
#493073
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау

2. Негізгі өндірістік қорларды талдау. Мұндай талдаудың негізгі кезеңдері келесілер:

  • негізгі құралдардың құрылымы мен динамикасын талдау, талдау жүргізу кезінде негізгі құралдарға салынған капиталдың құрылымы мен мөлшері бағаланады, негізгі құралдар құнының баланс құрылымы мен қаржылық жағдайға ықпал ету сипаты анықталады;

  • негізгі қүралдарды пайдалану тиімділігін талдау, мұнда негізгі құралдардың қозғалысына (негізгі құралдарды енгізу, жаңарту, шығу, жарамдылық, тозу, өсу коэффициенттері т.б. есептеледі), негізгі құралдарды пайдалану тиімділігіне ( қор қайтарымдылығы, қор сыйымдылығы т.б. есептеледі), сондай-ақ құрал - жабдықтардың жұмыс жасау уақытына талдау жасалады;

  • негізгі құралдарға салынған инвестициялардың тиімділігін талдау, бұл кезеңдегі аналитикалық жұмыстың негізгі элементі — капитал салымының және инвестициялау үшін займдарды тарту тиімділігін талдау;

  • құрал - жабдықтарды ұстау және пайдалану шығындарын талдау, бұл кезеңде ағымдағы жөндеу мен күрделі жөндеу шығындарына талдау жасалады.

3. Кәсіпорынның материалдық ресурстарын талдау. Материалдық ресурстарды талдау кезінде мынадай кезеңдерді бөліп керсетуге болады:

  • материалдық-техникалық жабдықтау жоспарларының сапасын талдау, талдау жасау кезінде жеткізушілерден алынған шикізаттармен материалдардың сапасы,олардың стандарттарға және шарттың талаптарына сәйкестігі тексеріледі;

  • материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін бағалау, бұл кезеңде материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігінің негізгі көрсеткіштері ( материал сыйымдылық, материал қайтарымдылық, өнімнің өзіндік құнындағы материалдық шығындардың үлес салмағы, шикізаттар мен материалдарды пайдалану коэффициенті т.б.) есептеледі;

  • кәсіпорынның материалдық ресурстарға қажеттілігін бағалау, мұңда кәсіпорынның запастармен қамтамасыз етілу коэффициенті (күн) және шикізаттар мен материалдардың әрбір түрінің орташа күндік шығысы есептеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет