Заңсыз кәсіпкерліктің субьективті белгілері
Заңсыз кәсіпкерліктің қылмыс құрамын зерттей отырып , обьективті белгілермен қатар субьективті белгілерді де сараптама жасауымыз шарт. Қылмыс құрамының маңызды белгілерінің бірі субьект болып табылады.
Субьектіні зерттеу қылмыстық – құқықтық ғылымда маңызды орынға ие. Осыған байланысты отанымыздың белді ғалымы профессор Е.И. Қайыржанов айтып кеткендей «Қылмыс – ол әрдайым адамның жасаған іс әрекеті , соның үшін обьектіні оған әсерін тигізетін субьектіден бөлу мүкін емес » деп баға беріп кетті[89, с. 89]. Бұл жерде автор тарапынан субьектінің маңыздылығы және өзге қылмыс құрамы элементтермен өзара қарым қатынасы көрсетіліп отыр.
Қазіргі заманғы отандық қылмыстық заңнамаға сәйкес қылмыс субьектісі ретінде он алты жасқа толған есi дұрыс жеке тұлға болып табылады ( ҚР ҚК 15-бап)
Заманауй заң әдебиеттерінде жеке тұлға деп ,ең алдымен , қоғамдық қатынастарға қатысушы адамды таниды. Адамның мемлекет , қоғамдық бірлестік , кәсіборын және т.б. қоғамдық қатынастардың қатысушыларымен арақатынасқа түсуін айтады. Осы арада В.С. Орлов айтып кеткендей « қылмыс субектісі деп кез келген адам танылмайды , ол үшін белгілі бір қасиеттерге ие болуы керек»
Қылмыс субьектісінің басты белгісі ретінде есі дұрыстылық болып табылады. Адам қоғамға қауіпті іс-әрекетті істеген уақытында өзінің мінез-құлқының қоғамға қауіпті екенін сезінетін, ұғынатын және өзі істеген іс-әрекетін басқара алатын болса, онда есі дұрыс адам деп саналады[6. б. 85]
Есі дұрыстық қылмыстық жауапқа тартудың басты белгілерінің бірі болып табылады.
Қылмыс субьектісінің келесі белгісі болып субьектінің белгілі бір жасқа тоуы болып табылады. . Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 15- бабында қымыстық жауаптылыққа тартуға жататын тұға деп қылмыс жасау уақытында 16 жасқа толған тұлға танылады делінген. Ал ҚР ҚК – нің 15-бабының 2 – бөлігінде 14 жасқа толғаннан кейін жауаптылыққа тартыатын қылмыстар тізімі көрсетілген.
Осы қылмыстық құықтың субьектісін анықтау барысында белгілі бір қыйындықтарға тап боламыз. Осы арада азаматтық заңнамаға сүйенгеніміз дұрыс болады. ҚР АК-нің 17-бабында субьектіге мынандай анықтама беріеді: Азаматтың өз әрекеттерiмен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзi үшiн азаматтық мiндеттер жасап, оларды орындауға қабiлеттiлiгi (азаматтық әрекет қабiлеттiлiгi) кәмелетке толғанда, яғни он сегiз жасқа толғаннан кейiн толық көлемiнде пайда болады. Ал 17-баптың 2 – тамағында Заң құжаттарында он сегiз жасқа жеткенге дейiн некелесуге рұқсат етiлетiн жағдайда, он сегiз жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемiнде әрекет қабiлеттiлiгiне ие болады.
Кәсіпкеріктің субьектісін анықтауға байланысты жаңалық Қазақстан Республикасының ҚР 2007.01.12 N 225 Заңымен, өзгеріс енгізілді. Азаматтық кодекстің жалпы бөлімді толықтырған 21-1- бап төмендегідей аталынады
«22-1-бап. Кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекетке
қабiлеттi деп жариялау (эмансипация
1. Жасы он алтыға жеткен кәмелетке толмаған адам, егер ол еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн болса немесе оның заңды өкілдерінің келiсiмiмен кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын болса, толығымен әрекетке қабiлеттi деп жариялануы мүмкiн.
2. Кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекетке қабiлеттi деп жариялау (эмансипация) оның заңды өкілдерінің келiсiмiмен қорғаншы және қамқоршы органның шешiмi бойынша не ондай келiсiм болмаған жағдайда соттың шешiмi бойынша жүргiзiледi.
3. Эмансипацияланған кәмелетке толмаған адам, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес ие болу үшiн жас шектеуi белгiленген құқықтар мен мiндеттердi қоспағанда, азаматтық құқықтарға ие болады және мiндеттердi (оның iшiнде өзiнiң зиян келтiруi салдарынан туындаған мiндеттемелер бойынша) мойнына алады.
Заңды өкілдер эмансипацияланған кәмелетке толмаған адамның мiндеттемелерi бойынша жауапты болмайды».
Бұдан түсінуге болатыны ҚР АК – на сәйкес кәсіпкерлікпен айналысу үшін он сегіз жасқа толуы шарт, бірақ он сегіз жасқа дейін некеге тұратын болса бұндай тұлға толық әрекет қабілеттілігіне ие болап кәсіпкерлікпен айналыса алады, сонымен қатар ата- анасының, қамқоршысының, қорғаншысының рұқсаты негізінде еңбек шарты бойынша жұмыс атқаратын болса қамқоршы және қорғаншы орган тарапынан толық әрекет қабілеттілігіне ие боып танылады.
Отандық заң ғылымы мынандай ұстанымға сүйенеді , заңсыз кәсіпкерліпен айналысу үшін жалпы жасқа толуы шарт, содан кейін қыллмыстық жауапкершілік туындайды, жоғарыда аталған қымыстың субьектісі есі дұрыс, әрекет қабілеттілігіне ие болуы керек[85, б.368;78, б. 38]
Сонымен қатар З.А. Незнамовта тіркеусіз кәсіпкерлікпен айналысу үшін осы аталған қылмыс субьектісі он алты жасқа толған тұлға болуы керек деп есептейді. Оның ойынша азаматтық заңнамаға «эмансипация» түсінігінің енгізілуінен кейін заң әдебиеттеріндегі жауаптылыққа тарту жасына (он алты жас немесе он сегіз жас)байланысты пікірталастар өз күшін жоғалтты деп есептейді.
Достарыңызбен бөлісу: |