Кәсіпкерлік саласындағы қылмыстардың қылмыстық құқықтық және криминологиялық сипаты



бет1/17
Дата18.10.2023
өлшемі115.03 Kb.
#480961
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Дипломды жмыс1


Кәсіпкерлік саласындағы қылмыстардың қылмыстық құқықтық және криминологиялық сипаты.

Жоспар:
Кіріспе.



  1. Кәсіпкерлік саласындағы қылмыстардың қылмыстық құқықтық сипаттамасы.

    1. Заңсыз кәсіпкерлік.

    2. Жалған кәсіпкелік.

    3. Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау (216-б)

    4. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу

    5. Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау

  2. Кәсіпкерлік саласындағы қылмыстардың сипаттамасы.

    1. Кәсіпкерлік саласындағы қылмыстарды динамикасы, криминологиялық сипаты құрылымы.

    2. Кәсіпкерлік саасындағы қылмыстардың себептері мен жағдайлары.

    3. Кәсіпкерлік саласындағы қылмыстарды жасаушы тұлғалардың криминологиялық сипаты.

    4. Кәсіпкерлік саласындағы қылмыстардың алдын алу


КІРІСПЕ
Дипломдық жұмысқа жалпы сипаттама. Бұл дипломдық жұмыс негізінен кәсіпкерлік саласындағы қылмыстардың құқықтық және криминологиялық сипатына байланысты туындайтын теориялық және практикалық проблеммаларымен күресу үшін бағытталған.Бұл жұмысты жазу барысында автор тарапынан тың деректер мен ғылыми және тәжрибиелік негіздерге сүйенген жаңа тың деректер мәлім болды. Зерттеу барысында осы қылмыспен күресу жолдарын жетілдіруге бағытталған , және алдын алу шараларын жүргізу мәселелері де қарастырылып отыр.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін өзінің алдына қоғамдағы және мемлекет ішіндегі проблеммаларды жеке өзі шешуі секілді мақсатты қойды. Сонымен қатар осының негізінде жаңа мемлекетке өзінің экономикалық жүйесін құру мәселесі туындады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 – бабының 2 – тармақшасында Қазақстан Республикасының қызметінің басты принциптерінің бірі ретінде бүкіл халық игілігін көздейтін экономикалық даму көрсетілген [1] . Бұл дегеніміз мемлекеттің даму жолында эконмиканың қаншалықты маңызды, өзекті екенін көрсетіп отыр.
Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының дамуына жол ашатын стратегиялық “Қазақстан – 2030” , “Қазақстан – 2050” құжаттарын бекітті. Ол стратегиялық жоспарлардың басты талаптары ретінде – нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу, ірі көлемдегі шетел инвестициясын тарту сияқты мақсаттар көзделген. Осыған байланысты мемлекет тарапынан экономиканы , кәсіпкерлікті қолдау мақсатында меншік туралы, кәсіпорындар туралы, ауыл шаруашылығы туралы, кәсіпкерлік және шаруашылық қызметтің еркіндігіне бағытталған заңнамаар бұл саланың тамырына қан жүгірткені хақ[2].
Мемлекет ішіндегі 90 – жылдардағы реформалар негізінен бұрынғы кеңес елінен қалған жоспарлы экономикадан бас тартып нарықтық экономикаға өтуге бағытталды. Бұл мемлекеттің эконмикалық жүйесін түбегейлі өзгертуіне алып келді. Нарықтық жүйе эконмикалық жүйенің еркіндігіне жол ашады., барлық меншік түрлерінің теңдігін, және лайықты қорғалуын қамтамасыз етеді, бәсекелестіктің дамуына жол ашады. Ал жоғарыда аталған салаларды жоспарлы экономикада дамыту мүмкін емес.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев қадағалауымен экономика саласында төмендегі мақсаттар қойылды:

  • Бәсекелестікке негізделген нарықтық экономиканы қалыптастыру , меншіктің негізгі түрлерінің (жеке және мелекеттік) өзара байланысын қарастыру, жалпы жүйедегі экономикалық және әлеуметтік міндеттерін бірге орындауға бағытталған.

  • Мемлекет тарапынан азаматтардың кәсіпкерлікпен айналысуын арттыру үшін заңнамалық жағдай жасау сияқты мақсаттар қойылды [3,б.6].

Сонымен қатар ел ішінде реформалар жүргізілгеннен бастап, экономикалық қылмыстар да түпкілікті өзгерістерге тап болды. Жаңа меншік түрлерінің пайда болуы , әлемдік эконмикамен жақыннан жұмыс істеу қылмыстың кең ауқымда дамына жол ашты. Қоғамға беймәлім қылмыстар туындай бастады. Біздің мемлекеттің құқық қорғау органдары пәреқорлық , ұйымдасқан қылмыстық топтардың мемлекеттік билікте отырған тұлғалармен біріге отырып “ өз ойын ережелерін” қоюға талпынуы секілді түйіткілді мәселелерге тап болды. Бұл әрине азаматтық нарықтық экономиканың дамуына үлкен кедергі келтірді.
Осығын байланысты экономика саласындағы қымыстың алдын алуға байланысты мемлекет тарапынан реформалар жүргізіле бастады. Осыған байланысты ел ішінде алғаш рет экономикалық қылымстармен күресуге байланысты 2002 жылы, 29 – желтоқсанда үкімет тарапынан №1430 қаулы бекітілді, ол қаулыда Қазақстан Республикасында 2003 – 2004 жылдар аралығында қымыспен күресу жоспары бекітілді. Ол жоспардың негізгі мақсаты – мемлекеттің қаржы – шаруашылық саласындағы қадағалауын орнықтыру, құқық қорғау органдарынынң біліктілігін арттыру, сонымен бірге мемлекеттік органдар , құқық қорғау органдары ,фискальдық, қаржылық мекемелермен біресе отырып экономикалық, корупциялық қылмыстармен күресу болып табылды.[9]
Эконмикалық қылмыспен күресуді одан раы қарай жетілдіру мақсатында 2003 – 2006 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының үкіметі тарапынан, Пезиденттің жарғысымен – 2030 жылға дейін Қазақстанның стратегиялық дамуын жүзеге асыру мақсатында 2003 жыл , 15 тамызда үкімет жоспары бекітілді.[10]
Жоспарда мемлекеттің экономикалық қауімсіздігін қамтемасыз ету кешені, қоғамдық тәртіпті бекіту , қылмыспен күрусу , ішкі саяси тұрақтылық, сонымен қатар құқықтық нормативтік базаны жетілдіру де қарстырылды, ескерту шараларының сапалы жұмыс істеуін , Заңға бағынуға насихаттау жұмыстары жүргізіді. Жоғарыдағы Концепциияның жүзеге асуы нәтижесінде , көптеген түйіндер шешіліді, және бұдан кейінгі уақыттарда да экономикалық қымыстрмен күрсуге жүйелі түрде бару керек екенін ұғындырды, бұл туралы Қзақстан Республикасы Үкіметі тарапынан бекітілген 2005 – 2007 жылдарға арналған қылмыспен күресу жоспарында көрсетілген [11]
Жоғарыдағы шараларды қолданылуына қарамай эконмикалық қылмыстар одан әрі етек жайуын тоқтатпайды, оның басты себебі эконмика саласын реттейітін зағнаманың жетілдірілмеуі болып табылады. Профессор И.И. Рогов әділетті баға беріп кеткендей “Экономикалық қылмыстар қылмыстың жалпы жағдайына айтарлықтай әсер етеді, кейбір ескертпелерді ескере отырып мына нәрсені тұжырымдауымыз мүмкін, керек болса кез келген қымыстардың бастауы да десек әбден болады.”[13,б.2]
Оның үстіне бұл дипломдық жұмысты жазуда тағы бірнеше мәселелерге тап болдым десем де болады. Себебі біріншіден менің тақырыбымда бұдан алдыңғы кезеңдерде ешбір диссертациялық жұмыс қазақ тілінде жазылмапты. Көбі орыс тіліндегі материялдар мына менің өз бетімше ізденуіме тура келді. Екіншіден - 2014 жылы 3 шiлдеде Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық кодексі қабылданған болатын , міне осы өзгеріс мына менің жаңадан ізденуіме себепші болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет